kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстан Республикасы Конституциясы: адал азаматты, интеллектуалды ұлтты және жауапты қоғамды қалыптастырудың негізі

Нажмите, чтобы узнать подробности

дамытатын жас жеткіншек – сендерсіңдер. Білімсіз, ғылымсыз ешбір қоғам болмайды да, дамымайды. Жүсіп Баласағұн: “Білімді болсаң ғана ақылды боласың, ал ақылдылықпен дүниенің сырын ашасың, мақсат-мұратқа жетесің”.
Білімді болу – адам болу деген сөз. Білімсіз адам – надан, топас, білімділіктен – ақыл шығады. Кімде білім болса, соның мерейі үстем, жоғары болады.
 Тірек білімдерін жетілдіру:

Мектеп қандай орын?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?

Как тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих уроках?
Как получить возможность работать творчески?

Просмотр содержимого документа
«Қазақстан Республикасы Конституциясы: адал азаматты, интеллектуалды ұлтты және жауапты қоғамды қалыптастырудың негізі»

№5 мектеп-лицей




«1-қыркүйек Білім күніне орай өткізілген сынып сағаты»

«Қазақстан Республикасы Конституциясы: адал азаматты, интеллектуалды ұлтты және жауапты қоғамды қалыптастырудың негізі»






Өткізген: Ж.Ә.Тыныштықова

2 «Б» сынып






2026-2027 оқу жылы


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Ж.Ә.Тыныштықова

Күні:

01.09.2026ж.

Сынып: 2 Б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

«Қазақстан Республикасы Конституциясы: адал азаматты, интеллектуалды ұлтты және жауапты қоғамды қалыптастырудың негізі!»

№1 қауіпсіздік сабағы «Төтенше жағдайлар қызметтері мен байланыс орталығының телефон нөмірлері» (10 минут)

Мақсаттары

Оқушылардың білімдерін ортаға салу және пәндер бойынша алған білімдерін тексеру.Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық қиялын дамыту.Туған тілімізді сүюге, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қайсар рух пен қара күшті қару етіп, еркіндік үшін күрескен бабаларымыздың ерлік жолындағы күресі бүгінгі таңда айбыны аспан тіреген тәуелсіздік тұғырын биіктетті. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастар еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда.
          Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік-экономикалық да­му жолындағы қарқынымыз, жастар­дың қоғамдық-саяси өмірдегі ұс­танымына, олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын қалыптастыру және ақпараттық-саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз. Әрбір қазақ жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып, өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Еліміздің бейбіт аспанында қазақ жастары тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс жасаймыз. Ел сенімін, үмітін ақтау – жастардың қолында.  

 

Шығыстың ұлы ғұламасы Әл – Фараби  “Білімді болу – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу” – деп білімділікке сипаттама берген. Білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады. Еліміздің болашағы білімді, жан – жақты ойлай білетін, қоғамды алға қарай дамытатын жас жеткіншек – сендерсіңдер. Білімсіз, ғылымсыз ешбір қоғам болмайды да, дамымайды. Жүсіп Баласағұн: “Білімді болсаң ғана ақылды боласың, ал ақылдылықпен дүниенің сырын ашасың, мақсат-мұратқа жетесің”.
Білімді болу – адам болу деген сөз. Білімсіз адам – надан, топас, білімділіктен – ақыл шығады. Кімде білім болса, соның мерейі үстем, жоғары болады.
 Тірек білімдерін жетілдіру:

Мектеп қандай орын?

Мектепке не үшін келеміз?

Білім беретін кім?

Білім беретін тағы не?

Мектеп мүлкін қалай пайдалану керек?

Дүниенің сырын білуге есік ашатын алтын кілт - білім. Дана бабаларымыз «Күш – білімде, білім - кітапта» немесе «Мұхит басы - бұлақ, білім басы - кітап» деп бекер айтпаған. Ел болып еңсесін көтерген егеменді еліміздің ертеңі – жас ұрпақ. 
Ерінбей оқу мен талмай іздену арқылы рухани жетіліп білім нәрімен сусындаған адам қашанда халқының ықыласына бөленеді. Асыл мұратына, арман мақсатына білім арқылы жетеді. Жас жеткіншектер білімді тәрбиелі, өнерлі болып өсуі үшін данышпан бабаларымыз жазып қалдырған ғибрат пен өнегеге толы кітаптарды, ақын жазушылардың шығармаларын көп оқу керек.

 

презентация

Сабақтың ортасы

- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен.
- Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
- Біздің - Отанымыз Қазақстан.
- Ендеше, балалар, мына тақтадағы әріптерге көз салыңдаршы. Мұндағы әріптер орындарын ауыстырып, адасып қалыпты. Енді осы әріптерді өз орындарына тұруына көмектесейік.
«Адасқан әріптер» ойынын ойнау.
росы, тарат, раба, іенмс.

Полиглот.
20 – ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?
20 – Еліміздің бас қаласы
20 – ҚР президенті
50 – ҚР туының авторы

50 – ҚР елтаңбасының авторлары
50 – Әнұранымыздың авторлары
100 – Еліміздің көрікті жерлері
100 – Отан туралы өлең айт
100 – Отан туралы ән шырқа

Тренинг. «Қар бұрқасыны» ойыны. Тілек сөздер арқылы қар лақтыру. Тілек сөздерге. Сен әдемісің, сен сұлусың, сен батырсың, сен ақылдысың т.б.

«Ойтолғаныс». Қазақстан туралы суреттер беріледі үш топқа, сурет бойынша ой-пікірлерін жеткізу.

 

Білім керек бәріне,

Балалардың бәріне.

Білімі болмаса егер де,

Жолы болмас өмірде.

- Білімді болу - бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады.
- Білім – сенің серігің, өмірлік жолдасың. Адам өзінің барлық керегін, ой - арманын, талап тілегін тек білім арқылы ғана қанағаттандыра алады.

 

Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады.  Білімнің  керек емес жері жоқ. Білім – саған тоңсаң киім, ашықсаң тамақ, әлсірегенде қуат бола алады. Білімді адамды ақшасы болмаса да, жарлы деуге болмайды. Кімде білім мол болса, сол адам ел – жұртқа әмірін дұрыс жүргізе алатын, сыйлы адам бола алады.  Білім – сенің болашағың, білім – өмір шырағы, олай болса, болашақта үнемі жарықта жұру үшін білім керек. Білім – сенің серігің, өмірлік жолдасың. Білім сенің болашағың.

 “Өнер – ағып жатқан бұлақ,
Білім – жанып тұрған шырақ”.
“Білім – бақтың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы”.
“Адамды  байлық дәрежеге жеткізбейді,
Білім жеткізеді”.
“Білікті – білім жинап кәсіп етер,
Білімнің дәмін татып, өсіп – өнер”.
 

«Мен саған,сен маған»әдісін қолдану. Бір топ таңдаған тобына мақал айтады,қалған топ сол мақалды жалғастырады.

презентация

 

 





 

 


Сынып сағаты анализінің хаттамасы

Күні:__________

Сынып:_________

Білім алатын оқушылар саны:_________

Сынып жетекшісі:________________________________________________________________________

Сынып сағатының тақырыбы:___________________________________________________________

Онкүндік немесе айлық атауы:____________________________________________________________

Қатысушылар: ______________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________



№

Не бағаланады



1

Сынып жетекшісінің негізгі жеке басының бағасы.




Сынып жетекшісінің толықтай ой өрісі және білімі




Педагогикалық және әдістемелік шеберлігінің деңгейі




Сөйлеу мәдениеті, дикция, шапшаңдық, қарқындылық, бейнелілік, сезімдік




Әдептілік және демократияшылдық деңгейінде оқушылармен қарым-қатынас




Мұғалімнің сыртқы келбеті, мимикасы, қылықтары, өз- өзін ұстау



2

Сынып сағатындағы оқушылардың негізгі мінездемелері




Танымдық белсенділігі, шығармашылық және өз бетінше жұмыс жасау деңгейі




Жалпы тәрбиелеу және арнайы икемділігі және дағдылары




Ұжымдық (топтық) жұмыстар формаларының тиімділігі




Тәртіптілік, ұйымшылдылық, қызығушылық деңгейі.



3

Сынып жетекшісінің және оқушылардың ұстанымын бағалау.




Тәрбиелік материалдың ғылымилығы, қол жетімділігі.




Өзектілік және өмірмен байланыс




Жаңа нәрсенің деңгейі, тәрбиелік материалдың тартымдылығы.



4

Тәрбие берушінің және оқушылардың сынып сағаты барысында қызмет әдісі тиімділігін бағалау.




Сабақ уақытын ұтымды және тиімді пайдалану, оның оңтайлылығы, кезектесуі және қызмет түрлерін алмастыру.




ТСО және көрнекіліктің мақсаттылығы және тиімділігі.




Сынып сағатының барысында оқушылармен кері байланыс




Сынып сағатының оқушыларға тигізетін эстетикалық ықпалының деңгейі.



5

Өткізілген сынып сағатының қорытындыларын және мақсаттарын бағалау.




Сынып сағатының тұжырымдамаларының нақтылық, анықтылық және қысқа айтушылық деңгейі.




Мақсатқа бір уақытта нақтылы, күрделілік және қолдан келерлік қол жеткізу.




Жүргізілген сабақтың оқушыларға ықпалын тигізу. (не нәрсеге және қандай дәрежеде оқытылды)




Тәрбие беру ықпалдылығының деңгейі. (олардың тәрбиелеуге не себеп болды )




Сабақтың оқушыларға тигізген ықпалдылығының деңгейі (олардың дамуына не себеп болды)




Қорытынды:




Әр өлшемнің жоғары бағасы 3 ұпай: жоғары деңгейі 57-63, жақсы деңгейі 50-56, орташа деңгейі 43-49, төмен деңгейі 36-42


Шешімі:

1.__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

.__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3.__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары:


Топ жетекшісі:



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Автор: Тыныштықова Жайнагүл Әлімжанқызы

Дата: 28.09.2026

Номер свидетельства: 690961


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей


ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства