kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ана - өмірдің бәйтерегі "Сынып сағаты"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ана - өмірдің бәйтергі атты сегізінші наурызға арналған сынып сағаты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ана - өмірдің бәйтерегі "Сынып сағаты"»

Абай атындағы №2 қазақ орта мектебі













Сынып сағаты


Тақырыбы: «Ана – өмірдің бәйтерегі»

Өткізген : С.С.Сыздыков




















Сабақтың тақырыбы: «Ана – өмірдің бәйтерегі»


Мақсаты: Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту.

Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ертеңгіліктің тақырыбы жазылған плакат. Суреттер, шар, гүл суреттері.

Мұғалім:

- Армысыздар, Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке!

Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, қыздарға арналған мерекеге 2 «Ә» сыныбының оқушылары дайындаған «Ана – өмірдің бәйтерегі!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!

Балалар бәрі: Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!!!

Жақсылық Алуаның орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.

Мұғалім:

Уа, ағайын, ағайын.

Көктем келді жайнаған.

Бау - бақшада бүгін той.

Қош келдіңіз ағайын.

Раушан гүлдер жайнаңдар.

Гүлдей жайнап тұрыңдар.

Құттықтаймыз сіздерді.

Мерекеңмен бүгінгі-дей отыра ортаға өлең жолдарын оқуға оқушыларымызды шақырайық.

1 - оқушы: Жания

Өмір сыйлаған анашым,

Өзіңе мен ризамын.

Аяулы менің анашым,

Қайда жүсем де сағынамын.

2-оқушы: Даниял

Анамыздың мерекесі

Келіп қалды жақындап

Көңілін қалай тапсам деп

Ойлап жүрмін күн-түні.

3-оқушы:Жәнел

Жанымызды жайнатқан

Сіздер ғой ол аналар.

Зор денсаулық мол бақыт,

Тілейміз біз балалар.

4-оқушы: Ермек.

Ақ қабқты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

5-оқушы: Назгүл

Бүгін Наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз анамның,

Анаға айтар лебізі.

6-оқушы:Ильдар

Ақ анашым,аппағым,

Өзің жайлы тақпағым,

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрінде.


Мұғалім:

Менің әжем, гүл әжем

Алтын әжем, күн әжем.

Апам үшін, мен үшін

Нағыз ана тілі – әжем.


Көрініс: «Мен әжемді жақсы көремін».


Ән: Мұхтархан Мүсілімнің орындуында «Домбырасыз ән қайда» әнін қабыл алыңыздар.

Мұғалім:

- Барша аналарға арнаған қызыдардың орындауында «Гүлдер биін тамашалаңыздар.

Мұғалім: Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі. Олай болса, аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.

Ойын: «Кім жылдам?»

Мұғалім:

Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,

Жылытар жүрегіңді көз көп дейін

Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге

Қол соғып қарсы алайық балалардың сіздерге арнаған өлең жолдарын.

7 - оқушы: Даяна

Анамды мен жақсы көрем

Айт тілін алып жүрем.

Қасымда апам жүргенде

Шаттанып ойнап күлем.

8-оқушы: Бекдар

Сене өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар!

9-оқушы: Дана

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

10-оқушы: Мүсілім

Аналарды тейміз ғой құндызға,

Күнге де, айға да жұлдызға.

Өмір бақи анаменен

Бақытты ғой ұл-қыздар!!!

11-оқушы: Алуа

Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам!

12-оқушы: Ляззат

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Бізді ана қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.

13-оқушы: Заңғар

Ақ мамамды әрқашан,

Сағынамын, сыйлаймын.

Мейрам сайын мен оған,

Түрлі сыйлық сыйлаймын.

Мұғалім:

Шуақ төгіп күлімдейтін қарасам,
Анашымды күнге ғана баласам.
Жер бетінде ең жақыным - өзіңсің
Мәпелейсің, аялайсың әрқашан!
Ән: Қыздардың орындауында «Аяулы анашым» әнін қабыл алыңыздар.


Би: Ұлдардың орындауындағы флешмобты тамашалаңыздар.

Мұғалім:

Барлық сынып ұлдарының және мұғалімнің атынан мына бір тамаша әнді сіздерге тарту етеміз.

Ән: Мұхтархан Мүсілімнің орындауында «Ана сен жылама» әнін қабыл алыңыздар.

Мұғалім:

Мерекені қарсы алып,

Мәз болғанда барша жұрт,

Гүл ұсынып қыздарға,

Сыйлық бердім мен өзім- дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер.

(Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді)

Мұғалім:

- Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін.

Мұғалім:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді сәбиі де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық, алтын бақ! – дей отырып бүгінгі «Ана – өмірдің бәйтерегі!» атты ашық тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Ана - өмірдің бәйтерегі "Сынып сағаты"

Автор: Сыздыков Самат

Дата: 22.05.2017

Номер свидетельства: 417714

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сынып са?атыны? та?ырыбы: "Ана-?мірді? шуа?ы""
    ["seo_title"] => string(46) "synyp-sag-atynyn-tak-yryby-ana-omirdin-shuag-y"
    ["file_id"] => string(6) "312974"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459422167"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Урок "Ана ?мірді?-г?лі""
    ["seo_title"] => string(19) "urokanaomirdinghuli"
    ["file_id"] => string(6) "312456"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459343858"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "8-наурыз мерекелік сынып са?аты Та?ырыбы:  «Аяулы ана»"
    ["seo_title"] => string(56) "8-nauryz-mieriekielik-synyp-sag-aty-tak-yryby-aiauly-ana"
    ["file_id"] => string(6) "319820"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460963528"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Т?рбие са?аты "Аналар?а мы? ал?ыс""
    ["seo_title"] => string(28) "trbiiesagatyanalargamynalgys"
    ["file_id"] => string(6) "310951"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459140170"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "внеклассные часы "Ана-?мірді? г?лі""
    ["seo_title"] => string(37) "vnieklassnyie-chasy-ana-omirdin-ghuli"
    ["file_id"] => string(6) "308055"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458492507"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства