І. Ұйымдастыру кезеңі | 1.Оқушылармен амандасу; «Сәламатсыз ба ?-балалар . Ұстаз еңбегін бағалар » 2.Оқушыларды түгелдеу: Сабақта жоқ оқушыларды анықтау; 3.Дауыс жаттықтыру: C-dur» гаммасы .Стакатто,лигатто . Аспаппен жетектейді. | 1.Оқытушымен амандасу; «Сәлематсыз ба ? – ұстазымыз, Өнер – білімге құштармыз.» 2.Кезекші оқушының есеп беруі; 3. Қосылып орындайды.: | Оқушы бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы. Оқушылар сабақ бастауға дайын |
ІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі | Роза Бағланова (қаңтардың 1, 1922, Қазалы, Қызылорда облысы — Ақпанның 8, 2011, Қызылорда облысы) — Роза Тәжібайқызы Бағланова – әнші, Қазақстанның (1955) және бұрынғы КСРО халық артисі (1967), Халық қаһарманы (1996).Қызылорда облысының Қазалы қаласында 1922 жылы бірінші қаңтарда туған. Өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Сол ансамбльмен 2-дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, 1945 жылы тоғызыншы мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады. 1947 – 1949 жылдары Қазақ опера және балет театрының, 1949 – 1960 жылдары Қазақ филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әншісі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосты, ерекше сазды әншілік мектептің қалыптасуына ықпал жасады. Роза Бағланова қазақтың халық әндерін, замандас композиторлар әндерін, шет ел халықтарының (венгр, өзбек, қырғыз, тәжік, украин, грузин, әзербайжан, корей, қытай, моңғол, орыс, үнді, чех, швед, т.б.) әндерін нақышына келтіре орындады. 1946 жылы Мәскеуде өткен бүкілодақтық эстрада әншілері 2-конкурсының дипломаты, 1949 жылы Бухаресте өткен бүкіл дүниежүзілік Жастар менстуденттердің 2-фестивалінің лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы» ордендерімен, Шапағат медалімен марапатталған.]1922 жылы Қызылорда облысында туған. 1941 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Оның шығармашылық жолы Ұлы Отан соғысы жылдары басталды. 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан. 1947-1949 жж.Абай атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында істейді. 1949 жылы Бухарестте өткен бүкіл дүниежүзілік жастар мен студенттердің 2-фестивалінің лауреаты атанды. 1949-1960 жж. Жамбыл атындағы Республикалық филармонияда жұмыс істеді. 1960 жылдан Қазақконцерт солисі. Роза Бағланова сирек талантты әнші, әлем халықтары әндерін шебер орындаушы. Ол бүкіл Қазақстанда, КСРО-ның бұрынғы республикаларында, шетелдерде болып, Отан,махаббат пен достық, адам мен табиғат туралы әндерді шырқады. Гастрольдік сапарға шығарда Р. Бағланова міндетті түрде сол баратын елінің тіліндегі әнді үйренеді. Бірақ, қазақтың халық әндерін оның орындауында тыңдау ләззатына ештеңе тең келмейді. 2011 жылы қаңтардың 8 Алматы қаласында Роза Бағланова қайтыс болды. «Әдемі» — Әні Е. Хасанғалиевтікі, сөзі Ә. Тәжібаевтікі Әншінің орындауындағы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», композитор М. Төлебаевтың ақын өлеңіне жазған «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», С. Мұхамеджановтың «Жарқ етпес қара көңлім не қылса да», «Қиыстырып мақтайсыз» әндері Қазақ радиосы фонотекасында сақтаулы, бірнеше рет күйтабаққа жазылған.[3][4] | Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүйелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады. |
Ән жаттау: : Ақ маңдайлым, Әнің Жазған: Шәмші Қалдаяқов, Сөзің жазған: Мұзафар Әлімбаев | Көк майса Алатаудың бөктерінде, Гүл тердік жастық шақтың көктемінде Алдымнан арманымдай жарқ етіп ең, Қолымды жеткізгендей көкте күнге. Қайырмасы: Айналдым, ақ маңдайлым, Ақылдым, бал таңдайлым. Жалынды жас дәуренде, Ұялма "жан сәулем" де. .
| Жақсылықтың жоқ, сәулем, ерте-кеші, Жадырашы, назданшы, еркелеші. "Сен" деген ыстық сөзің артық еді, Өзіңе іштей мені тартып еді. Өзгеге өзін қимас өр көңілім, Лебіңмен қорғасындай балқып еді. Қайырмасы: "Сен" деген ыстық сөзің артық еді, Өзіңе іштей мені тартып еді. "Сіз" деген салқын сөзден қорқамын ғой, "Сен" десең көңіл қайта шалқыр еді | Жаңа ән үйрену. |
Музыка сауаттылығы: Увертюра, лейтмотив | Увертюра - французша ашылу, басталу деген сөз. Ол оркестрге арналып, жазылады да,операның, балеттің не кинофильмнің алдында (сахна ашыларда) ойналады. Увертюралар түрлі болады. Оның дамыған сонаталық формада жазылған түрінде алдағы шығарманың негізгі кезеңдері қысқаша суреттеледі. Ал жәй кіріспе түрінде ғана жазылған увертюра болса, онда текс «бастап жіберу» сияқты ғана музыка беріледі. Ондай кіріспелерді увертюра қатарына қосуға да болмайды. | Глинканың «Руслан-Людмила» операсының кіріспесі увертюра формасында жазылған. Увертюра өз алдына бір бөлек шығарма болып та жазылады. Мысалы Чайковский Шекспир бойынша «Ромео-Джульетта» деген увертюра-фантазия жазды.Лейтмотив- музыкалық шығарманың негізгі әуені және осы әуеннің бүкіл шығарма бойына жүріп отыруы | балалардың қызығушылығын арттыру. |