а) білімділік: оқушының музыкалық сауатын арттырып, шығармаларды интонация жағынан таза ойнауға үйрету.
ә) дамытушылық: оқушының есту,ойлау ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыта отырып, музыкалық шығармаларды таза ойнау дағдыларын қалыптастыру.
б) тәрбиелік: мәдениет, тарих және өнерді құрметтей білетін тұлға ретінде әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушымен амандасу. Қобызда отыру үлгісі. Қобызға отырғанда орындықтың алдыңғы жартысына отырып, қобызшы арқасын тік ұстауы керек. Аспапты екі тізенің арасына қойып, қысып ұстаймыз. Қобыздың басы иектің сол жақ астына тіреледі. Ойын кезінде ысқыш санның оң жағына тимеуі үшін қобызды тізеден төмен түсіруге болмайды. Оң қолмен ысқышты ұстаған кезде саусақтардың қозғалысы бөгеліп, буындарымыз қатаймауы керек. Ал сол қолдың төрт саусағын пайдаланамыз. Сол қолдың әр саусағының өз нөмері бар. Оқушы осы отыру қалпын әрдайым ұстануы қажет.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырма: Ықыластың күйі «Жез киік».
Күйді ойнамас бұрын қолды жаттықтыру үшін ре мажор гаммасын ойнаймыз. Ре мажор гаммасын әртүрлі штрихтармен ойнап, қолымызды жаттықтырамыз. Арпеджиосын ойнаймыз. Ойналатын штрихтар: деташе, легато, стакатто, пицикатто.
Оқушы «Жез киік» күйін басынан соңына дейін ойнап береді. Дұрыс ойнамаған жерлеріне тоқталып, түсіндіріп, жетілдіремін. Интонация жағынан таза ойнауына көңіл бөлемін.
Ф. Шуберт 1797 жылы Венадағы Лихтенталь қаласында дүниеге келген.Қарапайым отбасынан шыққан. Әкесі мектепте мұғалім болған. Оның жанұясы музыканы өте жақсы көрген және де музыкалық кештер ұйымдастыруды ұнатқан. Сонымен қатар, әкесі басқобызда ойнаған. Кішкентай Франц өте талантты болған, скрипкада және фортепианода ойнаған. Ол кішкентай кезінент шіркеу хорында ән айтқан. Ал он бірге толғанда оның әкесі шіркеу әндерін орындайтын мектепке берген. Ф.Шуберт көптеген әндер, фортопианаға арналған сонаталар, симфониялар, опералар, мессалар, музыкалық шығармалар жазған. Бүгін біздер Ф.Шуберттің «Музыкалық кезең» атты шығармасымен танысамыз. Шығарманы нотамен талдап, ойнаймыз. Шығарманы үйренгенде ырғағы дұрыс болу үшін санап ойнаймыз. Шығарманың өлшемі: 2/4. Кілт қасында екі белгісі бар. Қойылған штрихтарды дұрыс ойнауымыз керек. Сонымен қатар интонацияға үлкен мән береміз.
Интонация дегеніміз – музыкалық дыбыстардың таза және дәл орындалуы. Алғашқы сабақтан бастап, оқушыны интонацияны дұрыс ойнау сезімін қалыптастыру керек, өйткені, ол қобыз аспабында ойнаудың басты шарты болып табылады. Дәл интонация негізгі үш себепке байланысты:
Әуеннің қалай дыбысталатынын дұрыс білу, яғни дыбыс биіктігін ішкі музыкалық – тыңдаушылық түйсікпен түсіну.
Интонация тазалығын тыңдай отыра, қадағалау (тыңдап, өз ойынына интонация тазалығы тұрғысынан баға беру).
Сол қол саусақтарының дәл қозғалуына әсер ететін ойын дағдылыры мен шеберлік әдістерін дұрыс орындау.
Музыкалық – тыңдау дағдылыры ән айту, сольфеджиолау нәтижесінде дамиды. Оқушыны дыбысты тыңдауға үйрету өте қажет, өйткені дыбысты сезінуді бірден үйрене алмайды, ол біртіндеп күнделікті дайындық нәтижесінде қалыптасады. Дыбыстарды таза етіп ойнау үшін, фортепиано аспабымен түзетіп отырамын. Әрбір нотаны тыңдап, таза, әдемі ойнауға тырысу керек. Шектен шекке ауысқанда қобыздың ішектерін бір-біріне тигізбей яғни, қыспай ойнаймыз.
4) Жаңа сабақты бекіту
1.Ф.Шуберт кім? Ол қай жақта дүниеге келген?
2. Оның қандай шығармалары бар?
3. Интонация дегеніміз не?
4. Шығармада қандай штрихтар кездеседі?
5. Музыкалық-тыңдау дағдылары қалай қалыптасады?
Оқушыға бүгінгі жаңа шығарманы нотамен басынан соңына дейін ойнату. Санап, штрихтарының дұрыс ойналуын, дыбыстардың таза ойналуын қадағалап отыру.
Оқушыны дайындығына байланысты мадақтап, тиісті бағасын қою.
Бүгінгі ашық сабағымды 3сынып оқушысыСерік Ақниетпен өткіздім.
Ф.Шуберттің «Музыкалық кезең» шығармасының өзіндік орындаушылық тәсілдері мен ерекшеліктерін түсіндірдім. Шығармада кездесетін штрихтармен жұмыс жасадым.Қиын жерлерін ойнап, көрсеттім. Интонация туралы түсінік бердім. Дыбыстардың таза ойналуына көп көңіл бөлу керектігі туралы айтылды.Әр дыбыстың таза ойналуын қадағаладым. Оқушының музыкалық сауатын арттырып,шығарманы интонация жағынан таза ойнауға үйреттім.Осы сабаққа қойған мақсатыма жеттім.