Ел тілегі о? болып, тынышты? болсын ?рдайым! Осынау к?гілдір аспанны? аясында жер бетіндегі тіршілік атаулыны? жаратушысы К?нні? к?зі мен Ананы? а? с?тінен н?р ал?ан б?лдіршіндерді? шатты?ы м??гілік б?зылмасын. ?ымбатты ата - аналар, ?она?тар сіздер б?гін мектебімізді? бастауыш сыныптар жанынан ?йымдастырыл?ан «Кішкентайарулар» сайысына ?атысып отырсыздар. Сайысты ашу ?шін мектебімізді? директоры Махашова Саяг?л Сері?ызына беріледі.
Кез - келген істі?, кез - келген жиын тойды? ?йымдастырушысы, ж?ргізушісі болады. Ж?ргізуші а?ылды да, білімді де жан - жа?ты к?пшіл, с?йлеу м?дениеті жо?ары болуы керек. Осы ?асиеттерді? барлы?ы б?гінгі кішкентай б?лдіршіндерімізді? бойынан табылып жатса, н?р ?стіне н?р болар еді.
Сонымен сахнада: №1 Еркеназ №2 Е?лік
№3 Аружан №4 Же?іск?л №5 Гау?ар
№6 То?ан №7 Айзат №8 Бекзат
(?р сайыскер ?з шеберліктерін к?рсетеді.)
VI Кезе? «Білімдіден а?ыл шы?ар, а?ылдыдан на?ыл шы?ар»
(Бір жа?даят ?сынылады, олар ?здеріні? тап?ырл?ымен жауаптарын д?лелдейді.)
VII Кезе? «?нерлі ?рге ж?зер» демекші «?нер» сайысы
Таланттыны танытып елге б?гін,
К?терейік мерейін ?нерліні?.
?кілі ?мітпенен сенім артып,
?ренге ар?ала?ан ?нер ж?гін.
(?р б?лдіршін ?н айтып, би билеп ?з ?нерін орта?а салады)
Просмотр содержимого документа
«Кішкентай арулар »
Тұрмағамбетова Ләззат
№19 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Қызылорда облысы
Арал ауданы
Жақсықылыш кенті
Кішкентай арулар
Мақсаты:
1)Кішкентай ару қыздарыңызды инабаттылыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа өнерге баулу. Анаға деген бала махаббатын ояту.
2)Баланың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту
Көрнекілігі: «Көктем-ана, қыздар гүл» газеті, нақыл сөздері, балалардың шығармашылық жұмыстарын, белсенді тақта (слайд) гүл, шарлармен безендіру.
Қатысушы: 1-2 сынып қыз балалары
Бастаушы: (сахнада «мереке күнімен» әні баяу орындалады.)
Армысыз, асыл жұрт ардақты ағайын,
Өнерден өр алқа сіздерге тағайын.
Сүйкімді, балауса балғынның,
Талантын танытып ортаға салайын.
Армысыздар, жиналған қауым! Амансыздар ма аналар. Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз құтты болсын.
Ел тілегі оқ болып, тыныштық болсын әрдайым! Осынау көгілдір аспанның аясында жер бетіндегі тіршілік атаулының жаратушысы Күннің көзі мен Ананың ақ сүтінен нәр алған бүлдіршіндердің шаттығы мәңгілік бұзылмасын. Қымбатты ата - аналар, қонақтар сіздер бүгін мектебіміздің бастауыш сыныптар жанынан ұйымдастырылған «Кішкентайарулар» сайысына қатысып отырсыздар. Сайысты ашу үшін мектебіміздің директоры Махашова Саягүл Серіқызына беріледі.
Әділқазылар: Батыр ана «Алтын алқа» иегері анамыз Тайлақова Ләззат
Бастауыш сынып мұғалімі: Бөлекбаева Күлаш
Ән-әуез пәнінің мұғалімі: Ильмалиев Дархан
Бастаушы: Мың бұралып арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Ортаға аруларды шақырымыз.
(«Қыз сыны» әуені орындалады.)
Сайысқа қатысуышы аруларды таныстыра отырып, шақыру.
1-қатысушы: Нәзік гүл сияқты қайысқан,
Билеуге бұрала майысқан.
Өнерлі кішкентай Еркеназ,
Бақ сынап сайысқа қатысқан.
2-қатысушы: Жүзінен таң нұры тарайды,
Райхан гүліндей арайлы.
Еңлік қызымыз өнерлі,
Биікке самғауды қалайды.
3-қатысушы: Биязы ұяңдық бойында,
Ойға ой қосу тек ойында.
Оқуда озат қыз Аружан,
Бүгінгі бүлдіршін тойында.
4-қатысушы: Биікте қос шыңның мұнары,
Секілді ағаштың шынары.
Келеді ортаға Жеңіскүл,
Ерке қыз егіздің сыңары.
5-қатысушы: Маржан, жақұт бар жасыл тас,
Өзі де секілді асыл тас.
Гауһарды шақырам ортаға,
Бойында даналық ақыл жас.
6-қатысушы: Ай дидар ақ жүзді ақ сары,
Қиылған қабағы қастары.
Сабақта озат қыз Тоғжанды,
Ұнатқан сыныбы достары.
7-қатысушы: Күмбездей күн нұрлы сүйкімді,
Бейжай ғып қалдырмас кім-кімді.
Биязы Айжанды шақырам,
Бейне бір қошақан сүйкімді.
8-қатысушы: Мінезі жайдары үнемі,
Жүзі нұр күлімдеп жүреді.
Бекзада биіндей Бекзат бұл,
Сыныптың белсенді жүрегі.
I Кезең «Таныстыру»
Кішкене арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар өнерді дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен танысуға.
(Әр ару өзін таныстырады, ән, жыр арқылы)
II Кезең «Сән үлгісі»
Киімімен керемет және түрлі
Назарын аударар елдің күллі
Сұлу сәнді қыздарымыз бар біздің
Киім киген жарасымды, әрі құнды
(Әр сайыскер өзі дайындаған сән үлгісін көрсетеді)
III Кезең «Мың бір мақал жүз бір жұмбақ» сайысы.
Ел жұрттың рухани азық асы,
Асыл сөздің әдемі қазынасы.
Тәлімі ұштасады тәрбиемен,
Мақал да халықтың қазынасы.
Бұл кезеңде бүлдіршіндер мақал - мәтел айтудан жарысады.
IV Кезең«Өнерлінің қолы алтын» демекші «қол өнер» сайысы. Көктем мезгіліне сәйкес бейне көрсету.
1-cынып ермексаздан
2-cынып жапсырмалау
Ән шашу: 4сынып оқушысы Мирманова Гүлдана «Аналар» әні
V Кезең «Ең сүйкімді жүргізуші»
Кез - келген істің, кез - келген жиын тойдың ұйымдастырушысы, жүргізушісі болады. Жүргізуші ақылды да, білімді де жан - жақты көпшіл, сөйлеу мәдениеті жоғары болуы керек. Осы қасиеттердің барлығы бүгінгі кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойынан табылып жатса, нұр үстіне нұр болар еді.
Сонымен сахнада: №1 Еркеназ №2 Еңлік
№3 Аружан №4 Жеңіскүл №5 Гауһар
№6 Тоған №7 Айзат №8 Бекзат
(Әр сайыскер өз шеберліктерін көрсетеді.)
VI Кезең «Білімдіден ақыл шығар, ақылдыдан нақыл шығар»
(Бір жағдаят ұсынылады, олар өздерінің тапқырлғымен жауаптарын дәлелдейді.)
VII Кезең «Өнерлі өрге жүзер» демекші «Өнер» сайысы
Таланттыны танытып елге бүгін,
Көтерейік мерейін өнерлінің.
Үкілі үмітпенен сенім артып,
Өренге арқалаған өнер жүгін.
(Әр бүлдіршін ән айтып, би билеп өз өнерін ортаға салады)
Бастаушы: Міне, құрметті қонақтар, біздің аруларымыз 7 кезеңнен өтіп, өздерінің бойларындағы өнерлерін, білімдерін, қасиеттерін көрсетті. Ендігі сөзді әділқазылар алқасына берейік.