Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
XXI ғасыр көшбасшысы
Сабақтың тақырыбы: XXI ғасыр лидері.
Сабақтың мақсаты: білімді, жанжақты болуға үйрету. Білуге үйренуге деген қызуғышылығын арттыру. Жарысуға, жарысты жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Қажетті құрал- жабдықтар: Тірек- сызбалар, сұрақтар жинағы, сигналдық белгілер, сағат.
-Бұл кезеңде сіздер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысыңыздар. Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі бала жауап береді. Әр дұрыс жауап үшін 10 балл алуға болады. Сонымен бәріңізге табыс тілеймін!
1 сұрақ. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қашан жарияланды?
Жауап: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі жарияланды.
2 сұрақ. Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім және қашан ұшты?
Жауап: 1991 жылы 2 қазанда қазақ халқының перзенті Тоқтар Әубакіров тұңғыш рет ғарышқа сапарына аттанды.
3 сұрақ. 1992 жылы 20 қыркүйекте дүние жүзі қазақтары үшін қандай аталуы күн болды?
Жауап: 1992 жылы 30 қыркүйекте дүние жүзі қазақтары құрылтайының салтаннаты мәжілісі ашылды.
4 сұрақ. Қазақстан Республикасының төл құжатын азаматтарға беру қашан басталды?
Жауап: 1995 жылы 27 ақпан.
5 сұрақ. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қашан еңгізілді?
Жауап: 1993 жылы 12 қараша.
6 сұрақ. Қазақстан халқы өзінің тұңғыш президенті қашан сайлады?
Жауап: 1991 жылы 1 желтоқсан.
III кезең. «Жеті жұрттың тілін біл»
Кезегіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сіздер қазақша, орысша, ағылшынша тілді дұрыс сөйлеумен қатар, қатесіз жазуларыңыз тексеріледі. Жазғандарыңызды тексеретін арнайы маман бар. Барлығыңызға табыс тілеймін!
сапары жоқ (мысық-кот-cat)
IV кезең. «Қызықты жетелік»
20 20 20
30 30 30
40 40 40
Бұл кезеңде сіздер өздеріңіз таңдап алған сұраққа жауап бересіздер. Мына сызбаға назар аударыңыздар. Жеңіл сұрақ алғыңыз келсе, 20 балдық сұраққа жауап беру арқылы аласыз. Мұндағы ең күрделі сұраққа жауап беру арқылы 40 баллжинақтауға болады. Әрине, дұрыс жауап берсеңіз!
V. кезең. Жорға.
Сіздер бұл кезеңде дайындалған 20 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңізге қарай ұпай жинауға болады. 1-сұрақ-1 баллболып есептеледі. Барлығыңызға сәтілік тілеймін!
1-балаға сұрақ.
1. Сиырдың пірі. (зеңгі баба)
2. Жылдан құр қалған жануар. (Түйе)
3. Бір заттың көлемін кішірейткенін көрсететін сан. (масштаб)
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ( қазақ тілі)
5. Басты байлық (Денсаулық)
6. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лаузымды тұлға ( Президент)
7. Қара алтын (Мұнай)
8. Ұя салмайтен құс (Көкек)
9. 12 ай (Жыл)
10. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы (Ыбрай Алтынсарин)
11. Абай әжесі (Зере)
12. Көру мүшесі (Көз)
13. 7\3 (343)
14. Қысқы олимпиада өткен қала (Солт-Лейк-Сити)
15. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі (Карта)
16. Заттың сынын білдіретін сөз табы (Сын есім)
17. 9 мамыр қандай күн (Жеңіс күні)
18. Жаңа туған балаларға ат қойып, оны алғаш бесікке бөлеу жорасы. (Бесік тойы)
19. Күйді орындаушы адам (Күиші)
20. Ақан серінің тұлпарыныңаты (Құлагер)
2-балаға сұрақ.
1. Түйенің пірі (Ойсылқара)
2. Жыл басы не? ( Тышқан)
3. Жердің бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабаты (Топырақ)
4. Қазақстан Республикасының ұлтаралық тілі (Орыс тілі)
5. Адам денесінің тірегі (Қаңқа)
6. Үкіметті кім басқарды? (Премьер-министр)
7. Ақ алтын (Мақта)
8. Орман дәрігері (Тоқылдақ)
9. 7 күн (Апта)
10. «Менің атым Қожа» повесінің авторы (Б. Соқпақбаев)
11. «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы (М. Әуезов)
12. Есту мүшесі (Құлақ)
13. 8\3 (512)
14. Қырғыстан астанасы (Бишкек)
15. Жер қыртысын толтырып жатқан денелер (Тау жыныстары)
16. Заттың қимылын білдіретін сөз табы (Етістік)
17. 25 қазан – қандай күн (Республика күні)
18. Баланы тәй-тәй бастырып күрмеу жібін шешетін кезең (Тұсау кесер)
19. Біржанмен айтысқан ақын қыз (Сара)
20. Қобыландының тұлпарының аты (Тайбұрыл)
Осымен біздің сұрақтарымыз бітті. Бүгінгі ойынның жеңімпазы _______________________________________________________
Қорытынды, Құттықтау!
Предмет: Начальные классы
Категория: Мероприятия
Целевая
аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт