«Пьесалар жинағы» домбыра мен фортепианоға арналған М.Н.Байғанин
«Домбыра үйрету әдістері» К.Сахарбаева,
Қазақ мәдениеті энциклопедиялық анықтамалық,
«Күй өнері» А.Сейдімбек,
Сабақ жоспары
Ұйымдастыру бөлімі.
Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасын бекіту.
Қызығушылықты ояту.
Жаңа сабақ.
Музыкалық сауаттылық.
Сергіту сәті.
Мағынаны тану.
Сабақты қорытындылау.
Үй тапсырмасы.
Бағалау.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) білім алушының назарын сабаққа аудару, оқу құралдарын әзірлеу. ә) Психологиялық дайындық. - қазір қандай сабақ?
-сабақта не тыңдаймыз, не тартамыз?
Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын әдеттегідей оң қолымыз бен сол қолымыз тең жүріп, домбыра пернесін еркін қуалау үшін міндетті түрде гамма ойнап аламыз.
ЛЯ мажор гаммасы, арпеджиосымен
ІІ. Үй тапсырмасы.
Ән дегеніміз не? (оқушыға сұрақ)
Өткен сабағымызда үй тапсырмасына орыс халық әні «Коробейники» шығармасын соңына дейін жатқа жүргізіп орындау берілген болатын. Ендеше үй тапсырмасын орындайық.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
...Сәйкестендіру тесті...
халық күйі
музыкалық дыбыстар тізбегі
позиция
қағыс түрі
гамма
композиторы ұмыт қалған күйлер
пицикато
орыс халық әні
коробейники
сол қол саусақтарының домбыра мойынында орналасу қалпын алмастыра орындау
IV. Қызығушылықты ояту.
Қазақстан жерінде әр түрлі ұлттардың өкілдері тұрады.Қазақтар қай халықты болсын жатырқамайтын, кіммен болса да, достық пен сыйластықта өмір сүрген халық.
Біздің жерімізде қандай ұлттар тұрады? (оқушы жауап береді)
Қазақстан көршілес қандай мемлекеттермен шектеседі? - Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан.
V. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабақта көршілес мемлекеттің бірі – Ресей Федерациясы, яғни орыс музыкасымен танысатын боламыз. Біз Ресеймен ғасырлар бойы көршілес тату елміз. Атақты орыс композиторлары А.Затаевич, Е.Г.Брусиловский, П.И.Чайковский т.с.с. белгілі композиторлары қазақ музыкасын зерттеп, зерделеп, көптеген ән-жырларымызды қағаз бетіне түсіріп, Алматы қаласындағы өнер студияларында дәріс берді. Олардың көптеген шәкірттері атап айтсақ, Н.А.Тілендиев, М.Төлебаев, С.Мұхамеджанов, Қ.Ахмедияров т.т. қазақ өнерінің кәсіби деңгейінің қалыптасуына зор үлес қосты. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Орыс халқының әні «Коробейники». Негізі орыс музыкасы балалайка, гармонь, треугольник т.б. өзінің ұлттық аспаптарында орындалады. Ал, біз домбырашы Момын Байғанин атамыздың өңдеген нұсқасында өзіміздің ұлттық аспабымыз домбырада орындаймыз.
Ең алдымен бұл әнді балалайка аспабында тыңдап көрелік.
Үнтаспадан «Коробейники» әнін тыңдату:
VІ. Музыкалық сауаттылық.
Домбыра аспабында шығарманы жаттап болғаннан кейін нюанстармен жұмыс жасаймыз. Бұл дегенің шығарманың табиғи қалпын сақтап, әуен ырғағын бұзбай, мазмұнын беру деген сөз.
Ендеше, «Коробейники» әнін ноталық жазбасын қолымызға алып теориялық талдау жасап алайық.
Күйге теориялық талдау жасау
Күйге талдау
Бас буын
Орта буын
Сағасы
Қорытынды
Ладтық тірегі
Соль минор /си, ми бемоль/
Соль минор /си, ми бемоль/
Соль минор /си, ми бемоль/
Соль минор /си, ми бемоль/
Ырғағы
біркелкі
екпіндете
біркелкі
біркелкі
Қағысы
ПY-12
ПППП
ПҮҮҮ
ПҮ П Ү
пицикато
Бас бармақта пицикато
П
ПҮ П Ү
ПҮҮҮ
пицикато
Диапазон
1-октава РЕ – 2-октава СОЛЬ
1-октава РЕ – 2-октава СОЛЬ
1-октава РЕ – 3-октава РЕ
1-октава РЕ – 2-октава СОЛЬ
Динамикалық белгілер
f
f
mf
f
Өлшемі
2/4
2/4
2/4
2/4
Такті
1-17
18-34
35-52
53-69
VІI. Сергіту сәті.
Бейне тақтадан сергіту жаттығуын көрсетіп бірге қайталау.
Шығарманың мазмұнымен толық танысып болсақ, концертмейстермен бірге орындап көрейік.
VІII. Мағынаны тану.
...Дискуссиялық сұрақ...
№
Дискуссиялық сұрақтар
Ия
Жоқ
1
Ресей Алматы қаласымен шектеседі.
+
2
«Коробейники» балалайкада орындалады.
+
3
«Коробейники» шығармасы 69 тактіден тұрады.
+
4
Пицикато дыбысқа қатысты жазылады.
+
5
А.Затаевич қазақ музыкасын зерттеді.
+
6
«Коробейники» 5 буыннан тұрады.
+
7
Динамикалық белгілер итальян тілінде жазылады.
+
IХ. Сабақты қорытындылау.
...I N S E R T әдісі...
Білемін
Білдім
Білгім келеді
Х. Үй тапсырмасы.
«Коробейники» орыс халық әні (нюанстарымен орындау)