Мен ?арашо?ы орта мектебіні? бастауыш сынып м??алімі болып 4 жыл ?ызмет ат?арып келемі?. От басын ??р?анбын. ?з маманды?ымды жа?сы к?ремін. Болаша?та жа?сы м??алім бол?ым келеді. Отбасында аяулы ана. асыл жармын.1?ызым ж?не 1 ?лым бар. ?ызым 6 сыныпта о?иды. ?лым 2 сыныпиа о?иды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«??тты болсын Наурыз!»
10
Тәрбие сағатының тақырыбы: Құтты болсын – Наурыз
Мақсаты:
Оқушылардың қазақтың ұлттық мейрамы – Наурыз туралы түсініктерін кеңейту, ол мейрамның маңызын түсіндіру:
Сөйлеу, тез ойлау қабілеттерін дамыту;
Ұлттық тәрбие бере отырып, салт – дәстүрін құрметтей білуге, адамгершілікке, ауызбірлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл, қанатты сөздер, киіз үй жабдықтары, дастархан, гүлдер, шарлар.
Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. Кіріспе.
Орынбысар Анельдің орындауында Мұқағали Мақатаевтің «Көктем» өлеңі. Мұғалім: Армысыздар ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы мерекесі құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
1-жүргізуші:
Армысыздар ағайын! Наурыз тойын жұп жазбай, Қошеметпен қарсы алайық! Достыққа құшақ ашайық, Өлең жырға басайық. 2-жүргізуші: Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін, Аямай өнерпаздар ән мен жырын! Тойлайық халық тойын Наурызымның, Шуағын жерге төккен бақыт күнін! 1-жүргізуші Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық, Билейік, жыр жырлайық, ән салайық. Қаһарлы қыстан өтіп Наурыз келді, Арқаңды кеңге созшы, уа, халайық!
2-жүргізуші Ал, кәнеки, халайық, Асқақ әнге салайық, Басы болсын бұл тойдың Шырқап-шырқап алайық!! 1-жүргізуші Той кезінде жас құрбым, Жалтақтама, тойынба, Тартқан күйің тамылжып, Тіл бітірсін қайыңға, Ән кезегі келеді, Әндеріңді дайында! 2-жүргізуші Бүгін ұлыстың ұлы күні! Ата бабаларымыздың сөзімен айтсақ «Ақ түйенің қарны жарылған күн». Ендеше, Наурыз мейрамына арналған ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз! Ән: « Наурыз»
1-жүргізуші: 21 наурыз даланы Қызыр баба аралайды. Сондықтан әр отбасына даулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қойған.
2- жүргізуші:
Той әкелген ғаламға Қыдыр атам аман ба? Бас иеді барша жұрт Өзіңдей дана адамға. Қыдыр ата: -Ау, аман ба, жарандар! Алтын таңға қараңдар Ерте жайнап атты таң Естіліп тұр шаттық ән Жұрағатым қуанып Рақатын тапты жан Келе жатыр жылымыз Мейрамдайық мұны біз Жас балаша нұрланып Жадырасын күніміз Күннің жаңа нұры бар Мұның ғажап сыры бар Халық сүйген мейрам бұл
1-жүргізуші:
Наурыз тойы – елдің тойы,
Көктем тойы – төлдің тойы.
Ән айтатын күні бойы
Жақсы көрем наурыз тойын.
2- жүргізуші:
Сөзімізді одан әрі сыныптас достарымыз Еділ, Аян жалғастырса...
Наурыз негізінен адамдардың көрісуінен басталған. Жігіттер төңректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққан күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.
2-жүргізуші:
Ұлыстың ұлы күні 7 түрлі дәмнен тұратын Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған ет, қойдың басы, сүт, бидай, тұз, су қосылады. Көжені ішіп болған соң үй иесіне бата беріледі. (Амина, Ерғанат, Айым)
Амина
Көкте бұлттар күркіреп,
Жерге төкті өрмегін.
Жауды жаңбыр сіркіреп,
Мейірленіп жерге күн.
Көктем күйін бастады
Өз өнерн асыра.
Қысты қуып тастады
Асқар таудың басына
Ерғанат
Наурыз келді – жыр келді
Тірілтуге гүлдерді.
Сәнденеді аналар
Сәбилермен бірге енді.
Наурыз келді, нұр келді,
Түгел аймақ түрленді.
Бақшадағы апайлар
Тойға әзір боп үлгерді.
Айым
Жақындатып өткенге, кеткенге де
Көктем келді балбырап, көктем келді
Суық сарғыш жаныма шуақ құрған
Осы еді ғой күткенім көптен бері
1-жүргізуші:
Жылдың басы Наурыз
Жердің басы Наурыз
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр – әніміз – деп, ортаға «Шақырады көктем» әнімен Усеева Звангүл мен Ақбаева Жанна апайларымызды шақырайық.
2- жүргізуші:
Қараңғы түссе от жағылып, алтыбақан басында жастар түнімен ұлттық ойындар ойнап, айтысады. Бұл кеште айтылмаған ән, тартылмаған күй, танылмаған шешен қалмайды.
1-жүргізуші:
Иә, дұрыс айтасың! Ал, таң ата төбеге шығып, таңды қарсы алады. Ұлыстың ұлы күні Наурыздың құты дариды деген ұғым қалыптасқан.
2- жүргізуші:
Наурыз тойы – тамаша,
Наурыз тойы – жаңаша.
Табиғат пен тамаша
Тамылжып тұр жараса.
(Мейіржан, Нұрай, Тлек) (вальсқа киіну)
Мейіржан
Наурыз тойға жиналған халқым
Бәріңнің ойға алғанның жарқын сенім
Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің
Ғажап болсын, таппайтын тепе – теңдік.
Нұрай
Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірін танысып деп тасып өткен
Наурыз ән салтанат, ұлттың рухы
Бақытты наурызы бар халқым менің
Тлек
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен
Маңдайынан сүйіп жатыр күн көктем
Жарығымен, шуағымен күн ана
Алып келді жер бетіне гүл көктем
1-жүргізуші: (апай)
Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай
Бізде қарап тұрмайық
Тойға шашу шашайық!
Би: «Вальс»
2-жүргізуші:
Жан байытып жұрттың жылы лебізі,
Ізгі жолда сайрап жатты ел ізі.
Орындадық нақыштарын Наурыздың,
Салт – дәстүрге бай ұлтпыз ғой, негізі.
Көрініс: Киіз үйге байланысты жасалатын жоралғылар.
1-жүргізуші:
Биыл міне, тағы да, Аңсап көрген Наурызым! Құстар қонған бағыма, Ән сап келген Наурызым
Ән: Жау – жау жаңбыр
(Нұрсәт, Фарида, Марғұлан) (испанский киіну)
Нұрсәт
Жақындатып өткенге, кеткенге енді,
Көктем келді балбырап, көктем келді.
Суық сорға жаныма шуақ құйған,
Осы еді ғой күткенім көптен бері
Фарида
Келді Наурыз даладай кеңдігімен
Көк байрағы желбіреп желді күнмен
Тәуелсіздік ұранын аспандатқан
Айналамын, теңдігім, елдігімен,
Арайындай көрінген таңғы үміттің
Басын қостың сан халық, сан бір ұлттың
Жарқындай бер, жер көктік, жаса Наурыз,
Ұлы достық мейрамы мәңгіліктің.
Марғұлан
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алсаң,
Сонда олжалы жол болар...
Ұлыстың ұлы күнінде,
Бай шығады балбырап,
Қасында жас жеткіншек,
Тұлымшағы салбырап.
2-жүргізуші: (апай)
Мың бұрала би билеген қырмызы, Қызғалдақтай, алма мойын қыр қызы. Он саусақтан өнер тамған, бал тамған, Беу, қазақтың дара біткен бір қызы
Би: «Испан биі»
(Анель, Жұлдыз)
Анель
Аспанымның көгінде
Алаулаған күн құандай!
Алып ұшқан көңілге
Шаттық әуен құйғандай. бұлбұлдарды сайраған
Бұйраланған бақ қандай!
Теректері жайнаған
Жасыл бантик таққандай.
Самал желмен таранған
Қызғалдақты қыр қандай!
Жер бетіне сан алуан
Жалау өсіп тұрғандай.
Жұлдыз
Өніп еккен дәніміз,
Бүршік жарды бағымыз.
Сәскеде жаз,
Түнде қыс
Секілді екен наурыз.
Төлдеп жатыр малымыз,
Қазан толы сары уыз.
Сүті көп те,
Көмірі аз
Болады ғой наурыз.
Көрініс: «Тұсау кесер» (Қарақат, Назкен)
Қарақат
Дастарқанда бәріміз,
Жайдарымыз бәріміз.
Көжесі көп,
Қыры көк,
Қандай жақсы наурыз!
Назкен
Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған!
Ел де тыныш!
Жер де тыныш – бұл күні,
Көреміз тек қуаныш пен күлкіні.
Табысқан жұрт таныс тауып жатады,
Жамалғандай жүректердің жыртығы!
Саф тыйылып Сарыарқаның бораны,
Күн өрлейді күмбезінен жоғары.
Наурыздың жиырма екісі толғанда,
Тоғысады тоғыз жолдың торыбы...
2-жүргізуші Ашық болсын күніміз Ашылады нұрымыз Бай тұлғалы өңірде Ашылады жырымыз Би: «Қамажай» орындайтын аналар.
1-жүргізуші Бүгінгі дүбірлі аламан тойымыз да өз мәресіне жеткен тәрізді. Сондықтан ата салтын сақтай отырып арамыздағы ел ішіне сыйлы, құрметті ақсақалымыз – Қыдыр атадан бата сұрасақ! Ата, бүгінгі думанға сонау алыстын ат арытып келгеніңізге орай, ала келген ақ батаңыз да бар болар?! Қыдыр ата Елдеріңнің іргесі берік болсын, Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын, Сөздерің серттей берік болсын, Ісің ілгері, ақылың серік болсын, Еккндерің өнімді болсын, өмірлерің көңілді болсын, төрт түлік төлді болсын, Баққандарың шелді болсын Ақ көп болсын, Қайғы жоқ болсын, Пейілдерің кең болсын, Сапарларың оң болсын, Мына ұлыстың ұлы күні әр бір отбасына бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Әумин! 2-жүргізуші: Шашу!Шашу! Көп шашайық шашуды, Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр. Уа, жамағат! Теріп ал несібеңді, Ризығың болсын көл-көсір. 1-жүргізуші: Қашанда құт-береке орнасын деп, Тойларда шашу шашу салты елімнің. Уа, халайық! Теріп ал несібеңді, Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің! Ән: «Наурыз тойы»
2-жүргізуші Шапағатын аямай бұл жақта аспан, Жадырайды әр адам мұң шақпастан. Ой ағайын, келіңдер! Бүгін бізде – Наурыз көже құрт - қатық, тары қосқан. Мұғалім сөзі:
Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын!
Еліміздің несібесі көп болсын!
Қош, сау болыңыздар, халайық,
Көріскенше күн жарық болсын!
(Сөз беру)
Ал енді қадірменді қонақтар мен қатысушылар, сіздерді бүгінгі Ұлыстың ұлы күніне арнаған бар ынтамызбен, бар жігерімізбен, шын жүректен ұйымдастырған сынып сағатымызды жабық деп жариялай келе, өздеріңізді ақ дастархан басына шақырамыз.