kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Күлімде, Наурыз күлімде"

Нажмите, чтобы узнать подробности

22 наурыз ұлыстың ұлы күні жылдың басы наурыз мерекесіне арналған "Күлімде, наурыз күлімде" атты мектеп оқушыларымен өткізілген мерекелік бағдарлама

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Күлімде, Наурыз күлімде"»




(мерекелік бағдарлама)










2016 – 2017 оқу жылы


Тақырып: "Күлімде, Наурыз күлімде"

Сабақтың мақсаты: Халықтың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету. Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлеуге, қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, сахналау өнеріне баулу. Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып, балаларға ұғындыру.
БИ: ____________________________________би мен басталады.

1 Жүргізуші:  Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар. Бүгінгі наурыз мерекесіне арналған «Күлімде, Наурыз күлімде» атты мерекелік іс-шарамызды бастайық! Құрметті ата-аналар, қонақтар, балалар, Наурыз мейрамы құтты болсын! Сіздерге денсаулық, бақыт тілейміз, ақ мол болсын! Басқан қадам оң болсын!

Олай болса, Салтымен ата-бабаның

Жаңғырды қайта заманым

Тіршілік басы, о, Наурыз

Қайырлы болсын қадамың!

2 Жүргізуші: 
Уа, жараңдар, жараңдар!

Көңілің бар алаңдар.

Ата менен анаң бар

Наурыз тойы басталды

Бәрің бері қараңдар – дей келе салеметсіздерме құрметті жиналған қауым. Бүгін ұлыстың ұлы күні! Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ бүгінгі күн ақ түйенің қарны жарылған күн. Яғни, төлдер өріске шығып ойнақтаған, төлдеген кез екен.  
1 Жүргізуші: 
 «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын» десіп, өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, ақ көңіл, адал жүрекпен құшақтарын айқастырып табысатын қасиетті күн - Наурыз мерекесі құтты болсын, ағайын!

2 Жүргізуші: 

Шашу, шашу шашайық,
Ән - думанға басайық.
Наурыз келді далама,
Жаңа жыл келді ауылыма

(шашу шашылады)

1 Жүргізуші: 
Шашу шаштық болсын деп аман халқым,
Болған соң мұндай дәстүр жақсы салтым.
Шашуды тер, мол болсын деп несібелі
Келер жылға жетсек деп аман - есен.- деп кезекті тамаша бір әнге берсек. Ортада ________________________________________ қабыл алыңыздар


2 Жүргізуші: 

Наурыз – шығыс елдерінің өзіндік тарихы бар ежелгі мейрамы. Наурыз қазақ тіліне тікелей аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Жаңа жылды қарсы алу – күн мен түннің теңелу күніне сәйкес келеді. Наурыз – табиғаттың жаңғаруының, малдың төлдеп, ақтың молаюының белгісі. Қазақ халқы бұл күнді жаңа, таза киімдерін киіп, салт-дәстүр бойынша тазару, жаңару күні деп қарсы алған.
1 Жүргізуші: 
Наурыз – көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп,ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі,өнерлі азамат тәрбиелейтін ұлттық мейрамымыз. Наурыздың мағынасы – наурыз парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол күнтізбелік жылдың үшінші айы көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды.

1 – жүргізуші: Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!

2 – жүргізуші : Ұлыс бақытты болсын, Төрт түлік ақты болсын!

БИ ортада ______________________________________қарсы алыңыздар

Келесі кезекті оқушыларымыздың дайындап келген тақпақтарына кезек берелік.

1 оқушы

Наурыз келдi елiме,

Наурыз келдi жерiме.

Байлық, бақыт тiлеймiн,

Бүкiл қазақ елiне.

2 оқушы

Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!

3 оқушы

Жыл басы – Наурыз мереке, 
Ақ нұрға әлем боянды. 
Наурыз тойы береке 
Тіршілік жаңа оянды!
4 оқушы
Қазағым, наурызың құтты болсын,

 Көтерген шаңырағың биік болсын.

 Тілектері ұлтымның қабыл болып,

 Жақсылығын бір Алла иіп тұрсын.

5 оқушы

 Алтын күні шуақ шашып аспаннан,

Жаңа жылым жыр думанмен басталған.

 Ақ дастархан жайып қазақ төріне,

 Ақ ниетпен үлкендерден бата алған.


2 Жүргізуші: 

Бұл әлемде мереке көп,
Қуанышты, әдемі!
Ал біз үшін ең жақсысы
Қымбатты Наурыз мейрамы!

1 Жүргізуші: 
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй»-деп кезекті тамаша әнге береміз.

Ортада _________________________________________ ду қол шапалақпен.
2 Жүргізуші:
 
Ал, халайық т ұрмайық,
Әндетейік, шырқайық
Дөңгелесін бишілер,
Ортамызды ашайық. 
Көктем тойы – әніміз,

Көркем өнер сәніміз

Өлең-әнмен той сәнін

Өрнектейміз бәріміз.

Жарқыраған жас нұрлы,

Жаса, наурыз, дәстүрлі. – деп келесі кезекті биге береміз.

Қарсы алыңыздар _____________________________________
1 Жүргізуші: Қадірлі жиналған қауім, ата – бабадан жеткен халқымыздың тамаша жоралғылары мен дәстүрлеріне құлақ салалық, зердемізге түйіп, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыра алсақ, қандай ғанебет болар еді. «Наурыз» күн мен түн теңеліп, жөргегі көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр – күрегін тастамайтын, ерекше күн деп саналған.

2 Жүргізуші: Жаңа жылды, Наурыздың 22 – сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Қазақстанда ресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері тойланып келеді.Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, « нұр жауды», « туар жыл нұрлы болады», « Наурыздың ақша қарындай» деп әсем теңеулер айтып, « ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады» - деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған.

ӘН-ге кезек берейік __________________________________________

1 Жүргізуші: 
Наурызым міне келді жайраңдаған,
Ынтымақ пен достық бір сайраңдаған
Мол дастархан ақ ниет ырыс толған,
Көктемнің бұл күніне қайран қалам.-дей келе келесі кезекті мың бұралған биші қыздарымызға береміз.

БИ_____________________________________________ қарсы алыңыздар

2 Жүргізуші:

Ұлыс күні кәрі – жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып көріскен.
Аталар бата беріскен,
« Сақтай гөр» деп терістен.
« Кел, таза бақ, кел» десіп,
Кел тілек бер десіп....
Тамаша ән қабыл алыңыздар ____________________________________

1 Жүргізуші: 
Наурыз келді алақай,

Кел билейік балақай,

Бізде қарап тұрмайық,

Тойға шашу шашайық!

БИ_____________________________________________ қарсы алыңыздар
2 Жүргізуші: 
Той думанға келіңіз,

Тамашалап көріңіз,

Ән айтайық бәріміз,

Қол соғайық бәріміз!
ӘН Қарсы алыңыздар _____________________________________ биімен.

1 Жүргізуші: 

Ұлыстың ұлы күні даланы Қыдыр баба аралайды екен. Қыдыр баба адамдарға дәулет беріп, бақ қондырады екен. Жүзінен шуақ тараған, жанары жылы, ақ сақалды қария кейпінде көрінеді. Қыдыр бабаға жолыққан жанның бақ жұлдызы биікте жанбақ.
2 Жүргізуші: 
Ертеде «Қыдыр ата» наурыздың 21-нен 22-не қараған түні келетін күнді кімде-кім қарсы алса, соған беретін сыйының бар екені туралы әлемге жар салыпты. Сыйдан дәмелілердің барлығы күнді қарсы алуға дайындалыпты. Бұл сыйдың иегері қандай жануарлар екенін білесіздер. Қане, атап жіберейік. Теңдессіз сыйдан адамдар да құр қалғысы келмеген. Түнімен «Қыдыр атаны» тосқан екен. 

Олай болса кезекті биге берсек ______________________________________

1 Жүргізуші: 

Сен осы қазақ халқының осы наурыз мейрамында көрсетілетін ұлттық салт-дәстүр, әдет- ғұрыптарын, ұлттық ойын, ұлтты киімдерімізді білесіңбе?

2 Жүргізуші:  Әрине білемін. Негізі салт-дәстүр дегеніміз - халықтың жөн-жоралғылардың, ұстанымдардың жиынтығы. Салт-дәстүрлер халыктың өмір-тұрмысынан, шаруашылық-тіршіліғінен, қалыптасқан қоғамдық қатынастарынан, дүниетанымынан туындайтын модени құбылыс. Ал оларды атап кетсем. Қыз ұзату, бесікке салу, құда түсу, тұсау кесу, арқан тартыс, асық ату, алтыбақан, сәукеле, қамзол....



1 Жүргізуші: 

Болды, болды айта берсек өте көп иә. Әрі қарай мерекелік бағдарламамызды жалғастырайық. Келесі тамаша бір ән қабыл алыңыздар ортада

ӘН: _______________________________________орындауында.

2 Жүргізуші:  Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын  Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы,  қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады. Кейде оған миіз тағы да басқа тағамдар салынады екен.
1 Жүргізуші: 

Үйге келген қонақтарды дастархан жайып бауырсақ қойып дәстүрлі тағам наурыз көже береді екен. Бұл күні барлық халық бір-бірмен тату-тәтті өмір сүреді. Әрқашан еліміз тыныш, халқымыз аман жүрсін құрметті қонақтар.

1 Жүргізуші: 

Халқымыз ежелден тұрақтылық пен бейбітшілікті, ел арасындағы татулық пен бірлікті ерекше бағалаған. Осымен бүгінгі наурыз мерекесіне арналған «Күлімде наурыз күлімде» атты мерекелік бағдарламамыз өз мәресіне жетті. Келесі жылы да басымыз аман, жұртымыз тыныш, жайлы болсын, халайық! Келесі жылы кездескенше қош сау болыңыздар. 
2 Жүргізуші: 

Наурыз құтты болсын! 
Дендеріміз сау, мықты болсын! 
Наурыз тойы келе берсін! 
Барлық халық бақытты болсын, 
Қош ,сау болыңыздар, халайық! 
Көріскенші күн жарық болсын! Көңіл бөліп келгендеріңіз үшін рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар.





















Өткізілген іс-шараға сараптама


Тақырып: "Күлімде, Наурыз күлімде"

Сабақтың мақсаты: Халықтың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету. Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлеуге, қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, сахналау өнеріне баулу. Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып, балаларға ұғындыру.
Мектебімізде 22 наурыз ұлыстың ұлы күніне арналған «Күлімде, Наурыз күлімде» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға мектеп ұстаздары, оқушылары, қонақтар қатысты. Мерекелік бағдарламамыз бимен басталды. Жүргізушілеріміз ортаға шығып келген қонақтарымызбен ұстаздарымызды ұлыстың ұды күнімен құттықтап, шашу шашылды. Әрі қарай мерекелік бағдарламаны оқушыларымыздың дайындап келген ән, би, тақпақтарына кезек берілді. Өз өнерлерін ортаға салып келген қонақтарымызды қуанта білді. Жаңа жылды, яғни 22 наурыздың шығу тарихына, сол кездегі өзгерістерге де тоқталып айтып өтті. Қазақ халқының салт-дәстүрімен, әдет-ғұрыптарына да кезек берілді. Өткізілген мерекелік бағдарлама өте жақсы өтті.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Күлімде, Наурыз күлімде"

Автор: Тастурганова Рысбике Женисовна

Дата: 04.04.2017

Номер свидетельства: 406363

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Сценарий праздника "Наурыз мерекесi""
    ["seo_title"] => string(36) "stsienariiprazdnikanauryzmieriekiesi"
    ["file_id"] => string(6) "262187"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1449285678"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "?ош келді?,?з-Наурыз!"
    ["seo_title"] => string(18) "koshkieldinznauryz"
    ["file_id"] => string(6) "295104"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455783293"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) ""Қош келдің, Наурыз""
    ["seo_title"] => string(20) "k_osh_kieldin_nauryz"
    ["file_id"] => string(6) "354143"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1477993156"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "Разработка мероприятия в детском саду "Наурыз ??тты болсын" "
    ["seo_title"] => string(63) "razrabotka-mieropriiatiia-v-dietskom-sadu-nauryz-k-u-tty-bolsyn"
    ["file_id"] => string(6) "192554"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427471291"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "?ош келді?,  Наурыз! "
    ["seo_title"] => string(22) "k-osh-kieldin-nauryz-2"
    ["file_id"] => string(6) "191609"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427349449"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1480 руб.
2110 руб.
1480 руб.
2110 руб.
1850 руб.
2640 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства