kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ерте?гілік "?ліппемен ?оштасу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Мен, Мутушева Динара Сапаргалиевна, 1988 жылы 8 мамырда Солт?стік ?аза?стан облысы, У?лиханов ауданы, ?ндіріс ауылында д?ниеге келдім. Балалы? ша?ым ?ндіріс ауылында ?тті. ?ке – шешем ?арапайым адамдар. ?кем зейнеткер жаста, анам д?ниеден ?ткен. 1995 жылы ?ндіріс орта мектебіне бірінші сынып?а бардым. ?ндіріс орта мектебін 2005 жылы жа?сы о?ып ая?тап шы?тым. 2005 жылы К?кшетау ?аласында?ы К?кшетау университетіні? мекемесіні? ??рылымды? б?ліміні? колледжі, «Жалпы бастауыш білім» маманды?ы бойынша  2008 жылы «?здік» дипломмен ая?тап шы?тым. Осы жылы К?кшетау ?аласында?ы «К?кше» академиясыны? «Бастауыш о?ытуды? педагогикасы мен ?дістемесі» маманды?ы бойынша жо?ар?ы о?у б?лімене т?стім. 2011 жылы осы атал?ан о?у орнын «жа?сы» деген ба?амен ая?тап шы?тым. Ал?аш?ы ?стазды? жолымды 2008 жылы ?з ту?ан жерімде я?ни, ?ндіріс орта мектебінен бастадым. ?ндіріс орта мектебінде ?зіме ?стаз бол?ан ?ла?атты ?стаздардан ?лгі алып, к?п н?рсе ?йрендім. 2010 жылы «?здік» дипломым ар?ылы II санатты алдым. 
      ?азір білімім – жо?ары. Екінші санатты бастауыш сынып м??алімімін.  Осы м??алімдік ?ызметімде жеті жыл?а жуы? ?ызмет ат?арып келемін. Осы жылдар аралы?ында мектепішілік іс – шаралар?а белсене ?атысып келем. Мектеп бойынша ?ткізген іс – шараларым мектеп ?кімшілігімен жа?сы деп ба?аланды. Осы жылдар аралы?ында мектепішілік марапаттаулар мен ал?ыс хаттар?а ие болдым. Атап айтса?,  2011 жылы мектеп ?кімшілігіні? ??рмет грамотасымен, 2012 жылы ж?не 2014 жылы мектеп ?кімшілігіні? ал?ыс хатымен марапатталдым.
     2010 жылы ?осымша ?зін – ?зі тану п?нінен «?зін – ?зі тану» п?ні ж?ргізілуіндегі к?сіби ??зыреттілік та?ырыбы бойынша курстан ?ттім. 2012 жылы бастауыш сынып м??аліміні? біліктілігіні? арттыру курсынан «П?нді о?ытуда Білім беруді дамытуды? 2011- 2020 жылына арнал?ан Мемлекеттік Ба?дарламаны іске асыру аясында» та?ырыбы бойынша курстан ?ттім.
     Осы жеті  жылды? ішінде неше т?рлі ?ызы?ты о?и?алармен бірге ?р алуан ?ылы?ымен т?нті еткен о?ушылар саны ?аншама десе?ші-ай. О?ушыларым «Кенгуру», «А?бота» интелектуалды марафондар?а ?атысып, жа?сы белсенді ?атыс?андары ?шін сертификаттармен марапатталды. Мектепте ?ткізілетін  ?о?амды? ж?не мерекелік іс-шаралар?а,  апталы?тар?а ?те жа?сы белсенді ?атысып, ж?лделі орындар?а ие болып ж?р. Мені?  жас б?лдіршіндерім ?зіні? та?па?тарын м?нерлеп о?ып, сахналы? к?ріністерге, спортты? ойындар?а да белсене ?атысады. Бастауыш сыныпта 1-4 сыныптар?а дейін о?ытып, бастауышпен ?оштастырып, 4 жыл ?ткеннен кейін та?ы да бірінші сынып?а ?абылдан?ан б?лдіршіндерден бастап, жа?а бастауыш саты?а  білім береміз.
           ?р жыл сайын бастауыш сыныптарда да жо?ары сыныптар сия?ты п?ндік олимпиада ?ткізіліп т?рады. Осы биыл?ы 2014 – 2015 о?у жылында да   1 сыныбым «Математика  - ?ылым патшасы» апталы?ында «?ызы?ты математика» сайысында 2 орынды иеленді.
2012 – 2013 о?у жылында 1 о?ушым Салимова Айзада «?ол?нер» к?рмесіне ?атысып II орынды иеленді. Осы о?у жылында бастауыш сыныптар аралы?ында ?ткен математика олимпиадасында «Кім тез, есептегіш?» сайысында 1 о?ушым Салимова Айдана III орын?а ие болды. 
     2013 – 2014 о?у жылында «Ж?ректерге н?р берген – ?зін – ?зі тану» аптала?ында «Досты? ?ымбат ?мірде» шы?армашылы? сайысынан I орынды Жа?бырбай Н?рса?ын, II орынды Салимова Айдана иеленді. «Математика ?леміне саяхат» математика аптала?ында «Бестік ?ай сынып?а б?йырады?» сайысында сыныбым я?ни, 4 сынып о?ущылары I орын?а  ие болды. «Ж?йрік ой» логикалы? тапсырмалар сайысында 1 о?ушым Салимова  Айдана I орынды иеленді. 
      +v

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ерте?гілік "?ліппемен ?оштасу" »

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі сценарий


Сабақтыңтақырыбы: Әліппе–білім бастауы
Сабақтыңмақсаты:
Мақсаты:   Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту. Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру,
  Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Әліппе, Ана тілі, Математика макеттері, нақыл сөздер, шарлар, әріптер таңбалары мен цифрлар т.б., слайд

Музыка ойнап тұрады.  Сахнаға хан мен оның кішкене қызы шығады. 
Уа, халайық! Армысың,
Ағайын туған, бармысың
Жарлығымды тыңдаңдар, 
Босқа қарап қалмаңдар
Мен сендерге сенемін
Қызымды мектепке апарғанға
Ат басындай алтын беремін

Қызы: Жоқ, әке
Бұл не дегенің?
Оқымай-ақ мен бәрін білемін
Сабақ, оқу, әріп, жазу
Дәптер, кітап–ол не керек?
Ол не береді?
Мен сұлумын, ханшайыммын
Тәтті қыздың бірімін
Оқуыңа өзің бар,
 Керек емес білімің

Тазша бала: Уа, тақсыр, армысыз, 
Ханшайымда бармысыз,
Жақсы хабарым бар, Өндіріс орта мектебінде 1 сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлап жатыр, соны көріп ханшаның пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.

Хан: Ойбай, қызыма көмегі тисе, жүр, түс алға!
Ханша: Барсақ, баралық, көрсек, көрелік! 

Мұғалім:
1-жүргізуші
Дана: Армысыздар, халайық! 
 Дильназ: Армысыздар, ардақты әкелер мен ару аналар. 

Диьнияз: Кешегі сәби балаңыз, 
 Жарады міне қараңыз. 
 Ғылым, білім жолына 
 Енді қайық саламыз. 

Қаракөз: Балалар сөзбен ешкімді сендіре алмаймыз. Оданда мына қонақтарға өз өнерімізді көрсетуге асығайық.

Қазақстан өлеңін айту
Ақжарқын: Қ Қарсы ал ерте күн көзін
Төсегіңді жина өзің
Асықпай іш тамақты жалама

Ыдыс-аяқты сындырма.


Амир:     А     Астанам, ұлы, Астанам
                  Ұлылыққа бастаған!
                  Мақтан тұтар өзіңді,
                  Кіп-кішкентай жас балаң

Жұмаділ:   «З»  Зау-зау заңғар заңғарлар, 
                                Замандар бар, заңдар бар
                 З-дабарлық заңдылық
                 Заңдаз мен заңболар!


 Аружан:       «А»:     Ана тілің арың бұл 
                                 Ұятың боп тұр бетте
                              Өзге тілдің бәрін біл
                              Өз тіліңді құрметте!


Жүрсін   «Қ»:  Қарағанды көмірі
                             Қостанайдың егіні.
                             Даласындай жомартқой
                             Қазағымның көңілі.


Мейрам:  «С»:      Жағасында Ертістің
                              Семей деген қалам бар
                              Туған мұнда атақты
                              Абай, Мұхтар, бабалар


Мейрбек:   «Т»:      Жарақты жау мен жұлқысқан 
                              Қылышты жау мен қырқысқан
                               Ең ежелгі астана
                              Қасиетті Түркістан!
 Тамирлан   «А»:       Піскен алма топ-топ түсті,
                               Топ-топ түсті, көптен түсті


 Жүрсін:  «Н»:    Ас біткеннің анасы
                             Қасиетті нан осы


М: Осы әріптердің барлығын қосқанда қандай сөз шығады екен?
ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан сөзін естігенде көз алдарыңа не елестейді?
Ендеше, сендер Қазақстан деген ұлы мемлекеттің бақытты балдырғандарысыңдар. Ендеше туған елімізге, Отанымызға арнап тілектерімізді арнайық.
Дильнияз. Тамирлан.

Отан, мен саған ризамын, Отан, мен саған ризамын,

Бейбіт күнің үшін. Достарымның көп болғаны үшін.

Жұмаділ. Амир

Отан, мен саған ризамын, Отан, мен саған ризамын,

Тыныштық үшін. Жарық күнің үшін.
Мұғалім:
Айтыңдаршы, балалар
 Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: Ол–әліппе.
Мұғалім: Ендеше, бүгінгі кешіміздің басты қонағы әліппені ортаға шақырайық.
(Музыка қосылып, балалар әліппені тосады)
Әліппе ортаға шығады: 

Аружан.
 -Армысыңдар жас достар! 
 Армысыңдар, ата-ана! 
 Болашаққа жол бастар, 
 Әліппең келді ортаға. 
 Білім деген ғажаптың, 
 Әліппесін меңгерген. 
 Келешегі қазақтың, 
 Басталады сендерден. 
 Таудай болса талабың, 
 Айтары көп әріптің 
 Қуанышы баланың 
 Қуанышы ананың 
 Жақсы білім көрімдік, 
 Болсын бізге халайық. 
 Не үйретіп, не білдік, 
 Қане, ортаға салайық! 
 Тамерлан: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе-ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Жұмаділ:Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған сомдап алтыннан
Әліппе – білім бесігі
Еркежан: Әліппе сауатыңмен санамды аштың.
Достарыммен теңдес араластым
Үйреніп әріптер мен әңгімені
Күн сайын алға қарай қадам бастым.
Ән«Әліппе» 
М: Балалар, енді әліппемен қоштасар сәтте келіп жетті. Әліппе кітабынан әріптерді танып білдік.

Мейрам: Іші толған әріпке
Мынау–әйбат Әліппе
Барлық ілім-білімнің 
Әжесі–осы Әліппе!
Әліппе: Білімнің көп қой саласы, 
Әліппе соған жолбасшы
Ғылымның қиын жалғасын
Басқа кітаптан табарсың! 
-   Қош болыңдар, балалар! 
М: Балалар, енді біз 2-ші жартыжылдықта Ана тілі кітабын жалғастырамыз! Кәне, онымен жақынырақ танысайық!
Ана тілі: Қымбатты балалар! Мен сендерді жақсы оқуға, сауатты жазуға үйретемін.
М: Ана тілі отырып оқушылардың өнерін тамашалаңыз.
Қаракөз: Әріптерді үйретіп, 
Жақын болған кім бізге,
Жамандықтан жирентіп,
Ақыл болған кім бізге!
Жұмаділ: Үйретіп мұғалім бізге әліппені, 
 Мұғалім ғылымға жол салып берді. 
 Адамның ақыл-ойы, мақсаттары, 
 Оқудың сәулесі мен жарық көрді. 

Мұғалім: Балалар, әліппемен бірге математиканы да оқыды. Бұл кітапты жыл бойы оқимыз.

Математика: Сәлемет пе, достарым,

Сабағы боп жастардың.

4 амалды қолданған,

Математика достарың.

Көрініс: «Кірпі, қоян, түлкі, аю».

Кірпі: Сәлеметсіздер ме балалар,

Қане, отырыңдар.

Біз сабақты бастаймыз,

Қайталаудан аспаймыз.

Қане, көжек, ойланып,

Екіге үшті қоса ғой.

Көжек (орнынан тұрады)

Білмедім мен шешуін,

Мүмкін құлап кетуім.

Кірпі: Қос көрінер қорыққанға,

Қорқу деген жаман іс.

Екіге үшті қосқанда,

Шығады міне үлкен «5»

Енді, түлкі, сен келші,

Өнеріңді көрсетші.

Екіге бесті қосқанда

Не шығады тез айтшы

Түлкі (дәптерін ақтарады)

Кірпі: Дәптерге өйтіп қарама,

Алдауға бізді бола ма?

Аспай – саспай ойланып,

Шешуін тап толғанып

Түлкі қолын санап (7) дейді.

Кірпі: Сен де дұрыс жауап бердің,

Сұрағымды беске білдің,

Енді, қонжық келе ғой,

Үшке үшті қоса ғой.

Аю: Үшке үшті қосқанда: у – у – у, алтау.

Кірпі: Сен де дұрыс жауап бердің,

Асықпай –ақ тауып кеттің.

Міне осындай тапқыр болыңдар,

Сұрақ берсем саспаңдар.

Осы еді тосқаным,

Сабақ бітті осымен,

Сау болыңдар, достарым!
-Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз: 

1 – оқушы:

Ана деген асқақ ән,

Орындайтын әрқашан.

Анадай қымбат сыйлықты,

Таба алмайсың ешқашан.

2 – оқушы:

Ана деген ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Қасыңда кім болса да,

Тек анаңа жақынсың.

3 – оқушы:

Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат анам, жан анам,

Сіз керексіз қайда да,

Айналайын ақ анам.
 Мұғалім:
Ән: «Балдәурен»

Қорытынды:

Оқушыларды дипломмен марапаттау.

























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ерте?гілік "?ліппемен ?оштасу"

Автор: Мутушева Динара Сапаргалиевна

Дата: 06.02.2015

Номер свидетельства: 168419

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Бастауыш сыныпта?ы "?ліппемен ?оштасу""
    ["seo_title"] => string(36) "bastauyshsynyptagylippiemienkoshtasu"
    ["file_id"] => string(6) "314209"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459657295"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "?ліппемен ?оштасу т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(36) "lippiemien-k-oshtasu-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "167645"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423125424"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "?ліппемен ?оштасу ашы? т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(35) "lippiemienkoshtasuashyktrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "302648"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1457267157"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "?ліппемен ?оштасу "
    ["seo_title"] => string(20) "lippiemien-k-oshtasu"
    ["file_id"] => string(6) "147337"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1419358144"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(21) "?ліп ?оштасу"
    ["seo_title"] => string(11) "lipkoshtasu"
    ["file_id"] => string(6) "284462"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453985594"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства