Мақсаты: бастауыш сынып оқушылары арасынан өнерлі деген оқушылардың өнерін тамашалап көпшілікке таныту,өнерге сүйіспеншілігін арттыру.Сахна мәдениетіне тәрбиелеу.Болашақ өнер жұлдыздарын дайындап «жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»шығарып,бәйгеден озып шыққан оқушыларамызды болашақта қалалық,облыстық,республикалық өнер сахналарына дайындау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Айгөлек ән-би байқауының сценариі»
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы
Байқоңыр қаласы № 273 орта мектебі
Жасанбаева Кадиша Махмудқызы
Бастауыш сыныптарға арналған «Айгөлек» ән байқауының сценарийі.
1 Кіріспе сөз.
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын,ән төгілсін,
Қош келіпсіз көрермен сергісін бой.
-Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар!
Бүгін мектебімізде үлкен мереке өткелі отыр.Ол барлықтарыңызға таныс «Айгөлек»ән байқауы.
Мақсаты: бастауыш сынып оқушылары арасынан өнерлі деген оқушылардың өнерін тамашалап көпшілікке таныту,өнерге сүйіспеншілігін арттыру.Сахна мәдениетіне тәрбиелеу.Болашақ өнер жұлдыздарын дайындап «жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»шығарып,бәйгеден озып шыққан оқушыларамызды болашақта қалалық,облыстық,республикалық өнер сахналарына дайындау.
-Бүгін сахнаға алғаш рет шығатын оқушыларымыз да бар,оларға сәттілік тілейміз!
Бүгінгі байқау жас ерекшелігіне қарай 2 номинацияда өткізіледі.
І номинация- 1-2 сыныптар
ІІ номинация – 3-4 сыныптар
Байқауымыздың жүргізушілерімен таныс болыңыздар:
4 сынып оқушылары Нағметуллаева Толқын және Төлепбергенов Мадияр.
ІІ. Концерттік бағдарлама.
1 жүргізуші.
Қызыққа толы көктемнің,
Сан қырларын ашайық.
Мерекесін көктемнің,
Думандатып бастайық!
2 жүргізуші.
Ал,оқушы ұстаздар
Ортаға назар салайық.
Сайыскерлер шықпақ ортаға
Қол соғып қарсы алайық!
- Канеки,бәріміз ду қол шапалақпен өнерпаздарымызды ортаға шақырамыз!
1 жүргізуші
- Бүгінгі ән байқауымызды бастайтын және жүргізетін мектебіміздің болашақ жұлдыздары, облыстық «Менің туған өлкем», «Забава 2014» байқауларының жүлдегерлері 4 сынып оқушылары Төлепбергенов Мадияр мен Нағметуллаева Толқын
2 жүргізуші.
Ал,халайық тұрмайық,
Ортамызды ашайық.
Думандатып би билеп,
«Айгөлек»әнін бастайық!
Жүргізушілердің бастауымен барлық сайыскерлер орындауында «Айгөлек»әні.
1 жүргізуші
Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сал,әділдікпен шеше біл!
2 жүргізуші
-Расында да әділқазылар –әділ жандар,ендеше таныс болыңыздар:
1. Жақауова Зада- мектебіміздің музыка пәні мұғалімі.
2.Байбарақова Нағия-қалалық музыка бірлестігінің жетекшісі.
3.Емешова Айман- мектебіміздің тәрбие ісі меңгерушісі
1 жүргізуші
- Сонымен байқауымызды бастаймыз. Ортаға 1 сынып оқушысы Серікова Аруайды шақырамыз!
-Аруай,сен ән байқауын бірінші бастағалы отырсын,жүрексініп,толқып тұрған жоқсын ба?Бұрын сахнаға шығып ән айтып көрдің бе?Сонымен Аруайдың орындауында «Сәби тілегі»әні. Қабыл алыңыздар!
Қол соғайық сүйсіне,-дей келе ортаға 4 «а»сынып оқушылары Мұратбаева Нұрай мен Төребекова Мерейді шақырамыз! «Гүл көбелек»әні. Қараңдаршы өздері де гүлге қонатын көбелек секілді ,қанаттары бар екен.
1 жүргізуші:
Келесі кезекте ортаға 4«а»сынып оқушылары Аружан мен Аяжан Нұрпейісоваларды шақырамыз.»Туған күн»әні.Қабыл алыңыздар!
2 жүргізуші:
-Толқын,байқадың ба, 4 сынып оқушылары жұптасып айтып жатыр. Ендеше ортаға тағы бір жұпты шақырамыз. 4 «ә»сынып оқушылары Шырынханова Ақжібек пен Сәбитқызы Ақнұрды «Көктем» әнімен қабыл алыңыздар!
1 жүргізуші:
Түлегі өскен алуан-алуан,
Төс алқабы малға толған.
Неткен сұлу,неткен кқркем,
Осы менің туған өлкем!,-деп туған жеріне деген мақтанышын 4 «в»сынып оқушысы Молдағалиева Айзат «Туған өлкем»әнімен жеткізеді.
2 жүргізуші:
Талаптан тұлпар мінейік,
Шаршамай,талмай шабатын.
Өнерін ұл-қыз көрдіңдер,
Алысқа әлі шабатын.
1 жүргізуші:
Соларға табыс тілейміз,
Өнердің мәнін ұға алар.
Ішінен шығар сан жүйрік,
Мектептің атын шығарар,-деп үміт ете отырып бүгінгі ән байқауымызды аяқтаймыз!
2 жүргізуші:
Көрермендер бүгін ерек күйге енген,
Өнерліден шексіз бейне сый көрген.
Бұл сайысты әділқазы тобы да,
Әділдікпен шешер деген ой түйген.
1 жүргізуші:
Шын жүйрік сыналатын кезең келді,
Көрдіңдер тамашалап сайысты енді.
Әділқазы ойы терең,ақылы кең,
Саралап,әділ баға берсін енді,-дей келе сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз!