kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ліппе ?лемі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Іші тол?ан ?ріпке

Мынау ?йбат ?ліппе

Біз т?рт ай бойы сіздермен бірге о?уды,санауды,жаттауды,жазуды ?йрендік.Б?гінгі бізді? ?ліппемен ?оштасу тойында осы т?рт айда не ?йренгенімізді келген ?она?тар?а к?рсетсек.Балаларымызды? ?нері,білімі,сауаты ?шін біз ?те ?атты ?уаныштымыз.Балаларымызды? ?нерлі екендігін тамашалайсыздар.Ж?не о?у сауаттылы?ын к?рсетеді.Бірлік болмай,тірлік болмас деген.Ата-аналар мен м??алімдер ?ауымы бірігіп,бір же?нен ?ол,бір жа?адан бас шы?арса,алынбайтын асу бар ма?Балаларды? ж?ргізіп о?уына ?йден де к?мек к?рсетіп ж?рген ата-аналар?а ал?ысымыз шексіз.Осы к?здері ж?удіреген  б?лдіршіндерімізді?  арасынан а?ын да,жазушы да,?нш? де,биші де бір с?збен айт?анда елімізді? ерте?і болар на?ыз азаматтар шы?арына к?міл сенеміз.Ал,??рметті ерте?гілік ?она?тары.Бізді? ?ліппемен ?оштасу кешіміз желто?сан айына с?йкес келіп т?р.Осы желто?сан айыны? біздер ?шін ма?ыздылы?ы ?те зор екендігін баршамыз жа?сы білеміз.Дегенмен айтып ?ткеніміз арты? болмас:1-желто?сан-Т???ыш Президент к?ні,16-желто?сан Т?уелсіздік к?ні.Б?л жайында с?з ?оз?амаса? біздерге сын болары с?зсіз.Мен ?азір о?ушылар?а бірнеше с?ра?тар ?оямын,сіздер жауаптарды? д?рысты?ы мен о?ушыларды? м?нерлеп о?у машы?тарына т?нті боласыздар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ліппе ?лемі »

Әліппе әлемі – әріптермен әдемі!атты әліппемен қоштасу кешінің сценарийі



Мақсаты:1-сынып оқушыларының Сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдері мен осы уақытқа дейінгі үйренген білім, білік дағдыларын саралай отырып, оқушылардың білімдерін тиянақтау, тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.Ата-аналарына көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін-өзі басқару мен ана тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.



Көрнекілігі:1. «Әліппе әлемі- әріптермен әдемі!» тақырыбын жазып қою. 2. «Бала деген шіркін-ай, балдай екен,



Тәттілігі жая мен жалдай екен.



Арып-ашып даладан келгеніңде



Балдай тәтті тілімен алдайды екен!» деген Кенен Әзірбаевтың өлеңі.



3.Әдемі жазылған дәптерлер көрмесі.



Б А Р Ы С Ы :-Құрметті ата-аналар, ұстаздар,оқушылар! Бүгін бізде үлкен қуаныш. Әліппені бітіру- алдағы білім нәрімен сусындауға қадам басудың алғашқы баспалдағы. Алдағы өмір жолдарыңызға сәттілік тілей отырып , біздің 1 «А» сынып оқушыларының «Әліппе әлемі- әріптермен әдемі!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер демекпіз! -Әліппені бітірді балаларым,



Әліппеден нәр алған даналарым.



Өзі оқып жазатын халге жетті,



Құтты болсын тойлары балалардың!



Ал, ендігі кезекті балалардың өздеріне беремін. -Бұрынғы өткен заманда үлкен «Әліппе» атты елде әріптер патшалығы өмір сүріпті.Онда әрбір әріп өз патшалығын билеп, өз міндеттерін орындап , бір-бірімен жұптасып, бақытты өмір сүріпті.



Сол елдің ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу қызы болыпты.Ол өте ақылды, білімді, оқымысты болған екен. Содан болу керек бүкіл ел оны Нұрдай әсем Нұрай атап кетіпті. -Білім алар көп адам,



Жақсы нәрсе жоқ одан.



Қызыға кеп оқимын



Кітап көрсем жаңадан.



Нұрдай әсем Нұраймын



Жаңалықты жаным сүйіп ұғынам!



Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі біздің әріптер патшалығына қош келіпсіздер! «Әліппе» елінде өмір сүретін әріптер патшалықтарымен таныс болыңыздар:

1.Басшы ғып күз күні,



Сайладық біз оны.



Бақытберген Ибраһим-



Сыныптың үздігі.



2.Таныс етем әлі мен,



Сыныптастың бәрімен.



Құрдасым бар-Жаннұрдай



Қызықтырған сәнімен.



3.Зерек те , ақылды,



Қайсар да, батыл-ды



Құрдас деп жыр еттім,



Нұрсұлтан батырды!



4.Ән-биге құмар қыз,



Әжесін ұғар қыз.



Дамира есімін



Мақтауға тұрар қыз!



5.Пысық та, алғыр да,



Қиялшыл қалпында.



Сыныптас құрдасым-



Ақылбек бар мұнда!



6.Тербелтіп қыр басын,



Ән айтып шырқасын.



Арайлымдай жас әнші



Бар менің құрдасым!



7.Жап-жақсы сабағы,



Тәп- тәуір талабы.



Момын деп мақтаймын,



Бейбарыстай баланы!



8.Онымен бір жасым,



Ынтасы бар басым.



Бұл менің Заңғардай-



Сыныптас құрдасым!



9.Жазуы маржандай,



Тізілген енді бір.



Сауатты жан қандай,



Досым бар Жаннұрдай!



10.Бәрінен көреді,



Атасын ол басым.



Қаққан күміс қоңырау,



Батырдай бар досым!



11.Сыйлайтын үлкенді,



Қылығы ерке енді.



Осылай мақтаймын,



Бауырым Ілиясты!



12.Сыныпта, үйде де,



Бар іске ұқыпты,



Ұғымтал бауырым-



Нұрмұхаммед дәл осы!



13.Көктемдей гүл атқан,



Біліммен бүр атқан.



Аружан құрбымыз-



Ән-биді ұнатқан!



14.Алғырлық өремен,



Санасын бөлеген.



Досым бұл сыныптас-



Русланұлы Диас!



15.Әртіс боп шығатын,



Үздік те үлгіміз.



Ән айтар әсерлі,



Ақжолдай досымыз!



16.Сыныпта үлгілі,



Жаттаудың дүлдүлі.



Осылай мақтаймын,



Әлішердей құрбыны!



17.Келген жылдың басында,



«Талдыашадан» осында,



Менімен бірге оқиды,



Ерасылдай досым да!



Барлығы хормен:1. -Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз,



Қонақтарды құрметтеп ,



Бас иеміз Біз! (барлығы қолдарын кеудеге қойып ізетпен бас иіп көпшілікпен амандасады)



2.Здравствуйте, гости! Добро пожаловать!



Хороша сегодня школа



Зал горит огнем



Мы на праздник



Всех друзей зовем!



3.хау а ю…



Мұғалім:



-Сенің нұрың сөнбесін,



Ашық аспан , жарық күн.



Келешегі сөйлесін



Қазақ деген халықтың.



Тілі балдай баланың



Талабына жарық бер,



«Ертеңгілік» сабағын



Жүргізеді, мына отырған әріптер…



Ән-би:Бақытбергентегі Ибраһимді «Әліппе» әнімен қарсы алыңыздар!



Мұғалім: -Біз 4 ай бойы сіздермен бірге оқуды, санауды, жаттауды, жазуды үйрендік.



Бүгінгі біздің Әліппемен қоштасу тойында осы 4 айда не үйренгенімізді келген қонақтарға көрсетсек…



Дайынсыздар ма?-Жарайсыздар! Біздің тойашар екі сұлтанымыз бар еді, қайда әлгі серілер?.. (ортаға 2 мақалшы шығады)

1.-Ассалаумағалейкум! Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді!- демекші, қалыңыз қалай?



2.-Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады,-деуші еді , келіңіз, төрге шығыңыз, қонақ болыңыз!



1.-Қонағын сыйласа, төрге шық,-дегендей , төрге шығайын.



2.-Жат асына қарайды, дос басына қарайды,-деуші еді, асқа отырыңыз!



1.-Ойбай-ау, «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын»



2.-«Досыңның асын қасыңдай іш !-демекші тамақ алыңыз!



1.-Ой, рахмет! «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам»,-демекші, Алла разы болсын! Айтпақшы, сенің балаларың қайда?



2.-Е-е, сен білмеуші ме едің, менің алтын асықтай 12 ұлым, қызғалдақтай құлпырған 6 қызым бар. –Балаларым, қайдасыңдар!



Өздері шетінен өнерлі !



Жүргізуші: -Бестік болсын біздің алар бағамыз,



Білімменен биік шыңға шығамыз.



Бүгін, міне ,Әліппемен қоштасып,



Жолына би мен қоса жыр шашамыз!



1.«Айгөлек» биі — бір топ бишілер.



Мұғалім:-Балаларымыздың өнерлі екендігін байқадық, енді Оқу сауаттылығын көрсетсек! (3-4 оқушыға Әліппеден мәтіндер оқыту)



Мұғалім:-«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген.Ата-ана мен мұғалімдер қауымы бірігіп, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарса» алынбайтын асу бар ма?! Балалардың жүргізіп оқуына үйден де көмек көрсетіп жүрген ата-аналарға алғысымыз шексіз. Осы көздері жәудіреген бүлдіршіндеріміздің арасынан ақын да, жазушы да, әнші де, биші де бір сөзбен айтқанда еліміздің ертеңі болар нағыз азаматтар шығарына сенеміз!



-Балаларымыздың оқу сауаттылығын көрдіңіздер, енді«Ұйқасын тап» ойыны арқылы балаларымыздың сөздерді ұйқастырудан қаншалықты шебер екендіктерін байқап көрсек:



1.Қойда жуас бозымды-



Шақырамын___________________



2.Қысқа ғана құлақты,



Шақырамын_______________________



3.Желбіреген тұлымды,



Шақырамын ___________________



4.Қонды барып талға,



Ала қанат ____________________



5.Жұмыртқасын тауып,



Құқықтады ____________________



6.Айнаға қараймын



Шашымды __________________



7.Үсті толы түрпі,



Домалайды ___________________



8.Ана-біздің күніміз,



Біз- ананың ____________________



9.Мектебім,асыл мектебім



Өзіңде өсіп_______________



*Мұғалім:-« Есеп білген есесін жібермес»,- деген математикадан не үйрендік?-Қане , оны да ортаға салайық: «Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.

1. -Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын», — деп ойлайды. Сөйтіп жалма –жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:

— Сапырып-сапырып Арманға бер,

Құйып-құйып Алмасқа бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер,

Өзің іште маған бер», — деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік», — деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам.



2.Заттарды санау үшін қолданылатын сандарды қалай атаймыз? Олар қай сандар? (натурал сандар — 1-ден 10-ға дейінгі сандар)



Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.

Алғашында үстелде қанша кәмпит болған? (3)



(Осыдан кейін санды өрнектерге арналған есептер беріледі, оны тақтаға шығарады)



Мұғалім:-Ал,құрметті, ертеңгілік қонақтары!Біздің Әліппемен қоштасу кешіміз ІІ оқу тоқсанының соңына , яғни желтоқсан айына сәйкес келіп тұр. Осы желтоқсан айының біздер үшін маңыздылығы өте зор екендігін баршамыз жақсы білеміз. Дегенмен, айтып өткеніміз артық болмас: 1желтоқсан — Президент күні, 16желтоқсан — Тәуелсіздік күні. Бұл жайында сөз қозғамасақ, біздерге сын болары сөзсіз. Мен қазір оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын сіздер жауаптардың дұрыстығы мен оқушылардың мәнерлеп оқу машықтарына тәнті боласыздар!



Мұғалім: Елім деген жырым бар,



Елін сүйген ұлым бар.



Отан сөзін қазағым



Киелі деп ұғыңдар.



Бірің — шекер, бірің –бал,



Жайнап өскен құлындар.



Қасиетті, киелі



Отан деген ұғымды ал,



Талдап берер кімің бар?..



1.Туған жерін ата-анаң



Отаным деп атаған.



Отан-досың, туысың,



Отан-алтын босағаң.



Отан-туған өз елің,



Айдын көлің, өзенің.



Мирас еткен бабалар



Қорғап әрбір кезеңін



Асқар таулы бел екен,



Ел қорғаған ер екен.



Мен, сен және ол екен,



Қазақстан елі екен!



Мұғалім: -Тіріліп ата салтымыз,



Шаттанса бейбіт халқымыз,



Өз алдына ел болып,



Әлемге жетті даңқымыз.



Шарықтатып шат әнін,



Тіккен дербес отауын,



Айтып берер кім енді



Республика атауын?



2.Ата-бабам жайлаған,



Мыңғыртып мал айдаған,



Атырау-Алтай арасы



Ежелден менің бай далам.



Гүлденсін, елім түрленсін,



Танымастай түрге енсін.



Болашақ ұжмақ төріне



Елу елмен бірге енсін!



Әлем білер атағын,



Айтсам елім атауын,



Тіккен дербес отауын



Қазақстан Республикасы –



Тәуелсіз менің Отаным!



Мұғалім:-Басында ел көшінің



Ашқан елдік есігін,



Кім айтады, қанеки,



Елбасының есімін?



3.Ізгіліктің жолбасы,



Жақсылардың жолдасы,



Нұрсұлтандай атамыз



Президент –Елбасы!



Мұғалім:- Сыныбымыздың үздік оқушысы Нұрылла Әлішердің орындауында «Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар!



Мұғалім:-Ал,балалар, мінекей, сіздер көп нәрсе үйреніпсіздер! Бұл үшін бәріміз Әліппеге рахмет айтамыз!



1.Оқуды көп ойладық,



Қызығына тоймадық.



Әріптерді үйреніп,



Сауат аштық, тойладық.



2.Барлық әріп бағалы,



Айттық әділ бағаны.



Әріпсіз сөз болмайды,



Буын онсыз толмайды.



Адам барлық әріпті,



Ардақтайды, қолдайды.



3.Сырлы әріптер сыр түйіп,



Сабырмен саған қарайды.



Сырларын білсең бас иіп,



Керегіңе жарайды.



4.Осылай барлық әріпті,



Есіңе түйіп аларсың.



Нұрлы әріппен жарықты,



Жүрегіңе жағарсың.



«Әліппе» деген – алтын жол,

Апарар сені алысқа.



Жеңіл емес ауыр жол,



Тырысып бақ намысқа!



Хор: «Қош, қош, Әліппе!» әні



Жүргізуші: -Ажырамай мектептен бір елі сіз,



Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.



Сөз береміз құрметпен өзіңізге,



Балаларға арналған тілегіңіз,-дей келе сөз кезегін мектеп директоры Лаура апайымызға береміз!



( Рахмет, апай, тілектеріңіз қабыл болсын! Сізге де табыс тілейміз!)



Жүргізуші:-Ата-ананың тілегі,



Адам болып өскенің.



Адамдықтың тірегі,



Адал болып өскенің,- деп келесі сөзді ата-аналарға береміз.



Ақшақар:- Армысыздар, балалар, ұстаздар, ата-аналар!Бүгін 1 «А» сынып оқушыларының «Әліппе әлемі – әріптермен әдемі!» атты ертеңгілік өткізіп, Әліппемен қоштасып жатқандарын Аяз аталарың естіп сендерге сыйлық беріп жіберіпті.Жаңа жылда жаңа кітаптың бетін ашып, білімді де өнерлі азаматтар болуларыңа тілектес екенін айтыпты.Мен сендерге Жаңа Жылда мол табысқа кенеліп, сабақты тек қана 5-пен оқыңдар деген тілек айтқым келеді!



(Ақшақар балаларға «Ана тілі» кітабы мен сыйлықтарын табыс етеді)



Мұғалім:-Осымен тамам салтанат кеш халайық!



Күніміз нұрлы, аман-сау әркез болайық!



Қоштасу кештің қызығын енді аяқтап,



Қош десіп тұрып шымылдығын кештің жабайық!



Ал ,қадірменді халайық, біз сіздермен қоштаспайық!Кездескенше күн жақсы болсын дейміз!Сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ліппе ?лемі

Автор: Курманбаева Раиса Махарамановна

Дата: 05.02.2015

Номер свидетельства: 167923

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Ертенгілік" ?ліппе ?леміне саяхат" "
    ["seo_title"] => string(38) "iertienghilik-lippie-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "206934"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430305793"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""?ліппе ?лемі – ?ріптермен ?демі!""
    ["seo_title"] => string(27) "lippieliemiriptiermiendiemi"
    ["file_id"] => string(6) "294961"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455768778"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Рахмет са?ан  ?ліппе! "
    ["seo_title"] => string(24) "rakhmiet-sag-an-lippie-2"
    ["file_id"] => string(6) "193340"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427628575"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Болаша??а жол аш?ан, бізді? с?йікті ?ліппе! "
    ["seo_title"] => string(47) "bolashak-k-a-zhol-ashk-an-bizdin-suiikti-lippie"
    ["file_id"] => string(6) "246468"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446385982"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "?ош бол, с?йікті ?ліппе!"
    ["seo_title"] => string(21) "koshbolsuiiktilippie3"
    ["file_id"] => string(6) "293146"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455426158"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1580 руб.
2640 руб.
1270 руб.
2110 руб.
1360 руб.
2270 руб.
1580 руб.
2640 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства