kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Хан сарайындағы жаңа жылдық бал

Нажмите, чтобы узнать подробности

Уа, халайық, жараңдар.

           Айналаға қараңдар,

           Қызық көріп шат болсын,

           Шалқып күліп тараңдар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Хан сарайындағы жаңа жылдық бал»

Жаңа жылдық кештің кейіпкерлері:

1.Хан- Берік Дархан 1а сынып оқушысы

2.Ханның әйелі- Оспанова Гүлім 2 б сынып оқушысы

3.Ханзада- Мақсат Мейрамбек 2 б сынып оқушысы

4.Уәзір-Төлегенов Айболат 1 а сынып оқушысы

5.Күлше қыз- Досым Амина 3 а сынып оқушысы

6.Ақшақар- Тыныштықова Жайнагүл 2 б сынып жетекшісі

7.Тышқан жылы - Калиева Аяна 1а сынып оқушысы

8.Жүргізуші- Жайтакова Лаура 1 б сынып жетекшісі

9.Аяз Ата-Алпысбайұлы Темірлан мектептің әлеуметтік педагогі

10.Мысық- Бимаханова Заманай 1а сынып оқушысы

11.Ит-Жайтакова Лаура 1 б сынып жетекшісі

12.Өгей шеше-Сәрсенбаева Лариса бастауыш сынып мұғалімі

13.Өгей шешенің қызы- Құлтасбаева Ақырыс 2 б сынып оқушысы

14. Өгей шешенің қызы- Әділханова Жансая 1 а сынып оқушысы

Тақырыбы: «Хан сарайындағы жаңа жылдық бал»

(Зал әдемі безендірілген. Шырша түбінде Хан мен Ханшайым,Ханзада,Уәзір отырады.)

1.Музыка хан патшалығы.

Хан:Ханшайым, патшалығымызда бал ұйымдастырсақ деген ойым бар.Сен қалай ойлайсың?

Ханшайым:Ханием сіздің айтқаныңыз дұрыс,жаңа жыл қарсаңында басқа патшалықтарды шақырып бал ұйымдастырайық.

Хан:Уәзір , барлық патшалыққа хабар жеткіз.Хан сарайында бал ұйымдастырылады.Сарайдың ішін,сыртын бәрін әдемілеп безендіріңдер.

Уәзір:Ләппай ханием , айтқаныңыз болсын.

Уәзір:Уа, халайық, жараңдар.

Айналаға қараңдар,

Қызық көріп шат болсын,

Шалқып күліп тараңдар.

Уәзір: Жарсаламын! Бүгін хан сарайында жаңа жылдық бал өтеді.Балға барлық ханымдар мен мырзаларды шақырамыз!

Хан:Уәзір сарай безендірілді ме?

Уәзір:Ханием іші мен сырты барлығы безендірілді.

2.Видео слайд хан сарайының іші,сырты.

Жүргізуші:

Кел, жаңа жыл,

Төрле,төрле жеріме,

Құт береке, боп келгейсің еліме.

Үміт артып армандарға аяулы

Шаттығына бөлегейсің бізді де.

Армысыздар , құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар және қонақтар.Жаңа жылдық ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

3.Музыка Фанфары

Жансая 1А:

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын

Шат күлкіге толы болсын маңайың

Көргендер де, көрмегенде арманда

Жаңа жылың құтты болсын ағайын

Али 1 Б

Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да

Көптен күтіп сағынған

Сәлем берді жұртыма

Нұрсәт 1 Б:

Жұпар иісі аңқиды

Апамды да мәз қылды

Жаңа жылда балалар

Тек қуаныш көріңдер

Ауырмаңдар ешқашан

Мықты болу өзіңнен

Уәзір: Бүгінгі сіздер үшін ұйымдастырылған балда әсем ән шырқап, көңілді би билеп көңілімізді көтерейік.Олай болса не тұрыс шыршаны айналып,ән салайық.

4.Хоровод. Шырша жыры


1. Кәне, достар, тұрмайық,

Қарсы алайық жыл басын.

Қызықтан бос қалмайық,

Шырша жыры самғасын.

Қайырмасы

Ал, достарым, келіңдер,

Келді Аяз атамыз.

Биге билеп беріңдер.

Шырша жырын айтамыз.

Шырша жырын айтамыз.

2. Құтты болсын жаңа жыл,

Шыршамыз тұр жараса.

Жанында Аяз ата жүр

Қуанады балаша.

Қайырмасы

3. Аппақ қардай береке

Даламызда самғасын.

Жаңа жылдай мереке

Таба берсін жалғасын.

5.Музыка Күлше қыз

Өгей шешесі: Күлше қыз, біз жаңа жылдық балға барамыз. Сен,әрине ол балға бармайсың.Сенің істейтің жұмыстарың көп:үйді жинау,ыдыс жуу,кірді жуу,тауықтарға жем шашу,мал қораны тазалау,ботқа жасау пешке нан пісіру.Осының барлығын біз келгенше бітіріп қой.

Қыздары: (мырс күледі )Бишара, Күлше қыз,бал сенің не теңің , қал.

Күлше қыз:Жарайды сіздер келгенше барлық жұмысты жасап қоямын.

( Күлше қыздың қасына ит,мысық, тышқан келеді)

6.Иттің дауысы

Ит: Күлше қыз, сен естідің бе? Хан сарайында жаңа жылдық бал өтуде.

Күлше қыз: Ит досым бізге оған бару қайда.Маған өгей шешем тапсырмалар беріп кетті. Менің әлі атқаратын қанша жұмысым бар.

7.Мысықтың дауысы мяу

Мысық: Күлше қыз, бұл балға сенде барсаңшы.Біз саған көмектесеміз.

8.Тышқанның дауысыТышқан: Мысық досым дұрыс айтады. Біз сенің жұмыстарыңды жасауға көмектесеміз.

Күлше қыз: Қалай ойлайсыңдар ? Менің барғаным дұрыс па ? Өгей шешем көріп қалса...

Мысық:Күлше қыз біз сені өгей шешең танымайтындай етеміз.

9.Күлше қыздың музыкасы

Музыка ойналады:(ит,мысық,тышқандар Күлше қыздың жұмыстарын жасауға көмектеседі)

10.Сиқыршының музыкасы:

Сиқыршы: Күлше қыз, сенің балға баруыңа менде көмектесемін. Әдемі көйлек,аяқ-киім, сәнді әшекейлер менен болсын.Ал ендеше (сиқыршы таяғын сермейді)

Күлше қыз: Рас айтасыз ба? Сыйқыршы.

Сиқыршы:Әрине ,Күлше қыз сенің жабырқаулы көңіл күйіңді көтерейік.Ол үшін әсем ән тыңдасақ қалай қарайсыңдар? Балалар.

Сиқыршы:Бірақ Күлше қыз сағат тілі 12-де осында болуың керек.Ұмытпа,ұмытпа....

Ән: Карбозов Бексұлтан «Жаңа жыл»

11.Күлше қыздың музыкасы

Музыка ойналып тышқандар Күлше қызды сарайға алып келеді.

12.Би: «Микки маус»

Тышқан: Мен биылғы тышқан жылмын. Менің ең жақсы қасиетім шапшаңдығым.

Мен-жаңа жылмын.

Мен-жаңа нұрмын,

Мен-жаңа жырмын.

Баршаңызбен біргемін.

Тағат таппай күткенің,

Мен дағы бір қонақпын.

Он екі жылда оралар,

Бұл тышқанның жылы еді.

Әкелемін баршаға жаңа бақыт, жаңа жыр.

Мысық:Күлше қыз, сен хан сарайындағы балға келдің би билеп көңіліңді көтер.Сағат тілі 12-ге таяу, қайтатыныңды ұмытпа мяу-мяу.

Жүргізуші: Балалар, жаңа жылдық балымыз керемет өтуде, бірақ біздің жаңа жылдық балымызға қімдер жетіспейді?

Балалар: Аяз ата мен Ақшақар

13.(Аяз ата мен ақшақардың кіруі музыкасы)

Жүргізуші: Олай болса балалар Аяз атамыз бен Ақшақарды қарсы алайық!

Аяз ата: 

Ау, амансыңба ұлдарым

Амансыңба қыздарым

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Ақшақар:

Ал,кәнекей балалар

Ән мен жырға басайық.

Той думанды жалғайық

Жаңа жылда

Шыршамызды айналып

Би билейік қалықтап

Қарап тұрма қалыс кап.

Аяз ата:Тышқан жылы ,сенде осында ма едің?Балалардың өнерін тамашалап жүрсің бе?Олай болса жаңа жыл тышқан бәріміз бірге ән салайық.

14.Хоровод:«Орманда шырша туыпты»

Орманда шырша туыпты,

Орманда өсіпті.

Қысы-жазы бой көтеріп,

Жап-жасыл болыпты.

Енді ол болып көрікті,

Қонаққа келіпті,

Және көптеген қуаныш,

Балаларға беріпті.

Аппақ қоян, қорқақ қоян,

Шырша астында жатыр.

Ашулы қасқыр, аш қасқыр,

Аңдып оны жатыр.

Ақшақар:Балалар әнді керемет айтады екенсіңдер,ендеше өлең жырларыңды айтып аталарыңның дорбасынан сыйлықтар алыңдар.

Ибрахим 1 А

Жаңа жылда жаңа белден асамыз,

Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз

Бейбітшілік ұранымен ,жеңіспен

Жаңа жылда тағы да алға басамыз

Өркен 1 Б

Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың

Рахат 1 А

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Шаттық 1 А

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,

Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...

Нұртілек 1 А

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,

Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-

Ғасырдың он екінші жылы келді,

Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!

Нұржан 1 А

Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.

Қазақтың пейіліне тарту етсін,

Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

Әлім:1 Б

Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Менде бүгін ән салдым,

Араластым биге де.

Зерде 1 А

Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

Ойын: «Желаяқ» ойыны

Аяз ата:Ой,балалар керемет өркендерің өссін,менің көңілімді көтеріп тастадыңдар.

Ақшақар:Аяз ата біз кішкентай ақшақарлармен би билейміз.Сіз енді біздің биімізді тамашалаңыз.

Хан: Балам, мына әдемі биші қыздардың ішінен өз ханшайымыңды таңда.

Ханзада:Ханием әрине қарап жүрмін бірақ өз ханшайымымды кезіктірген жоқпын.

Уәзір:Ханзада олай болса жүріңіз қыздардың биін тамашалайық.Өз ханшайымыңызды кезіктіріп қаларсыз.

(Ханзада мен Уәзір қыздарды айналып жүреді)

15.Би: «Ақшақарлар»

Ханзада:Ханшайым би таяғыңызды түсіріп алдыңыз

Күлше қыз:Рахмет

Ханзада:Бізбен бірге ән салып,би билеп көңілді кештің қонағы болыңыз.

Күлше қыз: Жо-жоқ ханзада.Менің 12- ге дейін ғана уақытым бар.

(Күлше қыз жүгіріп шығып кетеді.Аяғынан аяқ киімі түсіп қалады)

16.(Сағат тілі соғылады )

Ханзада:Ханшайым сіздің аяқ киіміңіз түсіп қалды.Ханшайым , Ханшайым.....

(Ханзада аяқ киімді ұстап қарап тұрып)

Ханзада:Уәзір жаңағы әдемі бикеш кім болды екен?

Уәзір:Ханзада танымадым,білмедім.

Ханзада:Ендеше Уәзір осы бикешті іздеп табуымыз керек.

Жүргізуші:Ал балалар Ханзада өз бикешін ішдеп жолға шықты,ендеше бізде тұрмайық бәріміз бірге шыршаны айналып ән салайық.

17.Хоровод. Жаңа жыл келді

1.Жаңа жылым келді еліме

Жаңа жылым келді жеріме

Көкейімде сайрап сан арман

Бізді тосады бақыт алдан

Қ-сы

Жаңа жылым келді еліме

Жаңа жылым келді жеріме

Көңілді бөлейтін шаттыққа

Жаңа жылым келді еліме

Жаңа жылым келді жеріме

Көңілді бөлейтін шаттыққа

Әр үйді бөлейтін бақытқа

2.Жетелейді арман алысқа

Саған да бұл сезім таныс па?

Жаңа жылым мынау еліңді

Жеткізе бер жаңа табысқа

Аяз ата: Менің кішкентай достарым қайдасыңдар? Бәріміз бірге би билеп, өзімізді көрсетейік.

19.Би: «Санта Клаус»

Жүргізуші: Балалар, біздің шыршамызға тағы не жетіспейді?

Балалар: Шырша шамдары жетіспейді.

Жүргізуші : Әрине, дұрыс айтасыңдар. Олай болса не тұрыс шамдарымызды жағайық

Балалар: Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат.(3 рет)

Шыршаның шамдары жануы

Күлше қыз: Қандай керемет шырша!Шамдары қандай жарық!

Ханзада:Уәзір біз ол бикешті қалай табамыз,қаншама ауылдарды араладық таппадық.Мына аяқ киімнің иесі кім болды екен?

(Ханзада ойланып отырады )

Уәзір:Ендеше осы ауылдан мына аяқ киімнің иесін қарап көрейік.Қане, олай болса қыздар ортаға шығайық.

Гүлім 2 Б

Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.

Еңлік 1 Б

Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.

Ақырыс 2 Б

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Бибінұр 2 Б

Тамаша сый алып,

Келді Аяз атамыз.

Шаттанып, қуанып,

Шырқап ән айтамыз.

Ақниет 2 Б

Қараңдар мынау шыршаға,

Неткен әсем көрікті.

Жаңа жылдық думанға,

Аяз ата келіпті.

Малика 1 Б

Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.
Ақбота 1 Б

Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.

Ханзада: Мына аяқ киім кімнің аяғына сыйса, сол ханшайым болғаны.

Жүргізуші:Ханзада сіз ханшайымды тапқанша енді біз сізге әдемі ән айтып береміз.

Хоровод. Келді міне жаңа жыл 

1.Келді, міне,Жаңа жыл!

Шаттық сыйлап әр үйге!

Жаңа бақыт, жаңа нұр,

Үлкен, кіші, сәбиге.

2.Жаңа жауған ақ ұлпа,

Қар жамылды даламыз.

Балаларды сағынта,

Келді Аяз атамыз.

3.Айдай ару Ақшақар,

Көмекшісі сол екен.

Аяз ата-ақсақал

Сыйлықтары мол екен!

4.Қандай сұлу шыршамыз,

Ортамызда тұр жайнап!

Жаңа жылда баршамыз,

Шаттанайық, кел, ойнап!

Аяз Ата:Балалар, Ақшақар екеуміз сіздермен бірге болып көп қызыққа кенелдік.Енді қоштасатын уақытта жеткен сияқты. Қош сау болыңдар, балалар!

(Аяз ата мен Ақшақар залдан шығып кетеді)

Ханзада: Ханшайым қайдасың? Уәзір, Ханшайым қайда тығылуы мүмкін?

Ханзада: Уәзір, мен осы жердегілердің барлығының билегенін қалаймын. Мүмкін сол уақытта өз ханшайымымды табармын.

Уәзір: Осы жерде тұрғандар барлығыңыз билейсіздер. Қане, музыка ойналсын.

Музыка Ойын: Паравоз

Ханзада:Осы биден егер менің түйсігім алдамаса ханшайымды тапқан секілдімін.

(Күлше қызды ерітіп шығып,аяғына аяқ киімді өлшеп көреді.)

Ханзада:Ханшайым сіздің менімен бірге сарайға баруыңызды өтінемін.

Күлше қыз:Ханзада сіздің тапқырлығыңызға тәнті болдым.Жарайды сізбен баруға келісемін.

Өгей шеше:Жоқ, бұлай болуы мүмкін емес, Күлше қыз осында қалады.Ханзада, менің қыздарымның бірін ал.

Уәзір:Айдай сұлу бикеш,жаңа жылдық кешімізде айқай шығармаңыз.Біз сізге өз өнерімізді көрсетейік.Мүмкін сол кезде жүрегіңіз жібіп Күлше қызды жіберерсіз.

Өгей шеше:Қане өнерлеріңді көрсетіңдер көрейік

Алматова Айару 1 А

Келді міне жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын жаңа жыл,

Құттықтаймыз сіздерді.

Жеңіс 2 Б

Қалып едік сағынып,

Kүтіп алдъқ жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп

Аман 1 Б

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа- жыл

Ата-әже,әке-шеше

Құтты болсын жаңа жыл

Жансель 1 Б

Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.

Дамир 2 Б

Аяз –ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата
Ержан 2 Б

Әкелсін жыл ырыс-құт,

Әлемде болсын тыныштық.

Ән салайық жаңаша,

Жаңа жылым тамаша!

Ернұр 1 Б

Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.

Расул 1 Б

Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Асхат 1 Б

Келді міне жаңа жыл,

Қарсы алайық бәріміз.

Күліп ойнап би билеп

Ән салайық бәріміз

Дамир 1 Б

Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда біз.

Жарқын, жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр.

Жүргізуші:Енді балаларымыздың әсем әнін тыңдайық.

Хоровод. Жаңа жыл

  1. 1.Көк шыршамыз ырғалып
    Жатыр дала- қыр нағып
    Жылым келді аппақ жүзі нұрланып
    Жарасатын еліме
    Төрлет жылым төріме
    Бейбіт жатқан қазағымның жеріне
    Қайырмасы
    Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл
    Ақ көрпесін жамылды ғой дала - қыр 
    Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл
    Шалқытайық шаттық ән мен жаңа жыр
    Шыршамызға шам жағып
    Қараймыз ғой тамсанып
    Би билейік, ал кәнекей ән салып
    2.Аяз ата әніміз
    Ақшақарың сәніміз
    Қарсы алайық жаңа жылды бәріміз 
    Күлімдесін күніміз
    Жалындасын жүзіміз
    Қуанышпен келсін Жаңа жылымыз
    Жаңа жылым шаттығым
    Арайланып атты күн
    Тілейікші елімізге сәтті күн

Би: Сайқымазақ

Ойын:Жұмбақ жасыру

Өгей шеше:Ой, балалар жаңа жылдық көңіл күйлеріңізді түсірмей-ақ қояйын.Күлше қызды хан сарайына жіберуге келісімімді беремін.

Ханзада:Ханшайым олай болса не тұрыс хан сарайына асығайық.

(Күлше қызды достары шығарып салады.)

Жүргізуші:Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр,жаңа шуақ, табыс пен береке,қуаныш пен мереке алып келсін.Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі,мерекелі жыл болсын.















































































Жаңа жыл кешіне оқушылардың қатысымы

1 «А» класс оқушылары

Р/с

Оқушының аты –жөні

Киетін костюмі

Номері

1

Ақтұрсын Нұржан Ерболатұлы

сайқымазақ

сайқымазақ

2

Аманғалиев Едіге Есенғалиұлы

санта клаус

санта клаус

3

Алматова Айару Алимжанқызы

ақшақар

ақшақар

4

Айтуған Рахат

сайқымазақ

сайқымазақ

5

Әбубакір Ибрахим Нұртайұлы

аяз ата

тақпақ

6

Әділханова Жансая Ғалымжанқызы

санта клаус

Өгей шешенің қызы

7

Базарбай Нұрхан Жәнібекұлы

сайқымазақ

сайқымазақ

8

Берік Дархан

сайқымазақ

Хан кейіпкері

9

Бимаханова Заманай Еркінқызы

санта клаус

Мысық кейіпкері

10

Ғалымжан Нұрасыл Ғалымжанұлы

санта клаус

санта клаус

11

Досым Амина Досымқызы

ханшайым

Күлше қыз

12

Есет Айару Есетқызы

тышқан

тышқан

13

Жаңабай Әлихан Айдынұлы

тышқан

тышқан

14

Жұмабай Зерде Анаурбекқызы

тышқан

тышқан

15

Жұмабек Салтанат Сәндібекқызы

санта клаус

санта клаус

16

Калиева Аяна

тышқан

Тышқан жылы

17

Карбозов Бексұлтан Мұратбаевич

солдат киімі

Ән айту

18

Мұқан Нұртілек

тышқан

тышқан

19

Өмірбаева Шаттық

сайқымазақ

сайқымазақ

20

Сақыпадин Перизат Ертайқызы

ақшақар

ақшақар

21

Серік Саламат Мирамбекұлы

тышқан

тышқан

22

Серікбай Зере Шынболатқызы

ақшақар

ақшақар

23

Тәңірбегенова Аружан Рахатқызы

ақшақар

ақшақар

24

Төлегенов Айболат Талғатұлы

санта клаус

Уәзір кейіпкері













1 «Б» класс оқушылары

Р/с

Оқушының аты –жөні

Киетін костюмі

Номері

1

Абдулмансұр Малика Рамазанқызы

ақшақар

ақшақар

2

Айбекқызы Карина

ақшақар

ақшақар

3

Ақсейтімов Асхат Асыланұлы

қасқыр

тақпақ

4

Аманбай Айкерім Нұрбекқызы

ақшақар

ақшақар

5

Ерғалиев Ернұр Құралбекұлы

аю

тақпақ

6

Есенжолов Әли Жақсыбергенұлы

қоян

тақпақ

7

Жалғасбай Нұрсәт Нұрлыбайұлы

санта клаус

санта клаус

8

Жәнібек Нұрым Нұрлыбекұлы

сайқымазақ

сайқымазақ

9

Қанат Жансель Нұркенұқызы

тышқан

тышқан

10

Құдайберген Ислам Асхатұлы

сайқымазақ

сайқымазақ

11

Нурпейс Каусар Нургельдыкызы

тышқан

тышқан

12

Орымбай Ақбота Сұлтанбекқызы

ақшақар

тақпақ

13

Рамазан Өркен Рамазанұлы

қасқыр

тақпақ

14

Рашит Рауан Талғатұлы

тауық

тақпақ

15

Сандібекұлы Абдуллаһ

жолбарыс

тақпақ

16

Сәрсенбай Расул Нұрлыбайұлы

сайқымазақ

сайқымазақ

17

Сенбаева Еңлік Жасұланбекқызы

тышқан

тышқан

18

Сүгір Маншук Мұхтарқызы

санта клаус

санта клаус

19

Ташпенов Мансұр Амандықұлы

санта клаус

санта клаус

20

Тәңірберген Аман Асқарұлы

санта клаус

санта клаус

21

Тлеубаев Әлім Жомартұлы

түлкі

тақпақ

22

Түйтенов Дамир Жасұланұлы

доңыз

тақпақ


2 «Б» класс оқушылары

Р/с

Оқушының аты –жөні

Киетін костюмі

Номері

1

Абдол Ержан Нұрлыбекұлы

тышқан

тышқан

2

Әбубакір Медина Нұртайқызы

ақшақар

ақшақар

3

Бекжан Бибінұр Айбекқызы

сайқымазақ

сайқымазақ

4

Жайбергенов Дамир Жақсылықұлы

аяз ата

тақпақ

5

Жәнібекова Ақниет Серікқызы

ақшақар

ақшақар

6

Көбегенов Алижан Әлібекұлы

тышқан

тышқан

7

Құлтасбаева Ақырыс Аманбекқызы

ақшақар

ақшақар

8

Мақсат Мейрамбек Манатұлы

Ханзада

Ханзада

9

Мұрат Жеңіс Мұратұлы

Аяз ата

тақпақ

10

Мұратбекова Мадина Дарханқызы

тышқан

тышқан

11

Мұхидоллаев Темірлан Бақытыбайұлы

Аяз ата

тақпақ

12

Оспанова Гүлім Нұрболатқызы

Ханшайым

Ханшайым

13

Тлеубаева Гүлімай Жомартқызы

ақшақар

ақшақар



Хор:

  1. Жаңа жыл келді еліме

  2. Орманда шырша туыпты

  3. Жаңа жыл

  4. Келді міне- Жаңа жыл

  5. Шырша жыры


Ән:

  1. Ән: «Жаңа жыл» Карбозов Бексұлтан 1а

  2. Ән: «Қош келдің Жаңа жыл» Сенбаева Еңлік 1а


Би:

  1. «Микки маус» биі

  2. «Аяз аталар» би

  3. «Ақшақарлар» биі

  4. «Сайқымазақ» биі


Ойын:

  1. «Желаяқ» ойыны

  2. Жұмбақ жасыру

  3. Би жарыс



























№5 мектеп-лицей







«Жаңа жылдағы мерекелік ертеңгілік»



Хан сарайындағы жаңа жылдық бал





Өткізген: Отаралиева Б.Е.1А класс

Жайтақова Л.Т.1 Б класс

Тыныштықова Ж.Ә. 2 Б класс















2019-2020 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Хан сарайындағы жаңа жылдық бал

Автор: Жайтақова Лаура Тулепкерейқызы

Дата: 05.01.2020

Номер свидетельства: 534526

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Хан сарайындағы жаңа жылдық бал"
    ["seo_title"] => string(36) "khan_saraiyndagy_zhana_zhyldyk_bal_1"
    ["file_id"] => string(6) "534533"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1578244682"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Хан сарайындағы жаңа жылдық бал"
    ["seo_title"] => string(36) "khan_saraiyndagy_zhana_zhyldyk_bal_2"
    ["file_id"] => string(6) "534535"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1578244936"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Хан сарайындағы жаңа жылдық бал"
    ["seo_title"] => string(36) "khan_saraiyndagy_zhana_zhyldyk_bal_3"
    ["file_id"] => string(6) "534649"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1578339923"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "?ош келді?, Жа?а жыл! (жа?а жылды? мереке) "
    ["seo_title"] => string(50) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl-zhan-a-zhyldyk-mieriekie"
    ["file_id"] => string(6) "194512"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427788390"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Жаңа жылдық ертегі "Қар Ханшайымы""
    ["seo_title"] => string(36) "zhana_zhyldyk_ertegi_kar_khanshaiymy"
    ["file_id"] => string(6) "494875"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1547236427"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства