М??алім: ??рметті ата - аналар! Б?гінгі мерекеге ?ош келді?дер! Кеше ?ана мектеп табалдыры?ын имене атта?ан жас б?лдіршіндер б?гін саналы о?ушы болып, барлы? ?ылымны? атасы, бізді? болаша?ымызды? негізі - ?ліппені бітіріп отырмыз. М??аліммен бірге о?ушылармен ?оса о?ы?ан ата - аналар е?бегімізді? жемісін к?рейік. Кеше ?ана ?ырк?йек айы еді. Сіздер балалары?ызды бізді? мектепке к??ілдері?ізге ?мітпен, сеніммен ?келді?іздер. Ал біздер ??ша? жая ?арсы алды?. Арада ?ткен уа?ыт бойы біздер к?п е?бектендік те, арасында біраз ?иналды? та, жетістіктерімізге ?уанды?. Ал енді б?гін «?ліппемен ?оштасу» мерекесі. Со??ы жылдары елімізде білім саласында к?птеген жа?алы?тар мен ?згерістер, жа?а ба?дарламалар еніп жатыр. Біра? сонда да ?ліппе о?улы?ы сауатымызды аш?ан е? ал?аш?а алтын кітабымыз болып ?ала береді. Біз ?ліппемен ?оштасамыз. Біра? ?лі алда ?лі к?п ?ызы?тар, білім ?оры, шы?армашылы? к?тіп т?р. Сонымен, мерекемізді бастайы?.Тойлары?ыз той?а ?лассын.
?ліппені бітірді балаларым,
?ліппеден н?р ал?ан даналарым.
?зі о?ып жазатын ?алге жетті,
??тты болсын білімі балаларды?!
Ата - ана ?уанып шаттанады,
О?ыды деп баласы ма?танады.
Алдарына б?ларды? кім шы?ыпты,
Барлы? маман мектептен аттанады.
Ал ендігі кезекті о?ушылар?а берейік.
1 - ж?ргізуші: Армысыздар ?она?тар! Б?гін біз шексіз ?уаныштымыз, себебі ал?аш сауатымызды аш?ан, жа?ын досымыз ?ліппемен ?оштасамыз.
2 - ж?ргізуші: Ал?аш ?олымыз?а г?л алып, №9 орта мектепті? табалдыры?ын аттап ?ткелі 5 ай уа?ыт ?тіпті. Осы уа?ытты? ішінде біз 42 ?ріпті ?йреніп, енді ?зіміз о?ып та, жаза да білеміз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын кеңейте түсу. Оқу - білім алуға, достық қарым – қатынас орнатуға тәрбиелеу.
Мұғалім: Құрметті ата - аналар! Бүгінгі мерекеге қош келдіңдер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгін саналы оқушы болып, барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі - Әліппені бітіріп отырмыз. Мұғаліммен бірге оқушылармен қоса оқыған ата - аналар еңбегіміздің жемісін көрейік. Кеше ғана қыркүйек айы еді. Сіздер балаларыңызды біздің мектепке көңілдеріңізге үмітпен, сеніммен әкелдіңіздер. Ал біздер құшақ жая қарсы алдық. Арада өткен уақыт бойы біздер көп еңбектендік те, арасында біраз қиналдық та, жетістіктерімізге қуандық. Ал енді бүгін «Әліппемен қоштасу» мерекесі. Соңғы жылдары елімізде білім саласында көптеген жаңалықтар мен өзгерістер, жаңа бағдарламалар еніп жатыр. Бірақ сонда да Әліппе оқулығы сауатымызды ашқан ең алғашқа алтын кітабымыз болып қала береді. Біз Әліппемен қоштасамыз. Бірақ әлі алда әлі көп қызықтар, білім қоры, шығармашылық күтіп тұр. Сонымен, мерекемізді бастайық.Тойларыңыз тойға ұлассын.
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын қалге жетті,
Құтты болсын білімі балалардың!
Ата - ана қуанып шаттанады,
Оқыды деп баласы мақтанады.
Алдарына бұлардың кім шығыпты,
Барлық маман мектептен аттанады.
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.
1 - жүргізуші: Армысыздар қонақтар! Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, себебі алғаш сауатымызды ашқан, жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз.
2 - жүргізуші: Алғаш қолымызға гүл алып, №9 орта мектептің табалдырығын аттап өткелі 5 ай уақыт өтіпті. Осы уақыттың ішінде біз 42 әріпті үйреніп, енді өзіміз оқып та, жаза да білеміз.
1 - жүргізуші: Қыркүйекте келдім де,
Сыныпқа кірдім қуанып.
Қарсы алды ұстаз мейірмен,
Қадамымды қарсы алып.
2 - жүргізуші: Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны әліппе!
1 - оқушы: Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызыға қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Мұғалім: Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім:
- Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Оқушылар: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе: Сәлеметсіңдер ме, менің сүйікті достарым! Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар, жазуға, оқуға үйрендіңдер.
1 - жүргізуші: Әліппе сен біздің құрметті қонағымыз бол.
2 - жүргізуші: Балалар сонда бұл кітапты кім жазды?
Хормен: Ахмет Байтұрсынов ағамыз.
1 - жүргізуші: Алғаш мектеп ашқан кім?
Хормен: Ыбырай Алтынсарин.
- Ыбырай атамыздың қандай өлеңін білесіңдер?
«Кел, балалар, оқылық!»
Мұғалім: Енді әріптердің сырын ашып берейік.
1- оқушы: А - әрпінен есімім
Айтсам сөздің кесімін.
Асылбек деген мен боламын,
Айдай өсіп толамын.
2 - оқушы: Б - әрпі Балкенмін,
Көңілі шуақ
Ойы екпін.
3- оқушы: Н дегенің Нұрғиса,
Нұрғиса деген мен бала.
Жақсы оқысам сабақты,
Одан артық жоқ шара.
4 - оқушы: Д - әрпін саған білу керек пе?
Мен ендеше Дербисалиев Диаспын
1 - сынып оқушысымын тәлімді,
Озат та боламын, зерек те.
5 - оқушы: Е дегенің Ерлан
Оқудан жоқ басқа арман.
6 - оқушы: Н әрпінен басталатын Нұргүлмін,
Досы болам сыныптағы ұл - қыздың.
7- оқушы: Аягөз деген есімді
Білдіңіздер шешімді.
З әрпі бар ішінде,
Тыңдасаңыз шешімді.
8- оқушы: Нұрбаламын соны білесіз,
Көңілге мені түйесіз.
Л әрпі бар атымда
Оқып біліп жүресіз.
9 - оқушы: Қонарбаева Назар мен едім,
Оқумен өскен кемелім.
Қ әрпі де бар мұнда
Аламын білім тереңін.
10- оқушы: М дегенің Мирағой,
М - ны білу керек қой.
М дегенің мектеп қой,
Еркелікті шектеп қой.
11- оқушы: Р әрпі бар Рахымжанмын мен деген
Білім іздеп, оқу оқып терлеген.
Үздік оқу, саналы өріс біліммен,
Айтыңызшы бәйгеден кім келмеген.
12- оқушы: О дегенің Опабеков Асылжан
Әріптерден қаламын ба мен қалыс.
Достарыма тілейтінім алдымен
Денсаулық пен мол табыс.
13 - оқушы: Нишанов Нұрбек мен едім
Алсам білім тереңін.
Н әрпінен есімім,
Аламын оқу кемелін.
14- оқушы: Ш әрпі кездеспейді бекерге
Есімдерден іздесеңіз егерде.
Шаракулов Елдос деген есімім,
Білсеңіз осы шешімім.
15- оқушы:
Баршаңызға иіліп сәлем берем
Мен қызымын Еркіннің Гүлмира деген,
Оқуды да, жазуды да тез меңгердім,
42 әріпі жатқа білем!
16- оқушы:
Отбасының еркелеткен
Жарқыраған жұлдызымын,
Сабақты жақсы оқитын
Ару деген бір қызымын.
17- оқушы:
Жақсы әдепті, жақсы істі,
Бойыма әркез теремін
Қиын-ау деп қайыспайтын
Ер мінезді Әскербекпін
18- оқушы:
Әліби деген баламын,
Таудай биік талабым,
Жақсы оқып сабақты,
Білімді адам боламын.
19- оқушы:
Ай нұрынан жаралған
Ай мен күні анамның
Ақылдысы баланың
Кілең бестік сабағы
Ақерке деген сұлуың
Мен боламын ағайын.
20- оқушы:
Жақсы оқитын
Мен үлгілі баламын
Азамат болып мен де өсіп толамын
Бассам деймін даналардың тек ізін
Нұрмаханбетов Олжас деген мен боламын
21- оқушы:
Мен де есті баламын
Айтқан тілді аламын
Жұмсағанға барамын
Жақсы менің сабағым
Оразгүл деген ару қыз
Мен боламын ағайын.
22- оқушы:
Суретті шебер саламын,
Есепті тіпті шағамын,
Білімді де өнерлі,
Марат атты баламын.
23-оқушы:
Жеңу үшін қиынды
Еңбегіңді аяма
Алдарыңда тұрған қыз
Ақдошова Альбина
24-оқушы:
Лаулатып сәби сезім ой алауын
Шаттық тілеп таңменен оянамын
Еркелеткен есті қызы ата-анамның
Мына мен Жанахметова Дианамын
25-оқушы:
Әліппені жатқа білем бүгінде
Өз бетіммен оқи алам ертегі
Танысыңыз, әдепті бала Амангелді
Мен боламын еліміздің ертеңі.
26 -оқушы:
Ынталы да инабатты,
Өнегелі бір қызбын,
Ата-анамның ақылдысы
Мен Абуова Нұрсиламын
27-оқушы:
Сабақтан еш қалмаған,
Ерінбей оқып талмаған,
Боламын дейді үлгілі,
Ғалымжан атты бір балаң.
28-оқушы:
Түсінсем деп бар кітапты,
Ынта қойып қарамақпын,
Сыныптағы ең кішісі –
Абатова Ақнұр деген боламын!
29-оқушы
-Жақсы оқып сабақты
Білімді адам боламын
Ынталы да саналы
Абдибаеы Абылайхан мен боламын
Хормен:
Бойымызды қуаныш кернеп,
Баршаңызды, баршаңызды,
Бірінші сынып бірінші рет,
ӘЛІППЕ
Мерекесіне шақырады!
1-жүргізуші: Сонымен қатар өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді оқуды, әуелі жаттауды үйрендік. Осының барлығын бізге үйреткен сүйікті Әліппеміз
2- жүргізуші: Ал, балалар, Әліппеге арнаған өлеңдерімізді айтып берейік.
1.Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
2.Қош бол құтты әліппем
Көп нәрсеге үйреттің
Тақылдатып сөйлеттің
3.Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертек те
Үйреткен оны әліппе
4.Партаға тұңғыш отырдым
Қалам алып қолыма
Сызықтарға толтырдым
Қалдырмай дәптер жолын да!
5.Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа
6.Әліппем, менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен!
7.Әріптерді жаттаймыз
Есте мықты сақтаймыз
Ұмытпаймыз бәрін де
Атын, затын түрін де
8.Бәріміз сүйіп өткен
Балаларға үйреткен
әліппе мен ұстазға
бас иеміз құрметпен!
Хормен:
Әліппем, менің Әіппем,
Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам мың рет,
Өзіңе көп-көп рахмет!
:1.Әжеде бар, атада жоқ,
Әтеште бар,көжекте жоқ.(«Ә» әрпі)
2.Біреуі «белде»
Біреуі «көлде» («Л» әрпі)
3.Ірімшікті жедің ғой,
Тәтті екен дедің ғой.
4.Ірімшікті біз жеген,
Қай әріптен басталған. («І» әрпі)
5.Ата-анаңмен барып сен,
Пілді көрдің парктен.
Осы атаулар зер салшы,
Басталған қай әріптен. («П» әрпі)
6.Пілде бар,шілде жоқ,
Допта бар,шарда жоқ. («П» әрпі)
Ешкіде бар,қойда жоқ,
Кеседе бар,қасықта жоқ. («Е» әрпі)
Сиқыршы:Балалар қандай сөз шықты?
Балалар: «Әліппе»
1-жүргізуші Біз жұмбақтар шешуді де үйренгенбіз
2-жүргізуші Біздің қалай жұмбақ шеше алатынымызды тамашалаңыздар.
1.Қос аяққа ұқсаған,
Тізесінен тұсаған. / А /
2.Әріп десең бүйірі жоқ,
Сан десең салмағы жоқ. /О/
3.Жалғыз таяқ боп тұр,
Төбесінде доп тұр. / І /
4.Көлдің ортасынан не табасың?
Жердің ортасынан не табасың? /Ө және Е әріптері/
5.Шеңберді әкеп алаңға,
Байлап қойдым бағанға. /Ю/
1.жүргізуші. Қазақ халқы ежелден балаларын тазалыққа,кішіпейілділікке,инабаттылыққа, кісілікке,әдептілікке тәрбиелеген.
2-жүргізуші. Ендеше біздің балаларымыз қандай әдепті,сыпайы сөздерді біледі екен Не деу керек?
Апаң сенің базардан, Балалар жүр көшеде,
Алма сатып әкелді . Естіледі шуайқай.
Ең үлкенін жақсысын, Сен де шықтың көршіңді,
Саған таңдап әперді. Қағып кеттің байқамай.
Не деп барып жеу керек ? Жөн еді не айтқаның?
(рахмет) (кешіріңіз)
Әжең сенің түскі асқа Добын апар Назардың -
Қанттарды салды мол. Деді ағаң. Бармадың
Жұрттан бұрын ыдысқа Тапжылмадың. Сазардың.
Әй - шәйі жоқ салдың қол. Аға тілін алмадың.
Жөн еді не айтқаның? Сен қай сөзді айтпадың?
(рұқсат па?) (жарайды)
Мұғалім: Енді, балалар жаңа оқулықты ортаға шақырайық.. Ана тілі оқулығын қарсы алайық..
Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, менің жас достарым? Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын. Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар.
Ақын, жазушылардың ертегі, әңгімелерін ынта қойып оқыңдар. Сонда сендер көп нәрсе үйренесіңдер.
Әліппе: Бәрі жақсы балалар. Енді мен сендермен қоштасайын. Алдағы уақытта жақсы оқыңдар. Ата - аналарыңды тыңдаңдар. Менің досым Ана тілін ренжітпеңдер, оқыңдар.
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарың есте болсын,
Күнделіктерің 5 - ке толсын!
1 - жүргізуші: Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім
Сауатты адам қатарына кіргенім.
2 - жүргізуші: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
1-Жүргізуші:
Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан
Қандай кітап тіл ашқан?
Бәрі: Әліппе.
2- жүргізуші:
Біз оқи аламыз, жаза аламыз. Оны біз қайдай үйрендік?