Просмотр содержимого документа
«"Ана - бізді? к?німіз" »
Ана –біздің күніміз!
Мақсаты: 8-наурыз мейрамы туралы түсінік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мінерлі, сауатты, анық оқи алуға машықтандыру; Оқушыны ізгілік, инабаттылық, сыйластық, адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу. Сахнамәдениетіне тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдары: Сынып шармен, гүлдермен безендіріледі. Тақырып жазылған плакаттың ортасында үлкен күннің бейнесі, ойынға қажетті заттар аналарына арнап жасаған ашықхаттары. Мерекеге сай үнтаспалар жинағы.
Жүру барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім:- Құрметті қонақтар, асыл әжелер, сүйікті аналар! Бүгін бізде үлкен мереке. Ол-аналарға арналған «Ана-біздің күніміз» атты тәрбие сағатымыз. Бұл сағат 8- наурыз-Хаықаралық әйелдер күніне байланысты аталып отыр.
Құрметті аналар, мейрамдарыңыз құтты болсын!
Мұғалім: ортаға 1-3 сыныптың оқушыларын шақырайық.
Адам баласы үшін ең аяулы, ең үлгілі, ең қастерлі, ең қадірлі сөз – ана. Бала дүниеге келгеннен бастап өзінің жұмсақ алақаны , жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббатын бере білген аналар қауымы үшін бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол – 8 наурыз мерекесі.
Ал балалар дүниеде ең қымбат кім?
Ол ана
Дүниеде ең жүмсақ не?
Ол ананың алқасы
Дүниеде ең тәтті не?
Ол ананың сүті
Мұғалім: балар, сендер бүгін аналарыңды мерекесімен құттықтауға келген сияқтысыңдар?