kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Музыка сабағынан "Ұлт аспаптар оркестрі қалай құрылды?" сабақ жоспары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың ұлт аспаптар оркестрі туралы ұғымдарын кеңейту, музыкалық білімдерін жетілдіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Музыка сабағынан "Ұлт аспаптар оркестрі қалай құрылды?" сабақ жоспары.»

Екібастұз қаласы.

Сарықамыс жалпы орта білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі.

Рымкеш Жумабаевна Базарбекова.



Пән:Музыка 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ұлт аспаптар оркестрі қалай құрылды?

Күтілетін нәтиже.

а) Білімділік: Оқушылардың ұлт аспаптар оркестрі туралы ұғымдарын кеңейту; музыкалық білімдерін жетілдіру; музыкалық сауаттылыққа үйрету.

ә) Дамытушылық: Дыбыс бояуын беретін аспаптарі туралы білімдерін арттыру; есту,тыңдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

б) Тәрбиелік: Әсемдікке, ұқыптылыққа,ұлт музыкасына құрметпен және сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: күй табақ, домбыра, оркестрдің суреттері.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу.

Оқу үрдісінің тәртібі:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

1) оқушыларды сабаққа дайындау.

2) Психологиялық әзірлік

Әрбір адам – досым, сыныптасым,

Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық.

Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адамдық,

Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену.

-Қандай композиторларды білесіңдер?

-Оның қандай шығармасын білесің?

2. Үй жұмысын тексеру, пысыұтау:

- Абайдың қандай әндерін білесің?

-Әнші композиторлар мен олардың әндерін сәйкестендірейік.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс: «Ұлт аспаптар оркестрі қалай құрылды?» мәтіні оқылып, талданады.

20 ғаксырда қазақтың ұлт аспаптар оркестрі дүниеге келді. Ең алғашқы ұлт аспаптар оркестірін Ахмет Жұбанов құрды. Оркестр құру үшін Қазақстанның түпкір-түпкірінен танымал күйшілерді шақыртып алды. Сөйтіп алғашында құрамында 11 адам ғана болған оркестр құрылды. Оркестрді құру кезінде біршама қиындықтарға кездеседі. Өйткені әрбір күйші күйді өзінше орындайтын. Ал оркестрде орындаушылар күйді бір адамдай орындау керек болатын. Сондықтан күйлерді оркестрге лайықтар өңдеді. Күйлерді барлығы бірдей орындай алатындай бір жүйеге түсірді. Көп дайындықтан соң, күйлерді барлығы бір адамдай орындай бастады. Оркестр болып орындау үшін әр түрлі дыбыс бояуын беретін аспаптар керек болды. Ол үшін арнайы шеберхана ашып, аспап жасаушы шеберлерге домбыра мен қобыздың жаңа түрлерін жасатты. Кейін оркестрдің құрамы толықты. 1934 жылы алғашқы концертін берді. Сөйтіп қазақтың мақтанышына айналған Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі дүниеге келді.

Осы оркестрдің бас дирижері, негізін қалаушысы композитор профессор–Ахмет Жұбанов болды.

4. Сергіту сәті.

Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің орындауында Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдау.

Сұрақтар:

1.Алғашқы ұлт аспаптар оркестрін құрған кім?

2.Алғашқы оркестр құрамы неше адамнан тұрды?

3. Оркестрді құру кезінде қандай қиындықтар кездесті?

4. Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі қай жылы құрылды?

5.Сен Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрін тыңдап көрдің бе?

5. Ән орындайық. «Құтты болсын мереке». әні.

Әнді асықпай мәнерлеп орындаймыз.

Әнді орындағанда бәріміз бірдей бастап, бірдей аяқтаймыз.

«Құтты болсын мереке».

Әнің жазған: Ж. Еңсепов, өлеңін жазған: Т. Рахимов.

6. Қорытыңды:

Ойлан да айт.

-Не себепті Қазақстанда ұлт аспаптар оркестрі құрылды?

7. Бағалау.

8. Үйге тапсырмасы: «Құтты болсын мереке» әнінің сөзін жаттау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Музыка сабағынан "Ұлт аспаптар оркестрі қалай құрылды?" сабақ жоспары.

Автор: Базарбекова Рымкеш Жумабаевна

Дата: 31.10.2017

Номер свидетельства: 435641

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Домбыра ж?не ?обыз аспабыны? т?рленуі"
    ["seo_title"] => string(41) "dombyra-zh-nie-k-obyz-aspabynyn-turlienui"
    ["file_id"] => string(6) "316771"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460175588"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства