kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қош бол, бастауыш!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кіріспе сөз:  Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Сіздер  «Қош  бол,  бастауыш»  тойына жиналып  отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Балалар осыдан  төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын  жүрексіне аттаған кішкене балдырған еді. Енді   ойлары    да,  бойлары  да  өсті,   бастауышты   білім   алып  аяқтап,   орта  буынға  өткелі  тұр.   Талаптарыңа   нұр   жаусын    деп   мерекемізді   бастауға  рұқсат етіңіздер!

Толқимыз,   толқып  тұрсыз   баршаңызда

Мұндай  күй   болған,  сірә,   қаншыңызда.

Қол  соғып   қошеметпен   шақырайық

Төртінші   « а»    сыныбын   ортамызға

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қош бол, бастауыш!»

Тақырыбы: Қош бол, бастауыш!


Мақсаты: білімнің сара жолы мектептен басталатнын, білімнің кең дүниеде өміргет есік ашатынын сезіндіру. Оқуға, білімді болуға шақыру. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, сәт сапар тілеу. Білім ордасы мектепті, ұстаздарын құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге, ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: қанатты сөздер, шарлар.


Кіріспе сөз: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Сіздер «Қош бол, бастауыш» тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Балалар осыдан төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кішкене балдырған еді. Енді ойлары да, бойлары да өсті, бастауышты білім алып аяқтап, орта буынға өткелі тұр. Талаптарыңа нұр жаусын деп мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда

Мұндай күй болған, сірә, қаншыңызда.

Қол соғып қошеметпен шақырайық

Төртінші « а» сыныбын ортамызға

4 «А» сыныбын тізім бойынша ортаға шақырамын.



Бастауыштың түлектері, қобалжулы жүректері.

Әрқайсың ерекшесің, ұстаздың үрпектері

Инабатты, сымбатты, бір-біріне қымбатты.

Құпиялы, жүмбақты, барлығы да шын мықты.




Наурызбек:

Армысыздар мұғалімдер әз жандар

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Ән шырқалып, би де бүгін шырқалар

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.

Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар

Бастауышпен қоштасу тойымызға.


Жандос:

Мен бүгін бұрынғыдан саналымын,

Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім

Дәптердің жазылмаған ақ парағы

Ақ көйлек он бір жасар балалығым


Гүлнара:

Өзгеріп жатыр бүгін қала қырым,

Құп алып ағалардың даналығын.

Бет алып бара жатыр болашаққа

Аяулы он бір жасар балалығым.


Ақмарал:

Шаттанамын, мен бүгін шаттанамын,

Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын,

Осы сырды үйретіп төрт сыныбым

Түстей болып, міне, бүгін артта қалдың


  • Иә, бізде бүгін үлкен қуаныш. Себебі , біз есейдік, білім бастауы бастауышпен қоштасқалы тұрмыз.

  • Сенің мектеп табалдырығын аттаған алғашқы кездерің есіңде ме?

  • Иә, біз алғаш мектепке келгенде әріптерді танымадық, оларды бірге қосып жаза алмадық. Осының бәрін сосын үйренді


4 сынып оқушыларының алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған сәтінен бейнебаян тамашалаңыздар.


Эльнура:

Алтын ұя, алтын бесік мектебім,

Мәңгі есімде анам болып өткенің

Парызыңды өтедің сен білемін

Ал, қарызым саған берер көп менің.


Абылайхан:

Үйреніп алғашқыда әліппені

Әліппе ғылымға жол салып берді

Адамның ой-арманы , мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.


Мұғалім: әліппе арқылы әріптердің бәрін таңып, оқи алатын болдық. Ал,балалар, тағы басқа нені үйрендік?


Ақын-жазушылардың көптеген шығармаларын оқыдық. Ертегілер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар оқыдық.

Ата-бабаларымыздың өткен тарихын білдік, олардың батырлық, адамгершілік қасиеттерінен үлгі алдық

Дыбыс, әріп, сөйлем, сөз таптары, сөйлем мүшелері туралы оқыдық

Көп таңбалы сандарды оқып, жазуды үйрендік. Көбейту кестесін мен кез келген өлшем бірліктерін жатқа біліеміз

Айналамыздағы қоршаған ортамен, жан-жануармен, өсімдіктермен таныстық

Дәптердің сыртына аты-жөнімізді, сыныбымызды өзіміз жазып, «күнделікті» де өзіміз толтыра алатын болдық

Денсаулық -ол жүруің, ешбір жерің ауырмай.

Басты байлық - денсаулық, деп Жеңіскүл апай үйреткен

Денсаулық ол шыныққан барлық дене мүшесі

Шынықтырып денені, жаттығуларды жасап, мектебіне келеді, міне, үлкен азамат дейді Жанболат ағай үйретеді

Әр іске жауапкершілікпен қарауды үйрендік

Өзімді, өзгелерді, айналамды сыйлауды үйрендік

Табиғаттың көркеюі мен таза болуына өсімдіктер отырғызу , оны күтіп баптау, өсіру қажет екенін білдік


Ән «Бастауышта нені үйретеді»

Әні: Шаинский М.

Сөзі: 4 а сынып оқушылары


Толғанбай:

Бастауышым- балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алдым

Рахметімді жаудырамын


Асыл:

Жамандықтан сақтандырған,

Жақсы істі мақтан қылған

Білім алған мектебінде,

Билерімен шаттандырған.


Видео «Адамның көркі жақсы іс» (семинар сабақтан үзінді)


ҰСТАЗДЫҢ ОҚУШЫЛАРЫНА БЕРІЛГЕН МІНЕЗДЕМЕСІ


Оқушыдардың орындауында «қоштасу» вальсі


Абзал жан бар биік тұлға, байсалды,

Құшақ жая шәкірттерді қарсы алды,

Бүгінгідей салтанатты шақта бір

Құттықтайды мектеп басшысы баршаңды,- деп сөз кезегін мектеп бпсшысы Жақыпов Ж.Х-на береміз.


Мектеп басшысы 4 сынып оқушыларын бастауыш сынып бітіру дипломымен мараппаттайды.




Хор: Жарастықпен жайнатып өмір көркін,

Гүл бақшада сайрандап өскен еркін.

Шат көңілді, бақытты ел ұланымыз

Келешекте ұлы істі меңгеретін


Мұғалім: Бүгін бізде үлкен мейрам. Бір-біріңе қандай жақсы тілек тілер едіңдер ?


Наурызбек:

Құтты болсын құрбыжан

Алға аттаған қадамың

Білім деп соқсын жүрегің

Жолыңа бестік шашамын


Дильназ:

Есейіпті бүлдіршін

Ғалым болар кім білсін

Болашағы нұр болсын,

Қадамдары гүл болсын






Қыздардың орындауында « Шашу» биі



Ата-аналар кұрметіне


Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,

Барлық ұрпақ әкелерден басталған.

Сенсің, әке – ең ақылды, ең шыншыл

Сенсің, әке – ең жақыным, ең шыншыл

Шуақ шашқан қашан да асыл жүрегің,

Жанымдасың, қамқорымсың білемін.

ӘН: «ӘКЕ ТУРАЛЫ ЖЫР»


Бала қыран болып ұшу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке керек.

Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке- отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі, ал Ана – отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы.


Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәр береді ақ сүтін,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.


Мен өзіңмен қайда болсын біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің

Күн нұрыңдай жадырай бір күлгенің

Қандай жақсы ортамызда жүргенің.

Ән: «АНА ТУРАЛЫ ЖЫР»


БИ «ЛАТЫН биі»


Гүлсая:

Біз барамыз артта тастап төрт жылды,

Білім алып, байлық жидық көп құнды

Пана болған, дара болған біз үшін

Жанымыздан артық көрдік ұстазды.


Барыс:

Ұстаз болу -жүректің батылдығы

Ұстаз болу –сезімнің батылдығы

Ұстаз болу - мінездің күншуағы,

Ұстаз болу - адамның асылдығы


Оқушылардың өзі шығарған өлеңдері оқылады.


Мұғалімнің тілегі оқушыларына

Тойымызға бүгінгі ақ тілегін арқалап

Келді ата - анамыз. Кезек беріп соларға

Сөзіне құлақ саламыз.


Ән: «Бастауыштың түлектері»

Әні: А.Қоразбаев

Сөзі: Ж.Иманбаева


БИ «ҚАРАЖОРҒА»




Қорытынды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қош бол, бастауыш!

Автор: Иманбаева Жанат Елеубековна

Дата: 06.02.2017

Номер свидетельства: 388490

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "?ош бол бастауыш мектебім "
    ["seo_title"] => string(30) "k-osh-bol-bastauysh-miektiebim"
    ["file_id"] => string(6) "141495"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418132781"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "?ош бол,бастауышым! "
    ["seo_title"] => string(21) "k-osh-bol-bastauyshym"
    ["file_id"] => string(6) "220297"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1434568479"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "?ош бол, бастауыш."
    ["seo_title"] => string(19) "k-osh-bol-bastauysh"
    ["file_id"] => string(6) "312972"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459422021"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Қош бол, бастауышым!"
    ["seo_title"] => string(21) "k_osh_bol_bastauyshym"
    ["file_id"] => string(6) "421858"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1497466293"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Саба?ты? та?ырыбы: ?ош бол бастауышым бал б?ла?ым "
    ["seo_title"] => string(55) "sabak-tyn-tak-yryby-k-osh-bol-bastauyshym-bal-bu-lag-ym"
    ["file_id"] => string(6) "240888"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445154078"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства