Просмотр содержимого документа
«Музыкалық шығармаларда кездесетін әр түрлі штрихтар, екпіндер және динамикалық белгілер.»
Шеберлік сабақ
Музыкалық шығармаларда кездесетін әр түрлі штрихтар, екпіндер және динамикалық белгілер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Музыкалық шығармаларда кездесетін деташе, легато, стаккатто, акцент, пиццикато шрихтарының ерекшеліктері, екпін түрлері мен дыбыс динамикасыны орындау әдістері .
Дамытушылық: Күрделі шығармаларды оқыту барысында оқушының шығармашылық қабілетін ашу, музыканы сезінуге, түсінуге баулу. Нотаны жақсы оқу дағдыларын, ойнау техникасын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Ұлттық өнер мен қатар әлемдік классиктердің шығармаларын оқып үйренуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты меңгерту, сұрақ-жауап, музыка тыңдату, орындап көрсету, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Пәнаралық байланыс: Музыка әдебиеті, сольфеджио, теория.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сабақты қалыпты жағдай қалыптастыру.
2.Сабаққа дайындығы, оқу құралдары, отырысы.
II.Жаңа сабақты меңгерту
III.Шығарманы талдау, орындау
IV.Сабақты бекіту.
V.Үйге тапсырма беру.
VI.Оқушының білімін бағалау.
«Музыкалық шығармаларда кездесетіни әр түрлі штрихтар, екпіндер және динамикалық белгілер »
.Штрихтар, екпіндер, динамикалық белгілерді интерактивті тақтаның көмегімен слайд арқылы көрсету. ( 1 слайд )
Дыбысты ойнаудың түрлері - Штрихтар
Музыкалық шығармаларды орындау барысында оның көркемділігіне,әсерлі шығуына көбінесе әртүрлі штрихтардың, динамикалық белгілердің және екпіндердің алатын орны ерекше . Әр бір аспаптың өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты штрихтарды орындау әдісі болады. ( 2 -4 слайд)
Музыкалық екпіндер
Әр шығарма белгілі бір екпінде орындалады. Оның сипатына байланысты екпіні жай, орташа немесе жылдам болуы мүмкін. Оларды итальян тіліндегі терминдермен беріліп, шығарманың басында нота жазбасының үстіңгі сол жағында жазылады. (5 слайд).
Динамикалық белгілер
Музыкалық шығармалар бірде жай, бірде қатты, бірде бәсең орындалады. Сондықтан оның күшін көрсететін белгілерді пайдаланамыз. Динамикалық белгілер әдетте итальян тілінде жазылып, көрсетіледі. (6 слайд)
Деташе, стаккато, легато, акцент, пиццикато штрихтарын оқушы Арынгазинова Назым шағын шығармаларды орындау арқылы көрсетеді.
а) М.Красев «Веселые гуси» -деташе штрихына арналған шығарма.
б) М.Глинка «Ты соловушка,умолкни»-легато штрихына арналған шығарма.
в) И.Брамс «Петрушка» -стаккато штрихына арналған шығарма.
1) Композитор А.Комаровскийдің қысқаша өмірбаяны, шығармалары.
2)А.Комаровский «Концертино» Соль мажор (тыңдау)
3).Шығарманың тональдығын тауып, екпінін, өлшемін, динамикалық белгілерін, ритмдік топтарын, штрихтарын және лиганың ерекшеліктерін нотадан қарап, ауызша талдап аламыз.
4) Фразаларды, музыкалақ бөлімдерді қарындаш арқылы белгілеп аламыз.
5) Шығараны дыбыс күшін, екпінін, штрихтарына көңіл бөле отырып нотасын тікелей оқытамыз.
IV.Сабақты бекіту. Венн диаграммасы( 10слайд)
Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қою.
V. Үйге тапсырма:(11 слайд)
1) А.С.Комаровский туралы реферат жазу
2) .А.Комаровский «Концертино» Соль мажор.
VI. Еңбегін бағалау.
КҚМК «Күршім балалар музыка мектебі»
Шеберлік сабақ
Тақырыбы:«Музыкалық шығармаларда кездесетін әртүрлі штрихтар, екпіндер және динамикалық белгілер»