kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Кішкентай арулар" ?ыз сыны бай?ауы

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Кішкентай арулар" бай?ауына бастауыш сынып о?ушылары ?атысады.?р сыныптан екі ару ?ыздар ?атысып, ?з ?нерлерін к?рсетеді. О?ушыларды? ?нерлерін сараптайтын ?діл?азылар ал?асы бекітіледі.Бай?ау бес б?лімнен т?рады.

  1. «Мен ?аза?ты? ?ызымын»- аруларды? с?лемдесуі, ?зін-?зі таныстыруы.
  2. «Ел іші-?нер кеніші»- ?нер сайысы
  3. «?ыз еркем кестесімен к?ркем» -?атысушы ару т?йме тігеді.
  4. «Зерделіні? ойы озы?»- с?ра?-жауап кезе?і.
  5. «С?лулы? сыры» - с?н ?лгісін к?рсету . Аруларды? реттік н?мерін аны?тау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Кішкентай арулар" ?ыз сыны бай?ауы »

Кішкентай арулар байқауы

Қатысатындар : 3,4,5 сыныптар

Мерзімі : 4.04.2015ж


Мақсаты: Халықтық тәрбиенің асыл қазынасы : ұлттық мәдениет , ізгі салт , әдет-ғұрыптарын оқушылар бойына терең сіңіру , имандылық , ізгілік сезімталдық , әдептілік қасиеттерді қалыптастыру .Өткенді біле отырып , болашақтан нәр алу.

Жүргізуші: Тәлімгер Бейсенова Қ

Көрнекіліктер : плакатқа жазылған сөздер , суреттер , қима қағаздары , шарлар.

Жүргізуші : Армысыздар , құрметті ұстаздар , ата-аналар және оқушылар! Ардақты аналар ,ұлағатты ұстаздар ,ару қыздар!Көктемгі күндей жарқырап , гүлдей құлпырған 8-наурыз –Халықаралық әйелдер күні мерекелеріңіз құтты болсын!Бүгінгі көктемнің шуақты күнінде біздің мектепте үлкен мереке.Құрметті қауым , бүгін мектепте өткізгелі отырған «Кішкентай арулар» атты қыз сыны байқауына қош келіпсіздер!

Үкілі кәмшат , бүрмелі көйлек ,

Тұрғандай өзі қимылсыз билеп.

Иықтан шашы төгіліп жерге ,

Күмісті шашбау жарасып белге , - дегендей , біздің мектебімізде әдепті , әдемі қыздарымыз көп.

Ән бастайық көрермен ,

Өлең -өрнек дегенмен

Бастайық біз «Қыз сынын»

Қадірменді көрермен.

Мың бұралған арулар аңдып басып ,

Келеді міне , ортаға толқып , тасып ,

Аруларын сыйлаған халқым менің

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

(Қошеметпен ару қыздарымызды ортаға кезекпен шақырамыз)

Аңқылдаған ақ көңілмен ,

Гүлдей жайнап әдемі қыз

Озамын деп нық сеніммен ,

Шықты ортаға ......................


Бұралған тал шыбықтай ол бір гүлің

Шіркін –ай тыңдар болсаң нәзік үнін.

Биімен көрерменді тәнті еткен

Қарсы алайық ..................................


Ал , халайық аруға тамсанайық,

Қыз қылықты дегенде ән салайық

....................................... деген ару

Келе жатыр , қол соғып қарсы алайық.


Қыздардың сұлуы бар , дәруі бар ,

Дәруді дәрі болар зәруі бар.

Әншілік өнерімен қанат қаққан

................................. ..... деген аруы бар.


Дүрсілдеп бара жатыр жүрек құрғыр

Жайдары болғанымен көңіл дүлдүл

Ару боп сынға түсіп сыналмақшы

Маңдайы жарқыраған .................. ару.


Құдіретті жыр тудырған санамда,

Кім екен бұл – Қыз жібек пе , Баян ба ?

Әлде ару Қарлыға ма ? Құртқа ма?

Әлде гүл ме , өсіп тұрған даламда ?

Кім де болса періште ғой ғажайып,


Әділдікпен баға берер аруға ,

Әділдікпен қара қылды жаруға

Әділқазы алқаларын сайлайық

Ақ аруды таңдап бүгін алуға.


Қазылар алқасымен таныстыру

  1. мектеп директоры-Стыбаева

  2. ДТЖО – Қораласбаева Г

  3. Психолог : Б.Қойлиева


Даланың терең жұтсақ ауасы кең,

Танысайық бұл кештің шартымен:

  1. «Мен қазақтың қызымын»- арулардың сәлемдесуі , өзін-өзі таныстыруы.

  2. «Ел іші-өнер кеніші»- өнер сайысы

  3. «Қыз еркем кестесімен көркем» -қатысушы ару түйме тігеді .

  4. «Зерделінің ойы озық»- сұрақ-жауап кезеңі.

  5. «Сұлулық сыры» - сән үлгісін көрсету


Арулардың реттік нөмерін анықтау



Ұрпағы мен боламын бабалардың ,

Биікке өнерімен бара аламын.

Қанеки , тыңдайықшы барша халық

Кім екен түпкі атасы арулардың?- дегендей арулар өзін-өзі таныстырады .

Біреулер сынға түсер өнерімен ,

Біреулер сынға түсер өлеңімен.

Не болса да айтатын жүрегімен ,

Әнді нағыз өнер деп білемін мен.

ІІ бөлім «Ел іші-өнер кеніші»-шарты бойынша арулар өз өнерін көрсетеді.


Өнерлі өрге жүзер – таңғалмаңыз!

Таланты талмай ұшар – таңғалмаңыз!

Таңғажайып әлем бар - өнер аты.

Шарпып өтсін лебімен – таңғалмаңыз!

ІІІ бөлім«Қыз – еркем , өнерімен көркем» деп аталады.Аруларымыз түйме тігіп көрсетеді.


Қыз емес қыздың аты қызыл алтын ,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес ,

Халқымның сақтай білген игі салтын

ІҮ бөлім «Зерделінің ойы озық»- деп аталады .Қыздарымыз қазақтың салт- дәстүрін қалай білетіндігін көреміз.


Үлбіреп жаны үзіліп ,

Сәулесіндей сәскенің .

Сыбызғыдай сызылып ,

Арулар шықты тізіліп.

Ү. Бөлім«Сұлулық сыры» атты шартымыз бойынша арулар сән үлгісін көрсетеді.


Өнердің сан түрлерін сараладым,

Дайынба , әділқазы бағаларың , - деп сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.Әділқазылар байқаудың жеңімпазын анықтап , қорытынды жасайды.


Марапаттау. Құттықтау .




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Кішкентай арулар" ?ыз сыны бай?ауы

Автор: Ерболатова Жансая Байсейтовна

Дата: 17.04.2015

Номер свидетельства: 202386


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства