Ақмола облысы Есіл ауданы Свободный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ержанқызы Төлеужан
Сабақтың тақырыбы: Асыл ана
Сабақтың мақсаты: балаларды мейірімділікке, аналардың еңбегін бағалай білуге, ананы сүюге, сол арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру.
Сабақтың көрнекіліктері:тақырыпқа байланысты сюжетті суреттер, плакаттар, мақал-мәтелдер. қол өнері) шарлар, гүлдремен безендіру.
Сабақтың барысы: Оқушылардың шығармашылық жұмысынан көрме ұйымдастыру (суреттері, шығармалары,
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қымбатты ұстаздар, қонақтар, аналар! Бүгін бір жыл мезгіліндегі ең тамаша, шуақты мейрамдардың бірі – 8 наурызды, Халықаралық әйелдер күнін тойлап, атап өтуге жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын сүйікті аналар!
Сіздерге бүгін 8-сынып оқушыларының дайындаған мерекелік сыйы бар, қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: 8-наурыз – халықаралық әйелдер күні. Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей. Өйткені, көктем секілді әйел-аналар да адамзатқа өмір жылылықпен әсемдік сыйлайды емес пе?
2-жүргізуші: Неге дәл осы күн 8 наурыз - әйелдердің халықаралық мерекесі болып белгіленді?
1908 жылдың 8 наурызында өздерінің ауыр жағдайына төзе алмаған Нью-Йорктың еңбекші әйелдері демонстрацияға шықса керек. Содан осы оқиғаны есте қалдыру үшін 1910 жылы Копенгагенде өткен әйелдердің Конференциясы Клара Цеткиннің басшылығымен бұл күнді - «Халықаралық әйелдер күні» деп белгілеген болатын.
1-жүргізуші: Ана! Осы жалғыз ауыз сөзде талай сыр, талай терең мағына жатыр. Ананың балаға деген шексіз махаббаты, адамдарға деген мейірімі, ақ тілегі.
2-жүргізуші: Тіршілікке нәр берген – ана сүті қандай құдіретті.! Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек, мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен ұстасып жатады.
1-жүргізуші: Қош, келіпсіз қонақтар, ақ жаулықты аналар!
2-жүргізуші:
Жүздеріңнен мейірім мен нүр тамар,
Алдарыңда жауқазындай құлпырған.
Алаңсыз да балғын шақты балалар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді.
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!
1-жүргізуші: Ал, енді келесі кезекті аналарын құттықтағысы келетін оқушыларға берсек.
1-оқушы.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүттің,
Кең құшағың аясындай, гүл бақтың.
2-оқушы.
Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің!
3-оқушы.
Ер жеткізіп, елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағым бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме анашым!
4-оқушы.
Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан-алуан ауыр сыңды аттаған.
Адалдықты ар-намысты сақтаған,
Мен анамның сонысына мақтанам!
2-жүргізуші: Ал ендеше кешімізді әрі қарай жалғастырайық.
Е.Хасанғалиевтің «Анаға сәлем» әні орындалады.
1-жүргізуші:
Бүкіл әлем аналардың сүтінен нәр алған,
Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған.
Әлемде сен болмасаң осылайша,
Туар ма еді жүрегімде биік мақсат, игі арман?
2-жүргізуші:
Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп, талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың - аясындай гүл бақтың.
1-жүргізуші: Сонымен қатар бүгін қыздардың да мерекесі екенін ұмытпайық. Біздің сыныптың ұлдары сыныптас қыздарға шағын сыйлық үлестірсін.
5-оқушы.
Сияқты бір жаздың сұлу нарт гүлі,
Құлпырады бүгін міне март күні.
Осы күні тасып сенің көңілің
Жас жүректен шықты сенің көңілің.
6-оқушы.
Қуанып көз алдында жүргеніме,
Құмарсың менің келер күндеріме.
О, ана, жетсе екен бар өмірің,
Қартайған шағымды да бір көруге.
7-оқушы.
Анам менің күн көзіндей шуақты,
Даладай кең, таулы өзендей қуатты.
Дүниедегі жақсылықтың барлығы,
Жан анадан тарап жатқан сияқты.
8-оқушы.
О, анашым, таянышым, тірегім,
Бар бақытым бір өзіңнен тіледім.
Мені жақсы болса екен деп қашанда,
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
1-жүргізуші:
Күнде той бола бермес дәл осындай,
Тыншымас көңіл бақыт жол ашылмай.
Өмірде саған жақын адам болмас,
Төрт бөлген түн ұйқысын анашымдай.
М. Омаровтың «Анашым» әні орындалады.
2-жүргізуші:
Ана сүтінен барлық адам нәр алған,
Ол азығың өзіңмен бір жаралған.
Туа салып тұңғыш татқан дәмің ол,
Күш-қуат боп өн бойыңа таралған.
1-жүргізуші:
Аналармен жұмыс: (ортаға анасы мен қызы шығады)
Анасы мен қызына арналған викториналық сұрақтар:
Шарты: әр дұрыс жауап үшін қызы он ұпай алады, қыз жауап бермеген жағдайда анасы көмекке келеді, ол үшін анасы 5 ұпай алады.
Терезені жуудың тәсілін айтып бер.
Әшекей бұйымдарға не жатады?
Жұмыртқадан қандай тағамдар жасауға болады?
Ыдысты жуу тәсілін айтып бер.
Матаның түрлерін атап бер.
Бір астың дайындау тәсілін айтып бер.
Қазақ халқының басты ұлттық тағамдарын (дастарханға ұсыну ретімен) айтып бер.
2-жүргізуші:
Анасы мен ұлына арналған викториналық сұрақтар: (ортаға анасы мен ұлы шығады, шарты сол сияқты)
Бір пакет сүт неше теңге тұрады?
Бір келі қаймақ неше теңге тұралы?
Жұмыртқаны қалай қуырады?
Сіздердің шаңсорғыштарыңыздың маркасы қандай?
Қабырғаға шегені қалай қағады?
Шальар жылтыр болып қалмауы үшін қалай үтіктейді?
Лампочканы орнатқанда қай жаққа қарай бұрау керек?
1-жүргізуші:
«Мен анамды қаншалықты білемін?» байқауының сұрақтары:
Шарты: сұрақтарға анасы мен баласы қатар жауап беріп отырады. Баланың дұрыс жауабына – 10 ұпай, анасының жауабына – 5 ұпай.