Домбыра:Қазақ халқының тұрмысында кең тараған музыкалық аспап .Екі шекті домбыра бұрынғы заманда ән,жыр,ертегі,аңызды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса,қазір жеке шығармалар орындайды.Домбыраның екі шегі.екі құлағы,тиегі және мойнында 19-22 пернелері болады. Шаңқобыз:Шаңқобыз-көне музыкалық аспап.Оның ортасында сүйір тілше болады.Шаңқобыз өңделген ағаш таспалардан жасалады.Бұл аспап Қазақстанның әр түрлі өңірлерінде кездеседі.Шаңқобыз әйелдер мен балалардың сүйікті аспабы. Қылқобыз: Қылқобыз –ысқышпен ойналатын қос ішекті музыкалық аспап.Халық арасындағы аңыздарға қарағанда қылқобыздың пайда болуы сегізінші ғасырда өмір сүрген күй атасы Қорқыттың есімімен байланысты.Қобыз дөңгелек,шұңғыл, бос ыдысқа ұқсайды.Үстіңгі жағында ағаш сабы бар ,басы жүрек бейнелес.Төменгі жағы тізеге тіреу үшін ұзын таяққа бекітілген. Жетіген: Жетіген-жеті ішекті ,шертіп ойналатын музыкалық аспап .Бұрауы жоқ.Сондықтан оның құлақ күйі жеті асықты ілгерілі –кейінді орналастыру арқылы келтіреді. Сыбызғы: Сыбызғы-ерекше жаттағуды талап ететін аспап.Түтігінің жоғары аузын маңдай тіске тақап, ерін мен тілдің көмегімен түтікке тербелген ауа толқыны белгілі бір қысыммен бағытталады.Осының нәтижесіндеызыңдаған үн шығады.Бұл үн тесктер арқылы музыкалық жүйеге келтіріледі. Сазсырнай: Сазсырнай-үрмелі аспаптардың бір түрі.Ол уілдеуіктер қатарына жатады.Уілдеуік деп үрмелі аспаптардың бір тобын атайды.Аспаптардың бұл тобына жататындары сазсырнай, қамыссырнай.Даусының үндік бояуы ұқсас болғанымен ,бұл аспаптарды сыртқы құрылысы арқылы бір-бірінен айыру қиын емес.Сазсырнай кішкентай балалардың сүйіп ойнайтын аспабы. Асатаяқ Асатаяқ-халық арасында ерте заманнан пайдаланып келе жатқан көне музыкалық аспап.Асатаяқты ырғақтатып сілкілеп ойнайды.Оған түрлі әшекейлі қоңыраулар,шығыршықтар іледі. Аспап инструмент Күй тыңдау: «Бұлбұл» күйі (Д.Нүрпейісова.) Күйдің шығу тарихын түсіндіремін.Ертеде күйші (Д.Нүрпейісова.) Сергіту сәті: Кәне балалар тұрайық аспапқа қол созайық, Қобызды да ойнайық Домбыраны да тартайық Сыбызғыны сызылтып, Билеп-билеп алайық. Ойын ойнау : «Артығын тап» |