Целями урока являются закрепить с учащимися азы музыкальной грамоты: понятие - скрипичный ключ.
2. Развить внимание, наглядно-образное мышление, наблюдательность, умение работать в группе, умение переключаться с одного вида деятельности на другой.
Во время этого урока дети играли, составляли проект, участвовали в музыкальной игре"Угадай мелодию". Ученики с большим интересом отгадывали загадки, за правильные ответы они получали карточки с изображением скрипичного ключа.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Скрипка кілт еліне саяхат. Ашы? саба?»
«Валерьянов негізгі мектебі»КММ
АШЫҚ САБАҚ
ӨТКІЗГЕН:ОСЕР НИНА
2016 жыл
Скрипка кілт еліне саяхат.
Мақсаты: Музыкалық білімді бекіту; шығармашылық қабілеттіліктері мен музыканы тыңдай білуді дамыту, баланың назарын аудару, тапқырлық көрсету.
Жабдықтар:конкурстардың аттарын жазылған жолақтар ; тапсырмалары бар «түймедақ» дыбыс қатарлары мен музыкалық аспаптар бейнеленген стенділер, музыкалық безендіру ,әндердің музыкасы , сурет жұмбақтар.
Сабақ барысы :
Ұйымдастыру: Оқушылар сыныпқа музыка ырғағымен кіреді.Кіріп келе жатқан балар өздеріне ұнайтын нота түстерін таңдап ала келеді.Орындарына отырғаннан кейін бірінші топ «Қасықтар », екінші топ «Көңілді ноталар » деп аталады.
Біздің ұранымыз: «Көңілді қасықтар» сияқты ән болып сартылдатып» жеңеміз!
-«Көңілді ноталар»,
Біздің ұранымыз: «Біз нотал көңілдіміз, әнді шақырамыз »
Екі командаға бөліндік. -Балалар !
Қазіргі көңіл күйлерің қалай?
Сабаққа дайынсыңдар ма?
Алдағы сабақтап не күтесіңдер?
Сайысқа дайынсыңдар ма?Я
Ендеше бір-бірімізді тыңдап,айқайламаймыз,шуламаймыз,сұраққа жауап бергенде қол көтеріп жауап береміз !Келісемізбе? Жарайсыңдар! Сендерге сәттілік тілеймін.
Үй тапсырмасы, ноталар шығып тақпақ айтып ән шырқап береді.
Ортаға қазақ сыныптарының оқушыларын шақырамыз.
-Қанеки ,тыңдайық және бұлардың қандай ноталар екендігін және олардың қайда тұратытын еске түсірейік .
Ноталарды басқарған,
Басты қызымет атқарған.
Скрипка кілті түспеген,
Бес сызықты тақтадан.
Баршаға дос-«До»
«До » нотасы бастаған,
Шырқалады асқақ ән.
«Ре» нотасы
Бес сызықтың астында,
Орналасқан жайы бар.
«До»ның ылғи қасында,
Қатарланған жолы бар.
«Ми» нотасы
«Ре» мен бірге күн кешкен ,
«Ми» нотасы мен боламын.
«Фа»нотасы
«Ми» мен «соль»-дің жандосы,
«Фа» нотасы болғасоң,
Бірінші мен екіншінің ортасына қонасың.
«Соль»нотасы
Домбыраның ішегін «соль» нотаға бұрайды,
«Соль» нотаның тірегін скрипка кілті құрайды.
«Ля»нотасы
Ля-ля-ля-ля-деп шаттандық,
Қайырмасын бастадық.
Ля нотасы келгенде ,
Әнді айтып тастадық.
«Си» нотасы
«Си» нотасы дыбыстан ең соңғысы болады,
Одан әрі аяғы октаваға толады.
Мұғалім:
4-сызықтың астында
3-сызықтан жоғарырақ
«до» нотасымен біз қайта жолығамыз.
«До» және «до»-октава,
Ермек қой бұл бүлдіршіндерге
Әрбір бала өз ноталарын тақтадағы нота ілгішке іледі.
«Саулемай» әнін орындап береді ( хормен)
Жарайсыңдар!
Бұл елде біз тағы да нені кездестіретінімізді қазір білетін боласыңдар,онымен бірге өз білімдерің мен шеберліктерің тексересіңдер.Бұл жай ғана саяхат емес жарыс болады.Мен біздің музыкалық викторинаның басталғанын жариялаймын. Сырнай керней үндері естіледі.
Викторинаға екі команда қатысады:
Екінші орыс сыныптарының оқушылары шығып ,қолдарымен ноталарды көрсете отырып жоғары, төмен дауыстап айтады да, «Полька» әнін орындап береді.
Мұғалім. Біздің бәріміз музыканы тыңдауды жақсы көреміз.Сүйікті әуен естіген кезде біз оған жақсы досымызға күлімсіреп қараймыз.Мен солардың арқасында музыка тыңдайтын көптеген музыкалық аспаптарды білесіңдер деп ойлаймын. Қазір мен музыкалық аспаптардың суретін көрсетемін. Әрбір дұрыс жауап үшін нота баллы беріледі.
2-сайыс« Аспаптарды жасырып көрейін кім тапқыр?» 4мин
Аспаптардың суретін слайт арқылы көрсетіледі, балалар атап береді, әр дұрыс жауапқа нота беріледі.
3-сайыс «Тапқыр болсаң тауып көр» жұмбақтар сайысыс:4мин
1.Ащыдан басқа жемейтін,
Ыстық шөлде Отаны.
Шөлдесе су демейтін,
Кім біледі.......(Ботаны)
2Аспандағы алып доп,
Жарқырайды жарық доп. (Күн)
3.Сағат сайын соғылады,
Тек мектепте табылады. (Қоңырау)
4.Сөз ұшқыш-
Қос тұтқыш. ( Құлақ)
5.Бесікке іледі,
Әнін де
Сәнін де
Сәбилер біледі ( сылдырмақ)
6.Екі желілі,
Күйдің көрігі. (Домбыра)
«Көңілді ноталар» командасы үшін жұмбақтар:
4-конкурс «Ән шырқаймыз»
Түймедақтың артында әндер жасырынған тауып көреміз.
1. «Голубою вагон»
2. «Дорогою добра»
3. «Маленькая страна»
4. «Учать в школе»
5. «Детство»
6. «Жаңа жыл»
7. «Жан досым»
8. «Көк тудың желбірегені»
9. «Аяулым»
10. «Аналар алтын»
Мұғалім. Барлықтарыңның ән салуды ұнататындарыңа, көптеген әндерді білетіндеріңе менің көзім жетті.Қазір мен кезекпен әрбір командыға әндердің бастапқы сөздерін айтамын, ал сендер соларды жалғастыратын боласыңдар.
Келесі: 5-ші сайыс –«Көңілді дыбыстар» .
Енді не деймін , мен сендердің ноталарды, әндерді, жұмбақтарды жақсы шешетіндеріңе көзім жетті. Ал билер жөнінде ше?
Айтыңдаршы билердің қандай түрлері бар?(Балалардың жауаптары)
«Қасықтар» командасы
«Көңілді ноталар»командасы бірігіп бәріміз бірге ойнаймыз.
Ойын «Көңілді дыбыстар»- деп аталады.
Мақсаты: тез ойланады, тез қимыл қозғалыс жасайды, баланың ақылын дамытады, шаршауын басады.
Ұйымдастыру: Балалар 7 адамнан 1-2 команда болып бөлінеді қолдарына карточка таратамын ,карточкаға нота жазамын , көңілді музыка арқылы секіріп барлығы бірге араласып ойнап жүреді, музыка тоқтаған кезде балалар өз командаларын тауып нота аттарымен тізіліп тұра қалулары тиіс :
До-ре-ми-фа-соль-ля-си.Тез жиналып дұрыс тұрған команда жетістікке жетеді.Ойынды 2-3 рет қайталап ойнауға болады.
Бұл ойын баланың дене қозғалысын дамытып қана қоймай , жеті нотаны есте сақтауға көмектеседі .Сабақ үстінде сергіту сәтінде пайдаланып ойнауға болады.
Мұғалім.Бүгін балалар ,біз әдеттен тыс елінде саяхатта болдық. Бұл елдің басқа елдерден айырмашылығы ,бұл елге кіру үшін жай кілтер келе бермейтін көрінеді тек қана ноталардың басында тұратын,жеті сызықты қосатын өте әдемі кілт,басқа кілтерден айырмашылығы есікті ашқанда көңілді музыка ойнап кетеді екен. Кім біледі бұл кілт қалай аталады? «Скрипкалық кілт» .Музыка ойналып тұрады
Қортындыларын:Балалар бүгінгі сабақтың тақырыбы қалай аталады?
Біз қай елге саяхат жасадық?
«Скрикалық кілт еліне саяхат»
Мұғалім жеңіске жеткен оқушыларды шығарып марапаттайды.Мұғалім.Міне біздің конкурстарымыз да аяқталды .Мен жеңімпаз команданы құттықтаймын барлықтарыңның қатысқандарыңа жақсы білімдерің үшін алғысымды білдңргім келеді.Мен сендерге музыкаға деген сүйіспеншілік тілеймін .Ол бізге көптеген тамаша сәттер сыйлайды,оны тыңдай отырып ,біз қандайда бір жақсы және жанымызға жағатын нәрселерді армандаймыз немесе еске түсіреміз.Балалар ,сендерге біздің конкурс ұнады ма? Біздің кездесуімізден қандай жаңа нәрселер білдіңдер?Балалардың жауаптары білдіру үшін смаиликтерін тақтаға іледі.