Просмотр содержимого документа
«Мерекелік шара «?ош бол, бастауыш мектеп!»»
«Қош бол, бастауыш мектеп!»
Тәрбие сағатының мақсаты: Білім негізі бастауыштан қаланатын оқушылық өмірдің бастапқы баспалдағын аяқтаған бүлдіршіндердің аяулы ұстазымен қоштасу рәсімін жасау. Бастауыш мектептен алған білімдерін, өнерлерін байқату, ортаға салу. Ұстаз еңбегін бағалай білуге, жан-жақты білім алуға, саналы азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ұстаз, мектеп, Отан туралы даналық сөздер жазылған плакаттар;
Балалар қолөнерлерінің көрмесі, қабырға газеті, буклеттер, шарлар, гүлдер.
Тәрбиелеу сағатының барысы:
Көңілді әуен ойналып тұрады.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Кеше ғана білім ордасына тарыдай болып еніп, жан-жақтарына таңырқай қарап, жүрексіне табалдырық аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгін, міне бой түзеп, ойларына сана қосып, еліміздің саналы бір азаматтары болғалы отыр.
Бүгінгі «Қош бол, бастауыш мектеп!» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер! Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып, тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Музыка әуенімен вальс билеп, 5-6 сынып оқушылары шығады.
1-жүргізуші: Хамзина Арай
Армысыздар, мұғалімдер әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар,
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Өмір деген үлкен жолда тарландар,
Бүгін міне қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әніменен жырына, тарландарым сал құлақ,
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан.
Лаулап жансын болашағың шамшырақ.
2-жүргізуші: Кадырбекова Айдана
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер.
Бүгін, міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.
1-2 жүргізуші қосылып бірге:
Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
1- жүргізуші: Енді бастуыш сынып бітіруші түлектерді ортаға шақырайық.
( музыка әуенімен оқушылар қолдарын бұлғап ортаға жығады)
4-сынып оқушылары бәрі қосылып бірге:
Мектеп-кеме, білім-теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда.
1-жүргізуші:
Осыдан 4 жыл бұрын, бүгінгі кейіпкерлеріміз, біреуі анасымен, біреуі әкесімен, енді біреуі ата-әжесімен қол ұстасып мектеп табалдырығын аттап еді.
2- жүргізуші:
олар алғашқы күннен бастап ұстаздарымен танысты, партаға қалай отыру керектігін, басқа да мектеп ережелерін үйренді.
1-жүргізуші:
Қолдарына қалам ұстап, А әрпінен бастап, 42 әріпті танып, 1-ден 100-ге дейінгі , 1000-ға дейінгі сандарды санай алатын дәрежеге жетті.
2-жүргізуші:
Содан бергі 4-жыл ішінде талай бойымызға сіңіріп үйрендік. Бүгін міне, соның айғағы ретінде, бастауыш мектеппен және бізді білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
1-оқушы: Ажар
Бізді үйреткен білімге жалықпастан,
Рақмет ұстазыма көзімді ашқан.
Біз-шәкірт, біз-Отанның болашағы,
Білімнің басқышына қадам басқан.
2-оқушы: Шерхан
Өзгеріп жатыр бүгін қала, қырым,
Құп алып бара жатыр болашаққа,
Аяулы жеті жасар балалығым.
3-оқушы: Әділет
Мен бүгін бұрынғыдан саналымын,
Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім.
Дәптердің жазылмаған ақ парағы-
Ақ көйлек жеті жасар балалығым.
4-оқушы: Айзат
Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізем деп келдім.
Алтын-ұя мектебім!
5-оқушы: Диана
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім,
Асыл – анам мектебім!
6-оқушы: Данияр
Өнерпазың көп сенің,
Өнер табам деп келдім.
Өз бесігім – мектебім!
«Бастауыш мектеп» әні хормен орындалады.
1-жүргізуші:
Ал балалар, осы білім ордасына келгенде алдымыздан күлімдеп қарсы алған алғашқы ұстазымызға не тілек айтамыз?
7- оқушы: Талғат
Сен менің әкемдейсің, анамдайсың,
Мен үшін армандайсың, алаңдайсың,
Ұстазым, сенен артық ақылшым жоқ,
Адалдық мен парасаттан жаралғансың.
8-оқушы: Нияз
Көңілін бар шәкірттің таба алатын,
Кеуделерге намыс отын жаға алатын.
Өзіңдей болса, шіркін, барлық ұстаз,
Жез таңдай , күміс көмей, сөзі алтын.
1-оқушы:
Білім алған өзіңнен,
Дәрігер, ұшқыш, не ғалым,
Саған ыстық сезіммен
Қарайды жұрт мұғалім.
Мен де өзіңді әрдайым,
Қамқорым деп ұғамын.
Күліп атқан таңдайын,
Жарқынсың сен мұғалім.
«Балдаурен әні» орындайтын Қасымова Дамира.
2-оқушы:
Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.
«Мұғалім – мектеп жүрегі» - деген Ыбырай Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі-бәрі бір адамға қарыздар. Ол –Ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Барлығы бірге:
Алғыстарым көп менің.
Ұстаз –анам, мектебім!
Ән орындау «Мұғалім ол біздің».
2-жүргізуші:
Бүгінгі біздің тойымызға көрші мектептерден де оқушылар келген екен ендеше қонақтарға сөз берелік.Ду қол шапалақтап қарсы алайық.
(Қуыршақтар биі. 8-сынып оқушылары және ән «Құтты болсын ағажан қуанышың).
3-оқушы:
Ұстаздардың бар айтқан,
Ұлағатын ұғыңдар.
Сөйтіп әрбір сабақтан,
Сәл есейіп шығыңдар.
Көрініс көрсету «Мақта қыз бен мысық».
4-оқушы:
Жастың өсті санасы,
Елжірейді жүрегі.
Бастауышқа бар бала,
Алғыс айтып жүреді.
Шығыс биі орындайтын Кайкенова Виктория.
5-оқушы:
Көлге айналған бұлақтың,
Том-том болған кітаптың.
Басы болған Бастауыш!
«Мектебім» әні орындайтын Хамзина Камила.
6- оқушы:
Қоңырау сыңғырла асыға,
Үн қосқан қиядан асуға.
Білімал, еңбек ет, жас ұлан,
Өрле сен, биік шың басына.
7-оқушы:
Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
Жақсылықтың шырағы боп жағылар.
Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған,
Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.
8- оқушы:
Әліппемен аштым өмір есігін,
Тербетемін білім бөбек бесігін.
Өмір деген өрлі өзенге шомылып,
Жаттап өстім ұстазымның есімін.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»
1-жүргізуші:
Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,
Шәкіттерін сүйген таза көңілден.
Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда,
Өз соқпағын тапқан мынау өмірден- дей келе құттықтау сөзі және оқушыларды марапаттау мектеп директоры Хамзина Мария Жақсылыққызына беріледі.
2-жүргізуші:
Ана жанын ана болсаң ұғарсың,
Алдыңдағы ол бір биік құз бен шың,
Балаң үшін кеуде керіп қуанып,
Балаң үшін биіктен де құларсың
Сөз кезегін ата-аналарға береміз.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Құрметті оқушылар!
Міне, алғашқы басқыш бастауыш мектепті тәмәмдап, ортаңғы буынға көшкелі отырсыңдар. Қаумалаған көпшілік, ата-аналар, ұстаздар қауымы- сендер не білді, нені үйренді, білім мен тәрбиені қалай меңгерді деп сынай қарап отыр. Міне балалар сендер осы сыннан сүрінбей өттіңдер.
Ата-аналар шашу шашады:
Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық.
Мұғалім: Бастауыш мектеппенг қоштасу салтанатын аяқтай келе, 4 сыныпты сапалы білімдерімен аяқтаған оқушыларыма жоғары сыныпқа барғанда да осы сапалық құрамын сақтап, үнемі жақсы оқуымызбен, болашақ Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат боп өсіңдер деп тілек білдіремін.
Ал ата-аналарға айтарым: қырандарыңыздың білім қанаттары талмасын. Тек биікке самғасын дегім келеді.
Алдарыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай,
Аман есен болыңдар,- деп бастауышпен қоштасу ертеңгілігін аяқтаймыз.

Сан ұрпаты тәрбиелеп оқытқан,

( музыка әунімен оқушылар қолдарын бұлғап ортаға жығады)

Өз есігім – мектебім!

Хор: Әрқашан күн сөнбесін!»

Мақсаты: оқушыларға бағыт бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, ой өрісін дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, өз ойын әдеби тілмен өрнектеуге машықтандыру. Үлкенді сыйлауға және кішіге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
1 оқушы: Мектеп кеме, білім теңіз,
2 оқушы: Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім жолда.
Хор: «Мектебім» әні.
Би: «Теіңзшілер» (орындайтын 4 б класс оқушылары).
Ислам: Есімде ұстаздың алған қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан болып осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны,
Енді міне, сағымдай өте шықты,
Төрт жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел танымас азамат бір- бір мықты.
Гүлдана: Маған ұстаз үйретті
Әліппесін өмірдің,
Жан жүйемді билетті,
Күйі шалқып көңілдің.
Қиялымды кездірді
Таптым ойдың тұрағын,
Маған ұстаз сездірді
Алдағы өмір шырағын.
Би: «Қызғалдақтар» (қыздар тобы).
Аман:
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе біздің данамыз.
Әліппені құрметтеп,
Басқа орынға қоямыз.
Жамила:
Ойлантып, есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғалымдардың патшасы,
Математика данамыз.
Мейірбек:
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген,
Дүниетану сабағы.
Ақтоты:
Адамдыққа үйреткен,
Жамандықтан жиренткен,
Тілімізді ширатқан,
Ана тілі данамыз.
Нұрдаулет:
Тез үйрендік әділ мен адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты,
Жалғастырар ақ жолын сенің салған,
Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.
Ән: «Ұстазым».
Данияр:
Алғашқы ұстазым анамызбен тең келді,
Бар асылын бізге жиып мол берді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Баласындай шын жүректен хан көрді.
Әйгерім:
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
«А» әрпін алғаш сенен жаттадым.
Ұстаздарым естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жылы шуақ шашқаның.
Хор: «Мұғалім».
Жүргізуші: сынып оқушылары мен ата- аналары өмірінен көріністер.
«Есеп».
Баласы:
Әке, кешегі шығарып берген
есебіңіз түп түгел қате екен.
Әкесі: Не дейді? Мүмкін емес!
Баласы:
Ашуланбай ақ қойыңыз, өзге балалардың
Әкелері де сол есепті шығара алмапты.
«Ең қиын сұрақ»
Баласы: Мама, мен бүгін бүкіл сынып
Оқушылары жауап бере алмаған сұраққа жауап бердім.
Анасы:
Өте жақсы балам, ол қандай сұрақ?
Баласы:
Сынып бөлмесінің терезесін
Кім сындырды деген сұраққа…
«Емтихан»
Әкесі: Балам, кешегі емтиханды қалай тапсырдың?
Баласы: Жақсы тапсыған шығармын. Өйткені мұғалім жазда тағы келесің деді ғой.
Әкесі: Жарайсың балам, өзіме ұқсаған екенсің.
1 оқушы: Ағылшын сабағынан алған білімімізді тамашалаңыздар.
Ағылшын тілінде тақпақтар айтылады.
Суретпен жұмыс. Заттардың аттарын үш тілде айту.
Би: «Танго» орындайтын 4 б класс оқушылары.
2 оқушы:
Біз нені үйрендік?
Жеңісбек: оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып би билеуді.
Хормен: ата- ананы, халқымызды, жақынымыз бен алысымызды, құрбы құрдастарымызды, табиғатты, ел байлығын, ұстаздарымызды, алтын ұя мектебімізді!
2 оқушы: Бізді болашаққа не бастайды?
Хормен: Ұстаздың көрсеткен жолы, ата- ананың ақылы, болашаққа деген берік сезім.
1 оқушы: Біз кім боламыз?
Хормен: адал азамат, ақылды ару, ғалым, елін сүйген ер, нағыз адам.
2 оқушы: Құрметті мұғалімдерге арналған өлеңдерімізді қабыл алыңыздар.
Қайырбек:
Қанша жыл бұл мектепті басқарады,
Түлеп ұшқан жас түлек сан салалы.
Үлесі бар мектепті көркейтуге,
Күлпаш апай сізге алғыс жолданады.
Гүлдана:
Үйреткен сөз өнері қыр сырларын,
Гүлденткен үлес қосып бала бағын,
Кенжегүл апайға арналар шексіз алғыс,
Жүріңіз шәкірттерге беріп дәріс.
Есжан:
Классқа келіп кіргенде,
Қимылдамас еш пенде.
Маягүл апай сабағын,
Өткіземіз деп демде.
семгүл:
Өзге тілді үйреткен,
Қызықтырып біздерді,
Ағылшынша сөйлеткен,
қтоты апай сабағы.
Мейірбек:
Дәмді етіп дайындап,
Ас мәзірін ұсынған.
Зәмзагүл, Гүлдана апайлар.
Сіздерге алғыс жолданар.
Гүлдана:
Орыс тілді оқытып,
Тілімізді ширатқан.
Шакизада, Сауле апай,
Қабыл ал, алғыс балаңнан.
Ән: «Мектебім».
Данияр:
Ауырсақ дәрі беретін,
Шақырсақ жүгіріп келетін.
Медбике Мирамгүл апайға,
Шексіз алғыс арналған.
Әйгерім:
Ұстазым Бақытқазы апайға арнаймын
Адалдыққа жақын қонды ауылың.
Сағынамын сабақ берген апайды,
Қайдан табам енді одан тәуірін.
Қайырбек:
Хат танытып, үйреткен әріптерді,
Ұстатып алғаш қолға әліппені.
Рахмет ұстазыма дәріс берген,
Үйреткен ғылымдарды өнерменен.
Шәкіртпен көркейеді еңбегіңіз,
Сізден алған біліммен біз өсеміз.
Ақтармыз еңбегіңді аяулы ұстаз,
Көрініп әлі талай биіктерден.
Нұрлан:
Ұмытпаймын жаныма,
Білім нәрін еккенің.
Қош қымбатты ұстазым,
Қош бастауыш мектепбім!
Жүргізуші: «Бір белестен өттіңдер» атты ертеңгілігімізді «Мектебім» әнімен аяқтаймыз.
Құттықтау сөз мектеп директоры, класс жетекшілері, ата аналарға беріледі.
Рахатбаева Жазира Капаровна бастауыш сынып мұғалімі
Мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтаж.
Слайдтар. Қанатты сөздер мен тақырып.
Кіріспе сөз.
Мұғалім:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Қош бол, бастауыш мерекесін» бастауға рұқсат етіңіздер!
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың,
Жүргенін көрген – бір мұрат – дегендей бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық.
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 «В» сыныптар ортамызда.
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады.
Слайд.
Мұғалім сөзі:
Осыдан төрт жыл бұрын, яғни 2007 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған, кіп-кішкентай болған бүлдіршіндер қандай болды екен? Олай болса, құрметті ұстаздар, ақ пейілді ата-аналар және қонақтар сол бүлдіршіндердің тәтті де бал күндеріне көз жүгіртейік.
(Экранға назар аударыңыздар)
Кешегі кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгінде көптеген жетістіктерге жетіп, өз білімдерім шыңдай түсуде. Көптеген облыстық, қалалық, мектепішілік олимпиадаларға қатысп үлкен жетістіктерге жетудде. Атап айтсақ:
1. Бахтиярова Ажар – Еркеайым конкурсында сұлу қыз номинациясына ие болды, Малахит, Айналайын, Ақбота, Тұлпар конкурсының жүлдегері.
2. Маулетбаева Лейла – Малахит, Айналайын, Тұлпар және т.б. жүлдегері.
3. Адилгазина Мадина.
4. Ерболат Даулет және Сембинова Тоғжан Малахит конкурсында 1 орынға ие болды. Қалалық каратэ бірнеше дүркін чемпион сонымен қатар Жұмашев Дәулетті және тағы басқа оқушыларда мектепішілік қадағалаудың жұмыстарға белсене араласып өздерін жақсы белсенді жағынан көрсетуде.
Міне, қанша қыс пен жазды бір өткізіп, ықтық пен суыққа бірге төзген ұстаздарға «тағзым»етеік.
Ендеше, қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына , ата-аналарына өз өнерін көрсетуге дайын. Олай болса, жүргізушілерімізді ортаға шақырайық.
Серік
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар ұстаздарым қымбатты.
Мадина
Армысыздар әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.
Серік
Армысыздар өр тұлғалы әелер,
Қыран құстай балапанын мәпелеп.
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады,
Азмат боп, кешегі әби –еркелер.
Мадина
Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағым
Мектебіме орналады бұл әнім.
Серік
Дұрыс айтасың Мадин! Бұл мектептегі қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да , енді мен де мектепте тәлім алудамын.
Олай болса «Мектебім» әнін шырқайық.
Ән: Мектебім
Слайд мектептегі мерекелер.
Серік: Иә, мекиебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше, сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.
Бекзат
Мектебім – білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім артты санам.
Баулыған 4-жыл бойы ата анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
ӨЗіңе борыштармын өір бойы,
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
Лейла
Мектебім , алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Ильяс
Мектеп үйім, ұстазым менің ата –анам,
Сенен өсіп сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып, сан тарапқа тараған.
Аида
Мектеп деген білім кені жыр кені
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Шапағат
Мектебім сүйікті мектебім,
Бауырында түлимін көктеймін.
Сен бұлақ мен қайың боп бүршік ашқан.
Өзінен нәр алып көктедім.
Мадина
Иә, балар , осы мектеюімізге арнап жыр-жырлауың, енді би-билей білетін оқушылармызда бар екен.
Ендеше:
Мың бұрала билейтін,
Биді жақсы көретін.
Қыздарымыз бар біздің
Қазақ биін билейтін – деп, Ажар мен Оксананың орындауында «Қазастан» биі.
«Ұстаздық еткен далықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан , бізбен бірге қуанып, 42 әріпті таныпытп, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз * ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің?
Серік: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.
«Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.
Айым
Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай.
Мейірлене қарап қойып біздерге.
Күн астында сабақ беріп тұрғандай.
Гүлім
Ұстазым өзің едің асқақ әнім,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың , даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
Е.Дәулет.
Жарық күннен жылы жүзің елестеп,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартқан қара жол,
Көз жұмсам да көре тұрған белестер.
Демеуқанов Азамат
Әлі есімде отырғаным партада,
Таңданып кеп үңілгенім тақтаға.
Жайдары, ашық ұстазымның сондағы
Түзу отыр деп қаққаны арқаға.
Иә, дұрыс айтасың Азамат , ұстаз орны ерекше. Ендеше: «Ұстазым» әнін орындайық. Шапағат пен Оксананың орындауында.
Серік: Бізге 4 жыл бойы өз білімдерін бойымызға сіңіріп, еркелігімізді көтерген, санамызға құйған әр пән ұстаздарымыз да бар. Осы ұстаздарға неге алғыс айтпасқа.
Мадина :
Оқыңдар ұл-қыздар деп,
Күлімдеген ұстаздар.
Ән арнадық арнайы ,
Тағзым ете, ұстаздар.
Ән. «Еркем ай»
1. Директор. Қайранов А.С.
2. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Айман Тлеугажиевна
3. Бастауыш сынып меңгерушісі : Гульнара Муратовна
4. Сынып жетекшісі: Рахатбаева Жазира
5. Айткенова Айгүл Токтаровна
Аймахина Гүлбану Дулатовна
6. Мақсұтова Айгүл Мұратовна – дене шынықтыру пәні
7. Есқалиева Гульнара Солтановна - музыка
Қонысбаева Құралай Серікқызы – ырғақ
8. Қалиева Еркежан Амансерікқызы – ағылшын тілі пәні
9. Турмухамедова Эльмирра - өзін өзі тану және психолог
10. Мамадилов Сайлау Қоңырұлы – бейнелеу
Саяжан
Кеп кешегі жабырқау қайда қалған,
Шықпаушы едік бір ем айналаңнаң.
Мейіріңіз бе, ұстаздық жүресің бе?
Жан дүниесін баланың жаулап алған.
Қали Іңкарбек
Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әр кез суреттерді парақтап.
Шәкірттерін жиі еске алатын.
Гүлшат
Нұр құйған санасына зейіндінің,
Нұрлы шам сәулесіндей мейірімнің.
Дарыттың адалдықты шәкіртіңе,
Дамыттың дарын атын бейімдінің.
Серік: бізде Гүлшат айтқандай дарынды қабілетті балалр да бар екен. Ендеше неге неге өз өнерлерін ортаға салмасқа.
Кемпір мен шал айтысы. (Мерхат пен Лейла)
Би түрік биі (Ажар).
Иә, осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби едік. Сөмкемізді зорға көтергенбіз. Енді міне бастауышпен қоштасқалы отырмыз.
Мадина: Бастауыш туралы неге айтпасқа.
Қайыржан
Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз,
Әр бетін әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
Қыздар мен ұлдар айтысы.
Оксана, Дәулет.
Ж.Дәулет
Бастауышым – бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып , білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
Серік: Осы 4 жылда бірге ойнап күліп, талай қызықты күндерді бірге өткіздік. Бір-бірімізбен қалжынымыз өте жарасады. Қалжындасып ойнап күлгенге не жетсін! Ендеше қыздар мен ұлдар айтысы. (Оксана мен Бекзат)
Зарина.
Дулат
Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте
Күліп ойнап біріміз бен біріміз. – деп ортаға КВН тарландарын шақырайық.
Мадина:
Мың бұрала билеген,
Аруды кім сүймеген.
Аққудайын қалықтап,
Түрік биін билеген.
Түрік биі. (Меруерт)
Серік
Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды жасырып жүрген біздің ата-аналарымыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көп болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
Мадина:
Саяжан бізде өнерлі,
Әнді жақсы көреді.
Сіздерге қазір «Ана»
Әнін айтып береді.
Мадина:
Дүниеге әкелген,
Олда сенің анашың.
Ақ сүт беріп өсірген,
Ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген,
Ол да сенің анашың.
Серік
Иә, Мадина біз де анамыздың, әкеміздің жақсылығын түсінбей кететін кездеріміз болады. Ендеше сондай баланың басынын кешкен хикаясын тамашалайық. Әзіл –сықақ.
Мадина
Шара апамдай бұралып,
Биді билеп береміз.
Әке толғауындай билерді,
Өте жақсы көреміз. – деп «Қыздар» тобын шақырайық.
Серік
Бізде спорт шеберлері де бар. Осы балалардың өнерлерін тамашаласақ қайтеді.
Ойын ұйымдастыру.
Хор. «Мектеп» полькасы.
Серік:
Жетекші боп жүрдіңіз түлегіне,
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де – дей отырып ұстазымызға береміз.
Ұстаз сөзі. Тақпақ Слайд әр балаға.
Оқушылардың фотосуретін тарату .
Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.
Марапаттау рәсімі: Алғыс хат.
Ән. «Қоштасу». Айым, Гүлім.
Серік:
Қол жаяйық халайық,
Бата тілеп алайық.
Бастауышпен қоштасып
Орта буынға барайық.
Бата алу. (үлкен кісіден). Лента қию.
Қоштасу вальсі.
Апа кіріп, немересін әкеледі:
Қыз.
Білім алуға, үлкенді сыйлауға, Отанды қорғауға, тіліміз бен салт-дәстүрімізді сақтауға
Ұл:
Мәдениетті сақтауға, үлгілі болуға, ерінбей сабақ оқуға , мектебіміздің даңқын көтеруге АНТ ЕТЕМІЗ!
Ақ көгершін әні.
Тілегін айтып «құс ұшырамыз».
(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінін, сценарийі)
1-жүргізуші: Армысыздар! Жаны жайсаң қазақ елі!
2-жүргізуші: Қайырлы күн! Қарыштаған Қазақстан,
Асқақтаған Астана жұртшылығы.
1-жүргізуші: Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата- аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
2-жүргізуші: Қош бол, құтты Бастауыш!
Алғыстарым көп менің.
Ақыл - білім, тәрбиең,
Ой-санама еккенің.
Бүгінгі «Ару қала — Астана құрдастары» атты мерекелік кешімізге қош қелдіңіздер!
1-жүргізуші: Осыдан 4 жыл бұрын, яғни 2004 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған, кіп-кішкентай балғын бүлдіршіндер қандай болды екен?
2-жүргізуші: Олай болса, құрметті ұстаздар, ак пейілді ата-аналар және қонақтар сол бүлдіршіндердің тәтті де бал күндеріне көз жүгіртейік (экранға назар аударайық).
СЛАЙД (1-сынып суреттері көрсетіледі)
1-жүргізуші: Содан бері 4 жыл уақыт өтіпті. Сол бүлдіршіндер қазіргі таңда бойлары да өсіп, ойлары да өсіп, бастауышта білім нәрімен сусындап, орта буын табалдырғын аттағалы отыр. Талаптарыңа нұр жаусын!
2-жүргізуші: Қадамдарыңа гүл бітсін деген тілекпен: 0сы мектебінің алғаш рет табалдырығын аттаған шәкірттері және ...
1-жүргізуші: Астана құрдастарын ортаға шақырамыз. (4-сыныптар ретімен сынып жетекшілері аталып шақырылады)
2- жүргізуші: Сен неге Астана туралы өлең оқып кеттің?
1- жүргізуші: Оның себебі бар: «Астана жаһандағы жаңа Елорда» болып жатқанда мына сенімен мен дүние есігін аштық, яғни біз Астана құрдасымыз. Астана мен біз биыл 10 жастамыз.
2-жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың, сөзіңнің жаны бар. Астана — Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә Назарбаевтың перзенті, ақиқатқа айналған арманы! Арман болғанда да көп адам сенбеген, ал қазір есептеуге болатын — өмір шындығы.
1-оқушы: Жұмыр жердін бір құрлығы - Еуропа пен Азия, екі өркениет батыс пен шығыс түйіскен тұстан, еліміздің көз алдында өмірге келе жаткан бұл шаһар — жас мемлекетіміздін өркен жаюы мен әлеуметінін символы.
2-оқушы: 6 шілде 1994 жылы КР Жоғарғы Кенесі «ҚР астанасын көшіру туралы» қаулы қабылдады.
3-оқушы: 15 кыркүйек 1994 жылы ҚР Президентінің «ҚР астанасы туралы» зан күші бар жарлығы шықты.
4-оқушы: 20 қазан 1998 жылы КР Пре жденті «Аста-на қаласын астана етігі жариялау туралы» жарлығы шықты.
5-оқушы: 20 мамыр 1998 жыл Астана ерекше мәртебесі туралы заңнын қабылданған күні.
6-оқушы: 9-10 маусым 1998 жылы Астананың ҚР елордасы ретінде халықаралық тұсаукесері болды.
7-оқушы: 16 шілде 1999 жыды Астанаға ЮНЕСКО-ның Калалар ейбітшілік шін 99-99 жылар» Жоғары сыйлығыныңсертификаты тапсырылды.
8-оқушы: 10 акпан 2000 жылы Қазақстан Үкіметі «Астана қаласын дамытудын бас жоспары» туралы қаулыны қабылдады.
9-оқушы: 8 тамыз 2000 жыл Н.Ә.Назарбаев қала жерлерінің жалпы көлемі 45195-і ұлғайтылғанына сәйкес «Астана каласының шекараларын өзгерту туралы» Жарлыққа қол қойды.
10-оқушы: 29 маусым 2001 жылы Президентіміз «Астана жаңа қала арнайы экологиялық аймағын құру туралы» жарлыққа қойды.
11-оқушы: 1 мамыр 2002 жылы Астананын жарты миллионшы тұрғыны дүниеге келді.
12-оқушы: 24мамыр2008 жылы Астана каласынын Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің алғаш рет табалдырығын - Астана құрдастары мына біз, бүгін бастауыш білімін аяқтадық.
1-оқушы: Ақша бұлттар аспанында.
Ақботадай ойнақтаған Астана.
Жүз түрленіп қас-қағымда,
Жан сырына бойлатпаған, жас қала.
2-оқушы: Аппақ түнде арайыңды,
Аңсап тұрып, тұтып бағам Астана.
Жусан иісі танауыңды,
Жұпарымен қытықтаған жас қала.
3-оқушы: Сарыарқа, сайран тау, кім білмейді,
Ақ күмбезді Астана күмбірлейді.
Кесегем көгерсе деп осында,
Ертеңін ойлаған ел де осында.
4-оқушы: Бұл Ақмола, Акмола,
Ұлы тарих сан ғасырды көрген жер.
Жау-дұшпаннан талай қатер төнген жер.
Тұңғыш Қазақ Президенті — Нұрсұлтан,
Астананы бастап келген жер...
5-оқушы: Күн нұры аспанымда төгілген,
Шуақ беріп Астанамның төріне.
Бәйтерегім болашаққа жол сілтеп,
Бар әлемге алтын қырдан көрінген.
6-оқушы: Ак күмбез үйлері зәулім дейді,
Астана көркейіп дәуірлейді.
Елімнің сәулеті, сәні осында,
Арманым, үмітім — бәрі осында.
7-окушы: Самал жел ескен,
Жастарым өскен,
Бакытым сенің, АСТАНА!
8-оқушы: Асқарым болар,
Ырысым толар,
Айналдым сенен, АСТАНАМ!
ЖАСАЙ БЕР, ЖАЙНАЙ БЕР, АСТАНА!
Назгүл: Ән ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Үзіледі. үзіледі әуендер,
Күмбірлеген әсем дауыс сазында.
Ән: ҚАЗАҚСТАН (ұлт өкілдері шығады).
1І-оқушы: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жср, атамекен,
Биік тау орман, тоғай, көлімізді.
2-оқушы: Ей. тәкәппар дүние,
Маған бір қарашы.
Танимысын сен мені,
Мен қазақтың баласы.
3-окушы: Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соктықпай жай жатқан елміз.
4-оқушы: Елімізден құт-береке кетпесін деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз.
5-оқушы: Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз.
6-оқушы: Досымызды сақтай білген елміз, дәм- тұзды ақтай білген елміз.
7-оқушы: Біз қазақ ежелден ел едік жаны бай,
Өр мінез, ақ көңіл, мейірбан, қонакжай.
Даналык дарыған ақын ел, батыр ел,
Бабалар мекені - асқар тау, шалқар көл.
8-оқушы: Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ел мен жері үшін айқасқан қайсар қайтпас, ер жүрек қазақ жігіттері жасасын!
9-оқушы: Біздің Казақстан - бай мемлекет. Бізде алтын, мырыш, темір де, күміс, көмір, мақта да, газ, мұнай, бидай яғни бір сөзбен айтқанда, Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі. Қазақстанда 6000-нан астам пайдалы қазбалар бар.
1-оқушы: Алматы- бұл жері жайсаң облыс.
2-оқушы: Ақтөбе - Ақ тарысы, мол ырыс.
3-оқушы: Атырау- мол Қазақстан мұнайы.
4-оқушы: Жамбыл - жайлау шырайлы, қазыналы.
5-окушы: Жезқазған - кен, бұзылмаған қаймағы.
6-окушы: Көкшетау - көп-көгілдір аймағы.
1-оқушы: Қарағанды - кара алтынның коймасы.
2-оқушы: Қостанай - құт қызыл бидай қамбасы.
3-оқушы: Қызылорда - күрішті сыр сағасы.
4-оқушы: Орал - көне Ақжайықтың жағасы.
5-оқушы: Өскемен - өр шығыста Алтай аясы.
6-окушы: Павлодар - қара Ертістің саясы.
1-оқушы: Қызылжар - солтүстігім орманды.
2-оқушы: Семей - аңыз Шығыстаудай қорғанды.
3-окушы: Талдықорған - жер жанаты, көп бағы.
4-окушы: Астана — Арқада ыстық алқабы.
5-окушы: Шымкент - ыстык, оңтүстігім мақталы.
1-жүргізуші: Міне, табиғат-ананың бізге берген кереметтерімен қалайша мақтанбаймыз?!
2-жүргізуші: Алайда, осы табиғат-ананың бізге берген сыйын қорғай, аялай алмасақ мынадай жағдайға душар болуымыз әбден мүмкін.
(Көрініс)
Шал: О, адамдар туған еліңді, ата-қонысынды, Отаныңды кімге тастап бара жатырсың?
Шал: 0, Жер - Ана! Неге мұнша күңіренесің, неге мұнша зарланасың? Саған не болған? Сенімен бірге бүкіл далам түніреп тұр ғой!
Жер - Ана: Мен неге күңіренбеймін, неге зарланбаймын? Қарашы, мына байтақ далама, не болып жатыр, нені көрмеді! Жерім де, елім де тозды. Қарашы, мына Аралыма, толқынды теңізім қайда? Толқынды қуалап шалықтаған шағаларым қайда, теңізді қақ жарып, өтіп жатқан кемелерім қайда? Теңіздің суы тартылып, жердің соры шығып, тілім-тілім болып жатыр. Қайықтарым аударылып, балықтарымның каңқасы қалды. Адамдардың көпшілігі ауруға шалдықты. О, адамзат не ойың бар?
(Ән орындалады)
1-оқушы: Туған жерді сүю - парыз,
Сүю үшін - білу парыз.
Күзетінде тұру - парыз,
Қасиетін ұғу парыз.
2-оқушы: Отаным кең далам орманды,
Болаттан соғылған қорғанды.
Бақыттың, шаттықтың мекені,
Қолдаймыз, қорғаймыз Отанды.
3-оқушы: Қазақ батыр ел деймін,
Ұл мен кызы ер деймін.
Ата - қоныс жерімді,
Мен ешкімге бермеймін.
4-оқушы: Бойымда қайрат, тұрғанда сенім,
Құрбаның болам жолында сенің.
Құлпырып жасай бер, жаса,
Сүйікті Отан, сүйкімді елім, Қазақстан Республикам менің!
5-оқушы: Беріспей, батыр бабам армандаған,
Арман күн, ел жұртына жалғанды аман.
Қаншама құрбандықпен жеткен күнді,
Әлдиле, байтақ елім, орман-далам.
6-оқушы: Жоламасын жамандық,
Болсын әр кез амандық.
Ашық болсын көгіңіз,
Әнге толсын төріміз.
7-оқушы: Жер-Анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады.
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.
8-оқушы: Кең байтақ Қазақстан, менің туған өлкем, оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы — ақ бесігім. Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін.
(Ән орындалады)
Кәрім Сауғабаев. «Нан туралы өлең» оқылады.
1-жүргізуші: Нан - қасиетті тағам. Бұл үлкен еңбектің жемісі. Нанда қасиетті жердің дәмі ең үлкен еңбекпен төгілген тердің дәмі бар.
2-жүргізуші: Иә, нан қандай еңбекпен келсе, білімде сондай еңбекті талап етеді. Біздің шәкірттеріміз де, еңбеккор, ізденімпаз. Сол еңбектің арқасында көптеген жетістіктерге қол жеткізді.
1-жүргізуші: Біз мектепте білім ала отырып, мектеп, ұстаз, әке, ана, дос, Отан жайлы ұғымдарды санамызға сіңіріп өстік. Егер әр оқушының жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол - мұғалімнің еңбегі.
2-жүргізуші: Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десейші! Дүниеде адамда тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен кұрмет жоқ шығар, сірә!
1-окушы: Қиялымды көздедің,
Таптың ойдың тұрағын.
Маған ұстаз сездірді,
Алдағы өмір шырағын.
2-оқушы: Ақылшым, асыл ұстазым,
Жолыңды айқын нұсқадың.
Қасыма кеп қанша сен,
Қамқор боп қалам ұштадың.
3-оқушы: Әлі есімде отырғаным партаға,
Таңданып кеп үңілгенім тақтаға.
Жайдары, ашық ұстазымның сондағы,
Түзу отыр деп қаққаны арқаға.
4-оқушы: Мектепке алғаш келгенде,
Мейірлі жандарды көргенде.
Шарықтап биік қиялым...
Анадай ұстаз мектебім,
Алғысым айтар көп менің.
5-оқушы: Ұсынғаны адалдық,
Үйреткені адамдық.
Бар ұстазға тілейміз,
Бақыт, табыс, амандық!
6-оқушы: Мың бұрала билеген,
Аруды кім сүймеген.
Аққудайын қалықтап,
Шығыс биін билеген. (Шығыс биі орындалады)
1-сынып оқушысы қыз бала: О, мынау қандай керемет!
1-сынып оқушысы ер бала: Сіз кімсіз, ал сіз кімсіз? Менде сіздер сияқты болғым келеді және сіздер сияқты жетістіктерге қол жеткізіп, мектептің атын шығарғым келеді.
1-жүргізуші: Інішек, ұмтылысын жақсы екен. Олай болса, «Бастауыштың білім кілтін» табыс етейік.
2-жүргізуші: Бұл кілт аркылы сендер ұмтылған нәрселерінін барлығына қол жеткізесіндер!
1-сынып оқушысы қыз бала: БІЛІМ АЛУҒА, ҮЛКЕНДІ СЫЙЛАУҒА, ОТАНДЫ КОРҒАУҒА, ТІЛІМІЗ БЕН САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗДІ САҚТАУҒА,
1-сынып оқушысы ер бала: МӘДЕНИЕТТІ БОЛУҒА, ҮЛГІЛІ БОЛУҒА, ЕРІНБЕЙ ЕҢБЕК ЕТУГЕ, МЕКТЕБІМІЗДІҢ ДАҢКЫН КӨТЕРУГЕ, (бәрі) АНТ ЕТЕМІЗ!!!
(Бітірушілер вальсі)
1-оқушы: Мектепті ойлап өткен айы, жыл-күні,
Сондықтан да біздін мектеп үлгілі.
ӘЛИЯ апай — дана кісі басшымыз.
Тәртіп пенен мәдениеттің символы.
2-оқушы: Өз есімі жүректерде жатталған.
БАЯН апай талай жерде мақталған.
Тілін тауып, көңілін тауып бәрінің,
Бастауыштың 25 кызын басқарған.
3-окушы: Орыс тілін құрметтеп,
Сүйеміз шын жүректен.
Мұғалім анамыздай,
Көңілдерге гүл еккен.
Өсіреді сананы,
БИБІГҮЛ апайға мың алғыс,
Әлпештеген баланы.
4-окушы: Сырлары көп ғылымның,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне.
Өз аузына қаратқан,
ЗӘМЗӘГҮЛ апайды ұғамыз.
Сөйтіп әрбір сабақтан,
Сәл есейіп шығамыз.
5-оқушы: Баулыған әрбір өнерді,
СӘУЛЕ апай өнерлі.
Әсем әннін шебері,
Әрбір сөзі мәнерлі.
Қызықтырып ән-күйге,
Бізді үйретіп келеді.
6-оқушы: Кемшілікті кезінде,
Кесіп айтар өзіңе.
Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
Көңілінін хошын-ай,
Көп шәкірттің досындай,
ЖӘНІБЕК ағай осындай.
1-жүргізуші: Бүкіл жер бетіндегі ұстаздар қауымы шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, ыстығы мен суығына төзеді. Біз күлсек бірге күліп, біздің көңіліміз болмаса жаны қалмай сұрап тұратын, ұлағатты ұстаздар қандай тамаша қауым! Мен мына, бүкіл адамзат баласының атынан алғыс білдіріп, тағзым етемін! РАКМЕТ СІЗГЕ, ҰСТАЗ!!!