Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Роза Бағланованың өмірімен және шығармашылығымен таныстыру. Әндерін тыңдату арқылы оқушыларды өнерге баулу.Өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.(амандасу,оқушыларды түгендеу)
2.Үй тапсырмасын сұрау.
3.Жаңа сабақ түсіндіру.
Роза Бағланова 1922 жылы 1 қаңтарда Қызылорда обл.Қазалы ауданында дүниеге келген.1941ж.Қызылорда педагогикалық институтын бітірген.Өнер жолын Ташкент филармониясының ән –би ансамблінде әнші болып бастаған.Сол ансамбльмен 2-дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, 1945ж. 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады.1947-49жылдары қазақ опера және балет театрының, 1949-60жылдары Қазақ филармониясының, 1960ж Қазақконцерттің әншісі болып,ұлттық ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосты.
Роза Бағланова -әнші, опера әншісі (сопрано), Қазақстанның (1955ж) және КСРО халық әртісі (1967ж), Халық қаһарманы (1996ж)
Марапаттары: Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы» ордендерімен, Шапағат медалімен марапатталған.
Әншіге құрмет: Алматыдағы орталық көшеге және мәдениет орталығына Р.Бағланованың есімі берілді.
30мамыр 1915ж. Туған жері Қазалы ауданында әншінің ескерткіш –бюсті ашылды. «Жеңіс» саябағында салынған Р.Бағланова атындағы 300 орындық мәдениет үйінің алдында Қазақстанда алғаш рет әншінің ескерткіш –бюсті қойылды.
Роза Бағланова 2011 жылы 8 қаңтарда 89 жасында Алматы қаласында қайтыс болды.
Музыка тыңдау. Шәмші Қалдаяқов «Ақмаңдайлым» Р.Бағланованың орындауында тыңдау. (Әннің шығу тарихын айту)
Жаңа ән үйрену. «Асыл әжем»
Сөзі: Қадір Мырза Әлі
Әні: Нұрғиса Тілендиев
Сабақты бекіту:
-Қазақстанда эстрада жанры қай уақыттарда қалыптаса бастады?
-Эстрада әндерінің дәстүрлі әндерден ерекшелігі неде?
-Қазақ эстрадасының қалыптасуына ықпал еткен композитор мен әншіні білесің бе?
-Ш.Қалдаяқовтың «Ақмаңдайлым» әні дүниеге қалай келді?
Қорытынды: оқушыларды бағалау, үй тапсырмасын беру.