kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?ты? халы? музыкасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  ма?саты: ?аза?  хал?ыны?  музыкасы  туралы ??гімелеу,аспаптар  ?ні?  таныту,оларды?  шы?у  тарихын  білуге,насихаттау?а ,?рпа?тан – ?рпа??ажеткізу, баланы?   бойына сі?іру.

Білімділік  м?ні: Халы?  ?ндерін ,  к?йлерін  ты?дау ,талдау, насихаттау.

Дамытушылы?ы:   ?нді с?йемелдеумен ?ндету ?дісін дамыту,музыкалы?  сауаттылы?ын  ашу, есту  ,есте  са?тау  ?абылеттерін  дамыту.

Т?рбиелік  м?ні:    О?ушылар?а  халы?  музыкасы  ар?ылыы?ыласын  к?теругеы?пал ету,  сахна м?дениетін  ?алыптастыру , ой - ?рісін  ке?ейту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?ты? халы? музыкасы »

Қазақтың халық музыкасы

Ашық сабақ  5 сынып

Сабақтың  тақырыбы: Қазақтың  халық  музыкасы

Сабақтың  мақсаты: Қазақ  халқының  музыкасы  туралы әңгімелеу,аспаптар  үнің  таныту,олардың  шығу  тарихын  білуге,насихаттауға ,ұрпақтан – ұрпаққажеткізу, баланың   бойына сіңіру.

Білімділік  мәні: Халық  әндерін ,  күйлерін  тыңдау ,талдау, насихаттау.

Дамытушылығы:   Әнді сүйемелдеумен әндету әдісін дамыту,музыкалық  сауаттылығын  ашу, есту  ,есте  сақтау  қабылеттерін  дамыту.

Тәрбиелік  мәні:    Оқушыларға  халық  музыкасы  арқылыықыласын  көтеругеықпал ету,  сахна мәдениетін  қалыптастыру , ой - өрісін  кеңейту.

Сабақ типі:Жаңа сабақ,  аралас  сабақ.

Көрнекілігі: Аудио,видео,интерактивті тақта, магнитофон,карточкалар,таспалары,слайдтар.

Пәнаралық байланысы: Әдебиет , тарих , жаратылыстану , т. б.

Сабақ барысы

Уақыты

Жоспары

1

Ұйымдастыру

2 минут

Сәлемдесу,түгелдеу.

 

2

Өткен сабақты сұрау

4 минут

Қазақтың  ұлттық музыкалық аспаптары

(картачкамен жұмыс)

3

Жаңа сабақты түсіндіру

8 минут

Қазақтың  халық  музыкасы.

4

Музыкалық тыңдау

3 минут

«Көрұғлы» Дәулеткерейдің  күйі

5

Әндету

8 минут

«Домбырасыз  сән

қайда » әні И.Нүсіпбаев.

6

Шығармашылық жұмыс

3 минут

Сөзжұмбақты  шешу.

7

Музыкалық ойындар

7  минут

Викториналық  тест

(Аспаптар  үні.)

8

Қорытындылау

5 минут

«Қазақтың халық  музыкасы».

9

Бағалау

3 минут

«5», - «4»,-  «3»- .

10

Үйге тапсырма

2 минут

27-31 бет оқу,әңгімелеу.

әлеметстиңдер ме  балалар  !

-Мінекей  біздің  бүгінгі  сабағымыз  үлкен  мерекеге  ұласуда.

-Сабағымызға  келген  қонақтарды  қарсы  алайық.

Сәлемдесу (оқушылар  орнынын  тұрып  сахна  мәдениетің  сақтап  сәлемдеседі)

-Иә, балалар біздің бүгінгі  өтетің  жаңа  тақырыбымызды  жазамыз.

«Қазақтың  халық  музыкасы»

«Екі  ішектің   бірің  қатты , бірін  сәл- сәл кем  бұра.

Қазақ  нағыз  қазақ  емес ,

Нағыз  қазақ  домбыра.» -  деп ақын  Қыдыр  Мырзалиев ағамыз айтқандай , біз  балалар  өткен  сабақта  «Қазақтың  ұлттық  музыкалық  аспаптары» атты тақырыбымен  танысқан  болатынбыз.

(Карточка  таратамыз,  аспаптың  суреттерімен  безендірілген)

- Қанекей  қандай  қазақтың  ұлттық  музыкалық  аспаптарын  білесіндер?(домбыра, қобыз,шертер, жетіген,асатаяқ , дауылпаз , даңғыра , дабыл,шаңқобыз , сыбызғы , сазсырнай , мүйіз  сырнай , үскірік , ұран т.б)

-Аңыз  бойынша  домбыры  аспабы  қалай  пайда  болған?

«Қос  ішек»  күйінің  аңызын  балалар  кім  айтады? (  Ертеде  бір  аңшы  жігіт  болыпты.    Сол  аңшы  жігіт  биік  таудың  қиясын , қалың  қарағайдың  арасын  тұрақ  еткен  бұғы – маралды  аулап ,  кәсіп етсе  керек..  Бірде  жолы  болып , теңбіл  марал  атып  аладыда  етекке  түсіру  үшін  ішек  қарнын  ақтарып  алып  тастайды.Содан арада айлар өтеді, жігіт  баяғы  теңбіл  маралды  атқан  жерге  соқса ,  құлағына  бір  ызыңдаған  дауыс  естіледі.Ішектерді қарға -  құзғын  іліп  ұшқан  болу  керек ,  қарағайдың  бұтағына  қос  тін  болып  керіліп  қалғанын  көреді.  Ызыңдаған  дыбыстың  сол  ішектен  шығып   тұрғаныкөреді.Ішектер  жел  тербесе  ызыңдап , бірде  сарнап , бірде  сыңсып  жылағандай  түрлі  күйге  түсіреді.

Сол  жерде  аңшы  жігіт ,ішекті  үйге  алып  келеді  де,бір  аспап  жасап , тартып  көрсе , қос  ішекке  тіл   біткендей  сұңқылдап  қоя  береді.)

-Домбыра  аспабы  қандай  бөліктерден  тұрады?    (   Домбыра  аспабының  бірнеше  түрі  бар.  Екі  ішекті , үш  ішекті   болып  келеді.)

-Жанрдың қандай  түрлерін  білесіңдер?(  ән жанры,  күй  жанры,

би  жанры)

-Ішекті  аспаптарды    кім  атай  ?

- Қанекей  ,  қол көтеріп білетінімізді  ортаға  салайық..(домбыра,

қобыз, шертер , жетіген. )

-Жетіген  аспабының  тиегі  неден  жасалады.(Аспап  тұтас  ағаштан  ойылып  жасалады, шанағы  көн  теріден қапталады,

ал  күйге  келтіру  үшін  тиек  орнына  асық  қойылады.)

-Жарайсың  , Жақсы  !

-Ішекті  аспаптарға  жататын  шертер  аспабының  құрылысы  мен  түрлері туралы  кім  айтып  береді?(Құрылысы  жөнінен  домбыра , қобыз  аспаптарына  ұқсас  келеді.Шертерде  көбінесе  шертпе  күйлер  орындалады.Ол ең көне ,көне, жаңа деп  үш  түрге  бөлінеді.)

-Сілкімелі  аспаптарға  қандай  аспаптар  жатады?

( Асатаяқ , қоңырау, сақпан , тұяқтас , шартылдауық.   Асатаяқ қазақ  халқында  ұлттық  билерді  сүйемелдеу  үшін  қолданған. )

-Балалар  шаңқобызаспабы  неден  жасалады ?  Қалай  орындалады?

-Кім  біледі ?  ( Оның  ортасында сүйір  темір тілшесі  болады, күйге  келтіру тілшенің ұзындығы мен қалыңдығына байланысты.)

-Үрмелі  аспаптар  жайлы  кім  біледі?

-Не  себептен  бұл  аспаптарды  үрмелі  аспаптар  дейміз?

(Орындалу әдіс- тәсіліне  қарай  оларды  топқа  бөлеміз.Атап  айтатын  болсақ  үрмелі  аспаптарға: сыбызғы , сазсырнай ,  мүйіз  сырнай , ұран ,үскіріктер  жатады.)

-Иә,  балалар  саз сырнай , мүйіз  сырнай  неден  жасалады  екен  кім  біледі? ( Саз  балшықтан  иленіп, отқа  күйдіріліп оны  оюлармен  әшекейлеп, дыбысты  тесіктерді  жауып  ашу  арқылы  шығарады. Ал  мүйіз  сырнай  атының  өзі  айтып  тұрғандай жануарлардың  мүйізін  тазалап , кептіріп,  оған  мүштік  қойып  ойналады.)

-Ұран  аспабын  халық  қандай  кезде  пайдаланған?(Оны бұрын  жауынгерлер  көп  пайдаланатын  болған ,яғни  жаудың  келе  жатқаны  туралы  хабар  беру  үшін)

- Жарайсыңдар  балалар , үй  тапсырмасын  барлығын  орындап  келіпсіңдер, жақсы  игеріпсіңдер.

-Ал  енді  біз  жаңа  сабағымызға  көшелік.

Енді  дәптерлерінді  , қаламсаптарынды  алып  бүгінгі  жаңа  сабағымыздың  тақырыбын  жазып  коялық..Оқулықпен  жұмыс  жасаймыз  ,оқулықты  ашатын  болсаңдар тақырып  бойынша  мәтін  тұр  сол  мәтінді  мұқият  қарап  шығайық.

Оқулықта  берілгендей   біздің  бүгінгі  жаңа  сабағымыздың  тақырыбы:  Қазақтың  халық  музыкасы.

Өнер – халық  тарихының  шежіресі. Өнерде  өмір ,  тіршілік   құбылыстары ,  адамның  күйініш -  сүйініші, қуанышы  мен қайғысы бейнеленеді.

Қазақ  халқының  басынан   өткен  қилы  замандар,  тіршілігі  мен  тағдыры ,салт – дәстүрі ,өмір сүрген ортасы мен әдет – ғұрыптары ұлттық өнері  арқылы  ұрпақтан - ұрпаққа жалғысып,тарих арнасына  айналды.Соның  ішінде  музыканың   алатын  орны  ерекше.

Қазақ  музыка  өнерінің  халықпен  бірге  жасасып ,  тарихи  әлеуметтік  өмірі  мен  толғаныс - тебіреністерін  үздіксіз  баян  етіп  келе  жатқан  саласы  ән  мен  күйі.

Халық  дүниеге  келген  сәби  қуанышынан  бастап,  азамат тіршілігіндегі  оқиғалары ,  алуан  түрлі  ойларды  ән - әуенмен  жеткізе  білген.

Сондай- ақ тіршіліктің бүкіл тауқыметін, ауыртпалығын   көтере  жүріп , бесік  тербеткен  аналар да  өздеріне  алдымен әнді  серік  еткен. Қыз  ұзату, үйлену тойлары,халықтық ойын – сауықтар   барлығы да  ән – күй  аясында өтеді.

Өлімге  қарсы   күресіп,  мәңгілік  өмірді көксеген   Қорқыт , ұлы  ғұлама   ғылым  әл – Фараби ,  бейбіт , тыныш  өмірді  аңсап , Желмаясын  желдіріп,  дүниені  кезген  Асанқайғы  бабалармыз  үміт- армандарын музыка тілімен жеткізді.Одан бергі Құрманғазы,  Тәттімбет,  Дәулеткерей,  Абыл, Біржан сал,  Ақан сері,  Мұхит,  Қазанғап,  Дина,  Сүгір  және  тағы  басқа  дарын  иелері   халқының  бастан  кешкен  тауқымет – тағдырларын  музыкамен суреттеп  өтті.

Сөйтіп , халқымыздың  музыкалық  рухани  қазына,  мол мұрасы  сан ғасырлар  бойы  басынан кешкен тұрмыс- тіршілігімен  жұптаса

жалғасып  келеді. Сендер, балалар, бүгінгі күннің ұрпақтары, сол ата-бабаларымыздан қалған  асыл мұраларды көкейге  тоқып , бойға сіңіріп өссеңдер,тарих  тағлымы  жалғаса  бермек.

Музыкалық   шығарма  тыңдау:

Қазақтың  ұлттық  музыкалық  аспаптары.

Дәулеткерейдің  күйі  « Көрұғлы»

Музыкалық  сауат  ашу:   (ережені  жаттап  ал)

Музыкалық  жүйе . Лад.

Кез  келген  әуенде  негізгі  дыбыс  болады.  Осы  дыбыстың  басқа  дыбыстармен  арақатынасы  музыкалық  жүйе  деп  аталады.

Негізгі  дыбыс  әр  тактідегі  әлді  үлеспен  басталып ,  музыкалық  ойдың  мағынасын  білдіріп  тұрса ,  ол  негізгі  тон  деп  аталады .

Негізгі  тон әуеннің басы  мен  аяғында  анық байқалады, ал негізгі  тонға  құрылған дыбыс  қатарын  лад  деп  атайды.

Дауыс  ашу  жаттығулары:

(Қазақ халқының  мақал- мәтелдерін әуенге  келтіріп  әндеті,  дыбыс  қатары  бойынша  жоғарылатып  әндету,және төмендету.)

Ө  - нер - ді   үй - рен ,    үй -  рен -де  жи - рен.

( до -  ре -  ми- фа – соль,   соль- фа- ми –ре – до )

Әндету:

Домбырасыз  сән  қайда.

Өлеңін  жазған .Х.Талғаров.     Әнін жазған. И.Нүсіпбаев.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
?аза?ты? халы? музыкасы

Автор: Ахметбаева Назиг?л ?ызырбек?ызы

Дата: 21.11.2014

Номер свидетельства: 133553

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "?аза? поэзиясы мен музыка ?нері "
    ["seo_title"] => string(35) "k-azak-poeziiasy-mien-muzyka-onieri"
    ["file_id"] => string(6) "228922"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1441549671"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства