kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?лемді тербеткен ана»

Нажмите, чтобы узнать подробности

№21  орта мектеп

(мерекелік сценари)    

                                                                                                             Сыныбы: 5 «?»

                                                        Тарих п?ні м??алімі: Таймаганбетова Гулбахар

Жа?а?зен 2015 жыл

Та?ырыбы: «?лемді тербеткен ана»

Ма?саты:  а) Ана жайлы ?ла?атты с?здер, ?ле?дер, ма?ал - м?телдер ар?ылы ана?а с?йіспеншілікпен ?арау?а, ана мейірімін, махаббатын, жа?сылы?ын т?сіндіру. Ананы? ??діретті де мейірімді, аялы ала?аныны? жылылы? сезімін бала бойына сі?іру.  Балаларды? ата-ана?а ??рмет к?рсетуін таныту.  Еліміздегі аналарымызды? ?о?амды? орында?ы е?бегін таныту,о?ып ?йренуге баулу.


?) Ананы с?ю ар?ылы еліне, жеріне деген с?йіспеншілігін арттыру. Хал?ымызды? ата - бабадан келе жат?ан асыл салты ананы ??рметтеу, ?ыз баланы сыйлау т. б. ?лгі ?неге, жасы ?лкенді сыйлау, парасатты мейірімді болу?а ?йрету.


б) о?ушыларды ынтыма? пен бірлікке, татулы? пен ?жымды??а, ананы ??рметтеуге т?рбиелеу. Бала бойында ізгілік, инабаттылы?, биязылы? т. б. жа?сы ?асиеттерді ?алыптастыру?а т?рбиелеу.


К?рнекілігі: интерактивті та?та. Зал мерекеге с?йкес безендірілген, ?абыр?а газеттері, шарлар, г?лдер, ана туралы жазыл?ан ?анатты с?здер, техникалы? ??ралдар.


1 ж?ргізуші: Армысыздар, ару ?ыздар, абзал ана,
Ана?а те? келетін бар ма дана?
Мереке? б?гінгі к?н ??тты болсын,
?уанышпен ??ша?тар?а г?лдер толсын.

2 ж?ргізуші: Армысыздар ?адірменді асыл хал?ым,
Арта берсін абыройы? ата? - да??ы?.
?арсы алайы? б?гінгі аналарды,
?ста?ан ?аза?ымны? ата - салтын.

Ортада б?гінгі кешімізді? шымылды?ын ашу ?шін мы? б?рал?ан биші ?ыздарымзды орта?а ша?ырамыз. Алдары?ызда 5 «?» сынып ?ыздарынан ??рал?ан «Г?лд?урен» бишілер тобы «А??у» бимен ?арсы алы?ыздар.

1 ж?ргізуші: Ана - бізді? г?ліміз,
Ананы? біз - г?ліміз.
?ландарды ?уантып,
?за? ?мір с?рі?із.
?рпа?тар?а ба?ыт жолын а?са?ан,
Тілейт??ын сырттай ж?ріп ба? са?ан,
Тіршілікті? тынысы мен ажары
Ана деген - те?десі жо? жа?сы адам.

2 ж?ргізуші: Ана! Ана десе тол?ымайтын ж?рек, тасымайтын ?ан, тербелмейтін сезім болуы м?мкін емес!

Ортада 5 «?» сынып о?ушыларыны? орындауында хор «Ана са?ынышы».


М??алім с?зі: Армысыздар, ана - аналар, ?стаздар!  ?аза? ?йел затын ерекше ?адірлеген. ?мірді? ащы - т?щысын к?ріп, ысыла білген, т?я?ы тас?а салса кетілер, су?а салса жетілер деген оймен ?лын жел ?тінде ?стаса, ?ызын аз к?ндік ?она?ым, алтынны? сыны?ы, ш??ыны? ?иы?ы деп б?ркіні? т?бесіне ?кі ?адап, ?лпілдетіп ?сірген. Міне жыл аралатып, к?ктемні? аралатып, к?ктемні? ал?аш?ы к?ндерімен келетін «8 наурыз мейрамы ??тты болсын!» демекпін. Осы жерде отыр?ан барлы? аналар?а, ?стаздар?а, ?ыздар?а отбастарына береке, бірлік тілеймін. Мейрамдары?ыз ??тты болсын!.

1 ж?ргізуші: Ана ха?ында ??лама атаулыны? б?рі де ж?ректерінен жарып шы??ан асыл с?здерін ?алдыруы сонды?тан. Олай болса, б?гінгі айтылар ?н - жырымыз сіздерге арналады ??рметті аналар!

Алпамыс - Ана деген асыл жандар арда?ты,
Ана деген м?лдір жандар б?ла?тай.
О, адамдар ?адірлей біл ананы,
Жат ?ылы??а а?ыл-ойды танытпай.

Асыл анам-алтын жан, ас?ар тауым,
Арайланып алдымнан ат?ан та?ым.
?лпештеді?, ?лдилеп, аялады?,
?р кеш мені? ?н-к?йім, сая, ба?ым.

?айрат - Анашым мені?, саялы ?ам?ор шынарым,
Баулу?а мені сан азап к?ріп шыдады?.
Тілері? болса алда?ы жерде анашым,
?міті?ді а?тап, арналсын са?ан жыр-?нім.

Анашым сенсі? мені? тірегім,
Мен ?шін н?рлы ?лем сый?ан ж?регі?.
Е?бегі?ді а?тап, аялап ?тем тек сені,
Болмас-ты бас?а перзенттік мені? тілегім.

Шынар - Д?ниедегі е? арда?ты асыл жан,
Анам мені? м?пелейді жасымнан.
Мен ?уансам ?уанады ол бірге,
Мен ?иналсам табылады ?асымда.

Ана десем шекшек атып жанары,
?мірімні? бастау алар жа?а ?ні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
?р бір ?йде ж?лдыз болып жанады.

Н?рлыбек - Ана т?рса ??ша??а алып баласын,
Ба?ыт, шатты? белгісіндей жарасым.
?аба?ы?ды кірбі? шалмай ?мірде,
?уаныш?а кенеле бер анашым.

Аяулы да алтын н?рлы анашым,
Ж?регімнен м??гі бірге боласы?.
Сен ас?арсы?, сен аспансы?, биіксі?,
Сен дар?ансы?, сен жомартсы?, данасы?.

Серік - Ана десем сезім билеп тым ысты?,
Жарасымды адамдар?а туысты?.
Бар адам?а берсе ананы? мейірін,
Орнар еді бар ?лемге тынышты?

Анам мені?, асылым, ла?ыл ?нім
Ке? кеуде?е г?л болып та?ыламын.
Ж?лдызы?дай к?гі?де жа?ыламын
Алыс кетсем а?саймын, са?ынамын,
Анам мені? асылым, ла?ыл ?нім.

  • АБа?тыбек - Ана ?мірді? ?уанышы тірегі,
    Бала оны? ж?банышы ж?регі,
    Ана алдында ел жауы да бас иген,
    Олар д?йім тынышты?ты тілейді.

  • Ана десем ал?ыс алам хал?ымнан,
    Ана десем те?із болам шал?ы?ан.
    Ана десем ашылады ?аба?ым,
    Ана десем ?ділдікті ??амын.

Жандарбек - Анасын керек емес баптама?ан,
Адам ба ана с?тін а?тама?ан.
Адам боп ж?рмесінші жер бетінде,
Ана?а махаббатын са?тама?ан.


Тынышты? баршамызды? ?ранымыз
М??гілік таусылмайтын жыр ?німіз,
Арманны? ас?арында ?анат ?а??ан,
Ба?ытты бейбіт елді? ?ланымыз.

??ралай - Анасыздар, ?р ?йге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
С?тті басса ?рпа?ы?,- мерей тасып,
?ыз к?лкісін сусын ?ып ?анасыздар.

Анасыздар — А? Еділ, Жайы?сыздар -
Ж?зе алмайды ?тінде ?айы?сыздар.
Маздататын, ж?ректе от лаулататын,
?р ?йді? К?ні десе, лайы?сыздар.

Ж?лдыз - ?р десек те сіздерді — лайы?сыздар.
Т?р десек те сіздерді — лайы?сыздар.
Ер десек те сіздерді — лайы?сыздар.
Зор десек те сіздерді — лайы?сыздар.

Анасыздар, ке? байта? даласыздар.
Жаны жайса? же?імпаз данасыздар.
К?ле?ке жо? к??iлінде, ?ылауы жо?,
?лбіреген жау?азын баласыздар.

Ильвира - Сіздер — К?нсіз, аспанда жар?ыра?ан,
Сіздер — ?зен, тау суы сар?ыра?ан,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — ?ыздар,
Сіздер —  жа?быр, а? н?сер сар?ыра?ан.

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ?шып сіздерді к?белек боп,
?ртеніп ?астары?нан кете алмаймыз.

1 ж?ргізуші: Ана - ?рбір адамны? жары? д?ниедегі е? жа?ыны, жанашыры, ?адірлісі, ?ам?оршысы, а? с?тін емізіп аяла?ан, жанын да аяма?ан арда?тысы. ?мірге келгеннен бастап жанымыздан табылатын мейірімді жан - ана. Д?ниеде анадан жа?ын кім бар бала?а? ?зіні? жа?дайына ?арамаса да, баласына б?йек болады. ?з аузынан жырып бар т?тті - д?мдісін, жылы ж?мса?ын баласына ?ояды. С?л н?рсеге ?аба?ы? т?ссе, е? ?уелі к?ріп ?оятын, не болды деп, ?рейі ?шып, тыным таппай жаны?нан табылатын - да сол ?азиз жан. Ана?а те?еу жетпейтіні де сонды?тан. Абай атамыз: «Бес н?рседен ?ашы? бол, бес н?рсеге асы? бол»- деп ескерткенін ??тыратын ана бізді бес н?рседен ?ашы?, бес н?рсеге асы? болсын деп бейнеттенеді. ?лгі к?рсетіп ?нерге, жа?сы?а баулиды. ?р ана ?з баласын тісімен тістеп ж?ріп, ?анатты?а ?а?тырмай, т?мсы?ты?а шо?ыттырмай, арлы, намысты болып ?суге ?олынан келгенін аямайды. Бар ана баласымен ма?танып, баласымен мы? жасауды армандайды. Ана - бізді? сар?ылмайтын б?ла?ымыз. Ол біздерге м?п - м?лдір, т?ны? к?йінде ?лгі ?негесімен сусындату?а жарал?ан ерекше жаратылыс иесі. Ендеше б?гінгі мерекені  осы аналар?а арнаймыз.

2 ж?ргізуші:  Мейірім мен ана с?зіні? арасында ?андай байланыс бар деп ойлайсыздар? (о?ушылар ?з ойларын айтады)


1 ж?ргізуші: Ана-ж?рек, ??дірет де,
Ана – тірек, тіректі ??рметте.
Ана-шы?ы?, шы?ы?а са?ынып жет,
Ана-к?ні?, к?ні?е табынып ?т. Расында да, адамны? ?дептілігі мен жан д?ниесіні? с?лулы?ы, е? алдымен бала?а а? с?тін беріп, ?лпештеп ?сірген ана ж?регіні? жылуынан басталады. Бойымызда?ы бар жа?сы ?асиеттер е? алдымен анадан тарайды. Ананы? н?зік ?ні, ж?мса? та аялы ала?аны, жан жылуы мен аялауы бізді ?лдилеп ж?батады, к??ілімізді сергітеді.

2-ж?ргізуші: ??ла?тан кіріп, бойды алар,
?сем ?н мен т?тті к?й.
К??ілге т?рлі ой салар,
?нді с?йсе?, менше с?й, – деп, Абай атамыз айт?андай. 5 «?» сынып о?ушысы Сала?баева Гулназды? орындауында  «Ана?а с?лем» ?нін ?абыл алы?ыздар.


М??алім с?зі: Ана – б?л жел жа?ымыз?а пана, б?ріміз ?шін дана, Ана – дегенде с?зге келмейтін тіл, л?піл ?а?пайтын ж?рек, м?лтілдемейтін жанар жо?. Бала?а анадан арты? адам, анадан ?ымбат жан жо?. Расында да адамны? ?дептілігі мен жан д?ниесіні? с?лулы?ы е? алдымен бала?а а? с?тін беріп, ?лпештеп ?сірген ана ж?регіні? жылуынан басталады.





 

  •  


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?лемді тербеткен ана» »



№21 орта мектеп












(мерекелік сценари)










Сыныбы: 5 «Ә»

Тарих пәні мұғалімі: Таймаганбетова Гулбахар
















Жаңаөзен 2015 жыл



Тақырыбы: «Әлемді тербеткен ана»


Мақсаты: а) Ана жайлы ұлағатты сөздер, өлеңдер, мақал - мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарауға, ана мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсіндіру. Ананың құдіретті де мейірімді, аялы алақанының жылылық сезімін бала бойына сіңіру.  Балалардың ата-анаға құрмет көрсетуін таныту.  Еліміздегі аналарымыздың қоғамдық орындағы еңбегін таныту,оқып үйренуге баулу.


ә) Ананы сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Халқымыздың ата - бабадан келе жатқан асыл салты ананы құрметтеу, қыз баланы сыйлау т. б. үлгі өнеге, жасы үлкенді сыйлау, парасатты мейірімді болуға үйрету.


б) оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұжымдыққа, ананы құрметтеуге тәрбиелеу. Бала бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық т. б. жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: интерактивті тақта. Зал мерекеге сәйкес безендірілген, қабырға газеттері, шарлар, гүлдер, ана туралы жазылған қанатты сөздер, техникалық құралдар.


1 жүргізуші: Армысыздар, ару қыздар, абзал ана,
Анаға тең келетін бар ма дана?
Мерекең бүгінгі күн құтты болсын,
Қуанышпен құшақтарға гүлдер толсын.


2 жүргізуші: Армысыздар қадірменді асыл халқым,
Арта берсін абыройың атақ - даңқың.
Қарсы алайық бүгінгі аналарды,
Ұстаған қазағымның ата - салтын.


Ортада бүгінгі кешіміздің шымылдығын ашу үшін мың бұралған биші қыздарымзды ортаға шақырамыз. Алдарыңызда 5 «Ә» сынып қыздарынан құралған «Гүлдәурен» бишілер тобы «Аққу» бимен қарсы алыңыздар.

1 жүргізуші: Ана - біздің гүліміз,
Ананың біз - гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған,
Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған,
Тіршіліктің тынысы мен ажары
Ана деген - теңдесі жоқ жақсы адам.

2 жүргізуші: Ана! Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, тербелмейтін сезім болуы мүмкін емес!


Ортада 5 «Ә» сынып оқушыларының орындауында хор «Ана сағынышы».


Мұғалім сөзі: Армысыздар, ана - аналар, ұстаздар! Қазақ әйел затын ерекше қадірлеген. Өмірдің ащы - тұщысын көріп, ысыла білген, тұяғы тасқа салса кетілер, суға салса жетілер деген оймен ұлын жел өтінде ұстаса, қызын аз күндік қонағым, алтынның сынығы, шұғының қиығы деп бөркінің төбесіне үкі қадап, үлпілдетіп өсірген. Міне жыл аралатып, көктемнің аралатып, көктемнің алғашқы күндерімен келетін «8 наурыз мейрамы құтты болсын!» демекпін. Осы жерде отырған барлық аналарға, ұстаздарға, қыздарға отбастарына береке, бірлік тілеймін. Мейрамдарыңыз құтты болсын!.


1 жүргізуші: Ана хақында ғұлама атаулының бәрі де жүректерінен жарып шыққан асыл сөздерін қалдыруы сондықтан. Олай болса, бүгінгі айтылар ән - жырымыз сіздерге арналады құрметті аналар!


Алпамыс - Ана деген асыл жандар ардақты,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды танытпай.



Асыл анам-алтын жан, асқар тауым,
Арайланып алдымнан атқан таңым.
Әлпештедің, әлдилеп, аяладың,
Әр кеш менің ән-күйім, сая, бағым.

Қайрат - Анашым менің, саялы қамқор шынарым,
Баулуға мені сан азап көріп шыдадың.
Тілерің болса алдағы жерде анашым,
Үмітіңді ақтап, арналсын саған жыр-әнім.



Анашым сенсің менің тірегім,
Мен үшін нұрлы әлем сыйған жүрегің.
Еңбегіңді ақтап, аялап өтем тек сені,
Болмас-ты басқа перзенттік менің тілегім.



Шынар - Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелейді жасымнан.
Мен қуансам қуанады ол бірге,
Мен қиналсам табылады қасымда.



Ана десем шекшек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әр бір үйде жұлдыз болып жанады.



Нұрлыбек - Ана тұрса құшаққа алып баласын,
Бақыт, шаттық белгісіндей жарасым.
Қабағыңды кірбің шалмай өмірде,
Қуанышқа кенеле бер анашым.



Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегімнен мәңгі бірге боласың.
Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің,
Сен дарқансың, сен жомартсың, данасың.



Серік - Ана десем сезім билеп тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемге тыныштық



Анам менің, асылым, лағыл әнім
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын.
Жұлдызыңдай көгіңде жағыламын
Алыс кетсем аңсаймын, сағынамын,
Анам менің асылым, лағыл әнім.



  • АБақтыбек - Ана өмірдің қуанышы тірегі,
    Бала оның жұбанышы жүрегі,
    Ана алдында ел жауы да бас иген,
    Олар дәйім тыныштықты тілейді.


  • Ана десем алғыс алам халқымнан,
    Ана десем теңіз болам шалқыған.
    Ана десем ашылады қабағым,
    Ана десем әділдікті ұғамын.


Жандарбек - Анасын керек емес баптамаған,
Адам ба ана сүтін ақтамаған.
Адам боп жүрмесінші жер бетінде,
Анаға махаббатын сақтамаған.


Тыныштық баршамыздың ұранымыз
Мәңгілік таусылмайтын жыр әніміз,
Арманның асқарында қанат қаққан,
Бақытты бейбіт елдің ұланымыз.


Құралай - Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.



Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.



Жұлдыз - Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді — лайықсыздар.



Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.



Ильвира - Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.



Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

 

1 жүргізуші: Ана - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Өмірге келгеннен бастап жанымыздан табылатын мейірімді жан - ана. Дүниеде анадан жақын кім бар балаға? Өзінің жағдайына қарамаса да, баласына бәйек болады. Өз аузынан жырып бар тәтті - дәмдісін, жылы жұмсағын баласына қояды. Сәл нәрсеге қабағың түссе, ең әуелі көріп қоятын, не болды деп, үрейі ұшып, тыным таппай жаныңнан табылатын - да сол ғазиз жан. Анаға теңеу жетпейтіні де сондықтан. Абай атамыз: «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол»- деп ескерткенін ұқтыратын ана бізді бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болсын деп бейнеттенеді. Үлгі көрсетіп өнерге, жақсыға баулиды. Әр ана өз баласын тісімен тістеп жүріп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, арлы, намысты болып өсуге қолынан келгенін аямайды. Бар ана баласымен мақтанып, баласымен мың жасауды армандайды. Ана - біздің сарқылмайтын бұлағымыз. Ол біздерге мөп - мөлдір, тұнық күйінде үлгі өнегесімен сусындатуға жаралған ерекше жаратылыс иесі. Ендеше бүгінгі мерекені осы аналарға арнаймыз.

2 жүргізуші: Мейірім мен ана сөзінің арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыздар? (оқушылар өз ойларын айтады)


1 жүргізуші: Ана-жүрек, құдірет де,
Ана – тірек, тіректі құрметте.
Ана-шыңың, шыңыңа сағынып жет,
Ана-күнің, күніңе табынып өт. Расында да, адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бойымыздағы бар жақсы қасиеттер ең алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуы мен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді.



2-жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай ... 5 «Ә» сынып оқушысы Салақбаева Гулназдың орындауында  «Анаға сәлем» әнін қабыл алыңыздар.


Мұғалім сөзі: Ана – бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дана, Ана – дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық адам, анадан қымбат жан жоқ. Расында да адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.


2 жүргізуші: Үш әріп, екі буын ана деген
Қысқа сөз, мағынасы терең
Адамды, жан - жануарды, мақұлықты
Бәрін дүниеге ана әкелген
Өсіріп ұрпақтарын тәрбиелеуді,
Табиғат өздеріне міндеттеген.


Ортада Боранбаев Ғалымжанның орындауында ән «Анашым» қарсы алыңыздар.

2 жүргізуші: Баласын қорғау үшін тайсалмайды,
Қаһарлы жауынан да қарсы келген
Солар ғой бұл фәниге өмір берген
Осылай аналарға баға бергем,
Не құрмет көрсетсе де ұрпақтары борышы ана алдында өтелмейді.

Мұғалім сөзі: Расында да адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.
Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді. Қайран ана өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір - қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді.


Жандарбек - Ана деген — мөлдір бастау суаты, 
Ана деген – бұл өмірдің қуаты. 
Ана деген – алтын күннің сәулесі, 
Ақ таңың боп шашылатын шуағы. 
Ана деген — қызыл гүлі өмірдің, 
Ана деген – мерекесі өмірдің. 
Ана деген – мейірімнің мекені, 
Алдарыңа ақ гүлің боп егілдің. 
Ана деген — дүниенің тірегі, 
Ана деген – сан ұрпақтың жүрегі. 
Ана деген – қол жетпейтін көктегі, 
Адамзаттың ақ арманы ,тілегі . 
Ана деген — көбелектей гүлдегі, 
Ана деген – аққу сынды көлдегі. 
Ана деген — күш қуатың, қорғаның, 
Ақ отаудың алтындаған діңгегі.

1 жүргізуші: Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. «Ат биден туады, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен. Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.


Ортада Қанат, Ильвира, Ерболаттың орындауында «Апатайым анашым» әні қабыл алыңыздар.


Қазір оқушылар аналар туралы нақыл сөздер айтып шығады.


Ғұламалардың айтқан сөздері:
1) Дулат Бабатайұлы: «Ата - ананың ақылы - қарулы қара жолмен тең».
2) О. Бальзак: «Ана көрегендігінің теңдесі жоқ».
3) М. Горький: « Адамдар - әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды».
4) Б. Г. Белинский: «Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді».
5) В. А. Сухомлинский: «Ана затының ерлігі мен қажырлығы ер азаматқа бекзаттық, сұлулық, ақ ниеттілік, адалдық қасиеттерін беретіндігіне мен мың мәрте көз жеткіздім».

2 жүргізуші: Келесі кезекті әсем әнге берейік. Ортада 8 «Ә» сынып оқушысы Жанаева Гулжанның орындауында «Перзент сыры» әні қарсы алыңыздар.


1 жүргізуші: Ендеше оқушылардың ана туралы мақал - мәтел ату шеберлігін байқайық.


1) Анасын сүйгеннің баласын сүй.
2) Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
3) Ананың сүті - бал,
Баланың тілі - бал.
4) Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың.
5) Атадан өсиет
Анадан қасиет.
6) Атасыз үй батасыз,
Анасыз үй панасыз.
6) Ағайын алтау,
Ана біреу.
7) Ана сүтін ақтамағанды
Ешкім жақтамайды.
8) Ата - асқар тау,
Ана - бауырындағы бұлақ.
Бала - жағасындағы құрақ

Ғалымжан - 8 Наурыз 2015 жыл көктемі,
Қыстың кетті аязының өктемі.
Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,
Күндей болып жарқыраңдар көктегі!
Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің,
Ақындардың өлең арнар жырысың.
Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға...
Ғасырларға жалғасады бұл ісің.
Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы!
Бақыт берсін әр көктемнің айлары.


  • А2 жүргізуші: Ана деген адамға Атамекен,
    Әр адам анаменен адам екен.
    Бір өзіңе көрсеткен жақсылығың,
    Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен.


1 жүргізуші: Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай.


Амандықов Қайраттың орындауында «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.


Мұғаліс сөзі: Ана - әрбір үйдің жанып тұрған шамшырағы,аяулы құшағы күннің нұрынан да ыстық,шаңырақтың сәні,отбасының берекесі-аяулы ана.Ана үш-ақ әріптен құралған сөз осы сөзде қаншама құдірет,қаншама қасиет сезім жатыр.Ана түн ұйқысын төрт бөліп бір қолымен бесік тербетсе екінші қолымен бүкіл әлемді тербеткен адам.Ана ақ сүтімен бойыңа жақсылықтың дәнін себетін аяулы жан.Пайғамбарда осы анадан туған.Біз бесікте жатқанда әлдилеп әнін айтады.Біз мұңайсақ сүйеу болатын, біз қуансақ қуанып шаттанып мәз болатын да аяулы жан ана. 
Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаңда парызыңды өтеу мүмкін емес.Ана деген сөздің өзі де жаныңа жылу беретін адамзат мекен ететін бүкіл әлемнің әр үйінде мейірім мен шапағатын достық пен туыстықтың туын тіккен адам.Күн сайын сені аялап құшақтаудан шаршамайды.Мәпелеп өсірген анаң,ақыл айтқан тағы анаң.Анасыз өмірдің мәні жоқ.Ана көптеген нәрсені үйретеді.Сенің өміріңдегі ең жақын ең асыл адамың ол анаң.
Мен дүниедегі барша аналарға бас иемін. Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды.Ананы сыйлау,құрметтеу анаға қатты сөз айтпау иман кітабында да жазылған.Ана барлығында кешіреді.Ана өмірдің қызығы,ана өмірдің гүлі,сәні.Анаң болғанда әр күнің қызықты өтеді.Ананы құрметтеу керекпіз.Ананың құшағы ыстық,сүті бал.Өмірде ана-бұлақ,ана-пана,ана-дана баласы үшін отқа түсетін де ана ғана.



2 жүргізуші: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.

1 жүргізуші: Мен өзіңмен қайда болсам біргемін.
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай – жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің!


Ендеше, асыл да ардақты аналарымыздың құрметіне Салақбаева Гулназдың орындауында «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.


2 жүргізуші: Рахмет. Біздің де шарамыз аяқталуға жақын. Қазір соңғы бөлім «Автор үстелі» деп аталады. Кез келген оқушы мына орындыққа отырып, анасына деген сезімін жеткізуге болады, немесе мерекесімен құттықтауға болады, тіпті кешірім де сұрауға болады, егер ренжіткен болсаңдар. Ал, кезек сендерде.


1-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.


2-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.


1-жүргізуші: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.


2-жүргізуші: Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең. Сабақтарды әрдайым қызықты өткізіп, ойын ойнататындарыңыз әлі де есімізде. Сол себепті бүгін біз сіздерді ойнатамыз. 
Ойын: Қағазға алдын ала ерекше қылығы бар 3 ұстаздың және 3 оқушының есімі жазылады. Артынша бұл қағаздар таратылады. Ұстаздар қағазда есімі жазылған оқушыны, ал оқушылар ұстазына пародия салады. Барынша сыпайы жақсы мінездерін салуға тырысу керек.



1 жүргізуші: Әлемді тербетеді ана алақаны, ана мейірімі жер бетін жылытады, ана махаббаты барлығымызды аялайды. Ендеше, аналарыңды құрметтеңдер, аялаңдар, ренжітпеңдер демекпін.


2 жүргізуші: Ана адамзат мекен ететін жер шарынның әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға одан артық тартудың қажеті жоқ.


Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…


Қорытынлыдау: Ел басы Н. Ә. Назарбаев былай деген екен: «Шығыс халықтарының арасында жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ», екенін атап өткен.
Ендеше, бір қолымен бесікті тербеткен, бір қолымен әлемді тербеткен аяулы, асыл ананы құрметтеп, қастерлейік.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
«?лемді тербеткен ана»

Автор: Таймаганбетова Гулбахар Уалихановна

Дата: 12.03.2015

Номер свидетельства: 185165

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "“?лемді тербеткен aнa”"
    ["seo_title"] => string(21) "liemditierbietkienana"
    ["file_id"] => string(6) "305864"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458011294"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) ""?лемді тербеткен - АНА"    ПРЕЗЕНТАЦИЯ"
    ["seo_title"] => string(36) "liemditierbietkienanapriezientatsiia"
    ["file_id"] => string(6) "297946"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1456249108"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "?лемді тербеткен ана "
    ["seo_title"] => string(25) "liemdi-tierbietkien-ana-1"
    ["file_id"] => string(6) "212150"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431769874"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) ""Ана ?мірді? г?лі" та?ырыбында?ы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(49) "ana-omirdin-ghuli-tak-yrybyndag-y-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "302059"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457037258"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "8 наурыз Аналар к?ніне арнал?ан мерекелік шара"
    ["seo_title"] => string(45) "8nauryzanalarkuniniearnalganmieriekielikshara"
    ["file_id"] => string(6) "319743"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460948549"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства