Просмотр содержимого документа
««Корей халқының музыкалық театры»»
Абай атындағы мектеп – гимназия
Ашық сабақ
«Корей халқының музыкалық театры»
5а сынып
Өткізген: музыка пәнінің мұғалімі Кусаинова З.А.
2016-2017 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Корей халқының музыкалық театры
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға барлық өнердің қайнар көзі халықта екенін түсіндіру. Корей халық музыкасы, өнері жайлы ұғым беру, өнерді сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, әдепті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, тілін дамыту. Өз ойын жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгіме, пікірталас, мәтінге мәтін қосу, басқа ұлттың музыкасын салыстыру әдістері.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгелдеу, білім алушылар назарын сабаққа аудару. «Көзімнің қарасы» өлең жолдарымен сыныпты 3 топқа бөлу.
2. Үй тапсырмасын қайталау.
Ән орындау «Көзімнің қарасы»
1.Үндінің классикалық биі нешеге бөлінеді? (4)
2. Бхаратнатьям қандай би түрі?
3. Катхакали қандай би түрі?
4. Катхак қандай би түрі?
5. Манипури қандай би түрі?
6. Рага дегеніміз не?
Жаңа сабақ: Корей музыкасы қосылады.
- Балалар, бұл қай ұлттың музыкасы екенін ажыратуы керек .
Корей музыкасы — Қиыр Шығыстың ежелгі музыкалық дәстүрлеріне жатады. Корей музыкасының қайнар көзі біздің заманға дейінгі I мыңжылдықтан бастау алды. Әр алуан тарихи кезеңдерде Орталық және Шығыс Азияның, Тынық мұхит аралдарының (әсіресе Жапонияның) музыкалық мәдениеттерімен тығыз байланыста дамып қалыптасты.
“Корей” атауы “коре” деп аталынған орта ғасырлық мемлекеттің атынан пайда болған екен. “Коре” – “Таң самалы елі” деген ұғымды білдіреді. Корей халқының салт - дәстүрі жайын сөз еткенде оның өмірінде музыканың маңызды роль атқаратынын да айта кеткен жөн. Музыканың қырық түрі бар. Бір ғана флейта үшін 600 - дей шығарма жазылған. Корей халқы үшін өнер, театр рухани азық болып табылады.
Корейдің дәстүрлі фольклорлық шығармалары, халық әндері, ертегі - аңыздары сақталған. Музыкасы мен би өнері дамыған.
Дәстүрлі ұлттық ойындарына спорттық ойындар, ән - би ойындары, әртүрлі сайыстар, балалар ойындары жатады. Бірнеше ондаған ән - би ойындарының ерекше бір түрлері ретінде маска киіп билеу ойынын - атауға болады.
Маска биі - бұл бидің өзіндік ежелгі бір тарихы бар. Аңыз бойынша біздің дәуірімізге дейінгі І - ші ғасырдың аяғына қарай Силладан шыққан Хван Чхан Ран атты бала басқа бір мемлекеттің королі – Пэкчженің сарайында қылышпен билеу өнерін көрсетудің көмегімен корольді шауып өлтіреді, бала жазаға тартылады. Міне, сол баланы еске түсіру мақсатымен Силла халқы баланың келбеті бейнеленген маскалар киіп, қылышпен билеу өнерін көрсететін болған.
Кең тараған музыкалық аспабына комунго, каягым, флейта, барабан жатады.
Корей халқының биінен, аспаптарында орындауынан үзінді (видео) көрсетілді.
XVIII — XIX ғасырларға қарай корей музыкасында музыкалық театрдың алуан түрлері пайда болды (ақындық сөздер мен театрландырылған би - драмалық спектакльдер, билер). Олар шамандық қимылдардан орта ғасырлық маскалық театрларға дейінгі даму жолынан өтті; сарай маңындағы ақсүйектердің қаһармандық жайлы пьесалары — хваран, батырлық - эпикалық пантомималық көріністер — тхалъчхум (VII — II ғасырлар), комугык (XX — XIV ғасырлар корей халқының фарстарының элементерін кұрайды); би - драмалық театр — сандэгы тау етегіндегі шаруалардың тұрмысын бейнелейтін "пьесалар", XIV — XV ғасырлар) етек алды.
Корей ұлттық музыкалық драмасының — пхангыктың (пхансори, т. б. корей театр жанрлары мен Еуропа театр) жырларының элементтерін сәйкестендіреді) негізін қалаушы — акын, музыкант Син Джэ Хён; оның дәстүрін Ли Наль Ехи мен Ким Сэнджон жалғастырды. XVII — XVIII ғасырлар христиан дінінің таралуына байланысты католиктік әндер дамыды. XIX ғасырдың басында — XX ғасырдың басында әскери үрмелі оркестрлер, опера, балет, симфония және камералық музыкалар пайда болды.
Тұнғыш кәсіби корей театры 1930 жылдары Владивостокта ашылған. Ал қазір Алматы қаласында жұмыс істейді. Қазақстанда корей тілінде 20 мектеп, 130 топ жұмыс істейді. Алматы қаласында корей халқының мәдени орталығы құрылған. Қазақстанда корейлердің ұлттық - мәдени орталығы, Республикалық корей музыкалық комедия театры жұмыс істейді, корей тілінде газеттер мен кітаптар шығады.
«Қазақтың 100 әнін» Жоба аясында сынып оқушыларына «Атамекен» үйрену ұсынылады.
Үйренуге ұсынылатын қазақ әндері ұлттық, отбасылық, жалпы адамзаттық
барлық құндылықтарға баулуға негізделген. Қазақ әнімен өскен бала табиғаты
өнерге жақын келеді, жаны таза, әсемдік пен сұлулыққа жақын, туған Отанына,
туған жеріне құрметпен қарайтын тұлғалар қалыптасады.
Ән үйрену:
Атамекен
Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев
Сөзін жазған: Қадыр Мырза Әлі
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем. Маңдайымнан сипап өткен самалды Қазағымның алақаны деп білем.
Қайырмасы: Қайда жүрсем атамекен, Көкейіңде жатады екен. Күннің өзі қимай оны Ұясына батады екен.
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем. Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін Қазағымның махаббаты деп білем.
Қайырмасы:
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем. Асқар тауын аспаныммен астасқан, Қазағымның мәртебесі деп білем.
Қайырмасы:
Қорытынды: рефлексия
Үй тапсырмасы: «Атамекен» әнін жаттап келу.
Бағалау: Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларға 5 деген баға қойылады.