Просмотр содержимого документа
«Елбасы - ел тірегі.»
Тақырыбы:Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы- ел тірегі» зияткерлік сайысы
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету. Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Түрі: танымдық интеллектуалды ойын
Жоспары
І. Жалпы сұрақ
ІІ. Бәйге (ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады)
ІІІ Көкпар. (ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады)
ІҮ. Жорға (ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады)
Ү. Егер мен...
Барысы:- Құрметті оқушылар, Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылып отырған «Елбасы -ел тірегі» атты зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер! Енді бүгінгі сайысқа қатысатын оқушыларымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
-«Білім - інжу маржан» -деп тегін айтылмаса керек. Білімді ұрпақ ел болашағы. Бүгінгі білім додасына келген сайыскерлер өздерін таныстырып өтсе... Енді сайыстың шартымен таныстырып өтейін.
І кезең Жалпы сұрақ
Бұл кезеңде қатысушылар компьютер арқылы тест тапсырмасын орындайды. Ұпай саны бірден шығарылады.
1. Н. Ә. Назарбаевтың туған жылы
6 шілде 1940 жылы 6 маусым 1940 жылы 6 тамыз 1945 жылы
2. Н.Ә.Назарбаевтың туған жері
Алматы обл.Қаскелең ауд.Шамалған ауылы
Астана қаласы
Алматы обл. Талғар ауд. Қаскелең ауылы
3. Н.Назарбаев Украинаның қай қаласына барып, металлург мамандығын меңгерді?
Днепродзержинск Киев Донецк
4. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Үкіметін басқарғанда неше жаста болды?
45 жаста 44 жаста 48 жаста
5. Елбасы анасының есімі кім?
Әмина Әлжан Әнипа
6. Астана қаласындағы Гиннестер рекорды кітабына енген окенариум
8. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қай жылы қабылданды?
2014 жылы 2011 жылы 2012 жылы
9. Елбасы туралы түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильмінің режиссері кім?
Шәкен АймановРүстем ӘбдірашевАсанәлі Әшімов
10. Қазақстан Республикасының Президентінің резиденциясы
Ақорда Елорда Елбасы
ІІ кезең Бәйге
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз -дей келе біз «БӘЙГЕ» кезеңін бастайық
Бұл кезеңде 5 сұрақ қойылады. Сұрақ таблоға шығады. Жауабын маркермен плакатқа жазады.
Ескерту: ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады
1. Елбасы басқаратын саяси партия (НұрОтан)
2. Елбасының бастамасымен қазақ жастарына әлемдегі беделді оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін жобаның атауы қандай? (Болашақ)
3. Оқу-білімде үлкен жетістіктерге жеткен аса талантты оқушыларға тағайындалатын президент атындағы сыйлықты атаңыз («Дарын» сыйлығы)
4. Латын тілінен аударғанда «алдында отыратын» деген мағына беретін саяси лауазым (президент)
5. Нұрсұлтан Әбішұлының қандай ғылыми атағы бар? (Экономика ғылымының докторы)
І жүргізуші
ІІІ кезең Көкпар
Ұяшықтарды таңдау арқылы сұраққа жауап алынады. 12 ұяшықта «жанды сұрақтар» , «бейнелі сұрақтар» , «музыкалық сұрақтар» болады.
Ескерту: ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады «Астана- арман қала»
10 Дәстүрлі діни конфессия басшыларының жиналыстары өткен Астана қаласындағы пирамида түріндегі ғимарат қалай аталады? (Бейбітшілік пен келісім сарайы)
20 Жанды сұрақ: Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл өзені)
30 Жанды сұрақ: Ол Астананың символы.Биіктігі 97 метр. (Бәйтерек)
40 Елбасының 2005 жылы жарық көрген Астана қаласының тарихына арналған кітабы қалай аталады? («Еуразия жүрегінде»)
«Тәуелсіз Қазақстан»
10 Отанымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің символына айналған Алматы қаласындағы ескерткіш қалай аталады? (Тәуелсіздік монументі)
20 Жанды сұрақ: Еліміздің тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991жылы 16желтоқсан)
30 Жанды сұрақ: Мемлекеттік тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
40 Музыкалық сұрақ: «Елім менің» музыкасы ойналады.Бұл қай ән? Сөзі мен әнін жазған кім? (Сөзін жазған Н.Ә.Назарбаев, әнін жазған Б.Тілеуханов)
«Тұлға»
10 Елбасы 1960 жылы қай қалада өзінің еңбек жолын металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастады? (Теміртау )
20 Бейнелі сұрақ: Бұл кім? (Дариға Назарбаева - елбасының үлкен қызы)
30 Бейнелі сұрақ: «Балалық шағымның аспаны» фильмінде Елбасының жас жігіт кезіндегі образын сомдаған әнші, актер, сазгер кім? (Нұрлан Әлімжанов)
40 Елбасының бос уақытында айналысатын сүйікті спорт түрі (гольф)
ІҮ кезең Жорға
Бұл кезеңде әр сайыскер 1минут ішінде 5 сұраққа жауап беруі тиіс.
(ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады)
1.Қазақтың ұлттық шекті аспабы (домбыра)
2. Ең алғаш президенттік сайлау қашан болды? (1991жылы 1 желтоқсанда)