kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Көшбасшы сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Берілген материал оқушының білімін тексеруге арналған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Көшбасшы сайысы»

Көш басшы

Ойын ережесі

БІРІНШІ КЕЗЕҢ
БӘЙГЕ

Алты адам қатысады.

1. Жүргізуші қатысушыларға қарапайым сұрақтар қояды, әр сауалға жауаптың үш нұсқасы ұсынылады.

2. Қатысушы дұрыс жауап берген жағдайда бір ұпай иеленеді.

3. Жауап дабыл түймешесін басу арқылы беріледі.

4. Жауапқа бес секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды.

5. Тур кезінде артық сөз айтуға тыйым салынады, бұл шартты екі мәрте бұзған ойыншы ойыннан шығарылады.

6. Компьютер ұпаймен қатар әр ойыншының жауап беруге жұмсаған уақытын да тіркеп отырады. Екінші турда тақырып таңдау кезегі бірінші турда жиналған балл мөлшеріне тікелей байланысты. Егер ұпай саны тепе-тең болатын болса (кезек  дұрыс жауап беру үшін ойыншы жұмсаған уақыт бойынша белгіленеді), артықшылық жауап беруге уақытты аз жұмсаған ойыншыға беріледі.

ЕКІНШІ КЕЗЕҢ
ПОЛИГЛОТ

Алты адам қатысады. Бірінші турда жиналған ұпай екінші турда сақталады.  Екінші турда сұрақ әр ойыншыға жеке қойылады. 

1. Қатысушыларға шартты тұрде екі блокқа бөлінген 12 тақырып ұсынылады (блоктардың шартты атауы ФИЗИКА ЖӘНЕ ЛИРИКА). Компьютер түймешесін басу арқылы ойыншы кездейсоқтық жолымен блоктағы тақырыптың бірін таңдайды.  Белгіленген блок бойынша ойыншы тақырыпты өзі таңдайды. Таңдау кезегі ойыншының бірінші турда алған орнына сәйкес жүзеге асырылады.  Бірінші (соңғы) орын алған ойыншы бірінші болып  таңдайды, әрі қарай осылай кезекпен кете береді.

2. Әр тақырыптың ішінде бес сұрақ болады,  сұраққа дұрыс жауап берген ойыншының бірінші турда жинаған ұпай санына  бір балдан қосылып отырады. 

3. Сұрақ экранға шығады және жүргізуші дауйыстап оқып береді.  Ойыншы экранда сұрақ көрінгеннен кейін дереу жауап бере алады, бұл жағдайда сұрақты дауыстап оқу үзіледі. 

4. Әр сұраққа жауап беру үшін 8 секунд уақыт беріледі. Бұл уақыт өткеннен кейін жауап қабылданбайды. 

5. Жауап ауызша беріледі. 

6. Екі тур барысында барынша көп ұпай жинаған үш ойыншы үшінші турға шығады.  Егер жиналған ұпай саны тепе-тең болатын болса, жауап беру үшін барынша аз уақыт жұмсаған ойыншыға артықшылық беріледі.

ҮШІНШІ КЕЗЕҢ
КӨКПАР

1. Турға үш адам қатысады. Екінші турда жиналған ұпай есептелмейді. 

2. Қатысушылар алдына электронды тақтайша қойылады, ол 20 сектордан тұрады, табло әрқайсысы бес сектордан тұратын төрт тақырыпқа бөлінеді.  Олардың әрқайсысында күрделілігі бойынша  бағаланатын сұрақ жасырынулы. Оған сәйкес 10;20;30;40, 50 балл беріледі.

3. Қатысушылар кезек бойынша тақырып пен сұрақ бағасын таңдайды. Таңдалатын сұрақ саны – 5, әркім өзі таңдаған сұрағына жауап береді. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі.

4. Сұрақтарды ойыншылар кезек бойынша таңдайды және сол кезекпен жауап береді.

5. Дұрыс жауап берген жағдайда ойыншы сұрақ бағаланған  мөлшерде ұпайға ие болады. 

6. Ойыншы дұрыс жауап бермеген жағдайда, жүргізуші дабыл түймешесін басқаннан кейін, оның қарсыластары өз кезегінде дабыл түймешесін басу арқылы  дұрыс жауап беруге талпыныс жасай алады.

7. Егер екінші ойыншы дұрыс жауап бере алмаса, жауап беру құқығы үшінші ойыншыға өтеді. Ол екінші ойыншы тәрізді ойланбай жауап беруге міндетті.

8. Кез келген жағдайда сұрақта көрсетілген ұпай дұрыс жауап берген ойыншыға өтеді.

9. Турдың (ойынның) жеңімпазы болып үшінші турда барынша мол ұпай жинаған ойыншы танылады. 

10. Ұпай саны тепе-тең түсетін болса төртінші тур (овертайм) өткізіледі.

ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢ
ОВЕРТАЙМ

Ойын жеңімпазын анықтау мақсатында өткізіледі (егер үшінші турда екі немесе үш ойыншы бірдей ұпай жинаған болса).

1. Ойыншыларға 1 бейнесұрақ қойылады (бейне көрсетіліммен қойылатын ауызша сұрақ). Сұраққа жауаптың үш нұсқасы ұсынылады. Ойыншылар ойын пультіндегі сәйкес түймешені басу арқылы дұрыс жауапты көрсетуге тиіс. Бірінші болып дұрыс жауап берген ойыншы жеңімпаз болып саналады. 

2. Егер олардың екеуі (үшеуі) де қате жауап беретін болса немесе жауапты бір мезетте берсе (теория жүзінде бұл мүмкін емес) ойыншыларға келесі сұрақ қойылады.  Жеңімпаз анықталғанша ойын осылай жалғаса  береді.

Мақсаты : Оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейту.Логикалық ойлауды, тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамыту. Қабілетті, дарынды балаларды көрсету. Олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу. Барлық пәндерге деген қызығушылығын арттыру, табандылыққа, еңбекке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Көшбасшы сайысы

Автор: Саликова Алия Ислямовна

Дата: 15.01.2017

Номер свидетельства: 379596

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) ""ХХI ғасыр көшбасшысы" сайысы"
    ["seo_title"] => string(31) "khkhi_gasyr_koshbasshysy_saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "480919"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1539754493"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Сыныптан тыс ж?мыс.Білгірлер сайысы. 9 сынып."
    ["seo_title"] => string(47) "synyptan-tys-zhu-mys-bilghirlier-saiysy-9-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "276485"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452748031"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "«Ана тілі  білімні? кілті»  танымды? ойын сайысы "
    ["seo_title"] => string(44) "ana-tili-bilimnin-kilti-tanymdyk-oiyn-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "126039"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1415109415"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "«Жас-информатиктер»  атты сайыс "
    ["seo_title"] => string(30) "zhas-informatiktier-atty-saiys"
    ["file_id"] => string(6) "103805"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1402637626"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "«Жас информатиктер» сайыс"
    ["seo_title"] => string(25) "zhas-informatiktier-saiys"
    ["file_id"] => string(6) "317880"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1460458758"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства