Просмотр содержимого документа
«Аспаптар сыр шертеді»
Сабақтың тақырыбы: Аспаптар сыр шертеді.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Қазақтың ұлттық аспаптарын насихаттау, оқушылардың дүниетанымын кеңейту, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы білімдерін қалыптастыру. Аспаптармен таныстыру.
Дамытушылық: Аспаптар әлеміне саяхат жасау арқылы балалардың творчестволық қабілетін арттырып, ой - өрісі мен сезімдерін, танымдық қызығушылықты дамыту
Тәрбиелік: Музыкаға деген ынтасын тәрбиелеу, қазіргі өнер түрлеріне өз көзқарасын қалыптастырып, оларды дұрыс бағалай білуге үйрету, адамгершілік тәрбиесін беру.
Сабақ түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, әңгіме, музыка тыңдау.
Құрал жабдықтар: домбыра, аспаптар суреттері, үнтаспа, сөзжұмбақтар.
Бағалау критериі:
Ұлттық аспаптарды бір – бірінен ажырата білу.
Әр музыкалық аспаптың шығу тарихын білу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен амандасу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Құрал – жабдықтарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту:
Дүние жүзіндегі ұлттар мен ұлыстар, үндіс тайпалардың ұлттық саздық аспаптары жаңадан қалыптасып дамып келеді. қазақ халқының ұлттық саздық аспаптар осындай жолмен дамып ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. қазақ халқының ұлттық саздық аспаптары төрт топқа бөлінеді.
Оқушылар топ болып өз ойларын ортаға салады.
Оқушыларды 4 топқа бөліп әр топ өз аспаптары жайлы айтады.
1 топ – шертпелі аспаптар
2 топ – ысқышт аспаптар
3 топ – үрмелі аспаптар
4 топ – ұрмалы аспаптар
IV. Топппен жұмыс:
Шертпелі аспаптар. Шертпелі аспаптарға:
Домбыра
Шертер
Жетіген
Адырна
Шіңкілдек.
а) Домбыра екі шекті, оң және теріс бұраумен шертіп ойнайтын саздық аспап. Домбырада ән, терме, жырларды сүйемелдеумен бірге, бұл аспапта шертілетін күйлер шертпе, төкпе болып ойналады. Домбыра шанақ, ішек, перне, мойын, үлкен және кіші тиектер, дыбыс ойығы, бет қақпағы, кіндікше, екі құлақтардан тұрады. домбыраны ат үстінде келе жатып, тізерлей отырып тіпті шалқалап жатып та ойнай береді.
Домбыраның шығу тегі.
(Аңыз)
Ерте – ерте ертеде (әпсанада, қадым ғасырда) адам баласы малдың бес түлігін қолға үйретпеген кез екен. Бір жігіт ұзақ жүріп таң алдында жусап тұрған жылқы табынының үстіне шығады. Жылқыны көрген жігіт шетте тұрған, қарны жер сызған бір жылқының жылынан баспалдай келіп жабыса түседі. Тосын оқиғадан үркіп есі шыққан жылқы жігітті сүйрете жөнелді.
Осы сәтте жігіт жылқының үстіне қарғып мінеді. Өйткені жылқының жүйріктігіне адамның ілесуі мүмкін емес. Табыннан үркіп шыққан жылқы әлі қүрығынша шаба береді. Осы шабыста жылқының жал – құйрығының сулы әр түрлі дыбыс шыққаны жігіттің құлағына жетеді. Әбден туралаған жылқы бір уақытта құлап түседі. Шаршаған жігіт құлаған жылқының жанында отырып жылқының жал құйрығынан шыққан суылды ауызбен сол әуенге келтіргісі келеді. бірақ оған даусы да, әні де үйлеспейді. Осындай ойда отырған жігіт ұйықтап кетеді. Түсінде бір ақсақал жігітке: - әй жігітім, оян жаныңда тұрған ағаштың бұтағын ал да жылқының құйрығын байлап оң қолыңмен шертіп сол қолыңды әрлі - берлі тартсаң үн келеді. Осыны өзің жетілдіре ойлап осындай дыбыс шығатын саздық аспап жасап ал. Мына жығылып жатқан жылқы буаз бие еді. Ол қазір құлындайды, осы құлынды өз қолыңа үйретіп ал. Ол құлын саған үйренеді. Бүгіннен бастап бес түлік қолыңа оралады. Ал саздық аспабын оң бұрасаң домбыра дене аспап болып шығады дейді де ғайып болады. ақсақалдың айтқанын орындағын жігіт қазақтың домбыра аспабын жасап, бес түлік малды қолына үйреткен екен.
ә) Шертер. Үш ішекті, бет қақпағының тең жартысын терімен қапталған, шертіп ойнайтын аспап. Шертердің құрылысы домбыра аспабымен бірдей болады.
б) Жетіген. Бұл аспап та көнеден келе жатқан жеті ішекті іліп қағып ойнайды. Жетіген екі тізенің үстіне қойылады. Әрбір әуен сазды тиектерін жылжыту арқылы құлақ күйге келтіреді.
в) Адырна. Шанағы ашық , екі шетіне керме ағаш орнатылады да, керме ағашты көлденеңмен қосып ішек – терін орналастырады. Адырнаның ішегі жетіден жоғары көлемде орнатылады.
г) Шіңкілдек. Домбыраның бір түрі. Даусы шіңкілдеп жіңішке шығуына байланысты осылай атаған. Шанағының көлемі де тар болып келеді.
2. Ысқышты аспаптар. Ысқышты аспаптарға.
Қыл қобыз.
Бала қобыз.
Үш және төрт ішекті қобыздар жатады.
а) Қыл қобыз. Шанағының астындағы бөлігі терімен қапталады да қалған бөлігі ашық келеді. ішектері жылқының қыл құйрығынан жасалады. Қобыз шанақ, мойын, құлақ ысқыштан тұрады. қобыздың ысқышын жыс талды иіп, жылқының қыл құйрығын байлайды да осы ысқышпен ішекті қарай, самырсын, қайың сияқты ағаштардың шәйірін жағу арқылы дыбысқа келтіреді.
ә) Бала қобыз. Бұлда екі ішекті шанағы сопақша,терімен қапталады. Бұл аспаптың құрылымы да қыл қобызбен бірдей.
б) Үш және төрт ішекті қобыздар қыл қобыздың жетілдірілген түрлері болып табылады.
3. Үрлемелі аспаптар. Бұл топқа:
Шаң қобыз
Саз сырнай
Үскірік
Тас тауық
Сыбызғы
Үлдірек
Баян
Желқобыз
Қамыс сырнай
Мүйіз сырнай
Ұран
а) Шаңқобыз. Темірден ортасына серіппелі тілше орнатып әрі – бері жағу арқылы ауыз желісімен әуенге келтіреді.
ә) Сазсырнай. Бұл топқа үскірікпен тастауық аспаптары жатады. Алайда әр қайсысының дыбыс ойықтары мен сыртқы пішіні бойынша айырып аламыз.
Мысалы: саз сырнайдың дыбыс ойығы жетіге дейін болады. ал сыртқы пішіні қаздың жұмыртқасы сияқты болады. ал үскіріктің пішіні үш бұрыш төрт – бес дейін дыбыс ойығы бар. Бұл – аспаптарды саз балшықты арнайы қалыпқа қойып отқа өртейді де күйдірген екі бетін біріктіріп желімдеп арнайы дыбыс ойықтарын жасайды.
б) Сыбызғы. Үш – бес дыбыс ойығы бар ағаштан ойып жасайды да жіппен орап алады да қойдың немесе ешкінің тоқ ішегімен қаптайды. Мұның себебі қосқан жерінен жел шығармау үшін жасалады.
в) Уілдек. Теңіз – мұхиттың алып ұлуының қабығынан жасалады.
г) Баян VI – VII ғасырда ғұмыр кешкен. Баян жыраудың ойлап шығарғаны бойынша (Баян атымен қалған жел арқылы тілшелері тербеліске келу арқылы дыбысқа келеді.)
ғ) Жел қобыз. (желбуаз) ешкінің бітеулеп сойған терісін илеп, мойнын немесе алдыңғы екі сирағынан түтікше орнатып ішке – сыртқа үрлеумен дыбысқа келеді.
д) Қамыс сырнай. Бітеу қамысты ойып жасайды. Үш – сегіз дыбыс ойығы бар сыбызғының кіші түрі. Немесе тақшайшаға тілше орнатып жіп байлайды да әрі – бері серпіп тарту арқылы дыбысқа келеді.
е) Мүйіз сырнай. Сиырдың мүйізінен жасап, үрлейтін жеріне мүштік орнатады. Үш дыбыс ойығы бар.
ж) Ұран. Сиырдың мүйізін қоспақтап желімдейді. Қос ауызды үш – бес дыбыс ойығы бар үрлемелі аспап.
4. Ұрмалы аспаптар.
Бұл топқа: Дауыпаз
Дабыл
Даңғыра
Асатаяқ
Сылдырмақ
Шыңдауыл
Күлдіреуік
Тайтұяқ
Сақпан
а) Дауылпаз, дабыл, даңғыралардың беті терімен қапталады. Сыртқы пішінімен айырмасын тауып аламыз.
ә) Асатаяқ. Қоңырауды сілкіп ойнайтын аспап. Асатаяқтың түрі көп болады.
б) Сылдырмақ. Сілкіп ойнайтын шанағы бітеуленіп қапталады да ішінен ұсақ тастар, бидай, күріш сияқты заттарды салады.
в) Шыңдауыл. Күміс теңгелерден жасалынып мыс басты балғамен ұрып ойнайды.
г) Күлдіреуік. Қайрақ тастарды арнайы тақтайшаға кішісінен үлкеніне қарай бір немесе он үш тасқа дейін орналастырады.
ғ) Тайтұяқ. Тайдың тұяғынан жасалынып үру арқылы ойнайтын аспап. Оркестрге екпін беруге қолайлы.
д) Сақпан. Ағаш тақтайшадан ортасына тілше орнатылады да ұстайтын сабын түйісетін тұсынан қырқарлап айналдырғанда тілше үнге қосылады.