kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?обызшыны? интонациясын жетілдіру.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Музыкалы? – ты?дау да?дылыры ?н айту, сольфеджиолау н?тижесінде дамиды. О?ушыны дыбысты ты?дау?а ?йрету ?те ?ажет, ?йткені дыбысты сезінуді бірден ?йрене алмайды, ол біртіндеп к?нделікті дайынды? н?тижесінде ?алыптасады. Дыбыстарды таза етіп ойнау ?шін, фортепиано аспабымен т?зетіп отырамын. ?рбір нотаны ты?дап, таза, ?демі ойнау?а тырысу керек. Шектен шекке ауыс?анда ?обызды? ішектерін бір-біріне тигізбей я?ни, ?ыспай ойнаймыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?обызшыны? интонациясын жетілдіру.»

Сабақтың тақырыбы: Қобызшының интонациясын жетілдіру.

Оқушы: Кудайбергенова Алуа 3 сынып

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушының музыкалық сауатын арттырып, шығармаларды интонация жағынан таза ойнауға үйрету.

ә) дамытушылық: оқушының есту,ойлау ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыта отырып, музыкалық шығармаларды таза ойнау дағдыларын қалыптастыру.

б) тәрбиелік: мәдениет, тарих және өнерді құрметтей білетін тұлға ретінде әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушымен амандасу. Қобызда отыру үлгісі. Қобызға отырғанда орындықтың алдыңғы жартысына отырып, қобызшы арқасын тік ұстауы керек. Аспапты екі тізенің арасына қойып, қысып ұстаймыз. Қобыздың басы иектің сол жақ астына тіреледі. Ойын кезінде ысқыш санның оң жағына тимеуі үшін қобызды тізеден төмен түсіруге болмайды. Оң қолмен ысқышты ұстаған кезде саусақтардың қозғалысы бөгеліп, буындарымыз қатаймауы керек. Ал сол қолдың төрт саусағын пайдаланамыз. Сол қолдың әр саусағының өз нөмері бар. Оқушы осы отыру қалпын әрдайым ұстануы қажет.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тапсырма: Ықыластың күйі «Жез киік».

Күйді ойнамас бұрын қолды жаттықтыру үшін ре мажор гаммасын ойнаймыз. Ре мажор гаммасын әртүрлі штрихтармен ойнап, қолымызды жаттықтырамыз. Арпеджиосын ойнаймыз. Ойналатын штрихтар: деташе, легато, стакатто, пицикатто.

Оқушы «Жез киік» күйін басынан соңына дейін ойнап береді. Дұрыс ойнамаған жерлеріне тоқталып, түсіндіріп, жетілдіремін. Интонация жағынан таза ойнауына көңіл бөлемін.





3) Жаңа сабақ

Ф.Шуберт «Музыкалық кезең» шығармасы. Шығарманы талдамас бұрын, композитордың өмірбаянына қысқаша тоқталамыз.

Ф. Шуберт 1797 жылы Венадағы Лихтенталь қаласында дүниеге келген.Қарапайым отбасынан шыққан. Әкесі мектепте мұғалім болған. Оның жанұясы музыканы өте жақсы көрген және де музыкалық кештер ұйымдастыруды ұнатқан. Сонымен қатар, әкесі басқобызда ойнаған. Кішкентай Франц өте талантты болған, скрипкада және фортепианода ойнаған. Ол кішкентай кезінент шіркеу хорында ән айтқан. Ал он бірге толғанда оның әкесі шіркеу әндерін орындайтын мектепке берген. Ф.Шуберт көптеген әндер, фортопианаға арналған сонаталар, симфониялар, опералар, мессалар, музыкалық шығармалар жазған. Бүгін біздер Ф.Шуберттің «Музыкалық кезең» атты шығармасымен танысамыз. Шығарманы нотамен талдап, ойнаймыз. Шығарманы үйренгенде ырғағы дұрыс болу үшін санап ойнаймыз. Шығарманың өлшемі: 2/4. Кілт қасында екі белгісі бар. Қойылған штрихтарды дұрыс ойнауымыз керек. Сонымен қатар интонацияға үлкен мән береміз.

Интонация дегеніміз – музыкалық дыбыстардың таза және дәл орындалуы. Алғашқы сабақтан бастап, оқушыны интонацияны дұрыс ойнау сезімін қалыптастыру керек, өйткені, ол қобыз аспабында ойнаудың басты шарты болып табылады. Дәл интонация негізгі үш себепке байланысты:

  1. Әуеннің қалай дыбысталатынын дұрыс білу, яғни дыбыс биіктігін ішкі музыкалық – тыңдаушылық түйсікпен түсіну.

  2. Интонация тазалығын тыңдай отыра, қадағалау (тыңдап, өз ойынына интонация тазалығы тұрғысынан баға беру).

  3. Сол қол саусақтарының дәл қозғалуына әсер ететін ойын дағдылыры мен шеберлік әдістерін дұрыс орындау.

Музыкалық – тыңдау дағдылыры ән айту, сольфеджиолау нәтижесінде дамиды. Оқушыны дыбысты тыңдауға үйрету өте қажет, өйткені дыбысты сезінуді бірден үйрене алмайды, ол біртіндеп күнделікті дайындық нәтижесінде қалыптасады. Дыбыстарды таза етіп ойнау үшін, фортепиано аспабымен түзетіп отырамын. Әрбір нотаны тыңдап, таза, әдемі ойнауға тырысу керек. Шектен шекке ауысқанда қобыздың ішектерін бір-біріне тигізбей яғни, қыспай ойнаймыз.



4) Жаңа сабақты бекіту

1.Ф.Шуберт кім? Ол қай жақта дүниеге келген?

2. Оның қандай шығармалары бар?

3. Интонация дегеніміз не?

4. Шығармада қандай штрихтар кездеседі?

5. Музыкалық-тыңдау дағдылары қалай қалыптасады?

Оқушыға бүгінгі жаңа шығарманы нотамен басынан соңына дейін ойнату. Санап, штрихтарының дұрыс ойналуын, дыбыстардың таза ойналуын қадағалап отыру.

5. Үйге тапсырма

Ф.Шуберттің «Музыкалық кезең» шығармасын жаттап келу.

Ықыластың «Жез киік» күйін қайталау.

6. Бағалау

Оқушыны дайындығына байланысты мадақтап, тиісті бағасын қою.




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
?обызшыны? интонациясын жетілдіру.

Автор: Имашева Асель Жумашевна

Дата: 18.02.2016

Номер свидетельства: 295052

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Ашы? саба?  "?обызшыны? интонациясын жетілдіру" "
    ["seo_title"] => string(51) "ashyk-sabak-k-obyzshynyn-intonatsiiasyn-zhietildiru"
    ["file_id"] => string(6) "198962"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428493257"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства