Бастауыш класпен ?оштасу ерте?гілігі. Бастауыш класс о?ушыларыны? 4 жыл бойы білім н?рін сусындат?ан м??алімдеріне арнап, ?н, ?ле?деріні? арнауы туралы.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Бастауышпен ?оштасу ерте?гілігі»
Қазақстан
Ақтөбе қаласы
Благодар орта мектебі
Бастауыш класс мұғалімі
Еспамбетова Айгуль Бартаевна
"Бастауышым-балбұлағым"
бастауышпен қоштасуертеңгілігі
Мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған
білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен
қоштаса отырып, баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген
құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.
Қанатты сөздер мен тақырып, шарлар.
Жоспары:
І. Мектебім- алтын ұям.
ІІ. Ұстазым, менің ұстазым.
ІІІ. Әрқашан тілегіміз-бейбіт өмір.
ІV. Туған өлкем, мақтан етем.
Мереке барысы
І.Мектебім- алтын ұям.
Мұғалім:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас, біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Бастауышым - балбұлағым» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә, қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 сынып оқушыларын ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
1 жүргізуші:
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!
2 жүргізуші:
Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.
1 жүргізуші:
Армысыздар, өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби - еркелер!
2 жүргізуші:
Армысың сен, алтын ұя - мектебім,
Саған айтар жыр - алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Ән: "Мектебім"
Өмірдегі ең қажетті
Білім берген керекті
Қадірлеген, ұшырған
Алтын ұя мектебім,
Ұмтылдырған өмірге.
Ақ ниетті ұстаздар,
Бас иеміз сіздерге.
Қайырмасы:
Жаншы, жаншы, жанған шырақ болшы.
Білім орда мектебім.
Ағып жатқан, ағып жатқан бұлақ болшы,
Гүлдене бер мектебім.
Мектеп ұстаз жас ұлан,
Қамқор болаған жасыңнан.
Ержеткен соң табылмас,
Жас күніңдей қасыңнан.
Өзің ұшқан ұяңды,
Ұмытпасаң жүрейік.
Ұлағатты ұстазды,
Құрмет ете білейік
Слайд: «Мектептегі мерекелер»
1 жүргізуші:
- Иә, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше, сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.
1 оқушы
Мектебім - білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата - анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
2 оқушы
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
3 оқушы
Мектеп – үйім, ұстазым менің – ата-анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа тараған.
4 оқушы
Мектебім - сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін, көктеймін.
Сен – бұлақ, мен - қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.
5 оқушы
Алтын ұя мектебім аялаған, Бар балаға білім беріп сая болған. Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін, Жаманға да, жақсыға пана болған.
6 оқушы
Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.
2 жүргізуші:
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз - ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің, Ибрахим?
1 жүргізуші:
«Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп, Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де,
бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
2 жүргізуші:
- Иә, батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»,- деген екен.
Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!
ІІ.Ұстазым, менің ұстазым.
7 оқушы
Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартқан қара жол
Көз жұмсам да көре тұғын белестер.
8 оқушы
Мұғалім- ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың .
Өмірде сенің алар орыныңа,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
9 оқушы
Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап.
Шәкірттерін жиі еске алатын.
1 жүргізуші:
Аяулы мектебіміздегі әрбір ұстаз біздің сүйкімді қылығымызға, балаға тән қасиетімізге, шын жүректен мейірімділікпен қарай білді. Содан бері табаны күректей 4 жыл өтті. Бұл уақыт ішінде көп нәрсе білдік, үйрендік.
2 жүргізуші:
Қадірлей білуді, әдемі сөйлеуді. Жақсы мен жаманды ажыратуды, үлкенге кіші, кішіге үлкен бола білуді, міне, осы мектеп қабырғасындағы бізге білім мен тәрбие беретін ұстаздардан үйрендік.
Төрт жыл бойы бізге білім тәрбие берген ұстаздарымызға арнаймыз.
10 оқушы
Алғашқы ұстазымыз,
Еспамбетова Айгуль Бартаевна мұғалім анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік , ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
11 оқушы:
Өзін-өзі тану пәні әр кезде керек пән екен,
Гүлшат Ерганиевнаның көңілі көркем жан екен.
Ашық жарқын жанарлы қай кезде де,
Барлық жандар дәл осындай болса екен.
12 оқушы:
Айгуль Бартаевнаның мұғалімнің сабағы,
Бізді әркез қызықтырып барады.
Сан алуан түрлі түспен дамытып,
Қозғайды біздің миды, сананы.
Айтамыз шын жүректен мың алғыс,
Тәрбиелеген мына біздей баланы.
13 оқушы:
Шәкіртке деген жылылық бар көзінде,
Жүгір секір қимылда-деп әр сөзінде.
Салауатты өмір салтын ұстануды,
Ұран қылған бізге күнде, бүгін де.
Байсалды мінезімен Сабыр ағай,
Үлгі қылған шәкіртіне өзін де.
14 оқушы:
Мейірман Мадина әнді шебер айтады,
Әуендері жүрекке терең бойлайды.
Еленуде бізге істеген еңбегі,
Шәкірттері мың алғыс сізге жолдайды.
14 оқушы:
Жанна Кибатовнаға арналады.
Среди глаголов и причастий,
Среди приставок и корней.
От всей души желаем счастья
Здоровья, радости, добра.
И пусть преграды и ненастия
Кругом обходят вас всегда.
И благодарны вам всегда
Вот эти милые сердца.
15 оқушы:
Сырлары көп ғылымның,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне.
Өз аузына қаратқан.
Жаулап алып әр шәкірттің жүрегін,
Компьютер тілін меңгертіп сіз жүресіз.
Мирамгүл Аманжоловна біз сізді,
Гүлге теңеп, әнге қосып жүреміз.
16 оқушы:
Үйренеміз жалықпай,
Ағылшын тілін шарықтай.
Тіл сындырып, ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай,
Зульфия апай мен Дариға апайдың тәлімі,
Сәулесін шашқан жарықтай.
Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім!
Кім боласың?
Кім болсаң да бол аман.
Бастықпысың?
Өте жақсы тұра қал:
Мұғалімді келеке еткен бар қулар,
Мықты болсаң мойындарын бұра бар!
Академик, министр боп тіпті сен,
Кім болсаң да, мектеп көрдің кеп-кеше.
Кім болсаң да қарайлап жүр ұстазға,
Алаяқтар алдын орап кетпесін.
Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары,
Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі.
Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,
Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары.
Орындалып айталық бір ойдағы іс,
Отырамыз қуанышта тойда біз.
Сондай кезде есте болар бір нәрсе,
Мұғалімнен бұрын сөйлеп қоймаңыз.
Ақыл, сана, сабыр, талас-тартысу,
Мұғалімнің табиғаты , жалпы осы.
Бос уақыты: ойдан басқа ойы жоқ.
Бос уақыты: әрбір түннің жартысы.
Махаббаты: бала және Отаны,
Сүйікті ісі: қағаз кітап қопару,
Демалысы: шәкірттерге хат жазу.
Ал, кәсібі:от беру мен от алу.
Қашан көрсең бұл халықтың шат бәрі,
Қашан көрсең күліп бара жатқаны.
Күлетіні: бақыттылық нышаны.
Ал байлығы: шәкірттердің хаттары.
Бұл халықтың мектеп мекен-тұрағы,
Мектеп десе жан –дүние құралы:
Үсті-үстіне соққылаған жүрекпен,
Өзін-өзі ұмытудан тұрады.
Сарбаз да сол сыр бермейтін онша көп,
Сол сәтсіздік тиеді оған қамшы боп.
Қаны тасып, мысалы осы бүгінде,
Жүйкесінен жіп үзілді қанша рет?!
Қай баласың, кім боласың шырағым?
Кешірерсің ерсі етілсе сұрағым.
Кім болсаң да кідіре тұр кішкене,
Кідіре тұр өтіп кетсін мұғалім.
Алдап, арбап ашып-жұмған көзбен-ақ,
Залым, нахал, жылмаңдаған жылпостар,
Бермесіңді кетеді алып өздері-ақ.
Ал, мұғалім барса алдына дұрысы:
Жүрегіңмен сендіредағы ұлы ісін.
Ұшып тұрып, қолбалақтап қол беріп,
Тастай қылып тындырып бер жұмысын.
Кім боласың?
Ұмтылмаңыз жоғары,
Мұғалімнен үлкен адам жоқ алі,
Кім болмаңыз: прокурор ма, сотсыз ба?
Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім!
15 оқушы
Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады.
Ең алғашқы білім берген
Рахмет айтам апайыма
Біздер үшін ерінбеген
Ақ түссе де самайына
Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!
Ән "Ұстазыма мың алғыс "
Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Толқынында біз жүземіз.
Желбіреген ақ желкені,
Ұстазым, сенсің ұланымның ертеңі!
Қайырмасы:
Ұстазым, жыр – сазым.
Бір өзіңе мың тағзым!
Ұстазым.
Ұстаз – ана, ұстаз – дана,
Нұрлы жүзің жанға пана.
Сенің маржан асыл сөзің,
Әнұранымдай жаңғырады санамда.
1 жүргізуші:
- Иә, осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби - балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
2 жүргізуші:
- Енді міне, сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Ендеше, бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа!
16 оқушы:
Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін әдебиет, тарих, биология, алгебра , физика, химия т. б. пәндерге негіз болатын ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі пәндерін зер салып оқып үйрендік.
17 оқушы
Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл- білім үйреткен.
Ана тілін оқыдық ,
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз,
Құрметпен бас иеміз.
Ана тілмен қоштасамыз,
Әдебиетпен достасамыз.
18 оқушы
Ойланып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы
18 оқушы
Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын,
Етістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадым.
5-шіге барған соң,
Маржан апай бағалар.
19 оқушы
Ой жіберсең бәріне,
Дүниетану пәніне.
Өмір сырын үйретер,
Пәннің жақсы бірі де.
Жер байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген ,
Дүниетану сабағы.
20 оқушы
Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
21 оқушы
Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,
«А» әрпін алғаш сеннен бастадым.
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.
22 оқушы
Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.
23 оқушы
Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар, мәңгі талай жылдарға.
24 оқушы
Қош бол, енді бала көктем,
Қимай сені барамын.
Бастауыштан нәр алып мен,
Үміт отын жағамын.
Бойыңдағы іліміңді,
Үйретуден жалықпаған.
Өзің берген біліміңді,
Болашаққа алып барам.
(үшеуі шығады)
1 оқушы
Бастауышым- балбұлағым ,
Алдым сеннен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
2 оқушы
Бастауышым- балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.
3 оқушы
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Әділ: Ән "Бастауышым балбұлағым"
Төрт жыл бұрын білім жолын бастап едік
Босағасын алтын ұя аттап едік
Бәріміз де кіп кішкентай сәби болып
Келіп едік құрдастар
Енді міне бастауышпен қоштасамыз
Кыркүйекте үлкендермен достасамыз
Балғын кезім қайда балбұл кезім қайда
Бастауышым балқұрағым қайда екен
Ұмытпаймыз мөлдіреген көзіңізді
Ұмытпаймыз балам деген сөзіңізді
Алғаш келген кезімізде құшақ жайып
Қарсы алдыңыз ұстазым.
Ән: "Чему учат в школе"
Буквы разные писать Тонким перышком в тетрадь Учат в школе, учат в школе, учат в школе. Вычитать и умножать, Малышей не обижать Учат в школе, учат в школе, учат в школе.
К четырем прибавить два, По слогам читать слова Учат в школе, учат в школе, учат в школе. Книжки добрые любить И воспитанными быть Учат в школе, учат в школе, учат в школе.
Находить Восток и Юг, Рисовать квадрат и круг Учат в школе, учат в школе, учат в школе. И не путать никогда Острова и города Учат в школе, учат в школе, учат в школе.
Про глаголы, про тире И про дождик на дворе Учат в школе, учат в школе, учат в школе. Крепко-накрепко дружить, С детства дружбой дорожить Учат в школе, учат в школе, учат в школе
Көрініс: 45 минут қызықтары
1-көрініс: «Ең қиын сұрақ»
Анашым, мен бүгін бүкіл сынып оқушылары жауап бере алмаған бір сұраққа жауап бердім.
Шешесі: Өте жақсы,балам, ол қандай сұрақ?
Баласы: Сынып, бөлмесінің терезесін кім сындырды деген сұраққа.
2-көрініс:
Автор: Үйден балалардың шығармасын тексеріп келген мұғалім.
-Асан, соңғы сөйлемді жазып бітірген соң қандай белгі қою керек?
Асан: -Бестік апай.
3-көрініс:
Мұғалім: Сапаров, сен Суецк каналы туралы не білесің? Айтып жіберші.
-Ештеңе білмеймін ағай.
-Неге?
-Ондай канал біздің телевизорда жоқ қой.
4-көрініс:
- Сен неғып мектепке бір өзің келдің?
Мен саған бүгін әкеңсіз келме дегенім қайда.
- Апай, мен кішкентай емеспін ғой. Жолды онсыз да өзім тауып келе аламын.
5-көрініс:
Әдебиет сабағы, балалар шығарма жазып отыр.
Мұғалім: -Асан, сен неге қайта-қайта Гүлнардың дәптеріне үңіле бересің?
Жазуын тани алмай жатырмын, апай.
ІІІ. Әрқашан тілегіміз-бейбіт өмір.
1 жүргізуші
Жамандығымызды жасыратын да, жақсылығымызды асыратын да, ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
1 жүргізуші
Ыстық- ау кім-кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген, - дегендей әкенің орны бөлек ау.
Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
2 жүргізуші «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, борышыңды өтей алмайсың», - дегендей. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
2 жүргізуші : Иә, дұрыс айтасың, Әділ. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?
4 оқушы
Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын, анашым!
5 оқушы
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің.
Ана деген алтын қазық, алтын бақ.
2 жүргізуші Аналардың тілеуінде - Бейбітшілік!
Бөбектердің тілеуінде - Бейбітшілік!
Балдырғанның бал тілінде - Бейбітшілік!
Көгершін боп қалды күнде - Бейбітшілік!
Ән "Әрқашан күн сөнбесін"
ІV.Туған өлкем, мақтан етем.
1 жүргізуші
Аман бол жаңа ғасыр, жарқын заман,
Аман бол, жаңаша күн жарқыраған.
Азат күн, арман ғасыр, мәңгі паш ет,
Қазақтың қасиетті ел екенін.
Ән: "Атамекен"
2 жүргізуші
Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе,
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де.
Шәкірттер, тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де, - дей отырып сөз кезегін ұстазымыз ( Тасболатова Бисенгүл мұғалімге ), Айгуль Бартаевнаға береміз!
Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.
Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.
6 оқушы
Тарыдай боп келіп едік кеше ғана,
Таудай болдық ұл қызда өсе дара!
Төрт жыл білім нәрін сусындатты,
Бастауышты бітірмекші өсіп дана.
1 жүргізуші
Бізге шаттық әкелді,
Басшы болып әр істе.
Бүлдіршіндер сіздерді,
Шақырамыз вальске.
Би "Қоштасу вальсі"
7 оқушы
Жалықпастан үйреттіңіз біздерді,
Ұстаздарым мың алғыс сіздерге.
Армандарың біздер адам болсын деп,
Тілек тілеп тұрасыңдар біздерге!
Сабақ білсек жадырайтын қабағың,
Әр ақылың сөздеріндей дананың,
Баршаңызға құрметпен бас иеміз!
8 оқушы:
Бар білгенін аямаған,
Өз гүліндей аялаған.
Мың рахмет ұстаздарға,
Қамқор әкем, аяулы анам.
Төрт жыл бойы нұрын төккен,
аттандырған ақ тілекпен.
Ұстаз үмітін ақтаймыз деп,
Серт береміз шын жүректен.
2 жүргізуші: Ұстаз - жер бетіндегі барлық жақсы қасиеттердің жиынтығымен парапар десек артық айтпаған болар едік. Мінеки, сол қасиеттерді жинақтап, біріктіріп, өз орнына реттеп отыратын ұстаздар қауымының басшысы
Мектеп-гимназияның директоры Нашкенов Бағдат Қуанышевичке сөз беріледі.
2 жүргізуші
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз береміз құрметпен өзіңізге,
Балаларға арналған тілегіңіз, - дей келе сөз кезегін сыныбымыздың ата-аналар комитетіне береміз.
Ән "Аяулы мектебім"
Мектебім аяулы мектебім,
Өзіңсің өмірдің көктемі.
Нәр алып қолымды созамын,
Арманға көктемгі.
Мектебім келеміз тағы да,
Күн сайын өзіңді сағына.
Сыңғырлап соғады қоңырау,
Бар бала бағына.
Қайырмасы:
Мектебім аяулы, мектебім,
Бағыңда гүлдей боп көктедім.
Өзіңсің білімнің бұлағы,
Нәр алып келемін.
Келеміз қуанып біз дәйім,
Мектебім, сен жайлы жыр дайын.
Айқара есігін ашады,
Қарсы алып күн сайын.
Мектебім өзіңді сүйемін,
Білімді санама түйемін,
Аяулы ұстаздар алдында,
Басымды иемін.
1 жүргізуші
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, жиналған қауым!
Осымен "Бастауышым - балбұлағым" атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігіміз аяқталды.