Я Сариева Индира Кенжебаевна работаю в школе.Моя профессия мне очень нарвится.Я горжусь, что стала учительницой.Люблю свою роботу и детей, их у меня 30.Мы первая школа в Шымкенте! Я люблю свойх детей и срадостью учу их чтобы они всегда были первыми в школе и в жизни.Они любят учавствовать в олимпиадах и конкурсах.Они у меня умницы и умнички.Я горжусь ими.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?ліппе деген алтын жол 1 в сынып»
Әліппе саған мың алғыс!
Көрнекілігі: шарлар,үнтаспа, ертегі кейіпкерлері.
Барысы:
Мұғалім:
-Жылылықпен сәлем бердік баршаңызға,
Көрермен ата- ана ұстаздарға.
Шақырдық бүгін міне біз шаттана,
Мерекеміз Әліппемен қоштасуға.
Саламатсыздар ма, құрметті ата-аналар,қонақтар !
Осыдан 5 ай бұрын 1-қыркүйек күні сыныпқа алғаш кіріп,қолдарына алғаш қалам ұстап, қуанып мектеп табалдырығын аттаған оқушыларға бір сәт назар аударуға рұқсат етіңіздер!
Фатима (1-жүргізуші):
Армысыздар құрметті қонақтар!
Едіге (2- жүргізуші):
Ассалаумағалейкум ,уа халайық!
Фатима:
Армысыздар мұғалімдер әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би де биленіп, әнде бүгін шырқалар.
Едіге:
Армысыздар,аналар,
Бармысыздар балалар.
Сөзіме құлақ салыңыз,
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі ән- жырымыз.
Гүлден:
Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достассақ
Әліппемен қоштаспақ
Өсті білім бойымыз
Құтты болсын тойымыз
Фатима:Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.
Едіге:
Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым білім жолына ,
Енді қайық саламыз.
Мұғалім:
-Балалар,біз бүгін әліппе тойын саяхатқа шығып тойлайық.Олай болса «Білім патшалығына» кемеге мініп барайық. Қане кім дайын?
-Мен капитан боламын!
-Мен жүргізуші боламын!
-Мен дүрбі аламын!
Оқушылар кеме макетімен музыкамен сапарға аттанады.
Едіге: Қараңдар жер!жер!жер!
Капитан –Бұйрықты тыңда!Аралға аялда!
Оқушылар екі қатарға тұрады.
Үтір: -Білім патшайымы, Білім патшайымы( жүгіріп келеді) Сіз білесізбе біздің аралымызға бір кеме келіп тоқтады.Олар кімдер? Қарақшылар ма? Қорқамын!
Білім патшайымы:-Қорықпа,Үтір.Мына балаларды айтасың ба?Қазір сурастырамыз.
Саламатсыңдарма балалар қайдан келдіңдер?
Барлығы :-Саламатсыз ба ,Білім патшайымы! Біз №1 А.С.Пушкин атындағы мектеп –гимназияның 1 «В»сынып оқушыларымыз.Биыл біз,Әліппені бітірдік.Әліппеге алғыс айтқалы келдік.
Білім патшайымы:-Бұл керемет қой.Менің патшалығымда әліппе деген оқулық бар.Қане,ортаға шақырайық.
Хормен -Әліппе, Әліппе, келіңіз!
Әліппе шығады.
Әліппе:- Сәлеметсіңдер ме балалар!
Оқушылар-Сәлеметсіз бе,Әліппе.
Әліппе :- Ия, мені оқып бітіріп ер жеттіңдер.Не білдіңдер ,не үйрендіңдер?Қане ортаға салыңдар.
Әміржан:
Ә-дегенім Әліппе
Бастауы бар білімнің
Әріп шашу шашайық
Әліппені ортаға ап
Ән думанға басайық
Аида:
Келгенде алғаш мектепке
Ең алғаш Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерге
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді
Құлманов Б.
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы
Жансезім:
Әліппем менің Әліппем
Өшпейтін нұрлы әріптен
Есігін аштым әріптің
Өзіңнен кілт алып мен.
Інжу:
Едіге:
Әліппе сауатыңмен санамды аштың
Достарыммен теңдес араластым
Үйреніп әріптер мен әңгімені
Күн сайын алға қарай қадам бастым
Ақарыс:
Таңдана бүгін қараймын
Құдіретті ғажапқа
Әр сөзі ұлы Абайдың
Әліппе күллі қазаққа
Асылжан:
Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзін көріппе ең
Том-том болған кітаптың
Басы болған Әліппем
Мөлдір:
Әліппем менің Әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен
Фатима:
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте
Оқимыз қазір ертекте
Үйреттің оны Әліппе
Айша:
Үйретті бізді Әліппе
Қырық екі дербес әріпке
Сөз, сөйлем құрап әріптен
Лайық болдың дәріпке
Кәусар:
Жазуды да жазамыз
Суретті де саламыз
Нұрға толы санамыз
Біз өнерлі баламыз
Әліппе әні орындайтын Ильяс.
Мөлдір:
Ақылшым асыл ұстазым
Жолымды айқын нұсқадың
Қасыма келіп қанша сен
Қамқор боп қалам ұстадың
Айша:
Өз аузына қаратқан
Ұстаз ойын ұғамыз
Сөйтіп әрбір сабақтан
Сәл есейіп щығамыз
Әмина:
Ұқсатпа мені басқаға
Есейдім 7 жасқа енді
Аружан:
Осылай алға бастадым
Әр әріпті жаттадым
Жаттаған сайын әріпті
Сөз құрап жаза бастадым
Димаш:
Үйретіп
Сұлтан:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа
Калдыбек. Б:
Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық тойладық
Аяна:
Еркесі едім атамның
Еркесі едім әжемнің
Толып биыл 7-ге
Мен де оқушы атандым.
Анель:
Ыстық әрбір беттерің
Жазуыңды ұғамын
Ақыл бердің Әліппе
Ақылды сен мұғалім
Альбина:
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып
Қарсы алды мейіріммен
Қадамымды құп алып.
Айша:
Үйретті бізді Әліппе
Қырық екі дербес әріпке
Сөз, сөйлем құрап әріптен
Лайық болдың дәріпке
Мұғалім: -Біздің оқушылар биді жақсы билейді.
Би вальс.
Білім патшайымы:
-Балалар қазақ тілінде неше әріп бар?
Олар нешеге бөлінеді?
Фатима мен Едіге:
Алфавитті білеміз
Онда жүйе қалып бар
Біздің қазақ тілінде 42 әріп бар
Жан:
Айналдым сені аяулы менің Әліппем
Құралған 42- қымбат әріптен
Үйреніп оқып жаздым қалам алып
Қадірледім қасиетіңді танып мен.
Бекнұр:
Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі.
Соғылған сомдар алтыннан
Әліппе –білім бесігі
Білім патшайымы:-Балалар ал есеп білесіңдер ме ?
Сендерге сұрақ тақ сандарды атаңдаршы
Жұп сандарды атаңдаршы, ал қазақта қай сан киелі?
Ертегі«Мақта қызбен мысық»
Ильяс:
Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыңдар қасиетті Аналар!
Жансезім:
Бала бала,бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйкысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Ерасыл:
Әжем асыл ардағым
Атам дана қорғаным
Біз бақытты ұланбыз
Бәрі бізге қуансын
Ғазизжан:
Әліппе :
-Ал, балалар өнерлеріңді, білімдеріңді тамашаладым маған өте ұнады.Мен енді сендермен қоштасамын,енді сендер ана тілін оқитын боласыңдар!
Менің тілегімді қабыл алыңдар:
-Оқуда зейінді болыңдар
Еңбекте бейімді болыңдар
Ақ жол болсын балаларым
Кір шалмасын қабақтарың
Оқығандарың есте болсын
Күнделіктерің беске толсын!
Қош болыңдар балалар!
Білім патшайымы:
- Ал , балалар енді сендерге Ана тілін табыс етемін.Мұқият оқып ойларыңа тоқыңдар! ( оқушыға табыс етеді)
Полька биі
Ән Аманат орындайтын Дінмұхаммед
Едіге :
Қош бол құтты Әліппе
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің
Руслан:
Әліппені бітірдім
Жаза аламын атымды
Әліппені бітіріп
Бала болдым ақылды
Мадияр:
-Қуанамыз, сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Әліппені қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
Жансая:
Біз енді әліппемен қоштасамыз
Жолына гүл мен қоса жыр шашамыз
Білімнің бұлағына сусындауға
Көптеген кітаптармен достасамыз
Ғазизжан
Қош бол құтты әліппем
Тіл тұсауын кестің сен
Аяулы апам болып сен
Айыбымды кештің сен
Мади:
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз
Ата-ана кунышқа ортақ бол.
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Мөлдір :
Аспан түстес көгілдір
Тік бұрышты матаның
Ортасында төгіп тұр
Күн жаяды шапағын
Анель:
Астында оның қаланған
Қыран кұстың бейнесі
Сол жағында матаның
Әсем өрнек ол ұлттың
Аманат әні орындайтын Дінмұхаммед
Білім патшайымы:
-Балалар сендер өте өнерлі білімді екенсіңдер.Талаптарыңа нұр жаусын!Қош болыңдар балалар!
Мұғалім :
-Балалар біздің саяхатымыз аяқталды.Білім патшаймымымен қоштасайық.Қош болыңыз білім патшайымы.Біз енді өз мектебімізге ораламыз!Енді біз Ана тілін оқтитын боламыз.
«Көк тудың желбірегені»
Бүгінгі ертеңгілігіміз соңына да келіп жетті.Назар қойып тыңдағандарығызға рахмет! Балалар сендерді құттықтауға Мектептің директоры және оқу ісі меңгерушілері және ата-аналар келді .
Соңы
Жан:
Айналдым сені аяулы менің Әліппем
Құралған 42- қымбат әріптен
Үйреніп оқып жаздым қалам алып
Қадірледім қасиетіңді танып мен.
Тышқанның сөзі
1 сөзі
-Ой қорқамын, қорқамын,
Мен кішкентай тышқанмын.
Асығып ініме барамын,
Мен сенен қоқамын.
2- сөзі
Бір уыс дән бар
3-сөзі
-Айтсаңыз болды,мысық тақсыр!
4-сөзі
Міне сізге бір уыс дән.
Мөлдір :
Аспан түстес көгілдір
Тік бұрышты матаның
Ортасында төгіп тұр
Күн жаяды шапағын
Мөлдір :
Ақылшым асыл ұстазым
Жолымды айқын нұсқадың
Қасыма келіп қанша сен
Қамқор боп қалам ұстадың
Мөлдір:
Әліппем менің Әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен
Мысықтың сөзі:
1-сөзі
-Мен мысықпын
Сондай пысықпын
Пырылдап пеш үстінде
Ұйықтаймын күнде
Ием менің Мақта қыз
Мен сияқты пысық қыз
Мені жақсы көреді
Күнде қатық береді
2-сөзі м...я....ууууу
Мяуууу не болды?
Мяууу не болды соншама
Ояттың мені Мақта
Түс көріп жатқанда
3-сөзі
Айтшы,Айтшы Айтшы
4-сөзі
Айтпасаң қатығыңды төгемін!
(Мысық қатықты төгеді)
5-сөзі
Апа құйрығымды берші
Апа, апа құйрығымды берші
Мысық сиырға барады
Сиыр, сиыр маған қатық берші
Ағаша ағаш, биік ағаш маған жапырақ берші
(Мысық қыздарды көреді)
Қыздар,қыздар маған су беріңдерші.
Дүкенші ,дүкенші ,дүкенші ағай сізде сағыз бар ма?