Ана!Ана!Ана!.не деген мейірлі,не деген шапа?атты с?з еді!Осынау ?ш ?ріптен ??рал?ан ?асиетті с?зді? т?п-т?ркінінде ?аншама ?лы сезім жатыр десе?ізші.Сезім мен ?асиетті,бар махаббат пен шапа?атты сидырып т?р?ан ?ла ана сезімін ?адірлемейтін жан бар ма екен б?л ?мірде?Жа?сылы? атаулыны? барлы?ы да ананы? а? с?тінен жарала?ан емес пе?
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«АЙНАЛАЙЫН - АНАШЫМ! »
Мерзімі: 06.03.15
Тәрбие сағаттақырыбы: Айналайын –Анашым! Тәрбие сағатмақсаты: Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту. Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу. Тәрбие сағаткөрнекіліктері: Ертеңгіліктің тақырыбы жазылған плакат. Суреттер, шар, гүл суреттері. Мұғалім: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке!
Жүргізуші:
Ана!Ана!Ана!...не деген мейірлі,не деген шапағатты сөз еді!Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп-төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші.Сезім мен қасиетті,бар махаббат пен шапағатты сидырып тұрған ұла ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде?Жақсылық атаулының барлығы да ананың ақ сүтінен жаралаған емес пе?
Жүргізуші:
Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, қыздарға арналған, сыныбымыздың дайындаған «Айналайын-Анашым!» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер! Хор: Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!!! Жүргізуші:
Адам бойындағы барлық қасиет күннің нұрынан,ананың ақ сүтінен таралған.Әлемде өзгермейтін үш-ақ зат бар.Ол-ананың ақ сүті,күннің нұры,сәбидің күлкісі.
Жүргізуші:
Сондықтан да құрметті асыл аналар,қадірлі апайлар,қызғалдақ қыздар,бүгінгі құрмет тек сіздер үшін.Ортада аналарға арнап тақпақтар айтылады:
Алтын анам жасымнан аялаған Мен үшін игілікті аямаған Сабақтан шаршап үйге келгенімде Бал сөзі - жаным деген, сая маған.
Амиров:
Той пердесін ашайық, Тойға шашу шашайық. Аналарды құрметтеп, Ән маржанын шашайық.
Ән: «Құттықтаймын, мама, мерекеңмен!»
3 - оқушы: Құтты болсын, ардақты ана Асыл анам мерекең, Құтты болсын теңдік алған. Қуанышты берекең.
Менің әжем,гүл әжем,
Алтын әжем,күн әжем.
Апам үшін,мен үшін,
Нағыз ана тілі-әжем.
Ернат:
Өзіңсің құдіретті ана,құдіретім,
Жанымды жадыратып күлдіретін.
Сендегі маған деген махаббатты,
Нұр толы қос жанарың білдіреді.
Айзада:
Өзіңсің өмірдегі бар ардағым,
Жыр жаздым тұңғыш саған ән арнадым.
Анашым айтарым көп,тіл жетпейді,
Бір сендей асыл адам таба алмадым.
.Жүргізуші:
Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін бір тылсым сырлы жіп жалғап тұрады.Міне сол арқылы бала көңіліндегі қылаудай мұң ана жүрегіне жетеді,сол арқылы ана баласының титтей қуанышын да бар болмысымен сезінеді.
Жүргізуші:
Әрбір ана өз баласының сүйікті досы,мақтанышы.Бізге әсіресе ананың еңбегі мен ерлігі мақтаныш.Ана махаббаты адамға күш беріп,қанат бітіріеді.Сіздерге арнап көрініс көрсетеміз.
Көрініс: Ананың тілін алса егер!
Жүргізуші:
Мама-бұл сөз әрбір халықтың тіліндеи бар.Барлық тілде де бұл сөз нәзік,мейірімді,әдемі естіледі.
Жүргізуші:
Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі.Ол тіршілік,үлкен тағдыр. «Ана» деген сөз бізді елең еткізбей,жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.Алдарыңызда ән.Орындайтын:
Жүргізуші:
Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар.Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де,ана борышын өтей алмайсың
Жүргізуші:
Ана парызы алтынға бөлеуді,ақ орда салуды қаламайды,ана баласының ер жетіп,адам болуын қалайды.Алдарыңызда осы сөздің мағынасына ортақ көрініс «Еңбекпен тапқан тиын»
Көрініс
Жүргізуші:
Ананы жырлаймын деп ақын тебіренеді.Ана бейнесін мүсіндеймін деп суретші ойланады.
Жүргізуші:
Ал біздің сыныптың оқушылары анасына,ұстазына деген алғыстарын өздері шығарған ән-жырларымен көрсеткісі келеді.
Өлеңдері оқылады.
Жүргізуші:
Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана. Келтірген дүниеге нелер дана
Анасыз батырда жоқ, ақында жоқ Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
Жүргізуші
: Бал бөбегін баптаған. Мамам үшін мақтанам! Аялайтын біздерді, Көп жасасын жақсы адам.
Ортада ән
Жүргізуші:
Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.
Жүргізуші:Біз анамызға қаншама ұлан ғасыр жыр айтсақ та,олардың ақ сүтін ақтай алмаймыз.Дегенмен аналарымызға құрмет етіп тақпақтарды жыр етейік:
7 - оқушы:
Ақ қабақты анашым Күн көкірек мамашым Ақ сүтіңнен суардың Бөбегіңнің санасын.
Құттыбай:
Ана біздің күніміз. Аялаған анамыз. Ана біздің күніміз. Саялаған панамыз Ананың біз гүліміз. Шынар болып өсеміз Ұланды ана қуантып Шырағы боп жанамыз. Ұзақ өмір сүріңіз.
Оқушы
Бөбегіңнің сыйлығын, Қабыл алшы анашым Ұзақ өмір жүз жасап Ауырмашы анашым
Оқушы
Ана өмірдің қуанышы,тірегі,
Бала-оның жұбанышы ,жүрегі.
Ана алдында ел жауы да бас иген,
Олар дәйім тыныштықты тіледі.
Шерхан: Мерекені қарсы алып, Мәз болғанда барша жұрт, Гүл ұсынып қыздарға, Сыйлық бердім мен өзім - дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер. (Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді)
Жүргізуші:
Нәзіктік атаулының жиынтығы ананың алақаны.Ал біздің сынып жетекшіміз Айнұр апайымыздың ыстық жүрегі біз үшін ерекше.Бүгінгі сабағымызда апайымызды да ерекше құттықтаймыз
Жүргізуші:Адамзат мекен еткен жер шарының әр түкпірінде,әр үйде мейірім мен мерейдің,достық пен туысқандықтың,тәрбие мен білімнің туын тіккен адам-ол ұстаз дер едім.Осында отырған барша апайларымызды да құрметтеп,құттықтаймыз,Тақпақтар
Оқушы:
Әр сөзіңді жаттағам,жүрегімде сақтағам
Апайым деп мақтанам,айналайын ақ мамам!
Ұстаз көркі көгімнің,ұстаз нұры жерімнің
Ұстаз бағы баланың,мақтанышы баланың!
Оқушы:
Бізді оқытып баптаған,
Жақсы болсақ шаттанған.
«Алтыным»деп мақтаған,
Айналайын апайым,
Біз үшін тыным таппаған.
Оқушы:
Сендерден өскен бабалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті біздің апайлар.
Жүргізуші:
Ана-баласының ғана қамқоршысы емес,ол адамзат атаулының амандығын тілеп,сол үшін қажырлы күреске шығады.Міне соның белгісі әрі ана,әрі ұстаз болған апайларымыз.
Жүргізуші:
Ұстаздар , үйдегі ғана баланы емес,сонымен қатар бізді де әрдайым ойлап жүреді.Демек олар да біздің анааларымыз емес пе? Хор:Әрқашан күн сөнбесін
Жүргізуші:Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан,
Аналардың жүрегі
Жүргізуші: Аналар, қалқып бақыт аралында, Лайым мұң қонбасын жанарыңа Осымен кешімізді аяқтайық Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Айналайын-Анашым» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!