kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балалық шақ Республикалық тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жалпыға бірдей Республикалық тәрбие сағаты

Тәрбие сағатының мақсаты : өсіп келе жатқан ұрпаққа балалық шақтың кереметтей сәттерін мәңгі жадысында сақтай отырып,бақытты өмірдің бастауы екенін айту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балалық шақ Республикалық тәрбие сағаты»


Тақырыбы: «Бақытты балалық шақ»

( ашық-тәрбие сағаты)

2- 3 сынып

Нургазина.Ж.Е

Алиева.К.К

Мақсаты: Балалық балдырған шақтың қызықтарын балаларға түсіндіру. Ой-өрістерін, ойлау логикаларын дамыты,сөйлеу тілдерін жаттықтыру , оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін ұғындыру. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуіне ықпал ету.


Көрнекілігі: тақта, арнайы киімдер 

І. Ұйымдастыру ( оқушылар үш топқа бөлініп отырады) Мен, сен, біз тобы

Күннің шуағын, гүлдің нәзіктігін сыйлаймын.

Қараңғыны нұрландырамын,

Суықты жылытамын.

Менің жүрегім қуанышқа, мейірімге тола

Келер күннің шұғылалы боларына сенемін

Ән ұран 

«Адамның бір қызығы бала деген »-деп Абай атамыз айытқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ал ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі

ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең. Сондықтанда әр бір қараша үйдің түтінін түтеткен ата-ана көзінің ағы мен қарасындай перзентінің өмірдегі осынау сәттерді мүмкінділігіше есте қаларлықтай етіп өткізуді ойластырады.

Балалар сендер өздеріңді не үшін бақытты балдырғанбыз деп ойлайсындар?

Оқушы: Біздер өзімізді бақытты балдырғанбыз деп санаймыз, өйткені біздің сүйікті отанымыз, қасиетті ана тіліміз, ардақты да аяулы ата – анамыз бар. Осының бәрін ардақтай білуге, біздің алтын ұя

мектебіміз бен аяулы ұстаздарымыз үйретті.


« Бала дегеніміз -болашақ» деген екен француз жазушысы Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі, ниеттері қандай таза болса, көңілдері сондай мөлдір! «Адамның бір қызығы бала деген »-деп Абай атамыз айтқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ал ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең. Сондықтанда әр бір үйдің түтінін түтеткен ата-ана көзінің ағы мен қарасындай перзентінің өмірдегі осынау сәттерді мүмкіндігінше есте қаларлықтай етіп өткізуді ойластырады. Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Бірақ сол уайым-қайғысыз бақытты өмірге қол сұғып, қысым көрсетіп, жәбірлеп жататындар бар. Бұл - бүгінгі қоғамның ащы да болса шындығы.

2-ші сұрақ: Зорлықтың қандай түрлері сендерге белгілі? (қара бұлттарға түрлерін жазып ілу).- Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;- Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;- Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.

2-тапсырма: Жуан және жіңішке сұрақтар: Сіздердің ойларыңша, неге біреу басқа адамға қатысты зорлық көрсетеді? /мазақтайды, күледі/ 2. Кімді жиі ренжітеді?3. Қаталдық көрсетудің себебі?4. Жәбірленушіге көмек қажет деп ойлайсың ба?5. Егер әңгімелесу көмектеспесе не істеу керек?Ересектерменбөлісу, мұғаліммен, ата-аналармен, дау-дамайды басуға көмектесетін басқа ересектермен.6. Егер жолдасың

ашулы, көңіл-күйі нашар болса, қалай көмектесуге болады? Әңгімеге тартуға тырысу, оны не мазалап жүргенін анықтау, тыңдау, назар аудару, қолдау көрсету.

3 тапсырма: «Балалық шақ зорлық – зомбылықсыз» болу үшін некерек?

Байқау «Әдепті бала»

I Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін, жақсысын

Саған таңдап әперді,

загрузка...

Не деп барып жеу керек?

Барлығы: «Рахмет апа» деу керек.

 

                       II      Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу-айқай.

Сенде шықтың көршіңді,

қағып кеттің байқамай.

Мұндайда не деу керек?

Барлығы: «Кешіріңіз» деу керек.

 

                      III     Осы келген бетіңде,

Допты қүдың жарыстың.

Көшенің сол шетінде,

Кезекті бір танысың.

Ұмыттың сен не деуді?

Барлығы: «Сәлеметсіз бе » деу керек.

 

                      IV       Үй артында қоқысты,

Жатқан көптен үйіліп.

Тазалайды қарт кісі,

Белі зорға иіліп.

Не дегенің жөн еді?

Барлығы:«Көмектесейін» деу керек.

1-топ: Н.Ә.Назарбаев атамыз айтқандай: Отбасы – отанымыздың ошағы. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.Егербала отбасында дұрыс, жақсы, өнегелі тәрбие алса, онда бұл да зорлық зомбылықты жоюдың бір ісі деп ойлаймыз.

2-топ: Әрқашан қамымызды ойлап жүре тұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа  қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.Біздің ойымызшаата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуібалаға жеткілікті болса, онда бұл да зорлық зомбылықты жою әдісі деген ойға келіп отырмыз.

3-топ «Әке- асқар тау,Ана- етегіндегі бұлақ, Бала-жасындағы құрақ»-деп тегін айтылмаған болар. Ата-анасын, аға-сіңлілерін сыйлай білген,жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиетінін күмәнданбаймын. Сондықтанда, жанұяда тығыз қарым-қатынас болу керек.


Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен. Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда , одан «ешкімнің де ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек. Кикілжіні көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не анасының отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады.Зорлық көрсету ол әлсіз адамдардың қаруы екені барлығына мәлім. Жалпы отбасындағы зорлық - зомбылық әміршіл билік пен шектен тыс бақылаудың нәтижесінде пайда болады. Ойланыңыздаршы, қай уақытта көбінесе отбасыларында зорлық зомбылық болады? Егерде бала ата – анасының айтқанын тыңдамай  теріс қылықтар көрсетсе, ата – анасы баламен тіл табыса алмай көбінесе тәрбиенің қате және жеңіл түрі зорлық көрсетуге жүгінеді. Қазіргі  таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Адамды өзара түсіністікке жеткізетін шынайы да тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері де тек салауатты отбасында ғана қалыптасады.


Жүргізуші:  Балдаурен -балалықтың балғын күні,

Балдаурен- қуаныш пен  шаттық үні.

Балдаурен бақыт кешкен балдырғаның,

Жайраңдап қырда ашылған қызыл гүлі-

деп кешімізді жалғастырамыз.

Тапсырма: Балалар сендер өздеріңнің де, өзгенің де жанұясын қандай болғанын қалайсындар? 

1-топ: жанұя мүшелерінің бір-біріне сыйластығы, сүйіспеншілігі, ауызбіршілігі, әдепті қарым-қатынасы,

2-топ: жанұядағы мүшелердің бір-біріне қамқорлығы, ата-анасының балаларына деген үлгі өнегесі, балардың ата-анасына деген мейрімділігі, құрметтеуі.Егер әрбір отбасы осықасиеттерге ие болса , онда Қазақстанның барлық отбасы үлгілі, тәрбиелі, бейбітшіл отбасы болмас па еді?Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің асты құндылықтарының бірі.

 «Балалардың өмір сапасын жақсарту – ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашан да өзекті болып қала бермек. Олай болса қазір балалар, «Бала құқығы» ағашын жасайық.

Жүргізуші:  Балдаурен -балалықтың балғын күні,

Балдаурен- қуаныш пен  шаттық үні.

Балдаурен бақыт кешкен балдырғаның,

Жайраңдап қырда ашылған қызыл гүлі-

деп кешімізді жалғастырамыз.

Жүргізуші: «Мақал сөз атасы»

 

Оқушы: Адамдықтың белгісі- иіліп сәлем бергені.

 

Оқушы: Жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік.

 

 

Оқушы: Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

 

Оқушы: Аулақ жүріп, жаман қылық, әдеттен

Үйренеміз жақсы мінез әдептен.

 

Жүргізуші: Ойын «Ауызша волейбол»

Ойының шарты: Сапқа тұрып допты бір-біріне берген кезде, балдаурен балалық шақ, достық, адамгершілік қасиеттері туралы сөздер айтулары керек, мысалы: достық, бейбітшілік, шыншыл, ұстамды, әдепті, жанашыр, мейрімді, адал, бақытты, қуанышты.т.б.

Жүргізуші:

Тыныштық баршамыздың ұранымыз,

Мәңгілік таусылмайтын жыр әніміз.

Арманның асқарына қанат қаққан,

Бақытты бейбіт елдің ұланымыз-дей

келе бүгінгі кешімізді аяқтаймыз

Балалар сіздердің  балалық шағыңыздың қызықты күндері таусылмасын. Біз бүгін бүлдіршіндерімізге мықты денсаулық,оқуларына сәттілік тілеп, тіл алғыш зерделі болыңдар демекпіз.

Шара соныңда балаларды марапаттау, сыйлықтар үлестіру.

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Балалық шақ Республикалық тәрбие сағаты

Автор: Нургазина Жазира Ердыкановна

Дата: 22.11.2019

Номер свидетельства: 528191

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Елін с?йген -Елбасы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(32) "ielinsuighienielbasytrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "290462"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1454953621"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) ""К?ш басында - Кеме?гер!" т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(42) "kosh-basynda-kiemien-ghier-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "207819"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430658344"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "" 1- желто?сан т???ыш Президент к?ні" т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(46) "1zhieltoksantungyshpriezidientkunitrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "291134"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1455085284"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Т?рбие са?аты «Жыр т?лпары  - М??а?али»"
    ["seo_title"] => string(31) "trbiiesagatyzhyrtulparymukagali"
    ["file_id"] => string(6) "292154"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455220968"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Т?рбие са?атыны? та?ырыбы: "Мені? т???ыш Президентім"."
    ["seo_title"] => string(60) "t_rbiie_sag_atynyn_tak_yryby_mienin_tu_n_g_ysh_priezidientim"
    ["file_id"] => string(6) "343659"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1473789365"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства