kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Айгөлек ән байқауының сценариі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сыныптарға арналған «Айгөлек» ән байқауының сценарийі.

 

1 Кіріспе сөз.

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын,ән төгілсін,

Қош келіпсіз көрермен сергісін бой.

-Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар!

Бүгін мектебімізде үлкен мереке өткелі отыр.Ол барлықтарыңызға таныс «Айгөлек»ән байқауы.

Мақсаты: бастауыш сынып оқушылары арасынан өнерлі деген оқушылардың өнерін тамашалап көпшілікке таныту,өнерге сүйіспеншілігін арттыру.Сахна мәдениетіне тәрбиелеу.Болашақ өнер жұлдыздарын дайындап «жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»шығарып,бәйгеден озып шыққан оқушыларамызды болашақта қалалық,облыстық,республикалық 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Айгөлек ән байқауының сценариі»

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы

Байқоңыр қаласы № 273 орта мектебі

Жасанбаева Кадиша Махмудқызы

Бастауыш сыныптарға арналған «Айгөлек» ән байқауының сценарийі.



1 Кіріспе сөз.

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын,ән төгілсін,

Қош келіпсіз көрермен сергісін бой.

-Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар!

Бүгін мектебімізде үлкен мереке өткелі отыр.Ол барлықтарыңызға таныс «Айгөлек»ән байқауы.

Мақсаты: бастауыш сынып оқушылары арасынан өнерлі деген оқушылардың өнерін тамашалап көпшілікке таныту,өнерге сүйіспеншілігін арттыру.Сахна мәдениетіне тәрбиелеу.Болашақ өнер жұлдыздарын дайындап «жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»шығарып,бәйгеден озып шыққан оқушыларамызды болашақта қалалық,облыстық,республикалық өнер сахналарына дайындау.

-Бүгін сахнаға алғаш рет шығатын оқушыларымыз да бар,оларға сәттілік тілейміз!

Бүгінгі байқау жас ерекшелігіне қарай 2 номинацияда өткізіледі.

І номинация- 1-2 сыныптар

ІІ номинация – 3-4 сыныптар

Байқауымыздың жүргізушілерімен таныс болыңыздар:

4 сынып оқушылары Нағметуллаева Толқын және Төлепбергенов Мадияр.



ІІ. Концерттік бағдарлама.



1 жүргізуші.

Қызыққа толы көктемнің,

Сан қырларын ашайық.

Мерекесін көктемнің,

Думандатып бастайық!

2 жүргізуші.

Ал,оқушы ұстаздар

Ортаға назар салайық.

Сайыскерлер шықпақ ортаға

Қол соғып қарсы алайық!

- Канеки,бәріміз ду қол шапалақпен өнерпаздарымызды ортаға шақырамыз!

1 жүргізуші

- Бүгінгі ән байқауымызды бастайтын және жүргізетін мектебіміздің болашақ жұлдыздары, облыстық «Менің туған өлкем», «Забава 2014» байқауларының жүлдегерлері 4 сынып оқушылары Төлепбергенов Мадияр мен Нағметуллаева Толқын

2 жүргізуші.

Ал,халайық тұрмайық,

Ортамызды ашайық.

Думандатып би билеп,

«Айгөлек»әнін бастайық!

Жүргізушілердің бастауымен барлық сайыскерлер орындауында «Айгөлек»әні.

1 жүргізуші

Әділқазы алқасына бір сәлем!

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сал,әділдікпен шеше біл!

2 жүргізуші

-Расында да әділқазылар –әділ жандар,ендеше таныс болыңыздар:

1. Жақауова Зада- мектебіміздің музыка пәні мұғалімі.

2.Байбарақова Нағия-қалалық музыка бірлестігінің жетекшісі.

3.Емешова Айман- мектебіміздің тәрбие ісі меңгерушісі

1 жүргізуші

- Сонымен байқауымызды бастаймыз. Ортаға 1 сынып оқушысы Серікова Аруайды шақырамыз!

-Аруай,сен ән байқауын бірінші бастағалы отырсын,жүрексініп,толқып тұрған жоқсын ба?Бұрын сахнаға шығып ән айтып көрдің бе?Сонымен Аруайдың орындауында «Сәби тілегі»әні. Қабыл алыңыздар!



2 жүргізуші.

-Келесі орындаушымыз 1 «ә» сынып оқушысы Абдраманов Нұрасыл.

-Нұрасыл,сен бізге қандай ән орындап бересің?

-Менің орындайтын әнім «Болашағы елімнің»

1 жүрнгізуші.

-Толқын ,сен білесің бе, қазір сахнаға кім шығатынын?

-Жоқ, әрине.

-Ендеше тыңда өзі де әдемі,тіпті орындайтын әнінің аты да «Әдемі» .Ортаға «Әдемі»әнімен 1 «ә»сынып оқушысы Өтегенова Маликаны шақырамыз.

2 жүргізуші

-Ортаға 1 «ә»сынып оқушысы Темірова Ақнұрды «Көктем»әнімен шақырамыз.

1 жүргізуші:

Оянды бар табиғат ұйқысынан,

Жадырап құтылғандай қыс қамынан.

Көктемді шуға бқлеп,әнге бөлеп,

Тыңдаймыз қарлығаштың сырлы әнін.

«Қарлығаш»әнін орындайтын 1 «б»сынып оқушысы Нәбиева Айдана.

2 жүргізуші:

-Ортаға тағы да бір кішкентай әншімізді шақырамыз,1 «в»сынып оқушысы Кулекешова Наргиз.

-Наргиз бізге қандай ән орындап берер екен?

- «Апа,туған күгіңмен»әнін орындаймын.

-Анаңның туған күнінде осы әнді орындап бердің бе?

1 жүргізуші:

-Ендігі ән айту езегі 2 сынып оқушыларында. Отанбаева Анельдің орындауында «Ән салам»әні.

2 жүргізуші:

-2 «ә»сынып оқушысы Шари Алинаны ортаға шақырамыз.Қолыңа қолшатыр ұстауыңа қарағанда әнің жаңбыр туралы болды ғой?

-Дәл солай, мен «Жау,жау жаңбыр»әнін орындап беремін.

1 жүргізуші:

-Толқын.достарыңның көп болғаны қандай жақсы,біздерге «Достарым»әнін орындап беруге 2 «б»сынып оқушысы Есенбаев Ахметалиді шақырамыз.





2 жүргізуші:

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу,неткен көркем

Осы менің туған өлкем!-деп ән шырқайтын 2 «в»сынып оқушысы Қаратаева Нұрайды ортаға «Менің өлкем»әнімен қабыл алыңыздар.

1 жүргізуші:

Байқауымызды әрі қарай жалғастыратын ІІ номинация 3-4 сынып оқушылары.

3 «а»сынып оқушысы Асанов Фархадтың орындауында «Әкетайым»әні

2 жүргізуші:

Өнерлі боп өсеміз,

Өмір сырын шешеміз.

Өсіріп ой-сананы,

Қуантамыз ананы,-деп 3 «а»сынып оқушысы Құрмашева Бота «Аналар күні»әнін айтып береді.

1 жүргізуші:

-Достарым менің,достарым,

Қосылды бүгін бастарың.

Сендерге арнап әдемі,

Осынау әнді бастадым,-деп достарына арнап ән шырқайтын 3 «ә»сынып оқушысы Жанұзақов Бейбарыс.

2 жүргізуші:

Домбыралы,кернейлі,

Өнерпаздар алға шық.

Мерекеміз мерейлі

Кетсін әнге жалғасып,-деп бізге «Ән шашу»әнін тарту ететін 3 «б»сынып оқушылары Үсенова Элеонора мен Байділда Дильназ.

1 жүргізуші:

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Ата,әжені ардақтап,

Әдеппен бас иеміз!

«Тыңдай білем»әнін бізге 3 «в»сынып оқушысы Жансанова Әсел орындап,осы әнді ата-әжелерге арнайды.

2 жүргізуші:

Кербез құстар әнімен,

Келді міне сәнімен.

«Гүл көбелек»әніне,



Қол соғайық сүйсіне,-дей келе ортаға 4 «а»сынып оқушылары Мұратбаева Нұрай мен Төребекова Мерейді шақырамыз! «Гүл көбелек»әні. Қараңдаршы өздері де гүлге қонатын көбелек секілді ,қанаттары бар екен.

1 жүргізуші:

Келесі кезекте ортаға 4«а»сынып оқушылары Аружан мен Аяжан Нұрпейісоваларды шақырамыз.»Туған күн»әні.Қабыл алыңыздар!

2 жүргізуші:

-Толқын,байқадың ба, 4 сынып оқушылары жұптасып айтып жатыр. Ендеше ортаға тағы бір жұпты шақырамыз. 4 «ә»сынып оқушылары Шырынханова Ақжібек пен Сәбитқызы Ақнұрды «Көктем» әнімен қабыл алыңыздар!

1 жүргізуші:

Түлегі өскен алуан-алуан,

Төс алқабы малға толған.

Неткен сұлу,неткен кқркем,

Осы менің туған өлкем!,-деп туған жеріне деген мақтанышын 4 «в»сынып оқушысы Молдағалиева Айзат «Туған өлкем»әнімен жеткізеді.

2 жүргізуші:

Талаптан тұлпар мінейік,

Шаршамай,талмай шабатын.

Өнерін ұл-қыз көрдіңдер,

Алысқа әлі шабатын.

1 жүргізуші:

Соларға табыс тілейміз,

Өнердің мәнін ұға алар.

Ішінен шығар сан жүйрік,

Мектептің атын шығарар,-деп үміт ете отырып бүгінгі ән байқауымызды аяқтаймыз!

2 жүргізуші:

Көрермендер бүгін ерек күйге енген,

Өнерліден шексіз бейне сый көрген.

Бұл сайысты әділқазы тобы да,

Әділдікпен шешер деген ой түйген.

1 жүргізуші:

Шын жүйрік сыналатын кезең келді,

Көрдіңдер тамашалап сайысты енді.

Әділқазы ойы терең,ақылы кең,

Саралап,әділ баға берсін енді,-дей келе сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Айгөлек ән байқауының сценариі

Автор: Жасанбаева Кадиша Махмудқызы

Дата: 23.02.2017

Номер свидетельства: 394927

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "Бастауыш сыныптарда?ы «Айг?лек» ?н-би бай?ауыны? сценарийі "
    ["seo_title"] => string(62) "bastauysh-synyptardag-y-aigholiek-n-bi-baik-auynyn-stsienariii"
    ["file_id"] => string(6) "214632"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432384997"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Айгөлек ән-би байқауының сценариі"
    ["seo_title"] => string(37) "aigholiek_n_bi_baik_auynyn_stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "394239"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1487670023"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства