kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Армысы?, ?з Наурыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Балалар?а ?аза? хал?ыны? т?рмыс – тіршілігінде, ?дет - ??рпында ерекше орын ал?ан - Наурыз тойыны? ерекшелігін, таби?ат пен адамны? байланысын баланы? жас ерекшелігіне байланысты ?зін ?атыстыра отырып т?сіндіру.

К?рнекілігі: На?ыл с?здер, ?лтты? айшы?тарды? суреті. Ке? зал іші к?мбірлеген к?йге толы. Ортада д??гелек ?стел. Онда тоста?ан, ыдыстар. ?аза?ты? ?лтты? киімін киген тойлы ауылды? к?рінісі.
 

Кешті? барысы:
1 - ж?ргізуші: ??рметті ?стаздар, ата - аналар, балалар! ?аза? хал?ыны? т?рмыс тіршілігінде ертеден тойланып келе жат?ан мейрамны? бірі - Наурыз. Я?ни, к?н мен т?нні? те?еліп, ?ар еріп, к?к шы?а бастайтын к?ктем айы.
2 - ж?ргізуші: Сонды?тан наурыз к?нін ежелден адамдар жа?а - жылды? басы деп, ?лысты? ?лы к?ні деп жа?сы тілекпен ?арсы ал?ан. Ендеше, жер ?лемді жайнатып, ?нші ??старды сайратып, Наурыз тойын тойлатып ?лысты? ?лы к?ні келді,
Екеуі бірге: Тойлары?ыз ??тты болсын!
А? мол болсын!
Б?ле - жала жерге енсін!
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Армысы?, ?з Наурыз»

№54 мектеп-лицей































Тәрбие сағаты



Тақырыбы: «Армысың, әз Наурыз»



Жауапты: 1 «А» сынып

Сынып жетекшісі: Нұрмағанбетова Т.С.



































2016ж

Армысыз, әз Наурыз!

Мақсаты: Балаларға қазақ халқының тұрмыс – тіршілігінде, әдет - ғұрпында ерекше орын алған - Наурыз тойының ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын баланың жас ерекшелігіне байланысты өзін қатыстыра отырып түсіндіру.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, ұлттық айшықтардың суреті. Кең зал іші күмбірлеген күйге толы. Ортада дөңгелек үстел. Онда тостаған, ыдыстар. Қазақтың ұлттық киімін киген тойлы ауылдың көрінісі.

Кештің барысы:
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, балалар! Қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде ертеден тойланып келе жатқан мейрамның бірі - Наурыз. Яғни, күн мен түннің теңеліп, қар еріп, көк шыға бастайтын көктем айы.
2 - жүргізуші: Сондықтан наурыз күнін ежелден адамдар жаңа - жылдың басы деп, Ұлыстың ұлы күні деп жақсы тілекпен қарсы алған. Ендеше, жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Ұлыстың ұлы күні келді,
Екеуі бірге: Тойларыңыз құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Бәле - жала жерге енсін!
1 - оқушы: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар.

2 - оқушы: Наурыз тойы басталды
Бір орында тұрмаңдар
Қызықтан құр қалмаңдар.

3 - оқушы: Айтып шаттық өлеңін
Алақай дер күн бүгін
Түсіндіріп себебін
Берер екен кім мұның?

4 - оқушы: Жас кәрінің, ұл - қыздың
Той думаны сайраны
22 - сі наурыздың -
Бізде Наурыз мейрамы.
(Осы кезде залға күй ырғағымен немерелерін ертіп, Ақ әже кіреді. Немерелері әжені ортаға алып би билейді.)

Ақ әже: Қашанда құт - береке орнасын деп
Тойларда шашу шашу салты елімнің
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.
Наурыз келсе, құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барса жол болсын!

Уа, ағайын, туысқан,
Наурыз күн туды шығыстан.
Сол тойға келдім шақырып,
Ат терлетіп алыстан.

Ақ түйе қарны жарылды
Наурызды елім сағынды
Асыққын сен де сол тойға
Барлық жұрт мұнда ағылды.

Келіңдер Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямас өнерпаздар ән мен жырын
Тойлайық халық тойы наурызымның
Шуағын, жерге төккен бақыт күнін.

Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп наурыз келді
Арқаңды кеңге салшы, уа, халайық!

Ән: Тойға шашу
Қыдыр ата:
Жаңа жыл бақыт жылы болсын,
Күніміз ұлысты болсын.
Жеріміз ырысты болсын
Дастарқаның мол болсын
Абыройың зор болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлысты бақты болсын
Қайда барса жол болсын!
Еліміз, жеріміз тыныш болсын!
Тәуелсіздігіміз берік болсын!
Әумин

Қош келдің жас Наурыз жылдың басы
Жұрттың күткен, мінеки ықыласы
Көже құйып күйбеңдеп басын асып,
Бермек әркім баршаға қонақасы.

Ән «Қазақы дастархан» орындайтындар Света, Диана, Ақерке
Наурыз көже тарату (қыздар наурыз көже таратады)

Наурыз көже – Наурыз мейрамының символы. Ендеше Наурыз тойымыздың
көжесіз сәні болмас.


Наурыз көжеден дәм татыңыздар!


Наурыз көже 7 түрлі тағамнан жасалады. оның мәні - жаңа жылда тойымшылық, молшылық болсын деген ұғымды білдіреді. Наурыз көженің құрамына - айран, сүт, құрт, ірімшік, су, тұз, соғымнан қалған сүр ет т. б тағамдар қосылады.

Ұлыстың ұлы күні 22 Наурыз жыл басы. Күн ұзарып, түн қысқарып, еліміз елжіреп, жеріміз жұмсарып Самарқанның көк тасы еріп, күн мен түн теңеледі.


Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүт бұлағын ағызған.
Жаңа жылдың сипаты
Молшылыққа аңыз боп
Басталыпты Наурыздан.


Ақ қар кетіп, қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп,
Шаруаның ұлы кенелген,
Күн мейрамы ежелден
Құтты болсын, бұл Наурыз!

Жаңарғаны сананың,
Ұмытады мұны кім?
Ата салтын бабамның
Алып келді Ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында
Орындалды ойларың,
Құтты болсын тойларың!

Наурыз - көктем тойымыз,
Той дәмі мол, тойыңыз.
Күн ұзарар жылынып,
Өсер біздің бойымыз.


Төлдеді де малымыз,
Тамыр жайды талымыз.
Наурыз өнер жарысын
Бастады жас кәрі үшін.

Жақсылыққа қашанда
Жан баласы тоймаған.
Жаңа жылдың басы деп
Жылда бізбен тойлаған.


Тойын жасап ел енді,
Қуанышқа бөленді.
Жарқыраған жас нұрлы
Жаса, Наурыз, дәстүрлі!

Ән «Атамекен» Орындайтын: квартет

Жүргізушілер бірге:
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман – есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!

Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Басқа ұлттан өзгеше
Айтыс өнер салтымыз.
- Ұлыстың ұлы күні – Наурыз көбінесе жарыс пен ойын мерекесі. Бұл мерекені жастар ерекше бір ыждаһаттылықпен күткен. Өйткені бұл күні әнмен жарысқан, шешен қыз-жігіттеріміз әзіл-қалжыңмен айтыс өнерін тамашалаған.
Енді, қыз бен жігіттің айтыс өнері. Ортада 2 топтың дүл-дүл айтыскерлері Сүйінғалиев Ақжол мен Аубакирова Анелді қошеметпен қарсы алайық.


Жігіт:
Меніменен айтысар,
Пысық қызың қайсың бар.
Қолдан келсе әзілдеп,
Маған сынды айтыңдар.


Қыз: Айтысуға өзіңмен
Шығып тұрмын алдыңа.
Күн аттарын білмеуші-ең,
Жаттап оны алдың ба?


Жігіт:
Құрбым кімге күлесің,
Өзің нені білесің, ?
Онға дейін қиналып,
Санай да алмай жүресің.


Қыз:
Бәтеңкеңнің бауында
Байлай алмай жүруші ең.
Үйрендің бе, жидеңді,
Теріс қарай киюші ең?


Жігіт:
Олпы—солпы кигенің,
Ойыңда не түйгенің
Намысыма құрбыжан,
Наурыз күні тимегін.


Екеуі бірге:
Ұлы наурыз бәріңді,
Татулыққа шақырған.
Тоқтатпасақ айтысты,
Сөз қалған ба ақыннан.









Ұл: Ата-баба дәстүрін , 

Үйретуден қашпаймыз,

«Айтыс» десе сәнденіп,

Қыздар іздей бастаймыз.



Қыз: Біржан болып сен келсең,

Ақын Сараң мен болам.

Сәйгүлік болып сен шапсаң,

Аққу құсым мен болам.

Бәрі: Еркем, еркем, еркем-ай,

Еркелеген еркем-ай.

Еркелеген еркемді,

Еркелетсем екен-ай.

Ұл: Біздің топтың ұлдары,

Шеттерінен ақылды-ақ.

Жұмбақ, тақпақ бұл тойға, 

Айтып берер тақылдап.

Қыз: Үй жабдығын бұл тойға,

Біздің қыздар сәнденді.

Қонақ күтіп , ән салды,

Ұлдарыңнан кем бе еді.

Бәрі: Еркем, еркем, еркем-ай,

Еркелеген еркем-ай.

Еркелеген еркемді,

Еркелетсем екен-ай.

Ұл: Түрлендіріп қамшы өрсем,

Қыздарың таң қалады.

Күмберлетіп күй шертсем,

Бәрі: Еркем, еркем, еркем-ай,

Еркелеген еркем-ай.

Еркелеген еркемді,

Еркелетсем екен-ай.

Қыз: мақтандың ғой жігітім 

Өнеріңді көрейік.

Көрсет сәнді қамшыңды,

Біздер баға берейік.

Ұл: Тойға барам деген соң ,

Домбыра ұстап жетіп ем.

Шашақталған қамшыңды,

Үйге тастап кетіп ем.

Бәрі: Еркем, еркем, еркем-ай,

Еркелеген еркем-ай.

Еркелеген еркемді,

Еркелетсем екен-ай.

Қыз: Қалып қойса қамшыңыз,

Тағы тойға келерсіз.

Сол қамшыны мына бізге,

Сонда сыйға берерсіз.

Барлығы: Қоштасайық халықпен, 

Ақындарын пір тұтқан.

Сөз өнерін шөлдегенде,

Рахаттана бір жұтқан.

Еркем,еркем, еркем-ай,

Еркелеген, еркем-ай.

Еркелеген еркемді,

Еркелетсем-ай.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Армысы?, ?з Наурыз

Автор: Н?рма?анбетова Тазаг?л Сады??ызы

Дата: 27.03.2016

Номер свидетельства: 310646

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Армысы?, Наурыз!"
    ["seo_title"] => string(13) "armysynnauryz"
    ["file_id"] => string(6) "310921"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459134584"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Урок на тему "Наурыз-жыл басы, наурыз -ба?ыт жал?асы""
    ["seo_title"] => string(44) "uroknatiemunauryzzhylbasynauryzbakytzhalgasy"
    ["file_id"] => string(6) "311058"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459150602"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Жыл басы Наурыз "
    ["seo_title"] => string(18) "zhyl-basy-nauryz-1"
    ["file_id"] => string(6) "194663"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427801252"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Наурыз- начало года"
    ["seo_title"] => string(18) "nauryznachaloghoda"
    ["file_id"] => string(6) "310927"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459134776"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Наурыз, начало года"
    ["seo_title"] => string(19) "nauryznachaloghoda1"
    ["file_id"] => string(6) "311237"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459174514"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства