kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Армысың,әз Наурыз!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Наурыз мерекесі туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және құрметтей білуге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Армысың,әз Наурыз!»


Орал қаласы

А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы

бастауыш сынып мұғалімі Бекенова Ботагоз Бахтыгалиевна



Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Армысың, әз Наурыз! 
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: киіз үй, дастархан, шарлармен безендіру.
Барысы: Кіріспе.
Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!


Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!

(әжей шашу шашады)

1 - жүргізуші:

Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.

2 - жүргізуші: Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!


Құттықтау сөз мектебіміздің директоры ........................беріледі.

1 – жүргізуші: Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.

2 - жүргізуші: Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.


1 - жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі.
Наурыз – еңбек мерекесі.


2 - жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.

1 - жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!

Ән: «Біз өмірдің гүліміз»


2-жүргізуші:

Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.


1-жүргізуші:
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.


2-жүргізуші:

-Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген

ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.


1-жүргізуші: Ендеше, 2 «в» сынып оқушыларын «Күн мен түннің теңелуі» атты көрінісімен ортаға шақырамыз.


Көрініс:

Күн:

Сәулесі мол күнмін

Түн:

Жұлдызы мол түнмін

Екеуі:

Бірдей болып біздер,

Теңелеміз бүгін.

Түн:

Ал ертең күн ұзақ,

Күн:

Түн қысқарар бірақ

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып,

Жүрмеңдер тек жылап.

1-жүргізуші:

Наурызым - тойлы нұрлы күн,
Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін!


2 - жүргізуші: Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.

Ән: Саламатова Аружан: « »


(Алдар көсе мен бай көрінісі)


2-ж: Айтамын жарапазан есігіңе,

Наурыз келе берсін қазағыма

Ниетің Ұлыс күні қабыл болып

Қолдауға Қыдыр келсін несібеңе,-деп енді Қыдыр бабаны қарсы алайық.


Қыдыр ата: Армысыздар,туыстар!

Ұлыс оң болсын!Ақ мол болсын!

(Қыдыр ата төрге барып отырады).



«Шұғыла» би ансамблі: «Қырық үйдің еркесі»


1-жүргізуші:

Наурыз – достық, Наурыз – күн,
Барша халық бірлігі.
Тағы келді Ұлыс күн,
Жалғасып ғалам тірлігі.


2-жүргізуші:

2 «ж» сынып оқушысы Меңдығалиева Наргизаның орындауында «Ақсиса»


1-жүргізуші.

Дастарханда дәніміз,

Жайдарымыз бәріміз.

Жарасу бар, жаулық жоқ,

Қандай жақсы Наурыз!


Ортаға 2 «д» сынып оқушыларын өз құттықтауларымен шақырамыз.


Ибраим Айгерім:

Ата-бабам тойлаған

Наурызым, армысың.

Қызығына тоймаған

Дарқан дала қарлы шығ.

Қауыша алмай қанша жыл

Қалдық сенен адасып.

Сағынды қыз, аңсады ұл

Төрле, есіктің бәрі ашық.

Мерекені байыра

Алды халқым қабылдап,

Ақ дастарқан жайылды

Ошақта от жалындап.


Балтабай Нұрайым:

Күреп «Алтын» күрекпен

Қарды ертітті наурыз.

Жатыр көктем түлеткен

Бүрлеп бақша бауымыз.

Ұлы күні ұлыстың

Күн мен түнді теңеген,

Тәтті дәмін ырыстың

Таттық наурыз көжеден.

Жас қосатын жасыңа

Жылбасы бұл наурыз

Әр кіргізген асыңа

Бал татыған сары уыз.

Наурызбен құттықтап,

Алыс жақын қауыты

Көктемдегі жарқын сәт

Көңілдерге ауысты.


Нұрлан Меруерт:

Ала биең құлындап,

Алатауға сыймасын.

Қара биең құлындап,

Қаратауға сыймасын!

Үйіңнің алды той болсын,

Қораң толы қой болсын.

Қазаныңда қайнаған

Кілкілдеген май болсын.

Айың туссын оңыңнан

Күнің тусын солыңнан.

Мал менен басың тең өсіп

Кетпесін дәулет қасыңнан.


2-жүргізуші.

Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Қызық думан - мереке,
Қызық думан құрамыз.


1-жүргізуші: Бауырласқан жанымыз,

Бұзылмасын антымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз,-деп кезекті салт-дәстүрге береміз.


2-жүргізуші:

Қазақтың ұлттық өнері, ертеден келе жатқан салт-дәстүрі, ақындардың шыңдалар аламан бұл-Айтыс. Ендее келесі кезекті 2 е сыныбының оқушыларына кезек береміз. Арманқызы Алинур мен Нургазиев Нұрхаттың айтысын тамашалайық.

Нұрхат:

Ата-баба дәстүрін

Үйренуден қашпаймыз.

Айтыс десе сәнденіп

Қыздар іздей бастаймыз.

Нұрхат ұлың мен болам

Әке-шешем мақтаған

Жарыс десе жайнаймын

Намысымда қорғаймын


Алинур.

Біржан болып сен келсең

Ақын Сараң мен болам

Сәйгұлік боп сен шапсаң

Аққу құсың мен болам

Өнердің ашып есігін

Шешен сөзбен көсілдім

Таныстырсам өзімді

Алинур менің есімім.


Нурхат: Ал Алинур сұлу қыз

Қандай ұзын бұрымың

Қасыңдағы қыздардың

Ішіндегі сұлуы

Бес нәрседен қашық бол

Бес нәрсеге асық бол

Қоса алдың ба мән беріп

Қанша болды санап көр.


Алинур: Мені мақтап не істейсің?

Білем өзім сұлумын.

Бірге ондық болады Оны бәрі білетін.

Бәтеңкенің бауын да

Байлай алмай жүруші ең

Үйрендің бе жейдеңді

Теріс қарай киюші ең.



Нурхат:

Намысыма құрбы жан

Наурыз күні тимегін

Наурыз күні достасып

Бірге көже ішейік


Бірге: Ұлы Наурыз бәріңді

Татулыққа шақырған

Тоқтатпасақ айтысты

Сөз қалған ба ақыннан.

Наурыз тойы салтымыз

Аман болсын халқымыз.

Ұлыс оң , ақ мол болсын

Наурызымыз құт болсын.

2 - жүргізуші: Енді ұлдарымыздың шыдамдылығын анықтау мақсатында әр сыныптан 1 оқушыдан ортаға шақырамыз.
Арқан тартыс. (7 ұл бала)

«Қыз қуу»



1-жүргізуші:

Қазақтың ұлттық тағамдары,

Жасымнан жақын маған бәрі.

Теңермес ем оларға мен,

Ешбір асты ғаламдағы.


2-жүргізуші: Наурыз көже – Наурыз тойына тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Жеті түрлі дәмнен: сүт,ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің тәрбиелік мәні зор. Ол адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.

1-жүргізуші: Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта ағы бар,
Ішілетін, жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар.


2-жүргізуші: 2 б сынып оқушыларының орындауында Қазақ биі.

1-жүргізуші:

Көктем келді. Күн күліп арайланды,
Шын досыңның көктемдей арай жаны.
Күліп аспан, ал дала шаттанғанда
Жылуындай көктемнің тарайды әні.


2 «ж» сынып ұлдарынан құрылған трио Алмат,Асхат,Асланбектің орындауында «Ана мен әке» әні


1-жүргізуші:

Көктем! Күн нұрын көктен төккен.
Көктем! Бақыт дәнін сепкен.
Әлемнің көктем – шалқар мерекесі,
Танытар, ырыс – құтын берекесі.
Наурызда думанын ұластырып,
Мәпелеп аялаған ел еркесі.


Би «Қара жорға» 2 «а» сынып оқушылары


2-жүргізуші:

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды!

Мал біткеннің бал татыған уызды,

Қуат болып қанымызға тарайды.

Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,

Жарапазан айтылатын күйі енді.

«Аман ба» деп мал жаның?

Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.


Алдарыңызға жарапазан айтып келе жатқан 2 з сыныбын ортаға шақырамыз.


Қорытынды:

Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған.


1-ші жүргізуші:

Бата беріп атамыз,

Бата беріп апамыз,

Тәтті болып жасалған,

Наурыз дәмін татамыз.


2-жүргізуші:

Ниет,ықылас білдіру

Әр адамға аманат

Ата-баба дәстүрі

Батаны біл жамағат.


-Ата, өзіңізден бата алсақ деп едік. Бізге батаңызды берсеңіз (Қыдыр атадан бата сұрайды)


Қыдыр ата бата береді.


Қыдыр ата: Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

4 түлік ақты болсын.

Ұлыс береке берсін!

Бәле-жала жерге енсін,

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын,

Бастарың аман болып,

Уайым-қайғы жоқ болсын!

Қуаныштарың көп болсын!





2 жүргізуші: Әнім де саған,білім де

Құт қонақ өзің үйімде

Қуаныш сыйлар еліме,

Күлімде,Наурыз,күлімде.


1-жүргізуші: Наурыз-достық,Наурыз-күн,

Барша халық бірлігі.

Тағы келді Ұлыс күн

Жалғасып ғалам тірлігі.


2-жүргізуші:

Осымен: 2 сыныптар арасында ұйымдастырылған «Армысың,әз Наурыз» атты мерекелік шарамыз өз мәресіне жетті. Мерекеміз дәмді дастарханмен жалғасады. Меркеге ат салысып қатысқан барша ата-аналар мен оқушыларға алғыс білдіреміз.

-Наурыз құтты болсын!


Ансамбль «Шұғыла» Тойға шашу Қыдыр ата бата беруде

Шашу шашу Қобызда ойнау үлкен өнер








Ұлттық ойын мейрамның қызығы Қырық үйдің еркесі








































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Армысың,әз Наурыз!

Автор: Бекенова Ботагоз Бахтыгалиевна

Дата: 10.05.2017

Номер свидетельства: 414255

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Армысы?,?з Наурыз! "
    ["seo_title"] => string(18) "armysyn-z-nauryz-5"
    ["file_id"] => string(6) "221724"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1435566147"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) ""Армысы?, ?з Наурыз!""
    ["seo_title"] => string(15) "armysynznauryz3"
    ["file_id"] => string(6) "309889"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458889432"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Армысы?, ?з- наурыз! Ашы? т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(40) "armysyn-z-nauryz-ashyk-t-rbiie-sag-aty-1"
    ["file_id"] => string(6) "185729"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426234597"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Армысы?,?з-Наурыз!"
    ["seo_title"] => string(15) "armysynznauryz2"
    ["file_id"] => string(6) "304541"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457752496"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) ""Армысы?,?з Наурыз!""
    ["seo_title"] => string(18) "armysyn-z-nauryz-8"
    ["file_id"] => string(6) "320709"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461136492"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства