kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Әкем, шешем және мен"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Әкем, шешем және мен"»

Тақырыбы: «ӘКЕМ, ШЕШЕМ ЖӘНЕ МЕН»

Отбасылық спорттық сайыс

Қатысушы:  3 сынып оқушылары мен ата — аналары

Мақсаты:  Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Түрі:  отбасылық спорттық сайыс

Құрал – жабдықтары:  доптар, секіртпелер, кеглилар, арқан, шығыршықтар, доптар .

Ұйымдастыру бөлімі:

— Қадірменді спорт сүйер қауым! Бүгінгі оқушылар мен   ата-аналары арасында өткізгелі отырған «Әкем, шешем және мен» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына  Жолдауын іске асыру шеңберінде халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың ата – аналарын дене шынықтыру мен спортқа үгіттеу, спортпен айналысып балаларымен бірге белсенді уақыт өткізу мақсатында өткізіліп отырған спорттық байқауымызды ашық деп жариялаймыз.

Отбасылардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 3 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір ата-аналарымыздың қолынан келеді. Біз әр топ отбасыларына  сәт сапар тілейміз!


 Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң,

Отбасыларымызды шақырамыз.

(әр отбасы орындарына келіп тұрады)

І топ, Қуанышевтар отбасы

ІІ топ, Тастұрғановтар отбасы

ІІІтоп, Есжановта отбасы

 Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызды бағалап, төрелік айтар   әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:Бобжиков М.Қ.

Тәрбие жөніндегі орынбасары:Хамзин А.Б.

3 «Б» сынып жетекшісі:Ерғазина Б.Қ,

Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.

Сайыстың бағдарламасы 7 турдан тұрады:

1-тур: «Менің отбасым». Таныстыру

2-тур: «Эстафета»

3-тур: «Тасымақ»

4-тур: «Көпсайыс»

5-тур: «Ұлпа қар»

6-тур: «Асық жинау»

7-тур: «Арқан тартыс»

Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді.

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт — сапар!

Сайысқа қатысушыларға көтеріңкі көңіл – күй, батылдық, жеңіс тілей отырып, сайысымызды бастаймыз. 

1. «Менің отбасым».  Таныстыру.

Өнер қуып отбасы өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген топтар кезектесіп.

Таныстырып өздерін кетер дейміз.

Әр отбасы өз тобының атын, ұранын, төсбелгісін таныстырып өту.

2. «Эстафета:

Шарты: Әр отбасы мүшелері кезектесе кедергі арасымен қолындағы  допты теуіп алып жүру. Кедергілерді құлатпау.

3. «Тасымақ»

Шарты: Шығыршықты киіп үшеуі кедергі арасымен жүру. Сәт сапар!Жақсы! Керемет! Әділқазылар алқасы қалай сіздерді бағалайды екен?!

4. «Көпсайыс»

Шарты: Ойынды аналары секіртпемен секіріп бастайды, межелі орынға жеткенде балалары да жүреден отыра қосаяқтап секіріп анасының қасына барады, ал әкелері аяқты айқастырып жүру арқылы ана мен баланың жанына барып, әке мен ана  баласын айқастырылып ұсталған  қолдарына отырғызып өз орнына кері оралу.

5. «Ұлпа қар» 
Ойынның шарты: Әкесі белгілеген орынға дейін жердегі қардың біреуін алып, кедергілер арасымен жүгіріп шелекке дәлдеп түсіру керек. Әрі қарай анасы және балалары кезек-кезек әкесіне қар тасып береді. Қар таусылғанша ойын осылай жалғаса береді.
6. «Асық жинау»
Ойынның шарты: Ойыншылар шеңбер бойымен айнала тұрып, бірінің оң жақ иығына қолдарын қойып,сол аяқтарын көтеріп шеңберді бойлай музыка әуенімен секіріп жүреді. Қай ойыншы көтерген аяғын жерге түсіріп алса, сол ойыншы ойыннан шығады.Соңғы бір ойыншы қалғанша ойын осылай жалғаса береді.
7. «Арқан тартыс»

Шарты:  Екі отбасы  мүшелері арқан бойымен ұстап, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Белгі берісімен екі отбасы арқанды өзіне қарай бар күштерін сала тартады. Бұл жерде күш сыналады. Егер отбасы мүшелері сызықтан шығып кетсе, сол отбасы жеңіледі.

Рахмет!

Әділқазылар алқасы сіздердің бағаларыңыз!

 III. Қорытынды бөлім.

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей,

Тараса бізге жарады.

— Олай болса, құрметті сайысқа қатысушы ата-аналар, балалар, сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Біздің әділқазыларымыз барша турдың қорытынды бағасын есептеп шығарғанша, сіздерге мектеп оқушыларының ән шашуын ұсынамыз:

Таңданайық, спортқа тамсанайық,

Бәріміз де қосылып, қол соғайық.

Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін,

Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! — дей келе,  сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер отбасыларды мадақтау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Жеңімпаздарды марапаттау.

(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

І орын – ІІ топ, Тастұрғановтар отбасы

ІІ орын – І топ, Қуанышевтар отбасы

ІІІ орын – ІІІ топ, Есжановта отбасы

Әділқазылар алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Отбасыларды дипломдармен марапаттап, сыйлықтар табыстайды.

Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,

Осымен спорттық сайысымыз аяқталды.

Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!

 





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Әкем, шешем және мен"

Автор: Оспанова Мейрамкуль Какимжановна

Дата: 27.04.2017

Номер свидетельства: 411997

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "«?кем шешем, ж?не мен» "
    ["seo_title"] => string(26) "kiem-shieshiem-zh-nie-mien"
    ["file_id"] => string(6) "156553"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421437309"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "«?кем,шешем ж?не мен –отбасымыз о?ырман» "
    ["seo_title"] => string(45) "kiem-shieshiem-zh-nie-mien-otbasymyz-ok-yrman"
    ["file_id"] => string(6) "167438"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423076896"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "?кем, шешем ж?не мен "
    ["seo_title"] => string(28) "kiem-shieshiem-zh-nie-mien-1"
    ["file_id"] => string(6) "165303"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422795134"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "«?кем шешем  ж?не  мен» отбасылы? сайыс саба?"
    ["seo_title"] => string(41) "kiemshieshiemzhniemienotbasylyksaiyssabak"
    ["file_id"] => string(6) "301247"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456896126"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "«Әкем,шешем,және мен»."
    ["seo_title"] => string(28) "kiem_shieshiem_zh_nie_mien_4"
    ["file_id"] => string(6) "424835"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1501746383"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства