kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баспалдағы білімнің, бастауыштан басталған

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Баспалдағы білімнің, бастауыштан басталған" атты бастауышпен қоштасу сценарийі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баспалдағы білімнің, бастауыштан басталған»

«Баспалдағы білімнің, бастауыштан басталған»!

Мұғалім: Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Сіздер «Баспалдағы білімнің, бастауыштан басталған»! атты бастауыш сыныптың сыныптан тыс шарасына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Балаларыңыз осыдан төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп –кішкене балдырған еді. Енді бойлары да, ойлары да өсіп, бастауышта білім алып, аяқтап,орта буынға өткелі тұр. Талаптарына нұр жаусын деп мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған, сірә, қаншаңызда.

Қол соғып қошаметпен шақыралық,

Төртінші «Б» сыныбын ортамызға.

1. Ең салмақты - Фатима

2. Ең шапшаң - Іңкәр

3.Ең сабырлы - Айару

4. Ең салмақты- Назгүл

5.Ең ақылды - Ерназар

6.Ең ұқыпты- Жанерке

7.Ең еңбекқор - Нұрислам

8.Ең тиянақты - Айзере

9. Ең ерке - Санжар

10.Ең еңбекқор - Нұралы

11.Ең спортсмен - Нұрислам

12.Ең көп кітап оқитын - Сәнгерей

13.Ең орнықты - Ринат

14. Ең ұқыпты - Қуаныш

15. Ең көңілді - Нұралы

16. Ең сымбатты - Еркебұлан

17. Ең жігерлі - Ерасыл

18.Ең сыпайы - Малика

19.Ең ақжарқын – Айару

20. Ең өнерлі - Аружан

21. Ең талапты - Әмина

22. Ең талантты - Мәдина

23. Ең сұлу -Адина

24. Ең салмақты - Нұрғанат

Әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

Жүргізуші: 1

-Мектептегі ойлап өткен ай, жыл-күні,

Сондықтан да біздің мектеп үлгілі

Нұргүл апай-дана кісі басшымыз

Тәртіп пенен мәдениеттің символы -дей келе құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Байниязова Нұргүл Жолмырзақызына береміз.

Қуаныш:

Армысыздар қадірменді халайық

Алдыменен амандасып алайық

Білім берген нәр берген

Мен өзіммен тең көрем

Ұстаздарым бар құрметке лайық

С.Айару:

Сыныбымды өрге сүйреп ұдайы.

Үздіктерім қолын созған шынайы

Сәнгерей мен Қуаныш,

Іңкәр менен Малика,

Әмина мен Мәдина

Білімімен тамсандырған талайды

Санжар:

Кеше ғана құртақандай бала едік

Көңіл толып татулықты үйрендік

Фатима мен Адина,

Жанерке, Назгүл, Аружан

Іңкәр менен Айару

Айару мен Айзере,

Сыныбымда өнерімен өрелі

Іңкәр:

Сыныбымды отбасымдай көремін

Сыныптасым бауырларым ол менің

Санжар,Ринат, Ерасыл,

Нұралы мен Ерназар,

Нұрислам менен Нұралы

Нұрислам менен Нұрғанат

Бәрін, бәрін, бәрін жақсы көремін!

Малика:

Білімімен сусындатқан баршаны

Ұстазымды шақырайын ортаға

Білім берген нәр берген

Еңбек етіп, тер төккен

Мың алғысым біздің ұстазға

Аружан:

Еске алып бастауышпен қаламыз

Аягоз апай жанымызда қаласыз

Анамыздай боп кеткен

Тентектікті кешірген

Жүрегіңіз дархан еді кең неткен


Айару: Құрметті қонақтар біз жайлы жақынырақ білгілеріңіз келе ме? ендеше өзіміз жайлы біраз мағлұматтар айтып өтсек артық болмас деп ойлаймыз.

Іңкәр:1 сыныпқа 2019 жылы 1 қыркүйекте қабылдандық.

Айару: 4 сыныпты 24 бала бітіргелі отыр, олардың 12-і ұл, 12-і қыз.

Іңкәр: Бәріміздің бойымызды қосқанда 2 метр 402 сантиметрге жетеді.

Айару: Бәріміздің салмағымызды қосқанда 691 килограммға жетеді.

Іңкәр: 4 жыл еңбектендік. -Ал ол дегеніміз –

Айару: 2 904 сабақ - 102 сынып сағаты.

Іңкәр: 4 жылда 6600 қоңырау соғылды. 2

Айару: 2 433 шулы, көңілді үзілістер

Іңкәр: 6560 дәптер жазып тастаппыз

Айару: үй тапсырмасын орындауға кеткен уақытты есептемегенде 1836 сағатымыз партада отырумен өтіпті.

Іңкәр: жүздеген ережелер жатталып, жүздеген есептер мен мыңдаған мысалдар шешілді.

Айару: тау-тау оқылған кітап беттерін айтсаңыздаршы.

Іңкәр: көптеген сайыстар, спорттық сайыстарға қатысып қоржынымыз алғыс хаттарға толықты.

Айару: қаншама қызықты естеліктер қалды.

Іңкәр: реніштер мен қуаныштар, қызықты оқиғалар.

Айару: біздің сынып оқушылары көңілді, қайырымды

Іңкәр: сынып оқушылары шетінен өнерлі.

Айару: ал,ендеше бүгін өнерімізді тамашалаңыздар.



Ән: «Оригиналсың» Сәнгерей мен Қуаныш

С.Нұрислам: Екі мың да он тоғызыншы жыл еді,

Даярлық пен балабақша түлегі.

Балабақшамен қоштасып,

Сауат ашумен достасып,

Мектебіне алғаш бүгін кіреді.

Фатима: Екі мың да жиырмасыншы жыл еді,

Екінші сынып шәкіртіміз біз енді.

Ковид тарап әлемге

Карантин боп бар елде

Онлайн оқып шәкірттер көп жүреді.

Еркебұлан: Екі мың да жиырма бірдің күзі еді

Септик сеуіп, бәрі маска киеді

Үшінші сынып оқыдық

Партада жеке отырдық

Біздер үшін бұл да ауыр жыл еді.

Назгүл: Карантин де аяқталар кез келді

Жағдайымыз біздің аздап өзгерді

Алдында ұстаз отырдық

Сабақты шыңдап оқыдық

Елдің бәрі қуанғанын көз көрді.

Сәнгерей: Екі мың да жиырма үшінші жыл еді

Біздер болдық бастауыштың түлегі

Алғаш әріп үйреткен

Мектебімізде сыйлы өткен

Айтамыз алғыс ұстаздарға біз енді 3

Ерназар: Жүрегімде ұстаз берген сабағы

Өң бойымда тамырланып тарады.

Ұмытпаймын салған жолын ақылын

Мәңгі, мәңгі есімізде қалады.

Іңкәр: Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш сатысынан орта буын сатысына жол тартудамыз.

Айару: - Бүгін біз сауатымызды ашып, білім, негізін қалаған бастауыш мектебімізбен, алғашқы қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан ұстаздарымыз бен алғашқы тартуларымыз алтын ұя мектебімізге арналады.

Назгүл: Мектеп сенсің – адалдықты үйреткен
Мектеп сенсің – жамандықтан жиренткен

Ринат : Мектеп сенсің – жақсылықты ұран ғып
Мектеп сенсің – мені жұртқа сыйлы еткен

М.Айару: Мектеп деген – білім кені, жер кені
Мектеп деген – ғылымның ең үлкені

М.Нұрислам: Мектеп деген – тәрбиешіге адамға
Мектеп деген – даналардың мекені

Іңкәр: Айару есіңде ме? Биыл бізде мектебімізде «Оқуға құштар сынып» жобасы өткенін. Ата- анамызбен бірлесе отырып кітап оқып, оны өз достарымызбен бөліскеніміз.

Айару: Әрине есімде. Тіпті барлығымыз сынып болып журналдарды бөлісіп оқығанымыз да есімде. Айтпақшы, Жанерке мен Нұралы да өз достарын кітапханаға ертіп барып жүрген. Қане көрейік?

Ән: «Кітап оқу- ой санам». Жанерке мен Нұралы.

Айару: Түрлі қалалық, облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегері Сәкенова Маликаны «Бабочка» атты туындысымен ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар! (Пианино)

Іңкәр : Бесіктегі баланың, 
Күлгенін көрген – бір мұрат. 
Алдына түсіп ананаң, 
Жүргенін көрген – бір мұрат, - деп ата – ананың өз баласына тек жақсылық тілейтіндігі баршамызға аян. Олай, болса, бүгінгі мерекелік кешімізге куә болып отырған – барша көрермендердің ыстық ықыласын тыңдайтын уақытта жеткен сияқты.

Айару: Сонымен қатар үлкен алғысымызды ата-әжелеріміз бен ата-аналарымызға білдіргіміз келіп отыр. Біздің өміріміздегі асыл жандар ол - Сіздер. Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.

Іңкәр : Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.

Айару: Құрметті ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі тілектерді өздеріңізге арнаймыз.

Іңкәр : Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы .

Адина: Ана жанын ана болсаң ұғарсың, 4

Алдыңдағы ол бір биік құз бен шың.

Балаң үшін кеуде керіп қуанып,

Балаң үшін биіктен де құларсың.

Әмина: Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!

Мәдина: Ыстық – ау кім – кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.
Хормен:

Аман болсын, аяулы анамыз,

Асқар таудай әкеміз!

Іңкәр: Ән «Әке-ана» оындайтын Нұрханұлы Нұралы

Айару: Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы –

дей келе сөз кезегін сыныбымыздың ата-ана комитетінің төрайымы Теңелова Аида апайға береміз.

Ән: «Соңғы қоңырау» Ата-ана Теңелова Аида мен Нұрланов Еркебұлан

Ұстаз сөзі:

Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,

Көңілдер қуаныштан сарқыраған.

Аттанатын кез келді болашаққа,

Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.

Қанаттарың қатайды

Биікке енді самғаңдар

Білім жолы – сара жол

Ізденіңдер, талмаңдар. (винетка табысталады)

Айару: Хор: «Бастауышпен қоштасатын кез келді»



Іңкәр: Ән: «Қимай тұрмын» орындайтын Сәндіғали Нұрислам

Айару: Осымен «Баспалдағы білімнің, бастауыштан басталған!» атты сыныптан тыс шарамыз аяқталды. Қош, сау болыңыздар!

5



Жүрегімде ұстаз берген сабағы

Өң бойымда тамырланып тарады.

Ұмытпаймын салған жолын ақылын

Мәңгі, мәңгі есімізде қалады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Баспалдағы білімнің, бастауыштан басталған

Автор: Бердигожина Аягоз Елемесовна

Дата: 04.06.2023

Номер свидетельства: 633050

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(143) ""Бастауышым - бастамам, білім жолын баста?ан"  (бастауышпен ?оштасу ерте?гілігі) "
    ["seo_title"] => string(84) "bastauyshym-bastamam-bilim-zholyn-bastag-an-bastauyshpien-k-oshtasu-iertien-ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "208094"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430738168"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Аттанайық бала шақтан болашаққа"
    ["seo_title"] => string(36) "attanaiyk_bala_shak_tan_bolashak_k_a"
    ["file_id"] => string(6) "349243"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476466786"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства