kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лемді тербеткен ана

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

Білімділігі: Тапсырмалар орындай отырып, санны? онды? ??рамына                                                                                                                                                                                                          негізделген ?осу ж?не азайту жайлы т?сініктерін ке?ейту ж?не онды?тар?а бірліктерді еркін ?осып, азайта білуге ?йрету. Есептер шы?арып, о?ан кері есептер ??растыру;

Дамытушылы?ы: Шапша? есептей білу, есте са?тау ?абілеттерін дамыту;

Т?рбиелігі: Шапша?ды??а, ??ыптылы??а т?рбиелеу;

Саба?ты? ?дісі: С?ра?-жауап

К?рнекілігі: Интерактивті та?та, слайдтар,кеспе сандар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лемді тербеткен ана »

Сабақтың тақырыбы: Әлемді тербеткен аналар

Сабақтың мақсаты: Ананың қадір-қасиеті туралы мағлұмат беру;

Аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге,ананы сүюге, мейірімділікке тәрбиелеу;

Қазақ халқы тарихындағы әйел-ананың, қазақ қыздарының даналығын, ұлылығын, батырлығын дәріптеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа дайындау.

Ана туралы слайд

Сұрақтар:

  • Балалар, бұл шығармадан нені ұғынуға болады?

  • Дүниеде қымбат жан кім екен?

  • Ана неден қымбат?

  • «Бәрі» ұғымына не кіреді?

  • Анаға деген махаббат қай күннен басталады?


Кіріспе сөз:

- Ана – барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, тәрбиелейді, өсіреді.Адам бойындағы асыл қасиет ананың ақ сүтінен дариды. «Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң отаныңа жақсылық жаса» деген екен Мұхаммед пайғамбарымыз. Ана-ұлы адам, ана- құдіретті жан. Ендеше осы қымбат та асыл аналарымыздың құрметіне арналған «Әлемді тербеткен аналар» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Оқушы

Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бір адамға берсе ана мейірін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.


Оқушы

Әлпештеген баласын,

Ана - бақыт, Ана – күн

Әркім сүйіп өзінің ,

Мақтан етер анасын


Оқушы

Мамам менің, ақ мамам,

Гүлді маған баптаған

Жырды маған жаттаған,

Жұрттың бәрі мақтаған


Оқушы

Бойға қуат береді,

«Әй» жарайсың!» дегені

Мен анамнан әр кезде

Соны естігім келеді


Оқушы

Кім сендерді, балалар, тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Оқушы

Шуақ төгіп, күлімдейтін қарасам,

Анашымды күнге ғана баласам

Жер бетінде ең жақыным өзіңсің,

Мәпелейсің, аялайсың әрқашан!


Оқушы

Ақыл құйған санама,

Күннен артық расында

Күн алыста, ал апам

Ылғи менің қасымда.


Оқушы

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп, талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың - аясындай гүл бақтың


Оқушы

Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан шектейді

Ертегі айтып беретін,

Әжеме ешкім жетпейді


Оқушы

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген алтын қазық, алтын бақ

О, аналар, осындайсың бәрің де,

Осындайсың жасың дағы кәрің де.

Сыйынатын осы өмірде құдірет,

Сыйынар ем Ана деген тәңірге.


Оқушы

Дүниедегі ең кемеңгер дананы,

Ана табады, аялайды, бағады

Сол үшін де құдіретіңе бас иіп,

Құрметтейік қасиеттті Ананы!

Оқушы

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық!

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық!

Әнші қызымыз Аққали Ақмаралдың орындауында «Абзал ана» әні


Оқушы

Даласы кең, осыншама салты бай,

Өле сүйген, сүйе алмаған жартылай.

Қажет жерде батыр қыздар туатын,

Қайран менің қазақ атты халқым-ай!


Оқушы

Қазақ елі ел болғалы өмір бақи анасын сыйлап өткен. Ертеден келе жатқан наным-сенімдердің де түп тамыры – Ана. Қазақта әулие ана да, асыл әже де, батыр қыз да, ақын қыз да көп болған. Ендеше сол асылдарымызға тоқталып өтейік.


Оқушы

Ертеден келе жатқан наным – сенімдерде аспанда - Тәңірі, жерде - Ұмай ана деп табынған ата-бабамыз. Ұмай ананы - қамқоршы, жарылқаушы, демеуші, жанұя мен отбасының пірі деп есептеген.


Оқушы

Мұсылман дінінде бүкіл адамзаттың анасы деп Хауа ананы құрмет тұтады. Хауа ана – Адам атаның зайыбы.

Оқушы

Есенбике – Олжабай батырдың анасы.Үйсін Қарасай батырдың қызы.


Оқушы

Бопай – Кенесарының қарындасы. Бес жүз сарбазды басқарып, Ресей отаршыларына қарсы соғыста ерен ерлік көрсеткен батыр қыз.

Оқушы

Айтолқын – Абылайханның қызы. Бұл батыр қыздарымыз ұлттық намысты ту етіп, халық тағдыры үшін ерлермен бірге қан майданда ерлік көрсеткен батыр жандар.


Оқушы

Домалақ ана (Нұрила) – Бәйдібек бидің жары. Албан, Суат, Дулат аталардың анасы. Нұрила барлық адамдарға өте мейірлі, ақыл-парасатымен, көрегендігі бірдей әйел болған.


Оқушы

Ақсақалды ақ батасын құптаған

Марқасқалар айтқан сөзін жұтпаған

Енисейгн ел билеткен ұлпандар

Қобыланды кеңес алған Құртқадан

Той бастамас күйі шалқып, қызбай ән

Сезім бардың ол жағы да бізге аян

Аңыз-жыр боп, мәңгі қалған ұрпаққа

Айша-Бибі , Қыз Жібек пен Қыз Баян.


Оқушы

Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар

Мерекесін құүттықтап аналардың,

Ән жолдайтын апалардың баласы бар.


Көпжасар Мыңжасардың орындауында «Нұрын төккен маған» әні


- Келесі кезекті сыныбымыздың болашақ журналистеріне береміз. Бұл балалардың аналарға қояр сұрақтары бар екен. ( қызыл алманы шанышқыға шаншып, микрафон ретінде пайдалану).

Журналистер сөзі:

  • Сәлеметсіздер ме, асыл да ардақты аналар. Бүгін сіздерді 8- наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

  • Сіздерге әлемдегі барлық жақсылық пен қуанышты тілейміз.

Сұрақтар:

  • Сіз ең алғаш 8-наурыз мерекесінде қандай сыйлық алдыңыз?

  • 8- наурыз мерекесін қайда өткізген сізге ұнайды?

  • 8- наурызда қандай сыйлық алғанды ұнатасыз?

  • Сіз өз анаңызға бұл мерекеде қандай сыйлық жасадыңыз?

  • Бұл мерекеде алған ең қымбат сыйлығыңыз қандай?

  • Барлық әйел-аналарға қандай тілек тілейсіз?

  • Жауаптарыңызға рахмет, құрметті аналар. Барлықтарыңызға денсаулық тілейміз.

- Балаларыңыздың сіздерге арнап өздері жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар

«Аялы алақан» ойыны.

3,4 ананы ортаға шығарып, көзін байлау. Өз балаларын көзі байлаулы күйінде көп оқушы арасынан танып білу.


Хормен орындалатын әндер:

« Көңілді күн» әні

«Ақ мамам» әні

«Күлімдеген көзіңнен» әні


Қорытынды сөз.

- Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек, мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алыбы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды.

Аяулысың барлық жанның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары – деп бүгін өздеріңізге арналған «Әлемді тербеткен аналар» атты тәрбие сағатымызды Фариза Оңғарсынова апамыздың «Жылу» өлеңімен аяқтаймыз. (Өлеңді хормен айту)

Келесі кезек қонақтарға беріледі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
?лемді тербеткен ана

Автор: Изимбергенова Нургуль Кусаиновна

Дата: 16.05.2015

Номер свидетельства: 212150

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "«?лемді тербеткен ана» "
    ["seo_title"] => string(23) "liemdi-tierbietkien-ana"
    ["file_id"] => string(6) "185165"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426154573"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "“?лемді тербеткен aнa”"
    ["seo_title"] => string(21) "liemditierbietkienana"
    ["file_id"] => string(6) "305864"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458011294"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) ""?лемді тербеткен - АНА"    ПРЕЗЕНТАЦИЯ"
    ["seo_title"] => string(36) "liemditierbietkienanapriezientatsiia"
    ["file_id"] => string(6) "297946"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1456249108"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) ""Ана ?мірді? г?лі" та?ырыбында?ы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(49) "ana-omirdin-ghuli-tak-yrybyndag-y-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "302059"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457037258"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "8 наурыз Аналар к?ніне арнал?ан мерекелік шара"
    ["seo_title"] => string(45) "8nauryzanalarkuniniearnalganmieriekielikshara"
    ["file_id"] => string(6) "319743"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460948549"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства