kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Наурыз – думан»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа жылды қарсы алу, барша халықтың дәстүрлі мерекесі. Әр халықтың өзінше мерекесі болады. Мұсылман халқының жаңа жылы «Наурыз» айының 22-сі. Ұлы қазақ халқы жаңа жылын «Наурыз» дейді.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Наурыз – думан»»


Ашылуы:

Ән: 3 сынып оқушысы


Толқын: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! «Наурыз – думан» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Багдат: Жаңа жылды қарсы алу, барша халықтың дәстүрлі мерекесі. Әр халықтың өзінше мерекесі болады. Мұсылман халқының жаңа жылы «Наурыз» айының 22-сі. Ұлы қазақ халқы жаңа жылын «Наурыз» дейді.
Толқын:

Кеңінен елге таралған,
Негізі ерте қаланған.
Еңбек шаттық жыл басы,
Наурыздан бастап саналған.
Багдат:

Наурыз келсе құт келгені халайық,
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық.

Наурыз әже:Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты 
болсын! 
Келе жатыр жылымыз, 
Мейрамдаймыз мұны біз. 
Халқы сүйген мейрамды 
Қарсы алайық Наурызды! 
(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады) 
Наурыз қыз: 
Наурыз тойы-береке, 
Наурыз тойы-жыр аңыз. 
Қызып дулы мереке 
Қызық думан құрамыз. 
1.( Көрермендерге шашу шашылады )


4А, 4Ә сыныптарының мың бұралған бишілерін «Көктем биімен» қарсы алыңыздар

Толқын: Өткен жылда еліміздің іргесі аман, қазанымыз бүтін болды. Біреуміз екеу болып, басымызға бас қосылды, жаңа шаңырақтар көтерілді. Өмірге жас нәрестелер келіп, ұрпақ өсті.
Багдат : Иә, еліміздің егемендігі нығайып, халқымыздың тәуелсіздігі артты. Газет, журналдар, теледидар қазақ тіліне көшіп болды. Басқа ұлттың өкілдері қазақ тілінде сөйлейтін болды. Тіліміздің мәртебесі артты деген осы емес пе құрбым.
Толқын: Иә, дұрыс айтасың, құрбым! Жақсылық тек жақсылыққа жалғаса берсін. (Бұрылып қарап) Оу, бізге қонақ келе жатқан сияқты.


2.(Сахнаға Қыдыр баба шығады. Ұл балалар тізерлеп бата тілеп отырады.)
Қыдыр бабаның батасы:
Ұлыстың ұлы күнінде,
Ұлың оңға қонсын,
Қызың қырға қонсын,
Қыруар малың өріске толсын,
Елдеріңнің іргесі берік болсын,
Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын,
Сөздерің серттей берік болсын,
Еккендерің өнімді болсын,
Өмірлерің көңілді болсын,
Төрт - түлік төлді болсын,
Баққандарың шөлді болсын,
Ақ көп болсын,
Уайым – қайғы жоқ болсын,
Сапарларың оң болсын,
Дәулетіңді асырсын,
Дұшпаныңды басырсын.
Әумин!

3.( Сахнаға Жер ана шығады. Қыз балалар тізерлеп отырады.)
Жер ананың аластау рәсімі:
Алас, алас пәледен алас,
Алас, алас баладан алас,
Алас, алас жаманнан алас,
Көзі жаманның көзінен алас
Тілі жаманның тілінен алас,
Елімнен алас, жерімнен алас,
Алас, алас! Алас, алас!

Багдат:

Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып басып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
4. 1 А сынып қыздарын «Хафис биімен» қарсы алайық


Толқын: Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кеңелді.
Соны тойлар ел енді,
Наурыз тойы салтымыз


5.Сахналық көрініс.

Көрініс. Күн мен Түн шығады ортаға.
Күн: Сәулесі мол Күнмін,
Түн: Жұлдызы көп Түнмін.
Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,
Теңелеміз бүгін біз.
Түн: Ал ертең, күн ұзақ,
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмеңдер тек бірақ.

Ортада 2 сынып оқушылары бүгінгі мерекеге арналған өлең шумақтарын оқиды.

1 - оқушы:
Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден
Құтты болсын, Наурыз!
2 - оқушы:
Нау рыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
3 - оқушы:
Ұлы күні кәрі - жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!
4 - оқушы:
Сағынтып келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарқанға елімнің
Береке, ырыс сыйлашы.
5 - оқушы:
Жыл басы – Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.
Наурыз құтты болсын!.

6 - Оқушы:
Сәнді көктем – Наурыз,
Наурыз тойы – жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын,
Құлпырсын күн мен ай,
Құтты болсын Наурыз той!





Багдат:

Наурыз тойым!
Құтты болсын халайық!
Қане достар
Шырқап әнге салайық

Толқын:

Ал, халайық, тұрмайық,

Әндетейік жырлайық!

Ортамызды ашайық,

Ырыс тілеп бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық!

6.Ән: 3 А сыныбының оқушысы Хасентаева Лиананың орындауында «Наурыз тойы» әнімен қарсы алыңыздар!


Багдат :

Би билейік бәріміз!

Егін өңін толқытқан

Елдің көңілін шалқытқан

Бас иеміз – Наурыз

7.Би: 2 А сыныбының қыздарын «Көктем» биімен

ортаға шақырамыз.

Толқын:

Кеңінен елге таралған,
Негізі ерте қаланған.
Көнермей салт – дәстүріміз
Көп елдерге таралған.
8.Айтыс Ортада 3 Ә сыныбы


Багдат:

Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен жақсы күй
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.

ХОР: Мектеп алды даярлық тобының бүлдіршіндерін «Наурыз көктем» хорымен ортаға шақырамыз.



Толқын:

Әсем кештің ажары

Әсем бисіз кіре ме?

 Кіп-кішкетай бишілер

 Мың бұрала билейді – деп «Қаражорға» биін қабыл алыңыздар

10.Би: Флешмоб «Қара жорға» мектеп алды даярлық тобы


Багдат:

Наурыз жырын жырлаймыз
Онымен де тұрмаймыз.
Шыңдалып жеткен бұл күнге,
Ел дәстүрін сыйлаймыз.
11.Қазақтың салт-дәстүрі: «Тұсау кесу»


Толқын:

Наурыз тойы - елдің тойы,

Көктем тойы – төлдің тойы.

Ән айтатын күні бойы,

Жақсы көрем Наурыз тойын!


12.Ән: 1 Ә сыныбы қыздарының орындауында хор «Наурыз келді»


13.Ұлттық ойындар :

Багдат:


 Наурыз тойы – шаттық тойы. Наурыз тойында барлығы ұлттық ойындар ойнап, өздерінің білек күшін, жүрек күшін, ептілігі, шапшаңдығын көрсете білген. Бүгін біз жігіттер мен қыздарды сынап көрейік. Бірінші Ұлттық ойынымыздың атауы Қыз қуу - Қазақтың ұлттық ойындарының бірі қыз қуу. Ойын шарты: үш ұл, бір қыз қатысады. Ұл бала қызды қуып жетіп бетінен сүйеді, ал жете алмай қалса, қыз жігітті қамшымен ұрады.

Толқын:

Ұлт ойындары - ата - бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Осыны ескере отырып Келесі ұлттық ойынымыз «Асық ойнау» деп аталады. Бұл ойынның шарты бір топ бала, жиналып келіп, тегіс жерге шеңбер сызады.Сол шеңберді ортасынан тең екіге бөледі. Асық ататын орын белгілейді. Асықты тізіп қояды.
Ойыншы асықты дәл тигізіп сызықтан шығарса, оны алады да, сақа түскен жерден қайта атады. Егер оның сақасы асыққа тимей кетсе, асықты келесі ойыншы атады.
Ал енді сайыскерлерімізбен асық ату ойынын бастаймыз. Оқушыларымызға ойынның шарты түсінікті болды. Әр топ қанша асық атып алса, сонша ұпайға ие болады.


Багдат:


Көкпар, бәйге, қыз қуу, асық ойын
Наурызда ойналады ұлттық ойын
Төлдейді сиыр, түйе, бие, қойын
Құтты болсын жанары келген тойын деп ендігі кезекті тағыда ұлттық ойынымызға берсек. Бұл ойынымыздың өздеріңіз біліп - естіп, ойнап жүрген «Арқан тартыспақ»ойыны. Ортаға ең бірінші мектеп алды даярлық тобының бүлдіршіндерін шақырамыз. 1 сынып, 2 сынып, 3 сынып, 4 сынып


Толқын:

Наурыз тойы береке,
Наурыз тойы – жыр - аңыз.
Қызып шаттық мереке,
Қызық думан құрамыз!
Наурыз келсе,
Құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық! 2 А мен Ә- сынып оқушылары ән шашуын алып келіп отыр. Ендеше «Наурыз» хорымен қарсы алайық.


Багдат:

Дастарханы халқымның тола берсін,
Бақыт құсы қолыңа қона берсін.
Ұлы тойдың төресі – наурыз тойы,
Жылдан - жылға құт тойы бола берсін!
Деп, бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған мерекемізді аяқтаймыз.

Толқын:

Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау, мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін!

Барлық халық бақытты болсын,

Қош ,сау болыңыздар, халайық!

Көріскенші күн жарық болсын! 













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
«Наурыз – думан»

Автор: Абдыгалиева Багдат Ерболовна

Дата: 16.11.2018

Номер свидетельства: 486049

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "" Наурыз-Думан""
    ["seo_title"] => string(14) "nauryz_duman_5"
    ["file_id"] => string(6) "468887"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1525864683"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) ""Наурыз -думан!" та?ырыбында ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекет "
    ["seo_title"] => string(65) "nauryz-duman-tak-yrybynda-ashyk-u-iymdastyrylg-an-ok-u-is-riekiet"
    ["file_id"] => string(6) "193166"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427605413"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "Наурыз-думан"
    ["seo_title"] => string(14) "nauryz-duman-2"
    ["file_id"] => string(6) "310137"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458933539"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) ""Наурыз думан" кеш"
    ["seo_title"] => string(16) "nauryzdumankiesh"
    ["file_id"] => string(6) "286048"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454267204"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(25) ""Наурыз" думан"
    ["seo_title"] => string(14) "nauryz_duman_2"
    ["file_id"] => string(6) "415494"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1494840486"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства