«Қаныш Сатпаев атындағы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып оқушыларының мұражайға саяхаты
мұғалім: Иембергенова Нургул Акановна
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Есік қаласының Қаныш Сатпаев атындағы орта мектептің үшінші сынып оқушылары «Алтын Адам» мұражайына саяхат жасады.
Саяхат барысында оқушыларға мұражайдағы экспонаттар туралы түсінік берілді. Сонымен қатар, мұражайдағы құнды заттарды және рухани құндылықтарды танытуды, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Мұражайға саяхат жасауда оқушылар ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Осы мұражай бөлмелерін аралау барысында оқушылар көптеген қазақтың ұлы тұлғаларының аспаптары мен олар туралы тың мәліметтермен танысты. Танысу барысында мұражай қызметкері қызықты мәліметтер туралы сыр шертіп, оқушыларды әр түрлі жәдігерлердің үндендердің байланысуынан шыққан әуендерді тыңдатты. Келесі аралау бөлімінде Алтын адамның көшірмесі бейнеленген үлкен залға кіріп, бейнелеу өнер құдіреті жайлы деректі фильмдер көрсетті. Өнердің өмірден алар басты құндылығы мен сыршылдығын түсіндіріп, елінің елеулі композиторлары мен өнер үшін ерен еңбек еткен жандар жайлы оқушылардың назарына ұсынылды.
– Біз «Рухани жаңғыру» аясында оқушыларды мұражаймен таныстырдық. Бұл өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбиеленуіне септігін тигізетін шара деп ойлаймын, – деп атап өтті мектеп директоры.
Оқушылар мұражай аралау сәтінде үлкен ұлы сезім, патриоттық рухқа бөленіп шықты. Мұражайға тек қана қызықтау мақсатында келмей, керемет сезімге бөленгендерін, терең ой түйгендерін бір-біріне айтып, ой бөлісті. Оқушылар үшін, қоғам үшін осы мұражай тәрбиенің қайнар көзіне айнналады.