Просмотр содержимого документа
«Оқушымын мен енді!»
Оқушымын мен енді!
Мақсаты: Оқушыларға білімнің қажеттілігін түсіндіру, жауапкершілік сезімін қалыптастыру, мектеп талабына бейімделуіне ықпал ету.
Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, осы шараға қатынасып отырған қонақтар «Оқушымын мен енді!» тақырыбындағы сынып сағатына қош келдіңіздер.
Оқушылар үш топқа бөлініп отырады.
І. Ой қозғау.(сұрақ-жауап)
-Мына сюжетті суретке назар аударайық.
-Бұл қай күн деп ойлайсыңдар?
-Бұл 1 қыркүйек-Білім күні.
-Балалар қайда келді?
-Балалар мектепке келді.
-Оларды кім қарсы алды?
-Оларды мұғалім қарсы алды.
-Бұл күн сендердің өмірлеріңе қандай өзгеріс әкелді?
-Біздер осы күннен бастап оқушы атандық.
-Оқушы деген кім? Ол не істейді?
-Мектепке келеді. Сабақ оқиды. Білім алады.
Мұғалім сөзі: Міне, өздерің көріп, айтып отырғандай сендер осы күннен бастап оқушы атандыңдар.Сендердің мектепке келгендегі мақсаттарың білім алу.Білім арқылы әлемді танисыңдар, өз табыстарыңды, жетістіктеріңді көрсете аласыңдар, қоғамға қызмет етесіңдер.Ол үшін білім қажет.
Жантөре: Алақай - ау, Алақай! Алақай - ау, Алақай! Бұдан былай мен енді, Емеспін жай балақай Осыдан да көлемді Оқи алам өлеңді Бардым менде мектепке Оқушымын мен енді!
ІІ. Білім керек бәріне (оқушылар тақпақтарын айтады)
Қарақат:
Құтты болсын қадамың,
Құтты болсын қаламың.
Жаңа келген мектепке,
Мен де өзіндей баламын
Биік білім шыңына,
Өзіңмен бірге барамын!
Нұрым:
Сауатыңды ашатын
Кітап-білім бұлағы.
Нұрын бізге шашатын
Ол-өмірдің шырағы.
Гүлсезім:
Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық.
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Әбілмансұр:
Мектеп қамқор анамыз, Оқып білім аламыз Өнерпаз боп өсетін, Біз оқушы боламыз
Алтынай:
Кітап –та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін...
Әлішер:
Корабльді басқарып,
Көк жүзінде самғасам. Тауды бұзып тас жарып, Мұхиттарды жалғасам.
Шыңғыс: Табындырар бар елді, Ғажап елдер сала алсам Жасартатын әжемді Дәрі ойлап таба алсам.
Аманбек:
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де,
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне.
Серік:
Мектеп, мектеп,
Төңіректеп,
Жүруші едім мен кеше,
Сұраушы едім,
Жылаушы едім,
Ағам кітап бермесе.
Айбибі:
Жақсылықты жақтаймыз,
Бәрін біліп,жаттаймыз.
Кітаптармен дос болып,
Сенімдерді ақтаймыз.
Елігай:
Бөбектерім, оқы, ойна.
Оқу-білім саған пайда.
Кітабыңның шетін жыртып,
Сияменен бояп қойма.
Ернұр:
Қолыңды жу, тырнағыңды ал,
Мұрныңды сүрт орамалмен.
Кешігіп қалмай мектепке бар,
Алысып жүрмей балалармен.
Айсәуле:
Ата-ана, мұғалімге
Қарсы келмей, әдепті бол.
Өтірік айтпа, үйрен шынға,
Тілейтінім сенен сол.
Еңілік:
Өшіргіш оқушы құралы,
Қатеңді түзетіп тұрады.
Дәптерді қолыңмен тырналап,
Былғама орынсыз жұлмалап,
Өшіргіш тазалық сақшысы,
Қатесіз жазған ғой жақсысы!
Мұса:
Енді мен үлкен баламын,
Анамның тілін аламын. .
Ұстаздың барлық айтқанын,
Миыма құйып аламын.
Құрмет:
Мектеп анаң бүгіннен,
Мектеп алтын босағаң
Мектеп берген білімнен,
Марқаясың жас ұлан.
Нұрай:
Нағыз білім ырыс -бақ,
Дүниені тұр ұстап.
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз дұрыстап.
Аманбек:
Кең жайлауда гүл терем,
Бағатыным қошақан.
Асау құлын үйретем,
Өсіремін ботақан.
Ән: Әнші балапан
Сөзі – Құдайберген Қазыбекұлынікі.
Әні – Марат Омаровтікі.
Мұғалім сөзі: Сендердің ата-аналарың, мұғалімдер сендердің жақсы оқығандарыңды, жақсы оқушы болғандарыңды қалайды.
ІІІ. Тосын сұрақ (Бұл бөлімде оқушылар суырып, сұрақтарға жауап береді)
ІҮ.Ойын. «Мен жақсы оқушымын» (Оқушылардың «оқушы» туралы түсініктерін бекіте түсу үшін ойын әдісі ұсынылады.)
Ойын шарты: «Мен жақсы оқушымын» деген жазуды ұстап тұрып, төмендегі мазмұндағы сөздерді айтады.
– Мен жақсы оқушымын, өйткені оқу-құралдарымды таза ұстаймын.
– Мен жақсы оқушымын, өйткені сабақты жақсы оқимын.
– Мен жақсы оқушымын, өйткені тазалықты сүйемін.
– Мен жақсы оқушымын, өйткені достарымды жақсы көремін.
– Мен жақсы оқушымын, өйткені достарыма көмектесемін.
– Мен жақсы оқушымын, өйткені мұғалімнің айтқанын тыңдаймын.
– Мен жақсы оқушымын, өйткені үлкендерді сыйлаймын.
– Мен жақсы оқушымын, өйткені сабаққа кешікпеймін.
– Мен жақсы оқушымын, өйткені өтірік айтпаймын.
– Мен жақсы оқушымын, өйткені сабақтан қалмаймын.
Осылайша әр оқушы өз ойын жалғастырып айтады.
Мұғалім сөзі:
– Жақсы оқушы өздерің айтқандай сабаққа кешікпейді, оқу құралдарын таза ұстайды, тазалықты сүйеді, достарына көмектеседі, мұғалімді, үлкендерді сыйлайды және тыңдайды, тиянақты білім алады. Осы жақсы қасиеттердің бәрі оқушы бойынан табылуы тиіс. Және осы қасиеттерді сіздердің бойларыңыздан көргім келеді.
- Абайдай дана болыңдар!
- Қаныштай ғалым болыңдар!
- Ақылды болыңдар!
- Білімді болыңдар!
ІҮ. Рефлексия. (Оқушы, ата-ана пікірлерін бөлісу)
1. Балаңыздың бойынан мектепке келгеннен кейін қандай өзгерістер байқадыңыз? 2. Балаларыңызға қандай тілек айтар едіңіз?
Әнші балапан
Білім, ғылым, өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Ата салтын ертеңге
Жеткізетін өздерің,
Жеткізетін өздерің!
Қайырмасы:
Әнші, биші, әнші балапан,
Әнші, жыршы, күйші балапан.
Әнші, биші, әнші балапан,
Әнші, жыршы, күйші балапан.
Үй тапсырмасы
Дәптердегі тапсырмалар үй жұмысы ретінде беріледі.
1. Оқу құралдарының суретін салыңдар.
2. Келесі сабақта бәріміз бірге айтатын «Мектебім», «Мұғалім – ол біздің» әндерінің сөзін үлкендермен бірге мүмкіндігінше жаттап келіңдер. Мұғалім осы әндердің дәптерде «Ән шырқайық» айдарымен берілгенін ескертеді.
Қорытындылау
Оқытушы оқушыларға сабақтан үйренгендерін қорытындылауға ықпал етіп, өзі түйіндейді:
– Оқытушы колледжде оқу оқып, білім алып, еңбек етуді үйренеді. Сондай-ақ сыныптастарымен достасады, бір-біріне көмек береді, ұстаздарын, тәрбиешілерін үлкендерді сыйлайды, кішілерге қамқор болады.
Жүректен- жүрекке
Оқытушы ән айтылып жатқан уақытта оқушыларға «қоңырау» пішініндегі ішіне тілек жазылған ашықхатты таратып береді.Әр Оқу алушылардың атын атап, жазылған тілектерді оқып береді. Ашықхатта жазылған тілектер мынадай үлгіде болуы мүмкін:
- Шоқандай алғыр бол!
- Абайдай дана бол!
- Күндей жарқырап жүр!
- Гүлдей жайнап жүр!
- Достарыңа сыйлы бол!
- Оқуда озат бол!
қушының сабақтағы міндеттері 1. Қуаныш: Оқушы мектепке сол күні болатын пәндер бойынша оқулығын, дәптерін, құрал - жабдықтарын әкелуі тиіс. 2. Жарбол: Ол сабаққа мұғалімнен бұрын кіріп, сабаққа әзірленуі тиіс және сыныптан мұғалімнен кейін шығады. 3. Мағжан: Мұғалім сыныпқа кіргенде, шыққанда орнынан тұрып ілтипат көрсетеді. 4. Рауан: Сабақ барысында мұғалімнің түсіндіруін мұқият тыңдап, кедергі келтірмеу керек. 5. Ақниет: Мұғалім сұрағына толық мазмұнды жауап беру керек. 6. Нұрбек: Жауап беру кезінде орнына тұрып, партадан шығып тұрады. 7. Ерболсын: Мұғалімге бағасын қою үшін күнделігін апарады. 8. Ақерке: Сабақ барысында сыртқа шығу өте қажет болған жағдайда мұғалімнен рұқсат сұрайды. 9. Рүстем: Әрбір оқушы кезекшілік жұмысын, яғни сабаққа бор, тақта сүрткіш әзірлейді. 10. Нұрбану: Әрбір оқушы өзінің отырған орнын таза ұстауға міндеті болып табылады. 11. Әсел: Сыныпта, залда жүргенде айқайлама, жүгірмей, залдың сол жағымен жүргізу керек. 12. Айдай: Сыныптағы, залдағы көрнекіліктерді, аталарымыздың суреттерін бүлдірмеуіміз керек.
7-оқушы: 8-оқушы:
Жантөре: Алақай - ау, Алақай! Алақай - ау, Алақай! Бұдан былай мен енді, Емеспін жай балақай Осыдан да көлемді Оқи алам өлеңді Бардым менде мектепке Оқушымын мен енді!
Қарақат:
Құтты болсын қадамың,
Құтты болсын қаламың.
Жаңа келген мектепке,
Мен де өзіндей баламын
Биік білім шыңына,
Өзіңмен бірге барамын!
Нұрым:
Сауатыңды ашатын
Кітап-білім бұлағы.
Нұрын бізге шашатын
Ол-өмірдің шырағы.
Гүлсезім:
Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық.
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Әбілмансұр:
Мектеп қамқор анамыз, Оқып білім аламыз Өнерпаз боп өсетін, Біз оқушы боламыз
Алтынай:
Кітап –та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін...
Әлішер:
Корабльді басқарып,
Көк жүзінде самғасам. Тауды бұзып тас жарып, Мұхиттарды жалғасам.
Шыңғыс: Табындырар бар елді, Ғажап елдер сала алсам Жасартатын әжемді Дәрі ойлап таба алсам.