kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ліппе - білім анасы!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: ?ліппе - білім анасы!

Ма?саты: 1. О?ушыларды? ?ліппеге деген с?йіспеншіліктерін арттыру, о?ушыларды? білімін тияна?тау;

                     2. О?ушыларды? с?зік ?орларын байыту, ойлау ?абілеттерін жетілдіру;

                     3.Ту?ан жер, Отанды с?юге, адамгершілікке, ?дептілікке, ?лкенді сыйлау?а т?рбиелеу;

Ерте?гілікті?  ?тілу барысы:

                Сахна орман бейнесінде безендірілген. Музыка ойналады. Сахна?а си?ыршы ?ыз келеді.

Си?ыршы ?ыз: - Ой, б?гін к?н ?андай тамаша! ?ара?даршы, ?андай ?демі, к?рікті! Осы ?ажайып к?н  бізге                 к?лімдеп, ?уаныш сыйлап т?р?андай! Мен ?шін б?гін ерекше к?н. Б?гін мені? си?ырлы тая?ым тамаша                 та??ажайыпты к?рсетер ме екен?! К?не, си?ырлы тая?ым, ма?ан ?андай ?ызмет к?рсетесі??

                (Сол кезде шар жарылып, сол жа?тан ж?ргізуші кездеседі)

Ж?ргізуші: - Армысыз, кішкентай си?ыршы!

Си?ыршы ?ыз: - С?леметсіз бе? Мен сізді танымадым? Мен ?зі ?айда т?рмын?

Ж?ргізуші: - Кішкентай си?ыршы, сіз  Жарб?ла? орта мектебінде т?рсыз. Б?гін бізді? мектебімізде ерекше          той-думан ?ткелі жатыр. 1-сынып о?ушылары ?ліппемен ?оштас?алы отыр. Кел, кішкентай си?ыршы,           бізді? балаларды? білімін, ?нерін бірге тамашала?ыз.

Си?ыршы ?ыз: - Рахмет сізге. Мен де сізге к?мектесіп т?рсам бола ма?

Ж?ргізуші: - ?рине, болады. ?зірше балаларды? арасында бола т?р.

1 - ж?ргізіші: - ?ымбатты ата-аналар, аяулы ?стаздар, с?йікті ш?кіттер!

2 - ж?ргізіші: 1"А" сынып о?ушыларыны? "?ліппе - білім анасы!" атты ерте?гілігін бастау?а р??сат еті?іздер.

3 - ж?ргізуші:  - Б?гін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел бол?ан, т?уелсіз т?лпардай етек же?іміз ке?ейіп,   атымыз алыс?а жетіп жат?ан ша?та тойлары?ыз?а та?ы бір той ?осылма?.

4 - ж?ргізуші: - Кеше ?ана ала?сыз шап?ылап ж?рген б?лдіршіндер б?гінде бойларында жауапкершілік пайда                 болып, саналы азаматты? ал?аш?ы борыштарыны? асуын аман-есен ?тіп, бір ?адам ал?а басып отыр.

1 - ж?ргізуші: - Балалар, біз ?ай ауылда т?рамыз? (?абанбай ауылы)

                - Мектебіміз ?алай аталады? (ЖОМ)

                - Біз ?ай Республикада т?рамыз? (?Р)

                - ?аза?стан Республикасыны? р?міздерін ата?дар. (Ту, Елта?ба, ?н?ран)

                - 16 - желто?сан ?андай мереке? (Т?уелсіздік к?ні)

1-о?ушы:  Т?уелсіздік - досты?ымыз

                      Ынтыма?ы жарас?ан.

                      Т?уелсіздік - ел бірлігі

                      Ас?а? арман талас?ан

?деби монтаж

?ліппе: - Балалар, сендерге мен ризамын. Талапты екенсі?дер.

                Ризамын ??рметті ш?кірттер,

                Ме?герді?, болмады? бос?а тер.

                Ана тілі атты бір ?пкем бар,

                Сендерді жетелеп ?кетер.

                                                                                                                                             (Ана тілі кіреді)

?ліппе:  - Ал, балалар ! Енді мені? сендерге айтатын тілегім жа?а достары?ды да мендей с?йіп, мендей к?тіп                 ??рметте?дер.

Ана тілі: С?леметсі?дер ме, балалар?

Бірге: ?ош келді?із Ана тілі.

Ана тілі: С?йлетер с?зді шеберлеп,

                  ?зі?ні? ана тілі?мін.

                  Байыптап жа?сы о?ыса?,

                  Негізі менде білімні?.

                  Ана тілі? - ??ралы?,

                  Ана тілі? - ?раны?

                  Ана тілі? болмаса,

                  Мы?ты болмас т?ра?ы?.

Бірге: О?имыз, о?имыз!

1 - ж?ргізуші: - "?ліппе" бізді? білім бесігін аш?ан ал?аш?ы о?улы?ымыз болса, "Ана тілі" с?з сырын         ??тыратын сырласымыз болары аны?.

2- ж?ргізуші: - Е? алдымен мына с?ра??а жауап берейікші.                 -Осы біздер ?андаймыз?

                1.Талабы биік таудаймыз.

                2.Мы? б?рал?ан бишіміз.

                3.К?мбірлетер к?йшіміз.

                4.Біз ?ызы?пыз-?ызы?пыз, С?л еркелеу б?зы?пыз.

                5.Біз шеберміз.

                6.А?ылдымыз.

                7.?лкенге ізеттіміз, кішіге ?ам?ормыз.

                8.К?п о?имыз.

                9.?аза?стан - Елта?басымен е?селі, Туымен т??ырлы, ?н?ранымен айбатты.

Бірге: Біз ?аза? еліні? болаша?ымыз.

Ана тілі:  - Біз, бір-бірімізбен танысты?, айнымас дос боламыз!

Бірге: Дос боламыз!

К?рініс: "К?ншіл ?йрек" (Ертегі)

26-о?ушы: ?ош бол, ??тты ?ліппем!

                К?п н?рсені ?йретті?

                Таныстырып ?ріппен

                Та?ылдатып с?йлетті?.

27-о?ушы: ?адірі?ді кеш білсем

                Кояр ем к?птен ?алып мен

                Тіл т?сауын кесті? сен,

                ?ош бол, ??тты ?ліппем!

28-о?ушы:Неткен ?ажап к?рікті е?

                К?п н?рсе ??тым ?ріптен

                Бастап берген білімді

                ?ош боп т?р, мені? ?ліппем!

29-о?ушы:?ліппем, мені? ?ліппем.

                ?мірді келем танып мен

                ?айталап айтам мы? рет

Бірге: - ?зі?е к?п-к?п рахмет!

?н: "?ліппе"

?ліппе: - Балалар, мен сендерге ризамын. Мені жа?сы игеріпсі?дер. Бас?а п?ндерді де жа?сы о?ы?дар.

                ?оштасамын сау болы?дар,

                Б?лдіршіндер балдыр?андар.

                Озат болып, ер жеті?дер,

                ?стаз к??ілін ?алдырма?дар.

Бірге: ?ош болы?ыз ?ліппе!

2-ж?ргізуші: -Ал, енді "?ліппені" ерінбей, жалы?пай жанымызда отырып ?йреткен жандар?а жыр жолдап,                 рахмет айтамыз.

1-ж?ргізуші: - ?аза? хал?ы - батыр, шешен. Сонымен ?атар сауы?шыл, думаншыл халы?. Енді     назарлары?ыз?а ша?ын концертімізді ?сынамыз.

Концерттік ба?дарлама

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ліппе - білім анасы!»

Тақырыбы: Әліппе - білім анасы!

Мақсаты: 1. Оқушылардың әліппеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылардың білімін тиянақтау;

2. Оқушылардың сөзік қорларын байыту, ойлау қабілеттерін жетілдіру;

3.Туған жер, Отанды сүюге, адамгершілікке, әдептілікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу;


Көрнекілігі: тақырып, көрнекі суреттер, шарлар, аріп белгілері (мектептің үлкен залы мерекеге сай безендірілген)

Ертеңгіліктің өтілу барысы:

Сахна орман бейнесінде безендірілген. Музыка ойналады. Сахнаға сиқыршы қыз келеді.

Сиқыршы қыз: - Ой, бүгін күн қандай тамаша! Қараңдаршы, қандай әдемі, көрікті! Осы ғажайып күн бізге күлімдеп, қуаныш сыйлап тұрғандай! Мен үшін бүгін ерекше күн. Бүгін менің сиқырлы таяғым тамаша таңғажайыпты көрсетер ме екен?! Кәне, сиқырлы таяғым, маған қандай қызмет көрсетесің?

(Сол кезде шар жарылып, сол жақтан жүргізуші кездеседі)

Жүргізуші: - Армысыз, кішкентай сиқыршы!

Сиқыршы қыз: - Сәлеметсіз бе? Мен сізді танымадым? Мен өзі қайда тұрмын?

Жүргізуші: - Кішкентай сиқыршы, сіз Жарбұлақ орта мектебінде тұрсыз. Бүгін біздің мектебімізде ерекше той-думан өткелі жатыр. 1-сынып оқушылары әліппемен қоштасқалы отыр. Кел, кішкентай сиқыршы, біздің балалардың білімін, өнерін бірге тамашалаңыз.

Сиқыршы қыз: - Рахмет сізге. Мен де сізге көмектесіп тұрсам бола ма?

Жүргізуші: - Әрине, болады. Әзірше балалардың арасында бола тұр.

1 - жүргізіші: - Қымбатты ата-аналар, аяулы ұстаздар, сүйікті шәкіттер!

2 - жүргізіші: 1"А" сынып оқушыларының "Әліппе - білім анасы!" атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.

3 - жүргізуші: - Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта тойларыңызға тағы бір той қосылмақ.

4 - жүргізуші: - Кеше ғана алаңсыз шапқылап жүрген бүлдіршіндер бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық алғашқы борыштарының асуын аман-есен өтіп, бір қадам алға басып отыр.

1 - жүргізуші: - Балалар, біз қай ауылда тұрамыз? (Қабанбай ауылы)

- Мектебіміз қалай аталады? (ЖОМ)

- Біз қай Республикада тұрамыз? (ҚР)

- Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңдар. (Ту, Елтаңба, Әнұран)

- 16 - желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)



1-оқушы: Тәуелсіздік - достығымыз

Ынтымағы жарасқан.

Тәуелсіздік - ел бірлігі

Асқақ арман таласқан

2 - оқушы: Тәуелсізді - өткеніміз

Асулардан сан асқан.

Тәуелсіздік - ертеңіміз

Арайланып таңы атқан.


3 - оқушы:Тәуелсіздік - жыр-әнім,

Тәуелсіздік - ұраным.


4 - оқушы:Әйнегі - күн, шатыры - аспан,

Кең дала төсі толқыған егін.

Көлдері көкке күмістер шашқан

Қазақстан Республикам менің!


Ән: "Менің Отаным" Сөзі: Б. Ысқақов

Әні: Ө. Байділдаев


2- жүргізуші: - Жеміспен құты тола ма,

Бір - бірлеп теріп аламасаң?

Әп сәтте шыға қоя ма,

Еккен дәнін ойласаң?


1-жүргізуші: - Білім де сондай қарағым,

Біртіндеп сіңер ойыңа,

Ұғып ал білім боларын,

Шамшырағың жолында


3-жүргізуші: - Көлге ойнаған бұлақтың

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том-том қалың кітаптың

Басы болар "Әліппең" - деп ақын Мұзафар Әлімбаев жырлағандай, бұл білімнің, ғылымның алғашқы жолы ғана.


4-жүргізуші: - Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.


Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!


Әліппе: Армысыңдар, жас достар!

Армысыңдар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға.

Білім деген ғаламның,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Жақсы білім - көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйрендік, не білдік,

Қане, ортаға салайық!


5-оқушы: Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны, әліппе!


6-оқушы: Енді біз жаза білеміз.

Әріпті косып әріпке .

Риза боп соған жүреміз

Сүйікті біздің, әліппе.


7-оқушы: Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық, тойладық.


8-оқушы:Барлық әріп бағалы,

Айттық барлық бағаны.

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті

Ардақтайды, қолдайды.


9-оқушы: Таңнан тұрып, бетті жуып

Кітабымды реттеймін.

Сәлем саған, келем саған.

Көп аңсаған мектебім.


Ән: "Сәлем саған, мектебім!" Сөзі: С. Мәуленов

Әні: Л.Хамиди



Осы кезде айқайлап:

- Балалар Жалқаубекті көрдіңдер ме? - деп Дымбілмес келеді. Қолында теріс ұстап алған кітабы бар.

Дымбілмес: - Ой, мына жерде көп балалар отыр ғой! Сендер не істеп отырсыңдар?

Жүргізуші: - Әй, сен бе, Дымбілмес?! Жай жүрсің бе?

Дымбілмес: - Иә, мен, Дымбілмеспін. Немене бұл жерге маған келуге болмай ма?

Жүргізуші: - Жарайды, Дымбілмес. Саған ешкім болмайды деген жоқ қой. Сенің досың жалқаубекті біз көрмедік. Қолыңдағы қандай кітап? Сен оқи білесің бе? Кітапты қалай ұстап алғансың?

Дымбілмес: - Е-ее, қалай еді осы кітаптың аты? Ұмытып тұрғаным-ай! (кітапты түзеп ұстап алады)

Жүргізуші: - Кітаптың атын балалардан сұра, саған олар айтып береді.

Дымбілмес: - Балалар, бұл кітаптың атын білесіңдер ме?

Жүргізуші: - Әрине біледі. Кәне, балалар айтып жіберіңдерші.

Балалар хормен: "Әліппе" - деп айтады.

3 - жүргізуші: - Дымбілмес, сенің әліппені оқи алмайтының қиын болды. Ал, біздің балалар әліппе оқулығын аяқтағалы отыр. Барлығы оқи алады, жазады, есеп те шығара алады. Дымбілмес, кел, балалардың білімдерін, өнерлерін тамашала.

4- жүргізуші: - Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. Қырық екі әріпті түгел жаттап алдық.

3- жүргізуші: - "Әліппемен" қоштасу тек біздің мектепте емес, бүгін Отанымыздың біз сияқты мыңдаған балалары "Әліппе" кітабын бітіргендерін мерекелеуде.

10-оқушы: Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танып, сауатымызды ашқан әліппені бітірдік.

11-оқушы: Мен енді өзім оқып, өзім жазамын. Ертегі, әңгімені де өзем оқи алатын болдым.

12-оқушы: Біз кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендік.

1-жүргізуші: Әліппе, балалар өзің туралы өлең, тақпақ үйренді. Енді соны тыңдасаңыз.

13-оқушы: Әліппе - білім анасы,

Әліппе - кітап данасы.

Әліппе - бетін ашпаған

Адамның бар ма баласы.

Әліппе деген - алтын жол!

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.


14-оқушы: Әліппем, менің әліппем.

Сені қолға алып мен

Есігін аштым білімнің

Ертеңгі сәуле жарықпен.


15-оқушы:Әліппем, менің әліппем

Өшпейтін нұрлы әріппен,

Есігін аштым білімнің

Өзіңнен кілт алып мен.


16-оқушы: Әліппем, менің әліппем.

А деген бастап әріппен

Сөз құрап жаза бастадым

Тақылдап таңба танып мен.


17-оқушы: Ыстық әрбір беттерің,

Жазуыңды ұғамын.

Ақыл бердің әліппе,

Ақылды сен мұғалім.


Ән: "Мұғалім ол біздің" Сөзі: М. Әлімбаев

Әні: И. Нүсіпбаев


3-жүргізуші: Балалар, сиқыршы қызымыз сендермен бір ойын ойнасам дейді. Ойнаймыз ба?

Балалар: Иә, ойнаймыз!

4-жүргізуші: - Ендеше, кішкентай сиқыршы мен ойынға қатысушы балаларды ортаға шақырамыз.

Сиқыршы қыз: - Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Шешімін дұрыс тапсаңдар, бір сөз шығады. Кәне, мұқият тыңдаңыздар.

1. Әжеде бар да, атада жоқ,

Әтеште бар да, көжекте жоқ,

(Ә)

2.Мынау - доға, қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп?

(Л)

3.Ірімшікті жедің ғой,

"Тәтті екен" дедің ғой.

Оның аты біз жазған

Қайсы әріптен басталған?

(І)

4. Ата-анаңмен барып сен ,

Пілді көрдің парктен

Осы атаулар, зер салшы

Басталған қай әріптен?

(П)

5. Пілде бар, шілде жоқ,

Допта бар, шарда жоқ.

(П)

6. Ешкіде бар, қойда жоқ,

Кеседе бар, қасықта жоқ.

(Е)

Сиқыршы қыз: - Балалар, қандай қасиетті сөз шықты?

Балалар: "Әліппе"

Сиқыршы қыз: - Ал, енді әліппе сөзімен құралған әріптеріміз де сыр шертеді.

1. Әжем әнге басады,

Әтеш ұйқы ашады.


2. Лашын биік самғайды

Лашын көкті шарлайды.


3. Інісіне бағалы,

Іңкәр ішік алғанды.


4. Павлодарда трактордың,

"П" жүр екен бұрап кілтін.


5. Партамызда отырдық,

Парақтап кітап оқыдық.


6. Елге есті ер керек,

Ер жетер өсіп ертерек.


3- жүргізуші: - Кішкентай сиқыршы біздің балалардың сіздің ойыныңызға сәйкес келетін әні бар, соны тамашалаңыз.

Ән: "Әліппе" Өлеңі: Ж. Нәжімеденов

Әні: Б. Ғизатов



18-оқушы: Үйретті бізді әліппе.

Қырық екі дербес әріпке

Сөз,сөйлем құрап әріптен

Лайық болдық дәріпке.

Қолыма кітап тигеннен

Таудай болып үйген ем

"Анашым" деп жазуды

Әліппеден үйренгем.


19-оқушы:Әріптің біліп қанығын

Өмірдің көрдім анығын

"Әке" деп те жазуды

Әліппеден таныдым.


20-оқушы:Жаттап өсіп өлеңді

Білем қазір көп әнді,

Әліппеден үйрендім

"Рахмет" дегенді.

Білем байтақ даланы

Білем үлкен қаланы

Әліппеде бәрі тұр

Білем жақсы баланы.


21-оқушы: Әскерде жүр өз ағам

Арнап жақсы сөз оған

Әліппеден үйрендім

Хатты өзім жаза алам.


22- оқушы:Іші толған әріпке

Мынау әйбат әліппе

Барлық ілім-білімнің

Әжесі осы әліппе.


23-оқушы:Апа-ата атын сен,

Бізге үйреттің әліппе

Бізге нағыз жақын сен,

Сенен білдік әріпті.


24-оқушы:Орындалып тілегім

Әліппеден түледім

Қызық-қызық енді мен

Ертегі айта білемін.

Шеше аламын жұмбақты

Ажыратам жан-жақты,

Білім беріп әліппем,

Жүрегіме шам жақты.


25-оқушы:Қолымнан мен тастаман,

Артық көрем басқадан

Барар жолды білімге

Әліппеден бастағам.


Әліппе: - Балалар, сендерге мен ризамын. Талапты екенсіңдер.

Ризамын құрметті шәкірттер,

Меңгердің, болмадың босқа тер.

Ана тілі атты бір әпкем бар,

Сендерді жетелеп әкетер.

(Ана тілі кіреді)

Әліппе: - Ал, балалар ! Енді менің сендерге айтатын тілегім жаңа достарыңды да мендей сүйіп, мендей күтіп құрметтеңдер.

Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Бірге: Қош келдіңіз Ана тілі.

Ана тілі: Сөйлетер сөзді шеберлеп,

Өзіңнің ана тіліңмін.

Байыптап жақсы оқысаң ,

Негізі менде білімнің.

Ана тілің - құралың,

Ана тілің - ұраның

Ана тілің болмаса,

Мықты болмас тұрағың.


Бірге: Оқимыз, оқимыз!

1 - жүргізуші: - "Әліппе" біздің білім бесігін ашқан алғашқы оқулығымыз болса, "Ана тілі" сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болары анық.

2- жүргізуші: - Ең алдымен мына сұраққа жауап берейікші. -Осы біздер қандаймыз?

1.Талабы биік таудаймыз.

2.Мың бұралған бишіміз.

3.Күмбірлетер күйшіміз.

4.Біз қызықпыз-қызықпыз, Сәл еркелеу бұзықпыз.

5.Біз шеберміз.

6.Ақылдымыз.

7.Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.

8.Көп оқимыз.

9.Қазақстан - Елтаңбасымен еңселі, Туымен тұғырлы, Әнұранымен айбатты.

Бірге: Біз қазақ елінің болашағымыз.

Ана тілі: - Біз, бір-бірімізбен таныстық, айнымас дос боламыз!

Бірге: Дос боламыз!

Ана тілі: - Ал, балалар, сендер ойын-сауықтарыңды жүргізе беріңдер. Мен енді үшінші тоқсан басталғанша демала тұрайын, кездескенше сау болыңдар!

Бірге: Сау болыңыз, Ана тілі.

Әліппе: - Қандай ертегі білесіңдер?

Көрініс: "Күншіл үйрек" (Ертегі)

26-оқушы: Қош бол, құтты әліппем!

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің.



27-оқушы: Қадіріңді кеш білсем

Кояр ем көптен қалып мен

Тіл тұсауын кестің сен,

Қош бол, құтты әліппем!


28-оқушы:Неткен ғажап көрікті ең

Көп нәрсе ұқтым әріптен

Бастап берген білімді

Қош боп тұр, менің әліппем!


29-оқушы:Әліппем, менің әліппем.

Өмірді келем танып мен

Қайталап айтам мың рет

Бірге: - Өзіңе көп-көп рахмет!

Ән: "Әліппе"

Әліппе: - Балалар, мен сендерге ризамын. Мені жақсы игеріпсіңдер. Басқа пәндерді де жақсы оқыңдар.

Қоштасамын сау болыңдар,

Бүлдіршіндер балдырғандар.

Озат болып, ер жетіңдер,

Ұстаз көңілін қалдырмаңдар.


Бірге: Қош болыңыз Әліппе!

Сиқыршы қыз: - Балалар, мен сендермен болғаныма, осындай білімді, өнерлі балалардың ортасына түскеніме қуаныштымын. Енді менің де қайтатын уақытым таяп қалды. Алыстағы басқа да балалардың "Әліппемен қоштасу" ертеңгілігіне барайын. Сау болыңдар, балалар!

Бірге: Рахмет, сиқыршы қыз.

2-жүргізуші: -Ал, енді "Әліппені" ерінбей, жалықпай жанымызда отырып үйреткен жандарға жыр жолдап, рахмет айтамыз.

3-жүргізуші: Дүниенің жарық күні - анамыз,

Дана болсақ, анаменен данамыз.

Алдыменен тыңдаңыздар, ағайын.

Аналарға арнап бір ән саламыз.


Ән: "Құттықтаймын мама, туған күніңмен".

1-жүргізуші: - Қазақ халқы - батыр, шешен. Сонымен қатар сауықшыл, думаншыл халық. Енді назарларыңызға шағын концертімізді ұсынамыз.

Концерттік бағдарлама

4-жүргізуші: - Жүздеріңнен көрем шаттық арайын

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын, ата-ана.

Тойларыңыз тойға ұлассын, ағайын.


3-жүргізуші: "Әліппе - білім анасы!" атты ертеңгілігін

Ата-ананың тілегі - адам болып өскенің,

Адамдықтың тірегі - адал болып өскенің,- деп


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
?ліппе - білім анасы!

Автор: Аркабаева Гулнара Болыскановна

Дата: 26.02.2016

Номер свидетельства: 299349

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "?ліппе - білім анасы!"
    ["seo_title"] => string(17) "lippiebilimanasy2"
    ["file_id"] => string(6) "299350"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456502133"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Т?рбие са?аты "?ліппе - білім анасы!""
    ["seo_title"] => string(28) "trbiiesagatylippiebilimanasy"
    ["file_id"] => string(6) "299351"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456502206"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Т?рбие са?аты "?ліппе - білім анасы!""
    ["seo_title"] => string(29) "trbiiesagatylippiebilimanasy1"
    ["file_id"] => string(6) "299352"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456502213"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Ра?мет са?ан, ?ліппе "
    ["seo_title"] => string(22) "rak-miet-sag-an-lippie"
    ["file_id"] => string(6) "172657"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423844454"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "?ліппе-білім бастауы "
    ["seo_title"] => string(22) "lippie-bilim-bastauy-2"
    ["file_id"] => string(6) "217572"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1433400523"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства