kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Сарқылмас ұлылықтың бастаушысың, Саған мәңгі басымды ием Бастауышым!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Сарқылмас ұлылықтың бастауысың,

Саған мәңгі басымды ием Бастауышым!»

Музыка ойнап тұрады.

Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,

Көңілдер қуаныштан сарқыраған.

Қоштасатын күн келді бастауышпен,

Қиындау болып тұр – ау бүгін маған.

Кеше ғана алдыма келген еді,

Именіп ұлы ұяға енген еді.

4 жыл бойы сусындап біліммен,

Ұшатын қанат қағып келді кезің.

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл – қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса, 4 «А» сыныбының «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі басымды ием Бастауышым!» атты мерекелік салтанатқа қош келдіңіздер!

Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,

Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті.

Қошеметпен шақырамыз ортаға,

Қадам басқан шәкірттерді құрметті.

(Әуен ырғағымен ортаға шығады)

Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,

Орындалсын арман, тілек, талаптарың.

Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,

Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.

Өткіздік талай күнді, талай айды,

Уақыт сырғып артқа қарамайды.

4 жыл бойы сендермен бірге болдым,

Өткіздік талай қызық, талай жайды.

Ірге тасын қаладым, білім бердім,

Саналы ұл – қыздарым бүгін менің.

Ортада тұрған осы шәкірттердің,

Көрейік тамашалап өнерлерін.

1 – оқушы:(Айбек)

Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата – аналар, қонақтар, оқушылар. Бүгін біз Бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.

Қош келіпсіз, ұстаздар, ата – аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға.

2 – оқушы: (Райымбек)

Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.

3 – оқушы: (Жанель)

Армысыздар, әжелер мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

4 – оқушы: (Айша)

Армысыздар өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби еркелер.

5 – оқушы: (М. Жансая)

Армысың сен, алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім.

Ән: «Мектебім»

Хор: Мектеп – кеме, білім – теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

4 жыл алған білім нәрін,

Азық етіп ер жетеміз.

6 – оқушы: (Диляра)

Мектеп маны толыпты жарасымға,

Ізгілік те, мейірім бәрі осында.

Қанат қағып кешегі балапандар,

Ақыл, білім жетіліп санасында.

7 – оқушы: (Заңғар)

Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,

Сенен өсіп, сенен ғана  нәр алам.

Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа тараған.

8 – оқушы: (Нұртөре)

Мектебім – білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде өстім, артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата – анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкірттердің серті деп біл.

9 – оқушы: (Данара)

Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді күміс сенің қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

10 – оқушы: (М. Карина)

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.

Ән: «Учат в школе»

11 – оқушы: (Аруан)

Алтын ұя мектебім аялаған,

Бар балаға білім беріп, сая болған.

Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,

Жаманға да, жақсыға да пана болған.

12 – оқушы: (А.Карина)

Қоссаңдар бірді екіге үш болады,

Деуші едік біліммен күш толады.

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,

Ақылмен іс істесең, оң болады.

Берушеңіз бізге айтып өлең, тақпақ,

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті,

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

13 – оқушы: (Құралай)

Арманып боп аңсаған,

Мәңгілік қалдым мекендеп.

Өзіңе арнап ән айтам,

Ардақтап ұстаз өтем деп.

Ән: «Ұстазым»

Шара апамдай бұралып,

Биді билеп береміз.

Би дегенің керемет,

Биді жақсы көреміз, - дей келе бишілерімізді ортаға шақырамыз.

Ырғақты би

14 – оқушы: (М.Жансая)

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып,оңымыз бен солымызды танытқан,бізбен бірге қуанып,42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан мектептегі анамыз ұстаз екені бәрімізге мәлім.

15 – оқушы: (Айша)

Ұстаз – дана.Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі»   - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

16 – оқушы: (Заңғар)

Маған ұстаз үйретті,

Әліппесін өмірдің.

Жан жүйемді билетті,

Күйі шалқып көңілдің.

Қиялымды кездірді,

Таптым ойдың тұрағын.

Маған ұстаз сездірді,

Алдағы өмір шырағын.

17 – оқушы: (Диляра)

Басса бұрыс жол сілтеп, қате дейсің,

Әр балаға сен ана,әкедейсің.

Болашақтың көктеген жас шыбығын,

Бағбанындай аялап, мәпелейсің.

18 – оқушы: (Данара)

Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек біз сізді анамызға.

Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық,

Жүргеніңді ұнаттық арамызда.

Ән: «Ұстазым, менің ұстазым»

Хор: Атағым Алатаудай болса биік,

Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп.

Алдыңда әрқашан да тағзым етіп,

Тұрамын «Ұстазым» деп басымды иіп.

19 – оқушы: (Құралай)

Білім алған өзіңнен,

Дәрігер, ұшқыш, бар ғалым.

Саған ыстық сезіммен,

Қарайды жұрт мұғалім.

21 – оқушы: (Райымбек)

Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке, думан болып осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.

Енді міне сағымдай өте шықты,

4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.

Ұстаз ана жасады мына бізден,

Ел танитын азамат бір – бір мықты.

22 – оқушы: (Аруан)

Тез үйрендік әділ мен адалдықты,

Жирендік, ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолын сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

23 – оқушы: (Жанель)

Бізді үйреткен білімге жалықпастан,

Рахмет ұстазыма көзімді ашқан.

Біз – шәкірт,біз – Отанның болашағы,

Білімнің басқышына қадам басқан.

Ән: «Мамандықты игерем»

 24 – оқушы: (А.Карина)

Бастауышта шырқалмаған ән бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар мәңгі талай жылдарға.

25 – оқушы: (Нұртөре)

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қыймастықпен қол бұлғаймын.

26 – оқушы: (Айбек)

Ұмытпаймын жаныма,

 Білім нәрін  еккенін.

Қош, қымбатты ұстазым,

Қош, бастауыш мектебім.

Хор: Сарқылмас ұлылықтың бастауысың,

Саған мәңгі басымды ием Бастауышым!

Ән: Фархаттың орындауында.

Қоштасу вальсі

27 – оқушы: (Айша)

Шақырып алыс арманға,

Асулар күтіп тұр алда.

Өмірге ұлы самғауға,

Жар бола көрсін бір Алла.

Ән: «Сыныптастар - құрдастар»

Хор: Білім берген біздерге,

Рахмет ұстаз сіздерге!

Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,

Орындалсын арман, тілек, талаптарың.

Самғаңдар биіктерге  қайрылмасын,

Енді ғана қатайған қанаттарың.

Азаматы болсын деп саналы елдің,

Кілтін бердім білімнің сан өнердің.

Қимай – қимай сендерді шәкірттерім,

Ақ жол тілеп, қол бұлғап қала бердім

Сөз кезегі:

Ажырамай мектеппен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

Түлектерге арналсын тілегіңіз, - дей келе құттықтау сөз мектеп директорына беріледі.

2. Ата – аналар тілегі.

Грамота, сыйлықтар беру.

Алдыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай,

Аман – есен болыңдар, - деп «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі басымды ием Бастауышым!» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Қош, сау болыңыздар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Сарқылмас ұлылықтың бастаушысың, Саған мәңгі басымды ием Бастауышым!»»

«Сарқылмас ұлылықтың бастауысың,

Саған мәңгі басымды ием Бастауышым!»

Музыка ойнап тұрады.

Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,

Көңілдер қуаныштан сарқыраған.

Қоштасатын күн келді бастауышпен,

Қиындау болып тұр – ау бүгін маған.

Кеше ғана алдыма келген еді,

Именіп ұлы ұяға енген еді.

4 жыл бойы сусындап біліммен,

Ұшатын қанат қағып келді кезің.

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл – қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса, 4 «А» сыныбының «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі басымды ием Бастауышым!» атты мерекелік салтанатқа қош келдіңіздер!

Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,

Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті.

Қошеметпен шақырамыз ортаға,

Қадам басқан шәкірттерді құрметті.

(Әуен ырғағымен ортаға шығады)

Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,

Орындалсын арман, тілек, талаптарың.

Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,

Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.

Өткіздік талай күнді, талай айды,

Уақыт сырғып артқа қарамайды.

4 жыл бойы сендермен бірге болдым,

Өткіздік талай қызық, талай жайды.

Ірге тасын қаладым, білім бердім,

Саналы ұл – қыздарым бүгін менің.

Ортада тұрған осы шәкірттердің,

Көрейік тамашалап өнерлерін.

1 – оқушы:(Айбек)

Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата – аналар, қонақтар, оқушылар. Бүгін біз Бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.

Қош келіпсіз, ұстаздар, ата – аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға.

2 – оқушы: (Райымбек)

Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.

3 – оқушы: (Жанель)

Армысыздар, әжелер мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

4 – оқушы: (Айша)

Армысыздар өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби еркелер.

5 – оқушы: (М. Жансая)

Армысың сен, алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім.

Ән: «Мектебім»

Хор: Мектеп – кеме, білім – теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

4 жыл алған білім нәрін,

Азық етіп ер жетеміз.

6 – оқушы: (Диляра)

Мектеп маны толыпты жарасымға,

Ізгілік те, мейірім бәрі осында.

Қанат қағып кешегі балапандар,

Ақыл, білім жетіліп санасында.

7 – оқушы: (Заңғар)

Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа тараған.

8 – оқушы: (Нұртөре)

Мектебім – білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде өстім, артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата – анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкірттердің серті деп біл.

9 – оқушы: (Данара)

Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді күміс сенің қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

10 – оқушы: (М. Карина)

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.

Ән: «Учат в школе»

11 – оқушы: (Аруан)

Алтын ұя мектебім аялаған,

Бар балаға білім беріп, сая болған.

Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,

Жаманға да, жақсыға да пана болған.

12 – оқушы: (А.Карина)

Қоссаңдар бірді екіге үш болады,

Деуші едік біліммен күш толады.

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,

Ақылмен іс істесең, оң болады.

Берушеңіз бізге айтып өлең, тақпақ,

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті,

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

13 – оқушы: (Құралай)

Арманып боп аңсаған,

Мәңгілік қалдым мекендеп.

Өзіңе арнап ән айтам,

Ардақтап ұстаз өтем деп.

Ән: «Ұстазым»

Шара апамдай бұралып,

Биді билеп береміз.

Би дегенің керемет,

Биді жақсы көреміз, - дей келе бишілерімізді ортаға шақырамыз.

Ырғақты би

14 – оқушы: (М.Жансая)

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып,оңымыз бен солымызды танытқан,бізбен бірге қуанып,42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан мектептегі анамыз ұстаз екені бәрімізге мәлім.

15 – оқушы: (Айша)

Ұстаз – дана.Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

16 – оқушы: (Заңғар)

Маған ұстаз үйретті,

Әліппесін өмірдің.

Жан жүйемді билетті,

Күйі шалқып көңілдің.

Қиялымды кездірді,

Таптым ойдың тұрағын.

Маған ұстаз сездірді,

Алдағы өмір шырағын.

17 – оқушы: (Диляра)

Басса бұрыс жол сілтеп, қате дейсің,

Әр балаға сен ана,әкедейсің.

Болашақтың көктеген жас шыбығын,

Бағбанындай аялап, мәпелейсің.

18 – оқушы: (Данара)

Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек біз сізді анамызға.

Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық,

Жүргеніңді ұнаттық арамызда.

Ән: «Ұстазым, менің ұстазым»

Хор: Атағым Алатаудай болса биік,

Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп.

Алдыңда әрқашан да тағзым етіп,

Тұрамын «Ұстазым» деп басымды иіп.

19 – оқушы: (Құралай)

Білім алған өзіңнен,

Дәрігер, ұшқыш, бар ғалым.

Саған ыстық сезіммен,

Қарайды жұрт мұғалім.

21 – оқушы: (Райымбек)

Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке, думан болып осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.

Енді міне сағымдай өте шықты,

4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.

Ұстаз ана жасады мына бізден,

Ел танитын азамат бір – бір мықты.

22 – оқушы: (Аруан)

Тез үйрендік әділ мен адалдықты,

Жирендік, ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолын сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

23 – оқушы: (Жанель)

Бізді үйреткен білімге жалықпастан,

Рахмет ұстазыма көзімді ашқан.

Біз – шәкірт,біз – Отанның болашағы,

Білімнің басқышына қадам басқан.

Ән: «Мамандықты игерем»

24 – оқушы: (А.Карина)

Бастауышта шырқалмаған ән бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар мәңгі талай жылдарға.

25 – оқушы: (Нұртөре)

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қыймастықпен қол бұлғаймын.

26 – оқушы: (Айбек)

Ұмытпаймын жаныма,

Білім нәрін еккенін.

Қош, қымбатты ұстазым,

Қош, бастауыш мектебім.

Хор: Сарқылмас ұлылықтың бастауысың,

Саған мәңгі басымды ием Бастауышым!

Ән: Фархаттың орындауында.

Қоштасу вальсі

27 – оқушы: (Айша)

Шақырып алыс арманға,

Асулар күтіп тұр алда.

Өмірге ұлы самғауға,

Жар бола көрсін бір Алла.

Ән: «Сыныптастар - құрдастар»

Хор: Білім берген біздерге,

Рахмет ұстаз сіздерге!

Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,

Орындалсын арман, тілек, талаптарың.

Самғаңдар биіктерге қайрылмасын,

Енді ғана қатайған қанаттарың.

Азаматы болсын деп саналы елдің,

Кілтін бердім білімнің сан өнердің.

Қимай – қимай сендерді шәкірттерім,

Ақ жол тілеп, қол бұлғап қала бердім

Сөз кезегі:

Ажырамай мектеппен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

Түлектерге арналсын тілегіңіз, - дей келе құттықтау сөз мектеп директорына беріледі.

2. Ата – аналар тілегі.

Грамота, сыйлықтар беру.

Алдыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай,

Аман – есен болыңдар, - деп «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі басымды ием Бастауышым!» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Қош, сау болыңыздар!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Сарқылмас ұлылықтың бастаушысың, Саған мәңгі басымды ием Бастауышым!»

Автор: Жунусова Шынар Токтасыновна

Дата: 11.12.2017

Номер свидетельства: 443604


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства