kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Отбасымның керемет дәстүрлері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.Ата-аналардың мектеппен, мұгаліммен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.Мектеп — отбасы — бала қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Отбасымның керемет дәстүрлері"»

Тақырыбы: Отбасымның керемет дәстүрлері

Мақсаты:Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.Ата-аналардың мектеппен, мұгаліммен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.Мектеп — отбасы — бала қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.

Түрі: Ата-аналар мен балалардан құралған топтар арасындағы сайыс түрінде өтеді.

1-жүргізуші: Армысыздар, ардақты ата-аналар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар!

Бүгінгі «Отбасымның керемет дәстүрлері» атты танымдық сайысына қош келдіңіздер!


2-жүргізуші:

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан ұядан –

Өле-өлгенше соны таныр қиядан- деп  бүгінгі сайысқа қатысушы отбастарын қошеметтеп ортаға шақырайық.


  • Бірінші болып сахна төріне1 «А» сыныбынан Адамсапи Аружан анасы Жұлдызбен бірге шақырылады


  • 1 « Ә» сыныбынан Асхатұлы Мадияр әпкесі Мөлдірмен



  • 1 «Б» сыныбынан Тендыкова Айсана өзінің сүйкті әжесімен



  • 1 «Б» сыныбынан Қапез Фатима ардақты әжесімен



  • 1 «В» сыныбынан Талғат Дария асқар тау әкесі Елдар, анасы Жадыра және бауыры Абылайханмен



  • 2 «Б» сыныбынан Мұхтарова Ділнәз ақ жаулықты әжесі және анасы Алтынмен


Балалар, бүгін сендер ерекше әдемі, көңілді келіпсіңдер. Қадамдарын құтты болсын. Баршаларына сәттілік тілеймін.

Сайысқа қатысу ретін анықтау үшін мына қоржынның ішінен сан жазылған асықтарды алыңыздар.



1-жүргізуші:

Сайыскерлер өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырап.

Әділ- қазыларды сайлау

1.

2.

3.


2- жүргізуші:
Әр отбасы өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы төрт бөлімнен тұрады:

1 бөлім — «Тегін білу тектілік» таныстыру
2 бөлім — «Мақал – сөздің атасы»мақалды жалғастыру

3 бөлім — «Тәрбие тірегі отбасында» дәстүрді көрсету

4 бөлім — «Өнерлі өрге жүзер» — отбасылар өнері.


1-жүргізуші:

Шығармас мұндайда бір шабысты ұмыт.

Көрелік ал ендеше жарыстырып

Келіп тұрған отбасылар

Жіберсін өздерін таныстырып- дей келе «Тегін білу тектілік» кезеңін бастайық.

2- жүргізуші:
Иә жақсылыққа шын сенейік

Отбасыны, бір биікке теңейік

Ал енді мақалды жалғастыратын

Отбасыларға кезек берейік

1. Інісі бардың тынысы бар, .....................(Ағасы бардың жағасы бар)
2. Ананың көңілі балада, ..........................( Баланың көңілі далада)

3. Балалы үйдің .......................................(ұрлығы жатпас)

4. Балам – балым, .......................................(Баланың баласы – жаным)

5.Атаның баласы болма ............................. (Халықтың баласы бол)

6. Бас екеу болмай,........................................(Мал екеу болмас)

7. Өз балан- өскенше,.....................................(Немерен - өлгенше)

8.Атаңа не қылсан, ..........................................( Алдыңа сол шығар)

9. Бала жетіге жеткенше .................................(Жерден таяқ жейді)
10.Ата-ананың қадірін .....................................( Балалы болғанда білерсің)

11.Әке көрген оқ жонар ...................................( Ана көрген тон пішер)

12.Ананың сүті бал ...........................................( Баланың тілі бал)

1-жүргізуші:

Бишілер бар бізде күлімдеген,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер!

1 «Ә» сынып оқушыларының «Микки» биін тамашалайық


2- жүргізуші:
Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар, 
Оның сырын ашқанда жұрт қызығар.
Отбасылық дәстүрлерін сайыскерлер,
Осы кезеңде әдеппенен ортаға салар-деп сайысымыздың «Тәрбие тірегі отбасында» атты бөлімді тамашалайық.

1- жүргізуші:
Жарайсыңдар барлығыңда дер едім
Асып бір төгілсінші кемелің
Ырза болып қане, біздер көрейік
Тамашалап шаңырақтың өнерін

Сайыскерлер өз өнерлерін көрсетеді.

2- жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
Әділ - қазы алқасы сіздерге сөз беріледі!
Марапаттау рәсімі!



1- жүргізуші:
Отбасының ордасын,
Періштелер қорғасын
Тіккен әр бір отауға, 
Тәңірің жақсылық жолдасын.
Асқар тауы –сүйеніші әкесі
Мөлдір бұлақ тіреуіші анасы
Жасыл құрақ- келешегі баласы
Бірге олар болады мықты отбасы- деп бүгінгі алтын уақыттарыңызды қиып, «Отбасымның керемет дәстүрлері » отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасына, алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше сау саламатта болыңыздар!







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Отбасымның керемет дәстүрлері"

Автор: Уразкенова Сахыпжамал Кабдрашевна

Дата: 04.02.2020

Номер свидетельства: 538443

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "Эссе «Білім берудің жаңаша мазмұны: ұстаздар көзқарасымен.»"
    ["seo_title"] => string(64) "essie_bilim_bierudin_zhan_asha_mazmu_ny_u_stazdar_kozk_arasymien"
    ["file_id"] => string(6) "438776"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1510659803"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) ""Жанұя бақыты" ата-аналарға арналған тренинг"
    ["seo_title"] => string(50) "zhanu_ia_bak_yty_ata_analarg_a_arnalg_an_trieningh"
    ["file_id"] => string(6) "389717"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486618589"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства