kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Болашақты нұрландырған –Тәуелсіздік!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл мақалада мерекелік  сапжиын  жазылған. Бастауыш сынып  оқушыларына арналған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Болашақты нұрландырған –Тәуелсіздік!»

Болашақты нұрландырған –Тәуелсіздік!
1-жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Болашақты нұрландырған –Тәуелсіздік!» атты жиынымызды бастаймыз.
Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
2-жүргізуші:
Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым,өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!

1-жүргізуші:
Қайран, қазақ елі… Жас ұрпаққа айта алмаған жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихтың парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған жер.
2-жүргізуші:
Қанша азапқа түсіп, қуғын-сүргінге ұшыраса да, қазақтың үш жүзі қайта бірігіп, жоңғарларға күйрете соққы берді. Бұдан кейін патшалық Ресейдің еліміздегі шырайлы егістік жерлерді күштеп басып алуға арналған отарлау саясатына қарсы күрескен халқымыздың қаһарман батырларымыздың есімдерін мақтан етуіміз керек.

1-жүргізуші:
Осыдан 26 жыл бұрын егемендігімізді жариялып, Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің яғни қазақ халқының аңсаған арманы еді.
Кешегі дүркіреп өткен 1986-шы жылына дейін дүйім қазақ үшін желтоқсан атауы, және бір қыстың атауы еді. Кейін бұл сөздің мән-мазмұны да, құлаққа жетер әуені де мүлде өзгерді.
2-жүргізуші:

«Желтоқсан» десе – ақ, әрбір қазақтың көкірегінде небір көріністер қоздап қоя беретін болған. Ең алдымен «Желтоқсан желі» немесе «Қарабауыр қасқалдақ» деген мұңды да асқақ әуеннің сарыны алыстан талып естілер еді. Себебі, бұл әндер, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», «Елім-ай» секілді, әлдеқашан «Желтоқсан оқиғасының» халық арасындағы әнұранына айналып кетті.

1-жүргізуші:

Бабалардан қалған мынау оң мұра, 

Отырайын ал тізеге қондыра. 

Қос ішегі сөйлесінші қазақтың,

  Шанағынан күй төгіле домбыра. 

Күй «______ », орындайтын: ___4 -сынып оқушылары_________________ 
Оркестр:

2-жүргізуші:

Пай, пай, пай! 

Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

  Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.

Сарылып сал-сері кеткен жер

Бас иіп, иіскеп топырағын 

Тағзым жасамай өтпеңдер – деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай келесі кезекті мектебіміздің жас ұландарына берсек

Балалардың тақпақтары

1-жүргізуші:
Ән «Тәуелсіз қазақтың қызымын» Орындайтын Айратқызы Дильназ
2-жүргізуші:

Көрініс: «Тәуелсіздік таңы»
Бала жүгіріп әжесіне келеді. 
Бала: Әже-әже, не істеп жатырсың? 
Әжесі:Ой құлыным, мен ұршық иіріп жатырмын. Кел, отыр, ойнап шаршаған шығарсың. 
Бала: Әже,әже, мектепте Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып жатырмыз. Әже, «Тәуелсіздік» деген не? 
Әжесі: Е... құлыным-ау, «Тәуелсіздік» деген бұл –үлкен әңгіме. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді. Қайсар батыр аға-апаларымыздың арқасында ел болдық.Тәуелсіздік алғанымызға 24 жыл болды. Өзіміздің туымыз,әнұранымыз,елтаңбамыз бар. Аллаға шүкір! 
Бала:әже, мен сізге тақпақ айтып берейін бе? 
Әжесі: Айта ғой,құлыным! 
Бала: 
Күміс күй мен әнге толып тұла бой, 
Қуанышқа кенелтеді асыл ой. 
Шаттандырған баласы мен бабасын, 
Тәуелсіздік күні бүгін-Ұлы той. 
Әжесі: Ой ,ақылдым,өркенің өссін. 
Бала: Әже, мен ұйықтап алайыншы, шаршадым. 
Әжесі: Ұйықтай ғой, құлыным. 
Бала: Ассалаумағалейкум ,ата! Сіз кім боласыз? 
Алтын адам: 
Мен сендердің бабаларың болам. 
Аман қалған шабуылдан жүздеген, 
Батыр халық екенбіз ғой біз деген. 
Аямаған жұрттан нанын тұзбенен, 
Жомарт халық екенбіз ғой біз деген. 
Өзіңдікі-елің де, 
Өзіңдікі- жерің де. 
Өзіңді-өзің еткен бақ, 
Тәуелсіздік төрінде. 
Ей, балақай, қазақ халқының болашағы сендерсіңдер. «Қазақ» деп соққан жүректерің осы алаудай мәңгі өшпесін. 
Бала ұйқысынан оянады. 
Бала: әже,әже, қайдасың? 
Әжесі:Оу,құлыным,не болып қалды? 
Бала: мен түс көрдім. 
Әжесі: Піссімілла,піссімілла айналайын, қандай түс көрдің? 
Бала: Мен түсімде Алтын Адамды көрдім.Ол маған жанып тұрған шырақ берді. 
Әжесі: Оу,құлыным жақсы түс көрген екенсің. «Шырақ» деген- бұл біздің еліміздің биіктен көрінуі. Әне,әне жарқырап күн де шықты, тәуелсіздіктің таңы атып келеді, туымыз да биікте желбіреп тұр. 
1-жүргізуші:

Енді міне қазағымның таңы атты,

Нұрға бөлеп, жырға бөлеп алапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.

2-жүргізуші:

Бақтың құсы әр адамға қонып бір, -

О, тәңірім, бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне Тәуелсіздік, ағайын!

Әр қазақтың жүрегінде соғып тұр!

1 - жүргізуші: 
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты

«Қазақ » биі

2-жүргізуші:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән Аяла «Қазақ елі осындай» Орындайтын Бақытбекқызы Аяла

1-жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына


2-жүргізуші:


Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе ұлдардың орындауында

«Батырлар биі» қабыл алыңыздар

Екеуі бірге:

 Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!

Хор : Бейбітшілік сақталады




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Болашақты нұрландырған –Тәуелсіздік!

Автор: Елеусизова Асел Сериковна

Дата: 19.01.2018

Номер свидетельства: 450986

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) ""Болаша?ты н?рландыр?ан- Т?уелсіздік""
    ["seo_title"] => string(39) "bolashak-ty-nu-rlandyrg-an-t-uielsizdik"
    ["file_id"] => string(6) "261606"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1449159116"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Т?уелсіздік ?астерлі ??ым""
    ["seo_title"] => string(30) "t-uielsizdik-k-astierli-u-g-ym"
    ["file_id"] => string(6) "315251"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459856078"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) ""Т?уелсіздік - азатты?ты? алтын ді?гегі" д??гелек ?стел"
    ["seo_title"] => string(53) "tuielsizdikazattyktynaltyndinghieghidonghieliekustiel"
    ["file_id"] => string(6) "318990"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460711403"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства