Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгінгі саналы оқушы болып, барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі - Әлеппені бітіріп отырмыз. Мұғаліммен бірге оқушылармен қоса оқыған ата-аналар еңбегіміздің жемісін көрейік. Тойларыңыз тойға ұлассын!
Гимн – хор
1 – оқушы:
1а сыныбы оқушыларының «Әліппеге рахмет» - атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!
2-оқушы:
Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі Әліппені бітіріп отырмыз.
1-оқушы:
Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан, біздің жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз.
Мұғалім: Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың,
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
Хор: Құтты болсын тойымыз!
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны әліппе.
Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке
Риза боп соған жүреміз.
Сүйікті біздің, әліппе!
Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық,
Әріптерді үйреніп,
Сауат аштық тойладық!
Мұғалім:
Ал, балалар айтыңдаршы: «Білім алып, оқу үшін ең алғаш қолға ұстаған кітаптың аты қалай?» Әліппе
Олай болса бәрімізге қымбат «Әліппені ортаға шақырамыз»
Хормен: Әліппе, әліппе, әліппе.
Әліппе, ана тілі, Қазақ тілі ортаға шығады.
Мұғалім: Жақсы достар келіңдер.
Тамашаны көріңдер.
Төрімізде орын бар.
Құтты мейман болыңдар!
Әліппе: Армысыңдар, жас достар!
Армысыңдар ата-ана!
Болашаққа жол бастар
«Әліппең» келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың басталады сендерден
Ұстаздар мен балалар
Аталар мен аналар
Танысыңдар досыммен
Достасыңдар осымен
Аттағанда бүгін мен,-
Ана тілін таныңдар,
Оқып ана тілін ақыл, білім алыңдар.
Ана тілі:
Сәлем, ойшыл достарым
Терең білім, ой-саналы
Әрбір сөзім, ой салады
Ғылым, тәлім өнерім көп,
Достасқанға берерім көп!
Қазақ тілі:
Біледі жұрт сөз мәнін.
Әрбір әріп өз мәнін.
Баяндасып тақпақпен.
Ұмытпайын жаттап мен.
1-оқушы: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сырлы жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді.
2-оқушы: Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат аштық тойладық!
«Әліппе» - ән (хор)
Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат,
Басқа оқулық достаспақ,
Әліппемен қоштассақ.
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз,
Ата-ана қуанышқа ортақ бол.
Сауатты боп шықты міне, балаңыз.
Шаттыққа толы жанары,
Ойлады нені, кім білсін.
Мектепке кетіп барады,
Талабы таудай – бүлдіршін.
Алфавиттің «А» тұрады басында,
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында,
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші.
«А» - деген ол аналар ғой ардақты,
«Ә» - деген ол әкелер ғой салмақты,
«Б» - деген ол балалар ғой әдемі,
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.
Біл қадірін кітаптің- ән.
Би «Лезгинка»
Б
Балқаш деген көл екен,
Қазынасы көп екен!
Байқоңырдан ғарышқа
Көз тігелік алысқа.
Ә
Ата-баба жерінің
Қасиетін мен білдім!
Әжеміз ғой үйреткен,
Әліппесін өмірдің.
Ғ
Ғарышкері ғаламның.
Намысты ері даламның
Тоқтар сынды ағамның
Ізбасары боламын.
Ж
Жайық, Еділ – екі су,
Дұшпан тізе-бүккен жер!
Жер жаннаты – Жетісу
Елім, туын тіккен жер.
О
Қазақ батыр ел деймін
Ұл мен қызы ер деймін
Ата – қоныс Оралды,-
Мен ешкімге бермеймін.
Т
Жарақты жаумен алысқан
Қылмысты жаумен қырқысқан
Ең ежелгі астана – қасиетті Түркістан.
«Отан біздің әніміз» - ән
Оқымап ем «бір» алдым,
Кейіп қалды мұғалім.
Әкеп едім екілік,
Мамам шықты жекіріп,
Үш алғанда байқадым,
Папам басын шайқады.
«Бес» деп едім бүгін кеп,
Қалды бәрі күлімдеп.
Кәкен, - деді папасы
Сабағыңнан не алдың?
Күнделікті көрсетіп
- Міне,- деді «бес» алдым
- Мынау тұрған үш делік,
- Ал мынауың екілік
«Бес» алдым деп бүгін сен,
Неге айтасың өтірік?
Ой, папатай есепті
Білмеуіңді қарашы
3-ке қоссаң 2-ні
Бес болмай ма, санашы.
Іші толы әріпке
Жақсы кітап - Әліппе
Әліппені аламыз,
Мектепке біз барамыз.
Әріптерді жаттаймыз
Еске мықты сақтаймыз.
Ұмытпаймыз бәрін де
Атын, затын, түрін де.
«Әліппе» деген – алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес, ауыр жол
Тырмысып бақ намысқа
Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды.
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақтайды, қолдайды.
Мұғалім:
Балалар, міне сөйтіп Әліппе бізге қаншама нәрсе үйреткен. Әліппенің арқасында жазу жазуға, сөйлем құруға дағдыландық. Ендеше әліппеге не деуіміз керек?
Әліппеге рақмет! 3 рет
Әліппе: Айналайын, балғындар,
Менен білім алдыңдар.
Әр сөзімді жаттаған
Достар үшін мақтаған.
Рақмет айтып шаттанып.
Риза болып аттанам
Алда ұзақ жасым бар.
Оқумен өсіп толыңдар
Аман есен болыңдар.
Хор: Бәрімізді сүйіп өткен
Балаларға үйреткен
Әліппемен, ұстазға
Бас иеміз құрметпен.
Ән «Балдырған валісі»
Балаларды орнына отырғызу.
Би «Кукарела»
Сергіту сәті «Еркемай»
Мұғалім: Жақсы білім көрімдік
Болсын сізге халайық
Не үйретіп, не білдік
Кәне ортаға салайық.
Балалар ал енді «Әрқашан күн сөнбесін» ойынын ойнайық.
Күн бұлттанып, жаңбыр жауып тұр. Күн ашылу үшін, жаңбырдың тамшыларын, бұлттардың шетінен алып, берілген сұрақтарға жауап беріп, күннің бетін ашасыңдар.
Сөздерді оқып, буынға бөл.
Тірек – схема бойынша сөйлем құр.
Сөйлем неше сөзден құралған?
ә. 1-ші сөздегі таяқша нені білдіреді?
б. Нүтке нені білдіреді?
Қосу амалының компоненттерін кім атап береді.
Орнын ауыстырғанда қосылғыштардың мәні өзгермейді.
Қосындының мәнін табу.
Айырманың мәнін тап.
Тізбектерді жалғастыр
Сандарды салыстыр
Ұзындық өлшемі 10дм-1см
Өрнектердің мәнін тап
Ребустар шешу.
Балалар қалай ойлайсыңдар күн бізге риза ма?
Ендеше қазір «Әрқашан күн сөнбесін» әнін айтамыз.
Осымен «Әліппеге рақмет атты ертеңгілігіміз аяқталды.