kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Эссе «Білім берудің жаңаша мазмұны: ұстаздар көзқарасымен.»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Қазір бой жарыстыратын заман емес,

ой жарыстыратын заман»

     Н.Ә.Назарбаев

         Бірде кезекті жиналыстан шаршап шығып, отбасымның ортасында демалып жатқанымда, мынадай бір түс көрсем бола ма: класқа кіріп келсем, оқушылар өздігінен бәрі аңтарыла оқып жатыр, ортада үлкен бір өзім ештеңеге ұқсата алмаған құрылғы, қай пәнді сұраса, сол пән бойынша оқушылар сайрап жатыр, жан-жағына алаңдап, қозғалып отырған оқушы көрмейсің. Е-ее, мынау бір керемет дүние екен деп отыра қалып, оянып кеттім.

Иә, расында да күнде бір техниканы ойлап тауып жатқан жаңашыл замандағы ұстаздың бейнесі қандай? Жаңашыл заманның жаңғырығын ұстаз қауымы қалай қабылдап жатыр?

Осы бір сұрақ төңірегінде ойланбайтын, сөз алмайтын мұғалім жоқ шығар. Бүгінгі жаңашыл жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу – әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Себебі, бастауыш сыныптан баланың білім шырағы тұтанатын болғандықтан, оқуға ынтасын оятып, олардың қабілеттерінің дамуына жол ашатын ол – ұстаз.Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі
Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады», — дейді халық даналығы. Осыған байланысты шығармашылық, ізденіс деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет деп ойлаймын.
Оқытуда жаңашыл әдісті қолдану оқушы үшін де, мұғалімге де шығармашылықпен жұмыс ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер:«педагогикалық технологиялар», «тәсіл», «әдіс» сияқты ұғымдарды терең меңгеруге оқып-үйренуге жетелейді.
«Инновация» сөзі латынның («жаңашылдық», «өзгеріс») деген ұғымдарына сәйкес келеді.

         Жаңашыл жүйеге,үрдіске,құбылысқа ілгері бір жаңалық енгізуші адам, көптеген іс шараларды ұйымдастыруда адамдардың өзіндік жаңашылдық іс- әрекетін көрсете алушылығы деп ойлаймын. Бүгінгі таңдағы,бастауыш сыныптағы пәндер дүниетану,ана тілі,әдебиет сабақтарына; топқа бөліп оқыту,рөлдік ойын элементтерін,пікір сайыс және басқа дәстүрлі емес түрлері,оқытудың жаңа технологиясы тәжірибеге кеңінен ене бастады.

Ондағы дәстүрлі емес сабақ түрлері;
- «саяхат», «мұражайға экскурсия», «концерт», «қойылым»,т.б:
- «дөңгелек үстел», «брифинг», «презентация», «аукцион»,т.б;
- кино, теледидар,бейнетаспа сабақтар т.б;
-пікір-сайыс сабағы,проблемалық іздену сабақтары,интеллектуалды ойлау сабағы т.б ;

         Дәстүрлі емес сабақтарда оқытудың жаңашыл әдістерін пайдалану жолдарын нақты сабақ жоспары арқылы қарастырайық.Мәселен, 4-сыныпта дүниетануды оқытуда «Азаматтық қоғам.Құқықтық қоғам» туралы сабақта әдептілік,тәрбиелік сияқты түсініктерді ашып көрсету арқылы құқықты cыйлаушы азамат тәрбиелеуге септігін тигізуге басты назар аударылады.Осы тақырыпты кең көлемде түсіндіруде Қазақ хандары,оның ішіндеТәуке хан, «Жеті жарғы» туралы оқушыларға әсерлі де,көркем қылып жеткізе баяндай отырып,сабақты «дөңгелек үстел» пікір сайыс түрінде өткіземін.
Оқушылар оқулықпен топ құра жұмыс жасайды.Тақырыптағы мәтінді соңына дейін оқып танысады.Осы мәтін төңірегінде мәлімет даярлау тапсырылады. Осы тақырып туралы білетін мәліметті бір топтың балалары бастайды,содан кейін өз қалауыммен қай топты көрсетсем, сол топтың оқушылары осы мәселе жайлы мәліметті,не әңгімені жалғастырады.Оқушылардың зеректілігін дамыту үшін мен оқиға туралы айтып тұрған оқушының сөзін кез- келген жерінен үзіп,басқа топқа одан әрі жалғастыруды талап етер едім. Бұл сайыстағы оқушылардың жауаптарын мынандай сапа бойынша бағалар едім. Оқушылардың назарында болу үшін тақтада мына мәселелерді жазамын.
Оқушылар жауабының сапасы бағаланады:
- мазмұндылығы;
- жүйелілігі;
- ғылыми нақты фактілерді пайдалануы;
- қосымша материал қолдануы;
- ойдың жалғасын табуы;
- өмірмен байланысы.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты қайшылығы-тез өсіп бара жатырған жаңа білімдер қарқынымен жеке тұлғаның оларды игерудегі шектеулі мүмкіндіктері арасында.Бұл қарама –қайшылық теорияны білім берудің абсолютті идеалынан(жан-жақты дамыған тұлға)бас тартып,жаңа идеалға адамның өзін өзі реттеуі мен өздігінен білім алуы қабілеттерін барынша дамытуға көшуіне мәжбүр етті.Сонымен, жаңаша оқытудағы басты нәрсе-бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту.


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Эссе «Білім берудің жаңаша мазмұны: ұстаздар көзқарасымен.»»


Эссе


«Білім берудің жаңаша мазмұны: ұстаздар көзқарасымен...»



«Қазір бой жарыстыратын заман емес,

ой жарыстыратын заман»

Н.Ә.Назарбаев


Бірде кезекті жиналыстан шаршап шығып, отбасымның ортасында демалып жатқанымда, мынадай бір түс көрсем бола ма: класқа кіріп келсем, оқушылар өздігінен бәрі аңтарыла оқып жатыр, ортада үлкен бір өзім ештеңеге ұқсата алмаған құрылғы, қай пәнді сұраса, сол пән бойынша оқушылар сайрап жатыр, жан-жағына алаңдап, қозғалып отырған оқушы көрмейсің. Е-ее, мынау бір керемет дүние екен деп отыра қалып, оянып кеттім.

Иә, расында да күнде бір техниканы ойлап тауып жатқан жаңашыл замандағы ұстаздың бейнесі қандай? Жаңашыл заманның жаңғырығын ұстаз қауымы қалай қабылдап жатыр?

Осы бір сұрақ төңірегінде ойланбайтын, сөз алмайтын мұғалім жоқ шығар. Бүгінгі жаңашыл жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу – әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Себебі, бастауыш сыныптан баланың білім шырағы тұтанатын болғандықтан, оқуға ынтасын оятып, олардың қабілеттерінің дамуына жол ашатын ол – ұстаз.Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі
Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады», — дейді халық даналығы. Осыған байланысты шығармашылық, ізденіс деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет деп ойлаймын.
Оқытуда жаңашыл әдісті қолдану оқушы үшін де, мұғалімге де шығармашылықпен жұмыс ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер:«педагогикалық технологиялар», «тәсіл», «әдіс» сияқты ұғымдарды терең меңгеруге оқып-үйренуге жетелейді.
«Инновация» сөзі латынның («жаңашылдық», «өзгеріс») деген ұғымдарына сәйкес келеді.

Жаңашыл жүйеге,үрдіске,құбылысқа ілгері бір жаңалық енгізуші адам, көптеген іс шараларды ұйымдастыруда адамдардың өзіндік жаңашылдық іс- әрекетін көрсете алушылығы деп ойлаймын. Бүгінгі таңдағы,бастауыш сыныптағы пәндер дүниетану,ана тілі,әдебиет сабақтарына; топқа бөліп оқыту,рөлдік ойын элементтерін,пікір сайыс және басқа дәстүрлі емес түрлері,оқытудың жаңа технологиясы тәжірибеге кеңінен ене бастады.

Ондағы дәстүрлі емес сабақ түрлері;
- «саяхат», «мұражайға экскурсия», «концерт», «қойылым»,т.б:
- «дөңгелек үстел», «брифинг», «презентация», «аукцион»,т.б;
- кино, теледидар,бейнетаспа сабақтар т.б;
-пікір-сайыс сабағы,проблемалық іздену сабақтары,интеллектуалды ойлау сабағы т.б ;

Дәстүрлі емес сабақтарда оқытудың жаңашыл әдістерін пайдалану жолдарын нақты сабақ жоспары арқылы қарастырайық.Мәселен, 4-сыныпта дүниетануды оқытуда «Азаматтық қоғам.Құқықтық қоғам» туралы сабақта әдептілік,тәрбиелік сияқты түсініктерді ашып көрсету арқылы құқықты cыйлаушы азамат тәрбиелеуге септігін тигізуге басты назар аударылады.Осы тақырыпты кең көлемде түсіндіруде Қазақ хандары,оның ішіндеТәуке хан, «Жеті жарғы» туралы оқушыларға әсерлі де,көркем қылып жеткізе баяндай отырып,сабақты «дөңгелек үстел» пікір сайыс түрінде өткіземін.
Оқушылар оқулықпен топ құра жұмыс жасайды.Тақырыптағы мәтінді соңына дейін оқып танысады.Осы мәтін төңірегінде мәлімет даярлау тапсырылады. Осы тақырып туралы білетін мәліметті бір топтың балалары бастайды,содан кейін өз қалауыммен қай топты көрсетсем, сол топтың оқушылары осы мәселе жайлы мәліметті,не әңгімені жалғастырады.Оқушылардың зеректілігін дамыту үшін мен оқиға туралы айтып тұрған оқушының сөзін кез- келген жерінен үзіп,басқа топқа одан әрі жалғастыруды талап етер едім. Бұл сайыстағы оқушылардың жауаптарын мынандай сапа бойынша бағалар едім. Оқушылардың назарында болу үшін тақтада мына мәселелерді жазамын.
Оқушылар жауабының сапасы бағаланады:
- мазмұндылығы;
- жүйелілігі;
- ғылыми нақты фактілерді пайдалануы;
- қосымша материал қолдануы;
- ойдың жалғасын табуы;
- өмірмен байланысы.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты қайшылығы-тез өсіп бара жатырған жаңа білімдер қарқынымен жеке тұлғаның оларды игерудегі шектеулі мүмкіндіктері арасында.Бұл қарама –қайшылық теорияны білім берудің абсолютті идеалынан(жан-жақты дамыған тұлға)бас тартып,жаңа идеалға адамның өзін өзі реттеуі мен өздігінен білім алуы қабілеттерін барынша дамытуға көшуіне мәжбүр етті.Сонымен, жаңаша оқытудағы басты нәрсе-бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Эссе «Білім берудің жаңаша мазмұны: ұстаздар көзқарасымен.»

Автор: Елшибекова Сауле Орынбасаровна

Дата: 14.11.2017

Номер свидетельства: 438776


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства